Ш.Есенов ат. КМТжИУ «Халықаралық қатынастар» кафедрасының

аға оқытушысы Жаханова Ж.А.

Қазақстан республикасы мен Корей Республикасы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

          Қазақстанның Корея Республикасымен қарым-қатынасының дамуы 1992 жылдан бастау алады. Осы жылы қаңтарда екі мемлекеттің өмірінде тарихи мәні бар оқиға болды: Қазақстан мен Корея Республикасы дипломатиялық қатынас орнатылды. Екі ел арасындағы саясат, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қолайлы мүмкіндік туды.

Д  ипломатиялық қатынастарын бекіткеннен бергі аралықта Қазақстан мен Корея Республикасы ынтымақтастық жолында мейлінше маңызды оқиғаларды бастан кешірді. Екі елдің күш салуымен қысқа мерзім ішінде қазақстан-корей серіктестігінің жаңа, тез дамушы моделін орнатуға қол жетті.

  Белсенді саяси және экономикалық байланыстардан басқа, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени және гуманитарлық серіктестік саласындағы маңызды перспективалар жөнінде айтуға болады, онда ерекше рөл 100 мыңнан жоғары адамды құрайтын корей диаспорасына орыны ерекше. Қазақстанның этникалық саясаты қазақстандық-корейлік қатынастың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

    Осы тұста Қазақстандағы кәрістер Ассоциациясының (ҚКА)маңызды рөлін атап өткен жөн, ол 1995 жылы қазанда құрылды, әсіресе бұл қазақстандық және оңтүстік кореялық ЖОО арасындағы ғылыми-білімдік байланыстың орнауына қатысты. Соңғы бірнеше жылдары 2 ел ЖОО арасында 16 келісімге қол қойды. Жекелеп атағанда, ЖОО аралық серіктестікте профессор-оқытушы құрамы мен студенттерді алмастыру қарастырылған. [1]

  2003 жылы қарашадағы ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың Сеулге ресми сапары кезінде, уағдаластық негізінде Оңтүстік Корея үкіметімен Қазақстанға білім саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 1 млн АҚШ доллары шамасында өтемсіз қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Бұл ҚР білім және ғылым Министрлігінің мынадай жобаларына қатысты: «Мақұлдау және біліктілікті меңгеру орталығын құру» және «Білім саласындағы ақпараттық технологиялардың орталығын құру», 2015 жылға дейінгі ҚР білім Концепциясының элементтерін де тыс қалдырмау. ҚР Білім және ғылым Министрлігі мен Корея Республикасының СІМ-нің құрылымдық бөліктерінің бірі болып табылады және дамушы елдермен серіктестік жөніндегі барлық үкіметтік бағдарламалардың координациясын іске асыратын, Халықаралық серіктестік жөніндегі Корей Агенттігі (KOIKA) арасындағы серіктестік те белсенді дамуда.

    Қазақстан мен Корея арасындағы сәтті серіктестік көбіне екі елдің тіліне, тарихы мен мәдениетіне деген терең екіжақты  бірдей қызығушылыққа негізделген  деп атап өтсек қателеспейміз. Жыл сайынғы Кореядан тілдік машықтанудан өтетін қазақстандық студенттердің санының өсуі, корей тұрғындарының да қазақ тіліне деген қызығушылығының артуын осыған себеп бола алады.

Бүгінгі күні ҚР-ның әрбір ірі университеттерінде корейтану кафедрасы бар, онда қазақстандық студенттер корей тілі мен әдебиетін (сонымен бірге басқа да арнайы пәндерді) оқиды. 5 жылдан бері Кореялық Кангнам университетінде «қазақтану» (Kazakh Studies) кафедрасы жұмыс істейді, болашақта Сеул университетінде қазақ тілі кафедрасын ашу жоспарлануда. Онда қазақ тілі мен әдебиетін бұрын Қазақстанға оқуға келіп, қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеріп, біздің университетіміздің түлектері – корей азаматтарын оқытады. Бұл жағдайда ғылыми-білімдік байланыс біздің халқымыздың жақындасуына және өзара түсіністіктің қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан мен Корей Республикасы арасындағы мәдени-гуманитарлық саласында әсіресе білім аясында байланыс кеңінен дамуда. Екі ел арасындағы мұндай әрекеттерді ЖОО арасындағы ынтымақтсатық пен бірлескен мәлімдемелер мен келісім-шарттардан көре аламыз. Осы бағытта атап айтсақ Қазақстанның жетекші оқу орыны әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті мен Корея Республикасының Елшілігі, халықарылқ байланыстарды дамытудың Корея Агентігі, Корея Республикасының Білім беру орталығы, Korea Foundation  және түрлі демеуші көмектерін беретін KOIKA, “Korea Foundation”, “Korea Research Foundation” қорларымен жемісті қарым қатынастар орнады.

