Математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану

 

Кенжебекова Р.И.-п.ғ.к.,доцент, Шымкент қ. Қазахстан

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған[1].

Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар  қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады [2]. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер [3], В.В.Давыдов [4], А.В.Запорожец, А.П.Усова [5], Д.Б.Эльконин [6] ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

Алты жастағы мектеп оқушыларын математикаға оқытуда дидактикалық ойындарды қолданудың негіздерін жасау үшін мектептегі оқытуға даярлық барысында бірқатар математикалық фактілерді үйренумен айналысатын мектеп жасына дейінгілердің ойын мазмұны мен типтерінің, бірінші сыныптағыларды (және тек алты жастағы балаларды ғана емес) мектептегі жүйелі оқытуда қолданылатын ойын мазмұндары мен типтерінің негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау айрықша маңызды екендігі байқалады. Бұл кезеңде, әрине, соңғы жылдары белгілі өзгерістерге ұшыраған бағдарламадағы (оқыту мазмұны мен мақсаттары) айырмашылықтар ескерілді. Мектепке балаларды мектепке дейінгі даярлық жағдайларында пәндік білімдерді, шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыруға назар аударуды күшейту мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүйесіне мектеп тәжірибесінен ойынды (басты үлгіде ойындық жаттығуларды) тікелей байланыстыруға алып келді. Бұл кезеңде мектеп жасына дейінгілермен математикалық сабақтар оған тән барлық кемшіліктерімен мектеп сабағы типі бойынша құрылғандығы жөніндегі фактілер айрықша назар аударуға тұрарлықтай. Сабақтарда көбінесе мұғалім тәжірибесінде қолданылатын дидактикалық ойындардың барлық түрлері кеңінен қолданылмайды. Дидактикалық ойындар пайдаланылды, дегенмен балалар бақшасындағы мектеп жасына дейінгі балалармен және балалар бақшасына бармайтын балалармен, сондай-ақ мектепте даярлықтан өтуші балалармен жүргізілген сабақтарға бақылау жасау, мұғалімдер мен тәрбиешілерден сұрақ-жауап жүргізу нәтижелері жоғарыда қарастырылған типтік дәйектерді айғақтайды.

Екінші бір жағынан, мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану туралы көзқарастар мен ережелер балалар бақшасы жағдайларында елеулі ерекшеленетін алты жастағы балаларды мектепте оқыту жағдайларында көбінесе іс жүзінде қолданып, жүзеге асырыла алмайтындығына көз жеткізу аса қиын бола қоймайды. Ал осындай тікелей тасымалдау дәйектерінің бар болуын тұрақты деп санауға болады.

Оқушылардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойын есептерін  қолданудың әдіс-тәсілдері оқушылардың ой-өрісін дамытудағы атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалды.

1-тапсырма: Ойын «Не өзгерді?» Кітаппен жұмыс.

Есеп құрастырып шығару.

Қыз баланың оң қолында 2 ойыншық, сол қолында 1 ойыншық. Барлығы неше ойыншық?

Ұл баланың оң қолында 1 ойыншық, сол қолында 2 ойыншық.

                     1 + 2 = 3

Екеуінің ойыншықтары қанша? Жазуды тақтада жазу Не істедік? Қосылғыштардың орны ауысып тұр.

2-тапсырма: Бой сергіту жаттығуы.

            Аппақ болып таң атып

            Түтін тіке шығады.

            Торғай қағып қанатын,

            Самғап биік ұшады.

3-тапсырма: Ойын «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал».

3 және 2 деп балаға допты лақтырамын, допты қағып алған бала «5» деп жауабын айтып қайтарады.

4 және 1; 3 және 3,5 және 2;7 және 1;4 және 4; 10 және 0; 8 және 2; 5 және 5.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.       Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан ҚР президентінің халқына жолдауы Астана 2007

2.       Абай Құнанбаев. Шығармалары 2 том Алматы. 1968, 193б.

3.       Венгер А.Л. Психологическая готовность детей к обучению в школе // Развитие мышления и умственное воспитание дошкольника-М., 1985 -165-191с.

4.       Давыдов В.В. «Виды обобщения в обучении. (Логико-психологические проблемы построения учебных предметов)» М.: Просвещение,  1982 -423с.