Психология

 

Үсенова С.М., Тұрдалиева Ш.,Тәжиева Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЭТНОПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ ТЕОРИЯЛАРЫ

 

Халықтың психологиялық кескінінің ерекшеліктерін зерттеу мәселесі адамдардың практикалық қажеттіліктері нәтижесінде, ел тұрғындарының әдет-ғұрпын және мінез-құлық спецификасын білуге деген олардың табиғи ұмтылысынан пайда болады, яғни олар бұл арқылы этникалық, экономикалық және мәдени байланыстарды ұстап тұрады.

Этностың өмір сүріп тұруы тек қана, оның адамдарға тікелей құбылыс (феномен) ретінде сезілетінін айтады. “Этнос” деген терминде тұрған құбылысты анықтау үшін, жалпы сыртқы бағдар болып, халық деген сөзді қолданғанда, оны өзіндік атауы бар адамдар қауымдастығы деп таныған жағдайда қызмет ете алады. Осы жеке өзіндік атауды, “этнос” деген сөзден шыққан “этноним” терминімен белгілеу қабылданғаны бізге белгілі.

Этностың жеке өзбетінше құбылыс ретіндегі, бірінші жалпы концепциясы С.М. Широкогоровқа жатады. Ол этносты “ойлану процесі өтіп жататын, элементтердің дамуы және өлуі ретінде мүмкіндік беретін форма деп қарастырады”. Оның анықтамасы бойынша “этнос – бір тілде сөйлейтін, өздерінің шығу тегінің бір екенін мойындайтын, әдет-ғұрып комплекстерін, сақталған және баяндалған дәстүрлерді меңгерген, сонымен қатар оны басқалардан ерекшелей алатын” адамдар тобы.

Этносты сипаттауда объективті және субъективті факторларды үйлестіру тенденциясы ортақ мәдениетті игерген немесе сондай адамдар әулетіне жататын ырықсыз адамдар тобы ретінде, яғни өзіндік теңестірілетін немесе басқа адамдармен қатынаста өзін жалпы ырықсыз топқа жатқызады. Бір зерттеушілер, мысалы этностың басты белгілері тіл мен мәдениет деп атаса, басқа зерттеушілер бұған аймақ бірлігі мен этникалық өзіндік сананы қосады, кейбіреулер психикалық қалып ерекшеліктеріне тоқталады. Оны анықтауда қажеттілік туады.

           Л.Н. Гумилевтың айтуынша, этностар – бұл биосфера мен социосфера шекарасында жатқан (құбылыс) және жер биосферасының құрылуында арнайы жүктелген міндеті бар құбылыс. Этносты немесе суперэтносты құру процесіне кеңістік пен уақыт әсер етеді. Кеңістік – бұл  ландшафтық және этникалық қоршау;. Ландшафтық қоршау шаруашылық түріне әсер етеді, осы этностың – салты оның мүмкіндіктері мен перспективасын анықтайды. Этникалық қоршау – көрші   елдермен достық немесе  жаулық түрде байланыс жасау және бұл құрылған мәдениет сипатына өте қатты әсер етеді. Жаңа этностар монотонды ландшафттарда пайда болмайды, ал ландшафтық аймақтар шекарасында және этникалық контакт зоналарында пайда болады. Уақыт – бұл этногенез фазасы мен этникалық қоршау фазасы, ол этникалық контакт варианттарын анықтап отырады. Этностарға табиғатпен күнделікті қарым-қатынас арқылы географиялық орта әсер етеді. Ата-бабалардан жалғасқан дәстүрлер, өзінің рөлін ойнайды, үйреншікті өшпенділік немесе көрші елдермен достық (этникалық қоршаумен) - өзінің, мәдени әсерлері, дін – бұның өзіндік мәні бар, бірақ бұлардан басқа табиғаттың кез-келген құбылысы сияқты этносқа қатысты да даму заңы бар. Оның көпқырлы процестерде көрінуі және халықтың пайда болуы мен жоғалуын біз этногенез деп атаймыз. Этностың кескініне тек қана ішкі даму әсер етпейді, сонымен қатар бөгде әсерлер бар – мәдени - … жеңіске жету, әдет-ғұрыптарын мәжбүрлеу арқылы өзгерту, және этностық қызмет түрлерін өзгертетін экономикалық қысым жасау.

Солай етіп, “этнос – тұрақты, табиғи түрде құрылған адамдар ұжымы, өздерін барлық ұқсас ұжымға қарсы қоя алатын, өзіндік жүріс-тұрыс стереотипімен ерекшеленетін, яғни тарихи уақытта заңды өзгеретін адамдар ұжымы” [1].

