педагогика ғылымдарының  магистрі Садвакасова Н.А.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БАЛАЛАРДЫҢ СИПАУ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ МЕН ҚОЛДАРЫНЫҢ МОТОРЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзету, бұл балалар дүниеге келген күннен бастап кәмелеттік  жасқа жеткенше жасалады: жалпы кешендік дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік зерттеу және кәсіби диагностикалар, жеке бағдарламалар дайындау, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік көмек көрсету және еңбекке оқыту.

Жалпы мектептің көру қабілеті төмен балалармен жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде олардың жазған кезде қиындыққа кездесетіні көрінді: тез шаршайды, қолдарының қимылы жеткіліксіз деңгейде болуы, әріптерді, сандарды жазғанда қате жіберу, жазу жолдарынан жиі адасып қалу.

Сондықтан да, көздері нашар көретін балаларды жазуға  дайындау жұмысы мектепке дейін басталуы қажет. Ол жұмыс төмендегідей элементтерді біріктіреді: заттық-тәжірибелік іс-әрекеттерде қолдың икемін дамыту, нәтижесінде көзбен өлшеу, ұқыптылық, зейін, кеңістікте бағдарлай білу, бейнелеу іс-әрекеті және арнайы жаттығулардың арқасында сурет салу қабілеті дамиды [1].

Қолдың моторлы іс-әрекеті сипау сезімталдығымен байланысты.

Осыдан кейін айтуға болады, көру қабілеті нашар балалар сипау сезімталдығы мен моторлы іс-әрекетті дамытуға арнайы жаттығуларды қажет етеді деп. Бұл жаттығулар заттық-тәжірибелік іс-әрекеттерді сабақтарда және тұрмыстық іс-әрекеттерді орындағанда қажет етеді.

Содан, зерттеудің мақсаты болып мектепке дейінгі балалардың қолдарының моторлы іс-әрекеті мен сипау сезімталдығының даму деңгейін анықтау, әртүрлі көру кемшіліктері мен басқа да даму кемшіліктерін түзету тәсілдерін анықтау болып табылады.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

1)                    Осы мәселе бойынша теорияны тереңдетіп оқыту.

2)                    Әртүрлі көру кемшіліктері бар мектепке дейінгі балалардың қолдарының моторлы іс-әрекеті мен сипау сезімталдығының даму деңгейін анықтау.

3)                    Осы бағытта әртүрлі тиімді түзету-педагогикалық әдістерді анықтау.

Зерттеу объектісі болып мектепке дейінгі әртүрлі кемшіліктермен 30 бала зерттелді. Олар 2 топқа бөлінді: 1 топ – бақылау (15 адам); 2 топ – эксперименттік (15 адам). Эксперимент арнайы көру қабілеті нашар балаларға арналған бала бақшада өтті.

Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды:

- зерттеліп отырған мәселе бойынша педагогикалық және медициналық талдау жасау;

- арнайы бейімделген кешенді әдістер, оған кіреді: қолдың ұсақ моторикасын зерттеуге жаттығулар, қағазбен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар, сипай сезінуді зерттеу, тонустың күшін зерттеу, қимыл-қозғалысты зерттеу, қолмен шымшып алуды зерттеу;

- көру қабілеті нашар жазуға қолының моторлы дайындығы нашар мектепке дейінгі балаларда әртүрлі тәсілдерді дайындау: 1) қолдың моторлы іс-әрекеті мен сипау сезімталдығын түзетуді жапсырма, сурет салу, аппликация, жіппен жазу, штамп қоя білу, мозаика құрастыру, қол өнері арқылы түзету; 2) көру-қозғалыс және моторлы қозғалысты түзетуді дидактикалық және саусақ ойындарымен жүргізу; 3) бейнелеу дағдысымен түзету; 4) альбомдар мен дәптерлерде жұмыс істегенде сурет салу дағдысын қалыптастыру; 5) ата-аналармен жұмыс арқылы эксперимент жүргізу.

Сабақта мынадай іс-әрекеттердің түрлері болды: ұсақ құрылыс материалдарын құрастыру; ұсақ  тастардан, түймелерден, тығындар, санақ таяқшаларынан қағаз бетінде әртүрлі бейнелер, геометриялық бейнелер, әріптер, сандар жасау; кілем тоқу; бауларды қолдану; табиғи материалдарды қолдану; арнайы жаттығу кезінде түйіндер байлау; бояу; трафарет, шаблондарды қолдану.

Кез-келген заттық-тәжірибелік іс-әрекетті орындар алдында біз әртүрлі әдістерді пайдаландық, олар қолдың бұлшық еттерінің қатаюын жұмсартады, саусақтың майысу, қозғалу қасиетін сылау-сипау арқылы жұмсарту [2].

