КАШЕНОВА АЙДАНА

ҚарМУ, филология факультеті,

Казакстан

 

КАШЫКТЫКТАН ОҚЫТУДЫН ТИIМДIЛIГI

 

 В статье рассматривается вопрос об эффективности дистанционного обучения.

 

Қашықтықтан оқыту (ҚО) дегеніміз – оқытушы мен оқып – білім алушының ара қашықтығы ұзақ болатын алыста отырып, білім алу үдерісін білдіреді. Қашықтықтан оқыту мәселесінің жалпы қазақстандық білім беру саласында өзектілігі күннен – күнге танылып келеді. Ал дүниежүзілік өзекті мәселе ретінде күн тәртібінде қойылғалы да көптеген жылдар өтті деуге болады.

Қашықтан оқытудың негізгі технологиялық тірегі – компьютерлік телекоммуникация жүйесі (КТКЖ) болып табылады. Компьютерлік телекоммуникация жүйесінің дидактикалық діңгектерінің нық екендігін оның мынадай сипаттарынан тануға болады.

1.     КТКЖ арқылы белгілі бір ақпаратты қандай көлемде, қандай мөлшерде болса да, қалаған уақытта қалған жерге жеткізу мүмкіндігі өте үлкен.

2.     КТКЖ жадысында қажет деп танылған ақпараттың қажет деп саналған мерзімге дейін сақталу мүмкіндігі зор.

3.     Жадыдағы ақпаратқа түрлі редакторлық өзгерістер жасау мүмкіндігі көп.

4.     Ақпараттарды қайта өңдеу және басып шығару мүмкіндігі де шексіз.

5.     Мультимедиалық ақпараттар жасау арқылы коммуникацияны интер активтендіру мүмкіндігі кеңейте түспек.

6.     Интернет жүйесі арқылы ақпараттың сан түрлігіні қамтамасыз ету мүмкіншілігі өте үлкен.

7.     Электрондық конференциялар, видео конференциялар, компьютерлік аудио конференциялар өткізу мүмкіндігі өте қолайлы.

8.     Интернет жүйесі арқылы кез келген сұхбаттас табу мүмкіндігі де аса пайдалы.

9.     Іздеп, табылған ақпараттарды CD, басқа электрондық тасушыларға жазып алу арқылы қажетті уақытында пайдалану алу мүмкіндігі де зор.

10. Қажетсінген кез келген ақпаратты, мәлімет тауып алу мүмкіндігі шексіз.

Қазіргі күні тек шетелде ғана емес, біздің елімізде де компьютерлік технологиялар арқылы тілдерді қашықтықтан оқыту курстарына деген қызығушылық  артып отыр. Интернет желісінде қазақ тілінде  сөйлеу әрекетінің кейбір түрлерін оқытудың бірінші практикалық қашықтықтан оқыту курстары пайда бола бастады деуге болады. Бұл дидактикалық материалмен алғашқы танысу кезінде назар аударатын басты мәселе – олардың әдістемесінде. Интернет арқылы қашықтықтан оқытуға тиесілі психологиялық-педагогикалық шарттардың ерекшеліктерін көрсететін өзіндік артықшылықтардың жоқтығы. Көп жағдайда күндізгі оқытуға арналған дәстүрлі баспа оқу құралдарынан алынған оқу материалдарын оқу ақпаратын ұсынудың қандай да бір ақпараттық технологиясын қолдану және білім алушылардың оған қолжетімділігін ұйымдастыру арқылы электрондық негізге көшірумен шектеліп отыр. Осы ретте қолданылып жүрген жаңа ақпараттық технологиялардың сыртқы тиімділігі мен кең қызметтік мүмкіндіктеріне қарамастан, оқыту шарттары мен құралдарының тығыз өзара әсері мен байланысын жоққа шығару, бір жағынан, қандай да бір әдістемелік тәсілдер негіздемесінің болмауы, екінші жағынан, жаңадан жасалып жатырған қазақ тілін қашықтықтан оқыту курстарының нәтижелілігіне әсер етпей қоймайды [1, 24].

«Қашықтықтан оқыту» термині қандай да бір айрықша оқыту технологиясын емес, білім беруші мен білім алушының дәрісханада оқытудың тар ауқымынан шығуға мүмкіндік беретін әдісті сипаттайды. Соңғы жылдары барлық елдерде қашықтықтан оқытуға үлкен мән беруде.

