Қазіргі отбасында
халықтық педагогиканың тәрбиелік
механизмдерін белсендіру
Малгайдарова Г., Данияров
Т.
М.Әуезов
атындағы ОҚМУ,
Шымкент қаласы
Қазіргі гумандық –
адамгершілік тапшылық жағдайында өскен ұрпақты
тәрбиелеудің негізгі бағыттарының бірі – тұтас
тұлғаны тәрбиелеудің бөлігі болып табылатын
халықтық педагогикасы /1,13/. Шынайы отбасылық тәрбиені
жолға қою үшін, А.С.Макаренко атап өткендей
«үлкен педагогикалық біліммен бағытталатын балаға
дұрыс және мақсатқа ұмтылған әсерді
ұйымдастыру қажет» /2,55/.
Сондықтан қазіргі
отбасын нығайту үшін қамқорлық оның
педагогикалық позициясын пысықтауға ұмтылу мен
ұштасқан болуы тиіс. Ал отбасының педагогикалық
позициясын пысықтау өз кезеңінде ұлттық
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда көрініс
тапқан халықтық педагогиканың тәрбиелік
механизмдерін белсендіру арқылы іске асырылады.
Көптеген
ғылымизерттеулер (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев,
С.Ғаббасов, С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова,
А.А.Қалыбекова т.б.) қазақ отбасында балаларды
халықтық педагогика құралдарымен тәрбиелеудің
зор педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Бірақ,
этнопедагогиканың қолданбалы аспектілері бойынша отандық
ғалымдардың соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу
жұмыстары (Ұ.Есім, И.А.Корнилко, Л.А.Бөлетова т.б.)
қазіргі қазақ отбасында балаларды тәрбиелеуде халықтық
педагогиканың жетістіктерін пайдаланудың
қанағаттанарсыз деңгейін көрсетеді.
Қазіргі қазақ
отбасында бала тәрбиесі толығымен ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар
негізінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер, соған
байланысты адамдар санасындағы, дүниетанымдағы жаңа
құрылымдар қазіргі тәбие процесі толығымен
ұлттық негізде болмауын дәлелдейді. Әлемдегі
интеграциялық процестер, көпмәдениетті, көптілді
тұлғаға деген сұраныстардың арта түсуі де
тәрбиенің жалпы адамзаттық
құндылықтарының ролін, әсерінің артуына жол
ашады.
Ұлттық
тәрбиенің көзі болған отбасының
жалпыадамзаттық, әлемдік даму тенденцияларынан тыс қарау
дұрыс емес. Сол себепті, қазіргі қазақ отбасында
ұлттық негізде тәрбиелеудің жағдайы туралы кейбір
тұжырымдар жасау мүмкін:
1.
Бала тәрбиесінде жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтардың біріккен әсері,
ата-аналардың педагогикалық, этнопедагогикалық
мәдениеті деңгейіне орай аталған факторлардың
бірінің басымдылығының байқалуы;
2.
Ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктеріне сай
отбасылардың айырмашылығы (мысалы, ата-аналардың
ұлттық мәдениетінің жоғары немесе
төмендігі, ата-әжелердің болуы, отбасында қалыптасқан
әлеуметтік-этникалық орта т.б);
3.
Халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерінен
пайдалануда бірізділік, мақсатқа
ұмтылғандықтың болмауы, оның
кездейсоқтық сипаты;
4.
Отбасында бала тәрбиесінде халық педагогикасы факторлары (ана
тілі, салт-дәстүрлер табиғат, дін, тұлға дамуына
кешенді әсерінің жеткіліксіздігі);
5.
Халық педагогикасының тәрбиелік құралдарына
жеткілікті мән бермеу немесе оны дәріптеу (мысалы, халық
тәжірибесінде қолданылатын, бірақ педагогикалық
мақсатқа сай емес әдіс-тәсілдерді қолдану).
6.
Отбасы тәрбиесінің негізі ретінде қолданылатын кейбір
халықтық педагогика ұстанымдарының (мысалы, тыйымдар
жүйесінің, баланың күнделікті өмірін дұрыс
ұйымдастыра білмеудің т.б.) бала тәрбиесіне, өзіндік
тұлға ретінде қалыптасыуна теріс әсері.
7.
Ата-аналардың тәрбиелік белсенділігінің, мектептегі
ұлттық тәрбие үрдісіне
қызығушылығының төмендеуі;
8.
Ата-аналардың этнопедагогикалық білімдерінің
әлсіздігі, балаларды қазіргі заманға сай тәрбиелеуге ұлттық
тәрбиелік қндылықтарды екінші орынға қою.
Біздің пайымдауымызша,
қазіргі қазақ отбасында балалар тәрбиесін жаңа
сапалық деңгейге көтерудің негізгі шарты-отбасы
тәрбиесінде халықтық педагогиканың тәрбиелік
механизмдерін белсендіру.
Психологиялық-педагогикалық
зерттеулер, сонымен қатар отбасылық тәрбие тәжірибесін
зерделеу халықтық педагогиканың тәрбиелік
құралдарына бай ұлттық салт-дәстүрлерге
негізделген ата-аналар педагогикасы өздігінен бала тұлғасын
қазіргі тәрбиелік мақсаттар аясында
қалыптастырудың күтілетін нәтижелерін бермейді. Отбасы
тәрбиесінде балаларды халықтық педагогика
құралдары арқылы тәрбиелеу процесіне мектептің
көмегі талап етіледі.
Бұл көмек,
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда бейнеленген
халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерін
белсендіру бағытында болуы қажет.
Әдебиеттерді және
мектеп-отбасы ынтымақтастығының озық тәжірибесін
үйрену қазіргі отбасында халықтық педагогиканың
тәрбиелік механизмдерін белсендірудің шарттарын
анықтауға мүмкіндік береді:
- ата-аналармен