Жолдасбекова Д.Ш., Төлтебаева Г.А., Бейсенов С.Д.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Қазақстан

Дизайн өнерінің маңызы мен ролі

Дизайн іс-әрекет ретінде көркемдік шығармашылықты көрсетеді, өйткені көркем шығармашылықты сипаттаудың жоғарғы формасы өнерде жаңа жолдар салатын туынды жасау болып табылады.

Кез-келген ғалымның, өнертапқыштың немесе дизайнерлердің шығармашылығы ең алдымен адамның ойын көрсететін қиын психологиялық әрекетті көрсетеді. Аталмыш әрекет барысында жаңа идеялар, тақырыптар, заттар, яғни бөтен адамдардың қабылдауына, түсінуіне және бағалауына негізделген, қоғамға танымал бола алатын тиесілі өнімдер туындайды.

Шығармашылық жұмыста жаңа ойлардың пайда болуының негізін адам мен қоршаған ортаның өзара қарым қатынасы құрайды. Өйткені адам ойының өзі оны қоршаған орта құбылыстары белгілерінің әртүрлі байланыстарын қарастыратын психологиялық үрдіс болып табылады. Анализ және синтез нәтижесінде, яғни белгілі бір құбылыстарды белгілеріне қарай бөліп, ұқсас белгілерді біріктіру нәтижесінде қарапайым ассоциациялар бұдан ары қарай күрделі ассоциациялық тізбектерді түзеді және дамыған күрделі ойларды құрайды.

Көркемдік ойды ғылыми ойдан ерекшелендіретін өзіндік белгісі логикалық қорытындылардан емес,  нақты образдар арқылы көрінеді.  Мәселен, философиялық ой қорытындыларымен, ғалым түсініктерімен, ал суретші-дизайнерлер бейнелер, суреттер арқылы бір нәрсені айта алады, яғни әркім өз көзқарасын әртүрлі тәсілмен жеткізеді. Дизайнер болу үшін көркемдік рәсімдеу заңдылықтарын және қажетті техникалық ептіліктерді үйрену, меңгеру жеткіліксіз. Белгілі бір ынтамен кез-келген адам жазуды, сурет салуды үйрене алады. Алайда техникалық қабілеттен бөлек көркемдік бейнені ойлай алатын қабілет те болу керек. Образды ойлау – бұл заттар, түсініктер мен ойлар қабылданған мазмұнын жанды, айқын, яғни ассоциация барысында туындаған образға тән етіп шығаруы қажет. Бұл жерде дизайнердің өмірлік тәжірибесі мен шығармашылық дарыны үлкен роль атқарады. Дарынды толығымен ашып көрсету үшін белгілі бір икемдерді тәрбиелеудің маңызы зор. Дизайнер санасында бұрын көрген заттары, құбылыстары жөнінде тікелей қабылдаудан бірқатар ерекшеленетін бейнелер туындайды. Елестету барысында заттар мен құбылыстар қабылдауға тән нақтылықпен қатар шын өмірдің бейнелерімен байытылып, толықтырылады. Олардың өзіндік маңызды қасиеттері мен белгілерінің белгілі бір бөлігі таңдалынып алынады, ал нақты кезеңде аса маңызды болып табылмайтын екінші дәрежелі белгілері мен қасиеттері бөлек қарастырылады.

 Дизайнерлер өз шығрамашылығында әртүрлі әдістерді пайдаланады. Өнер туындысы адам сезіміне, санасына әсер етеді. Көркем туынды жасау үрдісінде суретші сезімді, сананы қолданымға алады. Бір жағынан тек сезіммен жұмыс істеу біраз қиындықтарды тудыруы мүмкін, алайда, екінші жағынан алып қарасақ, шығармашылық дегеніміздің өзі техникалық орындалу шеберлігіне қарамастан нақты саналық туынды болып табылады.

Шығармашылық көзге деген саналы және мақсатты көзқарас болашақ заттың формасымен қатар фактурасы мен түр-түсін анықтауда да үлкен маңызға ие болуы мүмкін. Нақты бір көзбен таңдау негізінде жаңа зат жасау барысында шығармашылық жұмыс бірнеше әдістерден тұрады: бейненің белгілі бір қасиетін бөліп алу, бөлшектелген қасиеттерді біріктіру, оны сапасына қарай күшейту немесе әлсірету, таңдалынған аталмыш қасиеттерді шығармашылық нысанына ауыстыру.

 Жаңа идеяның пайда болуына дизайнерге қоршаған ортаның кез-келген компоненті әсер етуі мүмкін. Жаңа идея дизайнердің шығармашылық потенциялына қарай таңдап алынып толығымен зерттеп қарастырған соң туындайды. Шығармашылық жұмыстың барлық сатысында дизайнер - суретші өзі жасап жатқан бейнесінің сұлбасын «көріп» отыру қажет.

 Көркем шығармашылықтың ең бай, әрі аса маңызды көзі табиғат бола алады. Өйткені әлемдегі бар заттар мен құбылыстар өзара тығыз байланысты және үйлесімді. Табиғи формалардың сұлулығы мен өзара үйлесімділігі суретшілердің ұлы еңбектерінің туындауына ықпалын тигізеді.