Біз ғылыми жағдайларды белгіледік: 1) Көру қабілеті нашар балалардың қолдарының моторлы іс-әрекетін және сипау сезімталдығын зерттеу мәселесіне кешенді жүйелі түрде қарау керек деп шештік. 2) Әртүрлі көру қабілеті нашар балаларға тән қасиеттер: затты дұрыс жоспарлы зерттей алмау, қолдың моторлы іс-әрекеті мен сипау сезімталдығын дамыту деңгейінің төмендігі; моторлы қозғалыс пен сенсорлы-іс-әрекеттің деңгейінің төмендігі, шағын кеңістікте бағдарлай алмау; көру зейінінің төменгі деңгейі; ес, логикалық ойлаудың төмендігі. 3) Әртүрлі дидактикалық және саусаққа арналған ойындар, әртүрлі жаттығулар көру қабілеті нашар  балалардың сипау сезімталдығы мен қолының моторлы іс-әрекетінің даму деңгейін арттырады.

Эксперименттік жұмыс 3 кезеңде іске асты: 1 кезең - нақтылау эксперименті: бұл кезеңде көру қабілеті нашар мектепке дейінгі балалардың сипау сезімталдығы мен моторлы іс-әрекеттің даму деңгейі анықталады. 2 кезең – қалыптастыру эксперименті: бұл эксперимент мектепке дейінгі көру қабілеті нашар балалардың сипау сезімталдығы мен қолдың моторлы іс-әрекетін әртүрлі заттық-тәжірибелік жұмыстар жасауға, жазуға дағдыландырады. 3 кезең – бақылау эксперименті: бұл кезеңде сипау сезімталдық пен қолдың моторикасының дағдысының қалыптасу деңгейін анықтайды, мектепке дейінгі көру қабілеті нашар балалардың эксперименттен кейінгі кездегі қолдың моторлы дайындығы жазуға қалай дағдыланғанын анықтау.

Нақтылау экспериментінің нәтижесі бойынша, 1 топтағы және 2 топтағы балалардың сипау сезімталдығы және қолдың саусақтарының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы орташа және төменгі деңгейде екендігі анықталды.  

1 топтағы сипау сезімталдығы мен қолдың моторлы іс-әрекетінің дамуының төменгі деңгейінде балалардың 35 % екен,

-                           орташа деңгейде 55 %  балалар,

-                           жоғары деңгейде 10 %  балалар.

2 топтағы төменгі даму деңгейін 30 % балалар құрайды,

-                           орташа деңгей - 60 %  балалар құрайды,

-                           жоғары деңгей - 10 %  балаларды құрайды.

Нақтылау экспериментінің нәтижесінде, көру қабілеті нашар мектепке дейінгі балалардың алғашқы кемшіліктеріне қоса екінші бір ауытқулары бар екені анықталды: сипай сезіну дағдысы мен қолдың моторлы іс-әрекетінің қалыптасуы жеткілікті емес; қолдың саусақтарының қимылы өте баяу; екі қолдың іс-әрекеті сәйкес келмейді; қайшы мен қарындашпен жұмыс істеу дағдысы жеткіліксіз, ол қолдың жазуға моторлы дайындығы мен заттық-тәжірибелік іс-әрекетінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Осылайша, экспериментті зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, осы категориядағы балалармен түзету-педагогикалық жұмысын жүйелі  түрде жүргізу керегін анықтадық.

Көру қабілеті нашар мектепке дейінгі балалардың сипау сезімталдығы мен қолдың моторлы іс-әрекетінің дамуына әсер ететін түзету-педагогикалық жүйесінің тиімділігін тексеру мақсатында бақылау эксперименті өткізілді.

Бұл эксперимент нақтылау экспериментінің негізінде өткізілді.

Осы эксперименттің көрсеткішіне талдау жасағанда біздің түйгеніміз, 2 топтағы балаларға түзету-педагогикалық жұмысы жүргізілгенде олардың сипау сезімталдығы мен қолдың моторлы іс-әрекетінің даму дағдысы жоғары деңгейге жетті, 1 топтағы балалардан алдыға озды.

2 топтағы балалардың жоғарыда айтылған жетістіктерінің арқасында, қолдың жазуға дайындығы мен заттық-тәжірибелік іс-әрекеттің әртүрлі түрлерімен жеңіл және жылдам жұмыс істей алатындықтарын көрсетті.