           Ю.В. Бромлей, этносты екі үлкен топқа бөлуді ұсынды және негіздеді: этнос қысқа мағынада және этнос кең мағынада. Олардың біреуі жалпы түрде “жалпы мәдениеттің шартты стабилді ерекшеліктерін (тіл) және психикасын меңгерген; сонымен қатар өз бірлігінің санасын және өзгерлерден айрықша сондай құрылуы, яғни өзіндік өзіндік-сана меңгерген белгілі бір аймақта тарихи құрылған адамдар жиынтығын” ретінде анықталған болуы мүмкін [2].

           Аймақтың тұтастығы – этностың қалыптасуындағы маңызды жағдай, бірақ қалыптасып қойған халық оны сақтамауы мүмкін. Ондай қауымдастық біздің алдымызда көптеген адамдар қатарымен бірлескен тарихи дәстүрлер нәтижесі ретінде, осы қауымдастықтың рухани және материалды атрибуттарында өзгертілген дәстүрлер, және оның мүшесінің санасында әсер қалдырған дәстүрлер тұрды. Сонымен енді метаэтникалық қауымдастық бөлініп шығады – бірнеше этносты қамтитын білім, бірақ этникалық қасиетті меңгергендері аз қарқында. С.И. Брук пен Н.Н. Чебоксаров, “метаэтникалық қауымдастық” терминін ұсына отырып, оның кіріспесінде 2 жағдайды белгілей өтеді:

1)                Метаэтникалық қауымдастық этностар жиынтығын елестетеді. (метагалактика терм. ұқсас).

2)                Осы қауымдастық өзгеру жағдайында болады (метастабилді жағдай ұғымымен ұқсас) [3].

         В.В. Пименовтың пікірінше этностың демографиялық құрылымы да аз мәнге ие емес. “Себебі этнос демографиялық қайта жаңғартуға қабілетті адамдар жиынтығын танытады. Сонымен бірге оның шеңберінде жыныс бойынша және жас бойынша бөлінеді, ұрпақтардың ауысуы өтеді, тұрғындардың табиғи өсуі орын алады” [3]. Этностың қызмет етуі үшін, оны құрап тұрған адамдардың саны яғни сандық көрсеткіштері де маңызды болып табылады.

           Этностың өзара қатынасы – бұл топаралық қатынас түрінің тарихи алғышарты. Сондықтан ол адамзаттық бұрынғы тарихымен антропогенез ішінде туындаған, бірінші кезекте этникалық топқа тиістілігі белгісі бойынша “біз” “олар” қарама –қайшылығы  арқылы   дамып отырғанәлеуметтік әрекет ұйымының психологиялық заңдылықтарымен    неғұрлым терең байланысты. Тарихи процесс топаралық қарама-қарсылыққа неғұрлым мұқияттықпен дифференциацияны енгізді: кластық, профессионалдық және т.б.

           Дифференциациямен бір мезгілде “әлеуметтік процестің әлеуметтік субъектісі және қоғамдық зат алмасудың күрделенуімен” (Маркс) негізгі психологиялық реттеуші қалыптасты - әлеуметтік субъектілердің бір-бірімен қатынасы, өзіне және ақиқатқа қатынасы. Осыдан өндіріс қатынасымен, бірлескен өзара тәуелді әрекетпен құндылық қатынастың үзіліссіз байланысы болады. Бұл бағалау әлеуметтік субъектілердің қоғамдық позициясын бейнелейді. Осы бағалаудың қалыптасуы “өзінің” позиция мен “басқаның” позициясын барлық уақытта салыстырып отыру жолымен өтеді [4].

         Кейде біріккен адамдардың негізгі факторы ретінде олардың қауымдастығының мәдениеті мен болмысын көрсетеді. Ол бұндай емес, себебі, халық, этнос қандай да тек қана бір белгімен -–тек қана тілмен, тек қана жалпы территориямен немесе тек қана жалпы мәдениетпен сипатталып қоймайды, сонымен қатар ол осылардың жиынтығымен сипатталады. Қандай этнос болсын – ол тарихи мәдени қауымдастық этносты-халықты шектеуде, әдетте, мынадай тіл, дін, халықтың өнер, ауызша шығармашылық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жүріс-тұрыс нормасы және сырттай айқын компоненттерін көрсетеді. Мәдениеттің осы аталған барлық компоненттер әрбір халықта әртүрлі өзіндік мінездік қырларға ие – этникалық бейне ұрпақтан, ұрпаққа беріле отырып, этникалық мәдениетті құрайды [5].

