Педагогические науки/5. Современные методы преподавания

 

Кошанова Ж.Ж.

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласының № 61 жалпы орта мектебі

 

ФИЗИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТЕЛЕКОММУНИКАЦИОНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

 

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Білім берудің негізгі мақсаты - білім  мазмұнын  жаңартумен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері  мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін  арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық-телекоммуникациондық  технологияларды қолдану  әдісі  зор рөл  атқарады.  Ақпараттық-телекоммникациондық технологичлар  сабақтың тиімділігін, оқушылардың белсендігін жоғарлататын технологиялардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін жақсарту проблемасын қарастыру ең басты орын алады.

ХХІ ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан білім  беру саласының ақпараттық инфрақұрылымын міндетті түрде дамыту қажеттігі еліміздің ұзақ мерзімдік даму бағдарламасындағы басым мақсаттардың бірі ретінде айқындалады. Сол себепті ақпараттық технологиялардың тілін меңгерген ұрпақ үшін өздерінің жинақтаған білімдерін тәжірибеде қолданысқа енгізу парыз.

Оқушыларға физика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр.

Оқытудың мектепте қолданылатын қазіргі замаңға сай құралдары: бейнефильмдер, мультимедиа және телекоммуникациондық технологиялар, суреттерді   анимациялау,   түр-түсін   өзгерту,   оған   дыбыстар   қосу.

Бұл құралдар оқушылардың танымды әрекетін жандандыруға себін тигізіп, оқытудың жалпы тиімділігін арттырады. Әсіресе, бйнефильмдер құралдарының ішіндегі ең тиімдісі болғандықтан кең қолданыс тауып отыр. Бйнефильм оқушылардың ғылыми-техникалық мәліметтерді пайдалану мүмкіндіктерін анағұрлым кеңейтеді, сезімдік қабылдаудың әсерлігін күшетеді. Оқуды өмірмен тығыз байланыстыруға жәрдемдеседі. Шынында, физиканы оқып үйренуде көбінесе құбылыстың өзін емес, құбылыстардың туатын салдар мен нәтижелерді бақылауға тура келеді. Көптеген құбылыстарды және олардың техникалық қолданылуларын қаз қалпында көрсетуге, тіпті де болмайды. Осының бәрі оқытудың ақпараттық технологияларын пайдалануды қажет етеді.

Күрделі құралдар мен қондырғыларды сол қалпына көрсетуге болмайтын жағдайларда айнадағы көрініс тәрізді көлемдік нобайларды көрсету қолданылады. Нобайлар техникалық  қондырғыар мен аспатардың құрылысы мен жұмыс принципін оқып үйренгенде, сондай-ақ физикалық құбылыстарға негізделген технологиялық процестерді бақылағанда қолданылады.

Олар қажетті мөлшерде жасалуы тиіс. Машинаның ішкі құрылысын, немес қондырғымен механизмдердің бөліктерінің өзара әсерлесулерін көрсетуге қажет болған жағдайда, мысалы, іштен жану двигателінің жарып көрсетілген тілік нобайын қолдану – оқушыларға айқын көрінуімен тиімді. Ал дыбыс немес аудио құралдар көмегімен бейне мен көріністерді және дыбыстарды керек жерінде өзара сәйкестікте қолдану, шынайы болмысты сезім арқылы қабылдауды әлдеқайда күшейтеді. 

Ақпараттық-телекоммуникациондық технологиялардың қазіргі замаңғы физиканы оқытудағы, мектеп оқушыларының дүниетанымдық ойлау қаракетін күшейтудегі маңызы, міне осындай.Ол оқу процесін жандандыруға және уақыт үнемдеуге осылай көмектесіп отыр. Сөйтіп, жаңа технологияларды шебер пайдалану физикалық білімдерді меңгеруге кететін уакытты едәуір қысқартады.

Мектептерде оқытылатын физика пәнінен әртүрлі электрондық оқулықтар, бағдарламалар бар. Электрондық тақтаны қолданғанда Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы слайдтарды құрастырып, осы тақтада көрсетуге болады. Бұл бағдарлама арқылы сабақ жоспарларын, әртүрлі жарыс сабақтарын ұйымдастыру және тағы да басқа көптеген материалдарды жасау компьютерді қолданудың алғашқы курсынан өткен адамдарға еш қиындық туғыза қоймайды.

Фихзика сабағында мультимедия курстарды қолдаунға болады. Мультимедаи курсы бұл барлық оқу процесі кешенінің дидактикалық бірлігі, ол сандық және аналогты формада жасалады. Қазіргі оқу мультимедиакурсы – бұл қарапайым интерактивті мәтін емес (немесе гипермәтінді) материал, видео- және аудиоматериал қосымша берілген электронды түрдегі бағдарлама. Оқытуды қамтамсыз ету үшін ең бірінші қажетті ақпарат болу керек, ол әр түрлі формада немесе әр түрлі тасымалдаушыларды болуы қажет. Курс кешеніне видео- және аудиокассеталар, сонымен қатар баспа материалдары қажет. Бұл техникалық және экономикалық ойлармен айтылған ( «тірі» видео талабы үлкен көлемді зердені сұрайды, мультимедиа-компьютерге қарағанда, видеомагнитофон құны төмен, оны кез-келген жерден алуға болады, сонымен қатар  психологиялық сипатта: кейбір үйренушілер видеоақпаратты (визуалдар) тез қабылдайды, кейбір үйренушілерге дыбыс (аудиалдар) қажет болса, үшіншілеріне бұлшық еттің белсенділігі  деп аталады.  

Мультимедиакурсы үйренушіге кешенді түрде тұжырымды,  иллюстративті, анықтамалы, тренажерлы және бақылаушы бөлім болады. Интерфейс құрылымы мен курстың пайдаланушы бөлігінің барлығы материалды оқу барысында көмегін тигізеді.

Ақпараттық-телекоммуникациондық технологиялар мынадай міндеттерді орындауға көмектеседі:

-       Оқушыларға физикалық құбылыс жайлы неғұрлым толық және дәл ақпарат беру.

-       Оқытудың көрнекілігін арттыруға және әдеттегі баяндау барысында қиындықпен меңгерілетін физикалық оқу материалын ұғынықты болатындай күйге жеткізуге көмектеседі.

-       Оқу материалын баяндау қарқынын арттырады.

-       Оқушылардың физикалық құбылыстардың сырына құмарлығын толығырақ қанағаттандыруға және олардың жан-жақты білім алу ынтасын тезірек қалыптастыруға ықпал жасау.

-       Мұғалімнің уақытын үнемдеу, оны өнімділігі аз жұмыстан босату, шығармашылық жұмыс жасатып, қалған уақытта оқушылардың ой өрісін дамытуға, білімін көтеруге жағдай жасау.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.            Қалығұлов А.Ж. Физиканы оқыту методикасы. Алматы: Рауан, 1992. – 207 б.

2.   Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие / Под. ред. Е.С.Полат.- М.,2002.- С. 271-275