Қазақ тілі
сабақтарында
халықтық педагогика элементтерін қолдану
А.М.Қажғалиева
(С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті)
Қазақ халқының
ата-бабаларының
өмір сүрген кезінен бастау алып, күні
бүгінге дейін келе
жатқан рухани мұраның
бірі —
халықтық педагогика.
«Халықтық педагогика - тәрбие жөніндегі
халықтың педагогикалық білім тәжірибесі.
Халық педагогикасын зерттеу
негізіне халық ауыз әдебиетінің
шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық
тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық
тәлім-тәрбиенің
белгілі жүйесінде жас буын жадына
біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы
жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде
адамгершілік, имандылық тәрбиесіне
байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда
- ақыл-ой тәрбиесі,
өлең, жыр-дастандарда — әсемдіқ (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің
сан алуан
мәселелерін қозғайтын
тәлімдік материал ретінде пайдаланылған.
Демек халықтық педагогика
— тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Қазақ
халқының
тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен
батырлық эпостарда, ертегілер мен
аңыздарда, шешіндік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде
көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік-имандылық,
ақыл-ой, еңбек, эстетика,
дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Қазақ халкы өз ұрпағын бесікте
жаткан кезінен өлең-жыр мен әңгіме,
ертегі, такпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған.
Бала аяғын жерге нық басқаннан
кезден қоршаған ортаның құпиясын
ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жұлдыздарға,
түрлі белгілерге қарап жол
тауып, қаршадайынан есту,
көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын,
жоғалғанды табатын ізшіл
де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5—6 жасынан ат
құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын
қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды
жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі
кестелері олардын сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге
жаттыктыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр
жакты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқастардың бәрі
балаларды қуантып, еліктіре
әсер етіп, ой-пікірін
шыңдап отырған.
Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті талай
халықтардың
өкілдерін таң
қалдырғаны тарихи жазбалардан
белгілі. Ұлы саяхатшылар
мен зерттеушілер қазақтың ежелгі
тұрмыс тіршілігі, мәдениеті
мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі,
отбасындағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік
орны туралы, ұлттық наным, сенім, әдет ғұрпы,
мінезі, көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты
мен
дәстүрінің
біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі,
қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті және музыка өнерінің жалпы
дала мәдениетінің
таң
қаларлық
үлгілері туралы таңдай қаға айтып,
баяндайды.
Қазақ халқының адами қасиеттері
имандылық, қонақжайлық, батылдық,
төзімділік қасиеттері тарих
парағымен
дәлелденеді.
Тәрбиенің
іргетасы қаланатын жері
отбасы мен тұрмыс. Ғалым Ш.
Ахметовтың зерттеулері
бойынша отбасы тәрбиесі
алдымен әдептілікке үйретуді
көздеген, әке-шеше баласына «әдепті бол» дегенді басты
міндет етіп койған. Екіншіден, олар қайырымды, иманды, мейірімді
болуға тәрбиелеген.
Үшіншіден, тіл алғыш болуға баулыған.
Төртіншіден, адал,
шыншыл болуға үйреткен.
Бесіншіден, өнегелі ұстаз
бен көпті
көрген қарияның сөзін
тыңдап бойларына
біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы
сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп
қой-
ған. Жетіншіден, кісі айыбын
бетіне баспай, біреуге
орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол деп үйреткен.
Се-
гізіншіден, ел қорғаған батыр бол,
халық алдында қыз-
мет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей-жа-
лықпай айтып қана қоймай,
жеке өнегелер
арқылы көр-
сетіп отырған.
Осы себепті ел ішінде
ертеден бар, қазір де жер – жерде
жалғасын тауып келе
жатқан тәлім –
тәрбие дәстүрлері
туралы әңгімелеуді жөн
көрдік. Орыс
аудиториясындағы
қазақ тілі сабақтарында халықтық
педагогиканың ой –
пікірлерін студент санасына ұялату үшін
халық
дәстүрінен хабар беретін
сөйлемдер, мәтіндер қолданып, студенттерге ауызша әңгімелетеміз.