         Әрекет субъектісі ретінде, этникалық топ өзінің барлық өмір сүру барысында тек өзіне ғана тән мәдениетті жасайды және қайта жаңғыртады, ол өзінің тұтастығында басқа мәдениеттермен бірге ғана қалыптасады. Бірде-бір жаңа мәдениет басқа мәдениетпен өзара әрекеттен тыс дамымайды және өмір сүрмейді, ал өзара әрекеттің өзі уникалды мәдениет жүйесінің қиылысуы негізінде өзінің спецификасына ие болады.

         Әрбір мәдени акт шекарада мәнді өмір сүреді, оның мәнділігі мен салмақтығы да осыда, шекарадан шығатын болса, ол тірегін жоғалтады, бос, мақтаншақ болады, туылады және өледі [6].

         Өз халқымыздың өкілі ретінде біздің әрбіріміз, - оған тән мәдени ерекшеліктердің үлкен комплексін тасушы болып табыламыз. Олар әрине ұрпақтан ұрпаққа биологиялық жол арқала берілмейді. Біз олардың көп бөлігін  балалық шағымызда, ата-аналарымыздан, басқа үлкен адамдардан және қатарларымыздан аламыз. әрбір мәдениет өзіне ғана тән ерекшеліктерді дамытуға жағдай жасайды. Адамның қандай да бір халыққа жатуы, оның туу, шығу тегі жағдайымен (анықталады) және тәрбие беру мен оқыту процесінде анықталады. Тәрбие беру адамды  адам етеді. Әр халыққа тән барлық әдеттер мен әдет-ғұрыптар, мінез-құлықтық барлық этникалық ерекшеліктері тәрбиеленеді. Әрине әрбір қоғамдастық үшін, адамның тұлға болып қалыптасуы, этникалық мәдениеттен, құндылықтан, дәстүрлерден тыс мүмкін емес болғандықтан, оның балаларының тек қана өз халқының лайықты өкілдері болып жетілуі маңызды. Жеке адамның қалыптасуына мәдени-психологиялық әсер, оның этникалық құндылықтарды, рухани бейнені белсенді игерумен байланысты. Г. Шпеттің пікірі брйынша жеке-дара адамның ұлттық құндылыққа, тарихқа, тарихи есінің қатысты болуы, биологиялық тұқым қуалаушылықпен өлшенбейді, ал осы тарихтың мазмұнын жасайтын, мәдени құндылыққа саналы түрдегі қарым-қатынастың дәрежесімен өлшенеді. Этникалық специфика белгілі бір дәрежеде әрбір халықтың тарихи тәжірибесінде шоғырланады, немесе осы тәжірибені меңгеру индивидтің әлеуметтену процесіндегі маңызды мазмұны болып табылады. Өзінің дамуы барысында жеке адам, қоршаған орта арқылы, әсіресе отбасы мен мектебі арқылы ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпының, дәстүрінің спецификасына жақындайды. Солай етіп, индивидтің рухани дамуы көбінесе этникалық мәдениеттің екі деңгеймен байланысты, оның элементтері көбіне адамның рухани мәнін, жан-дүние өмірінің бағыттылығын тұлға ретінде анықтайды.

  Этникалық бірдейліктің қайнар көзі ретінде этникалық топтар бастарынан өткізетін қысымдармен және қудалаулармен түсініледі. Сонымен, этникалық бірдейлікті этникааралық қатынастар салдары ретінде қарастырады.

Сонымен біз көріп отырғанымыздай, этнос – бұл, ең алдымен, әлеуметтік келіспеушілікке ие табиғи құбылыс. Этностардың айырмашылығы мекендері арасындағы айырмашылықтарға негізделеді.

Әрбір халықтың өз салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, мәдениеті, саяси және мемлекеттік құрылымдары бар. Бұлардың барлығы келіссөз дайындау және жүргізу процесіне әсер етеді.

 

Әдебиет

1.     Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983

2.     Хотинец В.Ю. Формирование этнического самосознание студентов в процессе обучения в вузе. Вопросы психологии. 1998 - №3.

3.     Фан Тхи Ким Нган. Социальное восприятие в условиях межэтнического общения. Дисс., М., 1990

4.     Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. М., 1998

5.     Стефаненко Т.Г. и др. Методы этнопсихологического исследования. М., 1993

6.     Шпет Г.Г. Введение в этнопсихологию Спб. 1996