СЕКСЕУІЛ (HALOXULON) ӨСІМДІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЭНТОМОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МАММАЛОГИЯЛЫҚ ЖАУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ

 

Тасыбаева С., Турекельдиева Р.Т.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Сексеуіл – қасиетті ағаш. Ілгеріде ата – бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын еді. Үлкендердің сөзіне қарағанда, бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімдікті беретін көрінеді.                                                

Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуіл фитопатологиялық кемшілік көруде.

Шөл дала көркі болып саналатын сексеуілге Сексеуiлге зиянын тигiзетiн зиянкес жәндіктердің 200-дей түрлерi бар: шегiртке, жұлдызқұрт, түн көбелегi, бiзтұмсық, зауза қоңыз, бүргешiркит, кене, қандала, бит, сымыр, бiте т.б. Бұлар дiңдер мен бұтақтарды, жасыл өркендердi, генеративтiк органдары мен тамырларын зақымдайды.

Сондықтан сексеуілдің ең бірінші жауы сүген қоңызы (bruchus) болып табылады. Сүген қоңызы – қаяз (отын кесетін) қоңыздар тұқымдасына жататын қоңыз түрі. Денесінен бірнеше есе ұзын көпбунақты мұрты бар. Негізі сүген қоңыздары ағаштарда мекендейді. Бұлар бірнеше жыл өмір сүреді. Тек қана ағаштарды ғана емес, сонымен бірге ағаштан жасалынатын жабдықтарды, ағаш құрылыстарын толығымен зақымдайды.

Оның құрттары температура көп өзгермейтін сексеуіл тамырмойнының айналасын бұрандалап тесіп кіріп алады да, жыл сайын көбейе береді. Оның тескен «туннельдеріне» шөл саңырауқұлағы-перия орны теуіп, ағашты жей береді. Біртіндеп сексеуілдің ара да, балта да сындыра алмайтын темірдей ағашы борпылдап жұмсарады. Күшті жел соққан кезде әлі де көп жыл жасауға шамасы бар сексеуіл ағашы құлап қалады.

Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жауларына жер асты құм тышқандары жатады. Құм тышқандары жер астында сексеуілдің тамырын түк қалдырмай жеп қояды. Құм тышқан жерасты жұмысымен қанағаттанып қана қоймай, сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп қояды. Жемісі жер бетінен 2-3 метр биік орналасқанына қарамастан, тышқан оған өрмелеп шығып, бұтағын бағбандарша кесіп түсіреді. Кейде бір жылдық жемісті түгелдей құртып жібереді. Құм тышқандар суы мол шырынды жас бұтақтарды да  қиып түсіреді де, сусынын қандырады. Кесілген бұтақтың орнына бұрынғыдан да шырынды бұтақ өседі, тышқан оны  да кесіп сусындайды. Осылай көп қайталанған соң ақыры сексеуілдің күші таусылады да кеуіп қалады.

Кемiргiш және сорғыш зиянкестерге - 80 % техникалық немесе жiбiтiлген ұнтақ хлорофосты қолдану керек. Бұл тiкелей немесе iшкi мүшелерге әсер ететін орташа улы препарат. Препарат бойынша жұмсалуы 1,0-1,5 кг/га немесе 0,8-1,2 кг/га қолдану алдында техникалық препарат жылы суда ерiтiледi, ал жiбiтiлетiн ұнтақты сумен 0,1-0,3 % концентратқа дейiн араластырады, яғни 500-1000 л/га жұмыс cұйықтығы дайындалады. Өңдey 3 рет кайталанады. Бүркуге метафосты колдануға болады. Ол 40 % эмульгатты концентрат, препарат бойынша жұмсалуы 0,75-1 кг/га немесе 0,3-0,4 кг/га әсер ететін зат, жұмсалуы 500-800 л/га. Пиретроид npепараттарын - амбуш, цимбуш т.б. колдануға болады.

Сеппелердi бүркудi тәулiктiн, салқын уақытында (кешке, таңертең, бiрақ шық болмау керек), жел жылдамдығы 3 м/с аспайтын кезде жүргiзу керек.

            Топырақта өмір cүpeтін зиянкестер көп болса, онда химикаттармен өндейдi. Топырақты жыртпай тұрып, топырақ өңделетiн болашақ жолақтарға ОШУ-50 құралымен төмендегi химикаттардың бiрi бүркiледi: 2% түйiршiктi гаммазомер ГХЦГ (15-40кг/га), 7% түйiршiктi хлорофос (20кг/га), 12% ГХЦГ ұнтағы (50кr/га); 25% фосфор ұнынан жасалған ГХЦГ ұнтағы (12кг/га). Бүрiккеннен кейiн жердi бден жырту керек, өйткенi жарық кезiнде химикаттар тез ыдырайды.

            Құм тышқандармен күресуде уланған жем беру арқылы күреседi.

Жем ретiнде сексеутұқымдары, қара сексеуiлд өркендерi, қалуеннiң жапырақтары қолданылады.

 

Әдебиет

1. Зыряев А.Г. Химические средства и технология борьбы с сорняками в лесных питомниках и культурах. М., ЦБНТИ-лесхоз, 1967, с.1-43.

2. Бахтин О.В. Химический способ борьбы с сорняками в лесных питомниках. Лесное хозяйство. 1981, № 3, с.36-37.