 Екі елдің мемлекеттік институттарының өзара әрекеті үшін де кең ауқым бөлінген. Қазақстандық тараптың қызығушылығын танытқандар: Корея Республикасының сот органдарының жұмысы; жоғарғы сот инстанциясының жұмыс істеуінің ерекшеліктері; биліктің соттық атқарушы және заң шығарушы бөліктерінің арасындағы өзара қатынас жүйесі. Ерекше қызығушылықты танытатын сот ісін тіркеу базасының электронды жүйесі, соның ішінде, сот шешмідерінің мәліметтік банкі, оған Кореядағы әрбір тәжірибеден өтуші заңгерлердің рұқсаты бар.

  Сонымен қатар Денсаулық сақтау саласында екі ел арасындағы қарым-қатынаста даму үстінде. Осы мақсатта 2011 жылы тамыздың 26-шы жұлдызында  ҚР-ның астанасында Денсаулық сақтау министрі Қайырбекова С. ханым мен Корея Республикасының Денсаулық сақтау министрі Чин Су Хи мырзаның арасында денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, екі ел арасындағы әріптестік Азия Тынық мұхиты аймағында басымдылық бере отырып бұл ықпалдастықтың ұзақ мерзімді болатынын атап өтті. Осы орайда Қазақстан тарабы ел халқының денсаулығын сақтау мақсатында бекітілген «Салауатты Қазақстан» ұлттық бағдарламасы туралы баяндап осының  аясында Қазақстан халықтың өмір сүру ұзақтығын 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғайтуды, ана мен бала өлімін 1,5 есеге төмендетуді, жалпы өлім-жітімді 15 пайызға азайтуды мақсат ететіндігін корей әріптестерімен бөліскен болатын.  

  Кездесу барысында қабылданған меморандумнан басқа, Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің  ғылыми орталықтары, емханалары мен медициналық жоғары оқу орындары арасында шамамен жеті меморандумға қол қойылды.  Атап өтсек бұл  меморандумдар Корей елінің президенті Ли Мен Бактың Қазақстанға сапары аясында жасалған болатын. Олардың барысында келешектегі мәселелер яғни  диагностика және ауруларды емдеуде жоғары технологияларды пайдалану, Қазақстан азаматтарын Корея ауруханаларына диагностикадан өтуге және емдеуге жіберу, медициналық мамандардың біліктілігін арттыру, оқу курстарын өткізуге жетекші корей мамандарын тарту, ағза органдарына трансплантация жасау, жасуша және ағза иммунологиясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу қарастырылды. Кореяның денсаулық министрі Чин Су Хидің айтуынша, бұл құжаттар сондай-ақ, ерітінді өндіретін біріккен зауытын құруға, кардиологиялық орталық ашуға және тағы басқа бағдарламалар аясында бірлескен жұмыстарды атқаруға қадам береді демек. [2]

       Меморандумдар Ұлттық ғылыми медициналық орталық пен Сеул университетінің ауруханасы арасында, Ұлттық медициналық холдинг пен Сеул университетінің ауруханасы арасында, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті мен Корея медицина мектебінің католик университеті арасында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Коре» университетінің медициналық орталығы арасында, «Химфарм» АҚ және «JW PHARMACEUTICAL CORPORATION» корпорациясы, «Седжон Евразия» халықаралық медициналық клиникасы» және «Hyewon Medical Foundation «Sejong General Hospital» компаниясы арасында жасалды.   [3]

          Қазақстан мен Корей Республикасының арасындығы Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтсатықтың тағы жақсы көрсеткіштерінің бірі   2011 жылдың желтоқсан айының жетісі мен тоғызы аралығында  екі елдің қызметтестік шеңберінде Астана қаласының     «Онкологиялық диспансерде» Сеуль Ұлттық Университетінің госпиталі  «Асқазан жарасы» тақырыбында мастер-класс өткізді.   Бұл Сеуль Ұлттық Университетімен қызметтестік Астана қаласының онкологиялық қызметін дамытуға, халықаралық стандарт деңгейіне  жетуге ықпал жасайды, инновациялық технологиялар енгізуге, медицина қызметкерлерінің кәсіптілігін көтеруге, асқазан жарасын емдеу мен анықтауға,  онкологиялық көмек сапасын жақсартуға анық мүмкіндік береді.

