Психология
Омаралиева Қ., Смак Қ.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІНІҢ ӨЗІНДІК РӨЛІ
Қарым-қатынас
ұғымы, әлеуметтік психологияның кез-келген
ұғымдары сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған
және әртүрлі түсіндірілген.
Қарым-қатынасқа әлеуметтанушылар, педагогтар және
философтар да назар аударған. Қарым-қатынасты зерттеу
үдемелеп бара жатыр. Қарым-қатынас адамдық өмір
сүрудің, соның ішінде еңбек іс-әрекетінің
қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас
мәселесі қазіргі кезде көпшілікке белгілі
мәселелердің бірі. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік
психологияның дамуымен және оның психологиялық
ғылымдар жүйесінің барлығына әсерінің
күшеюімен байланысты. Бірақ қарым-қатынас
мәселесі өте кең мағынаға ие.
Қарым-қатынасты
зерттеу тек қана арнайы психологиялық пәндермен ғана
емес, сонымен қатар психологияның жалпы теориясының да
дамуының маңызды шарты болып табылады. Сірә, қарым-қатынас
мәселесі рөлінің дамуын барлық психологиялық
ғылымдар жүйесінің дамуының жалпы тенденциясы ретінде
қарастыруға болатын шығар.
Психологиялық
тар мағынада қарым-қатынас адам арасындағы
байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе
субъектілердің түрлі белгілер жүйесі арқылы өзара
әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі. А.В.Петровский және
М.Г.Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық
сөздікте қарым-қатынас біріккен іс-әрекетке
қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды,
өзара әрекеттің бір стратегиясын шығаруды кіргізетін,
адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде
қарастырылды [1]. Бұл анықтама
қарым-қатынастың негізгі мазмұнын бөліп
шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара
әрекетті, бір-бірін тануы. Мазмұнның осы 3 сипаттамасын
қарым-қатынастың аспектілерін қарастыру деп
қабылданған. Ақпаратты беру
қарым-қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде
қарастырылады; өзара әрекет
қарым-қатынастың интерактивті аспектісі ретінде
қарастырылады; адамдардың бір-бірін түсінуі және тануы
қарым-қатынастың перцептивті аспектісі ретінде қарастырылады.
Қарым-қатынас барлық үш аспектілер бірлестігінде
толығырақ зерттелуі мүмкін, бірақ феноменді талдауда
әрбір аспектіні жеке қарастырған жөн. Кейде
коммуникация, перцепция және интеракция
қарым-қатынастың негізгі қызметтері ретінде
зерттелінеді [2].
Қарым-қатынасты
«іс-әрекет» категориясы арқылы анықтай отырып, В.Г.Ананьев,
А.А.Бодалев және т.б. психологтар қарым-қатынас амалына,
тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау
арқылы оның материалды сипатын көрсетеді.
«Қарым-қатынас үшін қарым-қатынас» жағдайын
қоспағанда қарым-қатынастың мазмұнды
жағы оны бұндай талдауда өзара әрекеттің
заттық сипатымен дәл сәйкес келеді, партнер да, онымен
қарым-қатынас та біріккен іс-әрекеттің
заттық-практикалық мақсатына жету амалы болып табылады [3].
Қарым-қатынас
- өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі
көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі
жеке адам мен қоғам өміріндегі орын мен мағынасына байланысты.
Қарым-қатынастың
ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде
үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция,
интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз
ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау
үшін үшке бөлеміз.
Коммуникация
(информативті) – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен
ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру үрдісі.
Интеракция
(интерактивті) – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру,
қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет
алмасуы.
Перцепция
(перцептивті) – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі
негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық
қатынастар.
Жалпы
қарым-қатынастағы этникалық ерекшеліктер қазіргі
экономикалық даму кезеңінде өте өзекті мәселе
болып отыр, өйткені әр мемлекет, әр ел өкілдері
бір-бірімен достық, экономикалық, саяси, т.б. қатынастар
орнатып, жиі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Осындай
қарым-қатынас жағдайында әр ұлттың
этникалық ерекшеліктерін, этникалық өзіндік сана
көріністерін ескеру олардың арасындағы байланысты
нығайта түсіп, арадағы мүмкін болатын шиеленістерді
азайтады деп ойлаймын. Олардың
бір-бірінің өзіндік бағалауын, өзін санасын, соның
ішінде этникалық өзіндік санасын төмендетпей, бір-біріне
түсіністікпен қарауы, олардың арасындағы
қарым-қатынасын, достық қатынасын, т.б. нығайта
түседі.
Әдебиет
1.
Елікбаев Н. Ұлттық психология. А., 1992
2.
Малаева А.Т. Надэтническая идентичность или казахи и русские в Казахстане.
Алматы, 2000
3.
Муканов И.М. Исследование когнитивной эмпатии и рефлексии у представителей
традиционных культур //Исследование речемысли и рефлексии. А-Ата., 1979
4.
Мухаметбердиев О.Б. Национальное самосознание. М., 1992