 Суретшінің көңіл-күйіне, ассоциативтік орнықтылығына, суретшілік танымына қарай ол қоршаған табиғаттан форманы эмоционалды тұрғызатын сызықтарды көре алады: спираль тәріздес сызық кернеулік сезімнен туындайды, гипербола – жоғарыға ұмтылу, біркелкі толқын  тәріздес сызық, тыныштық үлгісі және т.б.

 «Дизайн» (ауызша, баспада) сөзі біздің қоғамымыздың барлық саласында қолданысқа ие. «Дизайн» термині бұл күнде көркем немесе көркем – техникалық жобалау барысында, үдеріс нәтижесі – жобалардың (эскиздер, макеттердің және басқа көзбен шолу материалдарының), сонымен қатар жасалынған жобалардың – бұйымдардың, орталық нысандардың, полиграфиялық өнімдердің сипаттамалық маңызында қолданылып жүр.

Алайда, дизайн мәні, мүмкіншіліктері мен тағайындаулары, оның өндірістік экономикалық ортадағы алар орны, мәдени тұрғыдан қарастырғанда да, кәсіпкерлерге болсын, жәй тоғышар қоғам мүшесіне, тіпті оқу мекемелеріндегі талапкерлеріне де соңына дейін анық емес. Тәжірибесі  мол тәжірибелі адамдар, өнертанушылар, педагогтар, әсіресе, философтар арасында дизайнның ХХ ғасырдағы мақсат мүддесін бағалауда әртүрлі пікірлер туындап жатыр.

Дизайн ғасыр басында дүниеге келді және утилитарлы спецификалық жобалауының ерекше түрі ретінде бұқаралық өндіріс ортасында аяққа берік тұрды. Бұл бұйымдар ыңғайлы және ең негізгі қасиеті әдемілігінде еді. Бұл ағылшын елінде сонан соң басқа елдерде industrial design немесе өнер кәсіптік дизайн терминімен белгіленген құбылыс болатын.

Үшінші, маркетингімен байланысты, тұтыну, әлеуметтік аспектілер есебін, сән тенденцияларының, бірлескен назарлар қорғаныштарының, кешендік өнім ұсыну, оны жарнамалаудың, өндірушімен тұтынушының кері байланысының (жобалаушыға) және сауда жөніндегі талдау сұрақтарын қамтып жатыр.

«Дизайн» терминінің мағыналық  түбірлері латын сөзі «designare» - анықтау, белгілеу сөздерінен шығып жатыр. Итальян сөзі «designarо» ренессанс уақытынан бері жобалар мен суреттерді сонымен қатар жаңа идеялық туындыларды атаған  англияда «design» ұғымы ХҮІ  ғасырда тарады.

Дизайн алғашқы генетикалық анықтамалардың қатары бойынша «декоративті» реттілікте келеді: өрнек, ою, декор, әрлеу, жиһаз. Келесі қатарда «жоба графикалық» жаңаша баяндамасы: нобай, эскиз, сурет, жобаның өзі, сызба, құрылым саналады. Үшінші қатар, тікелей жоба аймағынан шығатын алдын ала жорамалдау: бағдарлама, болжалдау, мақсат, мүдде.

Төртінші қатар тізбегінде қалыптағы «драмалық»: ой, іс, айла,ниет тіпті қастық әрекет істеуде жатады.

Бұл ағылшын тілінен алынған кең спектерлі анықтамалар түрі «адам факторына» қатысты әлеуметтік бағдармен айқындалады. «Көркемдік құрылым» немесе «көркемдік жобалау» іспеттес терминдерден әлде қайда алшақ. Себебі, бұл терминдер (суретшілер,өнертанушылар, философтар) кең қолданыста болғанымен, мәнері өте қысқа, әрі түсінікті болып келеді.

Дизайн – заттар әлемін көркемдік конструкциялау. Қоршаған ортаның тиімді (рационалды) құрастырылуының үлгілерін жасау.

Дизайн – шығармашылық жұмыс. Оның мақсаты – өнеркәсіп бұйымдарының формальдық сапасын анықтау болып саналады, яғни:- бұйымдардың сыртқы пішімін, әсіресе қолданушы мен жасаушының көзқарастары  жағынан бұйымның структуралық және функционалдық байланысын бірыңғай бүтін етіп көрсету.

Кезеңдері:

1.       Қолөнер кәсіпшілігі – дизайнның арғы тегі, алмастырушысы (адамзаттың өмір салтының қалыптасуынан -  18-ші ғасырдың аяғына дейінгі уақытта)

2.       Индустриалды машиналық өндіріс – 18-ші ғасырдың аяғы, 20-шы ғасырдың бас жағы.

3.       Дизайн кезеңі – 20-шы ғасырдың бас жағы – қазіргі кезең.

Қолөнер кәсіпшілігі – қолдан жасалады, примитивті еңбек  құралдары, примитивті технология, аз мөлшерде шығарылады, адамның сұранысын қанағаттандыру үшін заттың тиімділігін, ыңғайлылығын, сұлулығын, экономикалық мүмкіншілігін қарастырып отырған.

Қорыта келгенде дизайн өнерінің қазіргі заман сұранысына, талабына ауадай қажет өнер екендігі даусыз. Дизайн өнері біздің қазіргі күнделікті өмірімізге тікелей еніп келеді, өйткені қазіргі заманның талабы да осылай.