ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРА СЕКСЕУІЛ (HALOXYLON APHYLLUM) ӨСІМДІГІНІҢ  ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Тасыбаева С., Турекельдиева Р.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Шөлейтті далада құм бар­хан­дарының көшкінін “кісендеп” ұс­тайтын, ұлан-ғайыр адырлардың то­пы­рағын эрозиядан сақтайтын, аты­раптарда тіршілік ететін елді ме­­кендерді дауылдардан қорғайтын сексеуілдің қадір-қасиетін біл­мей­тін адам аз болар. Шеті көзге ша­лын­бас құладүзді құлазудан құт­қа­ра­тын табиғаты айрықша ағаштың бұл түрі негізінен 2012 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 4 млн 434 мың 691 га, оның 51.7 пайызы (млн мың га) шөлдегі сексеуіл бұталары өседі.

Ең үлкен үлес салмағының осы өлкеде болуының басты себебі де, қарт Қаратаудың теріскей тұсының оң­түстігі телегей теңіздей Мойын­құмға созылатын ауқымдылығында, жерінің тұзды кебіртектігінде, су­сымалы құм қабатының қалың­дығында. Байтақ аралықты желі жиі үздіксіз уілдейтін қолай­сыз­дықтан құтқарудың бірден-бір жолы ағаш егу екені де бесенеден белгілі. Ал, құмдақ және тақыр жері басым әрі ауа-райы Арқаның табиғаты тектес осы өлкеде өсетін бұтақты дарақтарға қарағанда сек­сеуіл өсімтал да, төзімді.        Бүгінде бұрын жалпақ жазығы­мыздың сұлулық салтанаты болған сол қалың сексеуіл тым селдіреп кетті. Алыстан қарауытқан қараған қатары уақыт озған сайын азайып барады. Кезінде тұтасқан қара ормандай орамдары от опырғандай селкеу-селкеу көзге түседі. Содан да соңғы кезде өте сирексіп қалған сексеуілді қолдағы бар ұрығынан өсіріп, жаңа алқаптарын жасау маңызды іс. Сексеуіл алқабын сауықтыра отырып, молайту үшін сексеуіл тұқымнан және көшеттен отырғызылады.

Қара сексеуiл аққа қарағанда өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм [1, 2].

      Кестеден көріп отырғандай, көшетімен отырғызылған екпелердің шығымдылығы Байзақ (84),Сарысу(75), Қосқұдық (74.3), Ақкөл (71.6), мемлекеттік мекемелерінде жақсы, Жуалы (65), Ақыртөбе (56.7), Жамбыл (56), мекемелерінде орташа, Луговой (34), Мойынқұм (32.5), Меркі (32), мекемелерінде нашар.

 

     Кесте 1 - 2010 жылы күзде себілген сексеуіл тұқымдарының шығымдылығы, %

 

Орман шаруашылығы мекемелері

Сексеуіл тұқымы себілген орман екпелері (га)

Себілген сексеуіл екпелердің өнбей қалғаны (га)

Сақталған екпелер

Сақталған екпелердің шығымдылығы

%

1

Ақкөл

1300

-

1300

37.3

2

Байзақ

350

350

-

-

3

Бұрыл Байтал

400

-

400

65

4

Жуалы

280

-

280

60

5

Қосқұдық

2000

-

2000

62.4

6

Көктерек

400

-

400

36

7

Мойынқұм

1700

1700

-

-

8

Сарысу

600

-

600

58

 

Жиынтығы:

7030

2050

4980

54

 


Кесте 2 - 2011 жылғы (көктемде) отырғызылған сексеуіл екпелердің шығымдылығы, %

 

Орман шаруашылығы мекемелері

Орман екпелерінің көлемі (га)

Егілген сексеуіл екпелерінің өнбей қалғаны (га)

Сақталған екпелер (га)

 

 

Сақталған екпелердің шығымдылығы

%

1

Ақкөл

150

 

150

71.6

2

Ақыртөбе

40

 

40

56.7

3

Байзақ

70

 

70

84

4

Жамбыл

50

 

50

56

5

Жуалы

50

 

50

65

6

Қосқұдық

200

 

200

74.3

7

Көктерек

70

70

 

 

8

Луговой

18

 

18

34

9

Меркі

60

 

60

32

10

Мойынқұм

150

 

150

32.5

11

Сарысу

100

 

100

75

 

Жиынтығы:

958

70

888

58

 

      Жоспарға сәйкес 2010 жылы күзде 7030 га жерге себілген сексеуіл тұқымдары 2011 жылғы күзгі санақтың қорытындысы бойынша өнбей қалғаны – 2050 га немесе 29 пайызы, сақталғаны 4980 га (71 пайыз), орташа өнімділігі – 54 пайыз.

     Өнімділігі біршама жақсы мекемелер Бұрыл, Байталда 65пайыз, Қосқұдықта 62.4 пайыз, Жуалыда 60 пайыз, Сарысуда 58 пайыз, өнімділігі нашар мекемелер Ақкөлде 37/3 пайыз, Көктеректе пайыз. Ал, Мойынқұм мекемесінде 1700 га, және Байзақ мекемесінде 350 га сексеуіл алқаптары өнім бермей есептен шығарылды.

      Сексеуіл алқабының ауқымын ұлғайтуға қатысты қажетті жағдай­лардың бірі ауа райының қолай­лылығына тікелей байланысты екенін білдік. Бұл оны қолдан өн­діру. Яғни, піскен дәнін жинап, Алматыдағы арнайы зертханадан сұрыптаудан өткізіп, осы мезгілде айдалған жерге ұрығын себу. Мұ­ның да өзіне тән ерекшелігі, қиын­дығы бар. Көктемде жердің бетіне қылтиып қана өскен балапан сек­сеуіл жылдың осы мезгілінде суық­тық 7 градустан аспаса және жаз ап­та­бынан аман қалса, одан әрі ызғарға көндігіп, бой алып өсіп ке­те­ді. Өнгені күзде 25 пайыз деп есеп­телінсе, әрі қарай күтімге алы­нады. Бұдан төмен болса есептен шығарылады.

    Сексеуіл ормандарын көшетінен өсірудің сапасы тұқымынан себуге қарағанда өте жоғары және ауа-райының қолайсыз жағдайына да төзімді.

     Жиналған тұқым үлгілері Қазақтың мемлекеттік ағаш тұқымы мекемесінде лабораториялық зерттеуге жолданып, лабораториялық зерттеу қорытындысына сәйкес 3120  кг екінші класты өнімділікке жатқызылды.

 

Әдебиет

 

1. Сычев А.А. Саксаул черный. Стандартизация и выход сеянцев в питомниках Юго-востока Казахстана. // Рекомендации по лесовосстановлению и лесопользованию на Юго-востоке Казахстана. Сборник. -Алматы. -2005. -С. 19-22

2. Вознесенская Е.В., Стешенко А.П. Морфологические и анатомические особенности побегов саксаула// Бот. журнал.-1974.- Т.59.- № 1. С. 102-110.