Осылайша, бақылау экспериментінің нәтижесіне салыстырмалы талдау жасағанда, 2 топтағы балалардың көпшілігі оқытудың нәтижесінде қолдың моторлы іс-әрекеті мен сипау сезімталдығының дамуының жоғары деңгейін көрсетті, ал 1 топтағы балалармен түзету-педагогикалық жұмысы жүргізілмеген соң ондай нәтиже көрсете алмады.

1 топтағы төменгі даму деңгейін 30 % балалар құрайды,

-                           орташа даму деңгейін 55 %  балалар,

-                           жоғары даму деңгейін 15 %  балалар.

       2 топтағы төменгі даму деңгейін 10 % балалар құрайды,

-                           орташа деңгей 65 %,

-                           жоғары деңгей 25 %

Осылайша, көру қабілеті нашар балалардың қолдарының моторлы іс-әрекеті мен сипау сезімталдығының мәселесін кешенді түрде зерттегенде, олар мынандай нәтижелерге жетті: заттарды жоспарлы түрде сипай бақылай алу; cипау сезімталдығымен қолдарының  моторлы іс-әрекетінің дамуының жоғары деңгейі; моторлы  бағыт-бағдар мен сенсорлы - іс-әрекеттің жетілуі; шағын кеңістікте бағдарлай білу қабілеті; көру қабілеті, ес, логикалық ойлау деңгейінің жоғарылауы; қолдың жазуға моторлы дайындығы [3].

Әртүрлі дидактикалық және саусақпен ойындар, әртүрлі жаттығулар көру қабілеті нашар қолдарының моторлы іс-әрекеті мен сипау сезімталдығының даму деңгейін көтереді.

Жоғарыда көрсетілген жетістіктер көру қабілеті төмен мектепке дейінгі балаларға жаңа мектеп өміріне үйренуге көмегін тигізеді, сынып ұжымында өзін жақсы сезінуге, өзінің қабілетін түсініп соны дұрыс пайдалануына көмектеседі [4].

Қорытынды нәтижені негізге ала отырып, мектепке дейінгі арнайы мекемелердің педагогтары үшін әдістемелік ұсыныстар жасадық, осы балалар үшін: 1. Көру қабілеті төмен мектепке дейінгі балаларға қолдарының моторлы дайындығын жазуға қалыптастыру үшін, қажетті жүйелі  түзету-педагогикалық жұмыстарды қолдарының моторлы іс-әрекеті мен сипау сезімталдығын дамыту арнайы және әртүрлі заттық-тәжірибелік іс-әрекетін іске асыру үшін пайдалану. 2. Көздің әртүрлі кемшілігі бар балалармен түзету-педагогикалық жұмысты ұйымдастырғанда, педагогтар олардың жасын және жекеше ерекшеліктерін ескеру қажет. 3. Сабақта үйренген білім мен дағдысын балалар ойын іс-әрекетінде бекітуі тиіс. 4. Мектепке дейінгі балаларды, әсіресе көру қабілеті нашар балаларды мектепке дайындағанда, бала бақша мен отбасы арасында өте тығыз байланыс болуы керек. 5. Осындай мектепке дейінгі мекемелердің мамандары жалпы мектеп мұғалімдерімен үнемі қосымша-түсіндіру жұмыстарын өткізіп, бұл балалардың көздерінің одан әрі көрмей қалуының алдын алып олардың жекеше ерекшеліктерімен таныстыруы керек [5].

Әдебиеттер:

1. Садвакасова Н.А., Кударинова А.С., Тусупбекова Г.А., Алибаева Н.Ж. «Көру қабілеті нашар балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамытудың теориялық негіздері» / ст. в сб. мат-лов  респ. науч.-метод. конф. «Современные проблемы подготовки специалистов для системы образования» - Караганда, 2010.

2. Рахметова А.М., Алибаева Н.А., Беккулова А.Д. «Особенности коррекционно-развивающей работы по развитию зрительно-пространственной ориентировки на микроплоскости у детей с нарушениями зрения»/ ст. в сб. мат-лов респ. науч.- практ. конф. «Актуальные проблемы подготовки кадров социономов для социальной сферы Республики Казахстан»- Караганда, 2005.

3. Тебенова К.С., Алибаева Н.А., Палымбетова Г.С. «Особенности коррекционно-педагогической работы по развитию тактильной чувствительности и моторной деятельности рук у детей с различными нарушениями зрения» / Materialy V mezinarodni vedekocko-praktika кonference «Veda a technologie: krok do budoucnosti-2009»- Praha, 2009.

4. Тюбекина З.Н. Развитие осязания и мелкой моторики у старших дошкольников с нарушениями зрения (из опыта работы): [Приводится содержание коррекционных занятий по развитию осязания и моторики рук] // Дефектология.-2000.-№ 5.-С.56-60.