Қашықтықтан оқытуға төмендегі себептерге байланысты қызығушылық артуда:  кез келген адамға тіл үйренуде уақыт пен орын тәуелсіздігін қамтамасыз ету; ақпаратты берудің және ұйымдастырудың жаңа түрлерін - мәтінді, графиканы, бейнені, анимацияны т.б. пайдалану; тыңдаушыларға тіл үйретудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы тіл білу деңгейлерін көтеру.

Қашықтықтықтан оқыту  білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен тыңдаушының аумақтық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі.  Қашықтан білім беру ұғымын, сондай-ақ оның мүмкіндіктерін кеңірек қарастырайық. Қашықтықтан білім беру – өзара бірлесе әрекеттесуге мүмкіндік беретін, түрлі географиялық өңірлерде орналасқан оқытушыны, білім алушыны, сондай-ақ дереккөздерді арнаулы технологиялар арқылы байланыстыратын тәжірибе. Әрекеттестік пошта және телефакс, аудиоконференция, компьютерлік конференция, бейнеконференция арқылы баспа материалдарымен алмасу сияқты түрлі тәсілдермен жүргізіледі. Қашықтан оқыту (ҚО) алыс ауыл оқушыларына, арнаулы талаптары бар оқушыларға немесе қойған мақсаттарына басқа жолмен қол жеткізе алмайтын тұлғаларға білім алудың болашағы мол әдісі болып табылады [2,9].

       Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың осындай мүмкіндіктерін мемлекеттік тілді  үйретуде кеңінен қолданылу қажет. Бұл тіл үйренушілерге өте тиімді технология, өйткені қашықтықтан оқыту кезінде тыңдаушы өзіне   қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді қарқында  өз  бетінше жұмыс құрай алады. Яғни,топта оқу мен сабақ кестесі өзіне тиімсіз деп санайтын жұмыс жасап жүрген ересектер үшін сырттан ақпарат алуға мүмкіндік беретін қашықтан оқытудың пайдасы орасан зор деп айтуға болады. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Қашықтықтан білім беруді мынадай бес негізгі жағдаймен сипатталатын білім беру ретінде анықтауға болады: білім беруші мен білім алушының және олардың арасында келісімнің болуы; Білім беруші мен білім алушының арасындағы кеңістік алшақтығы; білім алушы мен оқу орнының кеңістік жағынан алшақтығы; білім беруші мен білім алушынығ екібағытты әрекеттестігі; кашықтықтан білім алу үшін әдейі арналған материалдарды жинақтау.

Тілдерді қашықтықтан оқытудың өзіндік ерекшелігі бар, себебі оқылым мен жазылым сияқты сөйлеу әрекеттеріне оқыту кезінде желілік курспен шектелуге болады, өйткені сөйлеу әрекетінің бұл түрлер көлемді кестені қажет етпейді. Дегенмен айтылымға, сөйлесім мен тыңдалымға үйрету кезінде тек мәтіндік файлдарды ғана қолдану жеткіліксіз, дыбыстық көркемдеуге де, сондай-ақ білім алушылардың ауызша сөйлеуін ынталандыратын түрлі ситуацияларды құру, яғни суретті материалға да сүйену керек. Мұндай материалды желілік курстарда пайдалану техникалық тұрғыдан мүмкін болғанмен, әзірше мұндай файлдардың жадысы біршама үлкен болатындықтан қиыншылық тудырып отыр [3, 27].

         Соымен кашықтықтан оқыту кезінде тіл үйренушінің өзіндік танымдық және ойлау қабілеті күшті болу керек. Сондықтан қажетті технологияны пайдалануа өзіне керекті ақпаратты алу, алған білімін бағалау, оны практикада қолдана білу және жаңа білім алуға талпыну. Қашықтықтан оқытуда тіл үйретуші мен үйренуші қарым-қатынасы үзілмейді. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының  әртүрлі жұмысын басқару болып табылады.

                                           

Әдебиеттер

1.     Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді әдістемелері. Алматы, 2000.

2.     Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі.Алматы, 2001.

3.     Султангалиева М.Д. Сборник «Инновационная технология в

          организации высшего профессионального образования», (доклад).

          Костанай, 2003.