     Сонымен қатар Лапараскопиялық гинекология саласында  2011 жылдың қарашаның 15 мен 20 аралығында екі ел арасында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасын мен Оқу-клиникалық орталығының ұйымдастырумен әйелдер госпиталінің жетекші маманы «Меди Парк» бас дәрігері, м.ғ.д., профессор Джун Гю Е мен министр Гюмханг Нам  «Лапароскопиялық гинекология» тақырыбында   мастер-класс өткізді.  Бұл шараның мақсаты медицина саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру,  гинекологиялық ауруларды емдеуде қазіргі  лапараскопическиялық әдістерді енгізу. Осы орайда  Доктор Джун Гю Е мен Гюмханг Нам 6 науқастың жағдайын қарап, оталық емдеу жүргізді. Профессордың дәрісі Астана қаласының акушер-гинекологтарына кореялық әріптестерден лапароскопиялық гинекология бойынша қазіргі заманға сай гинекологиялық ауруларды  емдеу мен анықтауға ықпал етті. [4]

    

2011жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан корейлері қауымдастығы, Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі мен «SGT» компаниясының және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қаратал ауданының Үштөбе қаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Кореяның Қазақстандағы жылы шеңберінде «Инновациялық жылыжай технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті.

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы елшілігінің бас консулы Шин Хен Ын және жеміс-көкөніс шаруашылығына жаңа технологиялар енгізумен айналысып жүрген ғалымдар мен Қазақстан корейлері қауымдастығының аймақтардағы филиалдарының төрағалары қатысты. Бұл ғылыми тәжірибелік семинарда «Алматы облысының Үштөбе қаласында жыл бойына жабық топырақта ең жаңа технологиялар бойынша көкөніс өнімдерін өсіру жөнінен ерекше жобаны жүзеге асырып жатқан Қазақстан корейлері ассоциациясының тәжірибесіне қатысты болды.

Келесі кезекте Корей Республикасы Орта Азия төңірегінде де ынтымақтастықты кеңейтуде бірқатар іс-шаралар атқаруда. Осы тұстағы көршілес елдермен нарық қатынасына түсе отырып аталмыш мемлекеттермен ақпараттық және интернет технологиясын жетілдіруге кірісіп бағуда. Корея Республикасы өзінің  жаңа технологиялық өндірістерін дамытуымен әлемге әйгілі. Олардың қатарына ақпараттық және интернет – технологиялар да енеді. Орта Азия елдері ішінде Қазақстанда алдағы уақытта сымсыз интернет түрі қазіргіден әлдеқайда кең қолданыс тауып, бүгінгі интернетті бірте – бірте нарықтан толық ығыстыруы әбден мүмкін.  Сондықтан Оңтүстік Корея мамандары онлайн-байланыстың бұл түрінің жетілдірілген жаңа түрін ойлап тауып отыр. Кәріс елінен келген әріптесімен кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның өз аумағында кең диапазонды «Уайброу» (WiBro) жаңа интернет – байланыс жүйесін ендіруге қатысты келіссөздер жүргізе бастайтындығы туралы мәлімдеді. Бұл Оңтүстік Кореяда жасалған өнертабыстың Қазақстан нарығындағы сұранысы шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды деп бағаланып отыр дейді «Йонхап ньюс». [5]

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.   http://kaznu.kz/

2.   http://www.mz.gov.kz/.

3.   http://www.mz.gov.kz/

4.   http://astanatv.kz/

5.   http://nur.kz/

6.   http://nabrk.kz/

7.   http://almaty.kz/

8.   http://www.elgazeti.kz/

9.   http://www.azattyq.org/