Мысалы, ” Қазақ
ұлтындағы сәлемдесу әдебі.
Сәлемдесу
мәдениеті қай-қай ұлтта да бар. Адамның
сәлемдесу әдебі арқылы оған белгілі дәрежеде
баға беруге болады. Сондықтан,
мәдениетті адам өзінің сәлемдесуінен бастап,
сөйлеу мәнеріне дейін мән береді.
Қазақ халқында сәлемдесу әдебі
бойынша қалыптасқан дәстүр бар. Ол - жасы үлкен
кісіге кішінің бірінші сәлем беруі.
Жеке адам
көпшілікке өзі амандасады да, көпшілік тек ишара білдіреді. Ал әйел адам мен ер
адамның қол беріп амандасуы міндетті емес. Тек екеуінің
біреуі табысқа жетіп жатса ғана қол алысуға болады.
Наурыз, Айт сияқты мерекелерде әйел, ер адам деп бөлінбей
қол алысып бірін-бірі құттықтайды, өкпелері болса
кешіреді.
Қазақта әр үйдің егесі болады дейді.
Сондықтан, ішінде адамы жоқ үйдің ішіне
”Ассалаумағалейкуміңді” айтып
кіруің керек. Ол
шаңыраққа сәлем
деген сөз. «Ассалаумағалейкум яғни «Сізге
алланың нұры жаусын, Уағалейкумассалам», -
қазақша мағынада
«Алланың нұры Сізге де
жаусын» деп ерлер жағы
қол алысып, төс
қағыстырып амандасады.
Әйелдер бір – бірімен құшақтасып,
келіңдер үлкендерге иіліп сәлем етіп амандасады.
Қол
алысудың да өз мәнісі бар. Күнде көріп
жүрген
құрдастарына
жасы кішілерге бір
қолын ұсынса болады.
Жасы үлкен кісілер
мен құрметті қонақтарға қос
қолын беру керек. Ал бауыр-жекжат, қимас – туыс
ағайындар, сирек
көрісетін
тұыстас азаматтар төс
қағыстырып
амандасады. Селқос сәлемдесу сәлемшінің мәдениетсіздігінен хабар береді.
«Төр»
Төр - қазақ шаңырағының
қасиетті орны. Төрге
кімнің шығуы, кімнен кейін
кімнің жайғасуы
алқалы топ, атшаптырым жиында
ғана емес, күнделікті тірлікте
де аса маңызды
ілтипат болып есептелген. Төрге тайрақтап екінің бірі
шыға беруі әдепсіздік
болып саналады . Төрге ең
әуелі ақсақалдар,
қариялар шығады. Кейде «Үлкен үйдің,
үлкен
шаңырақтың
баласы ғой, жолы
үлкен», - деп жасы кішілерді де төрге
шығарады. Бұны
аруақ сыйлау деп түсінеміз. Күйеу бала, келін
ешқашан төрге шықпайды. Жөн білетін
балалар өздері –
ақ ығысып, бір –
біріне тиесілі орындарын
ұсынып жатады.
«Қонақасы» мәтіні.
Қазақтың
екінші аты «Алаш». Сол атамыз
Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деген үш ұлына енші бөліп
беріпті де, өзіне тиесілі төртінші еншіні: «Бұның иесі
қазақтың бөлінбеген «Қонақасы» еншісі
болсын» мен мұны да үшеуіңе бөліп берейін. Ондағы
мақсатым: бір-біріне мейірімді, қайырымды болыңдар, алыс
жолдан арып-ашып келе жатқан кез-келген қандасыңның
сенің шаңырағында да
қисайып демалатын орны, еш міндетсіз ішіп-жей алатын
қонақасы, сыбағасы болсын дегенім еді. Қонақжай
болыңдар, бір-біріңе» -деген екен. Алаш атамыздың бұл
өсиетін естен шығармауымыз керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, осындай
жұмыстар арқылы
студенттерді әдепті, кішіпейіл, иманды
болуға
тәрбиелеуге болады деп, біз
әр сабақта халық қазынасын насихаттап
отырамыз.
Резюме