МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ӨНЕГЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Калиева
Жазира Муратбаевна
Шымкент Агро
колледж, социолог
Сынып жетекшісінің өнегелі құндылықтарды тәрбиелеу жөніндегі іс-әрекетін ашып көрсету үшін оны мектептің тәрбиелеу жүйесінде елестету қажет. Оқушылардың өнегел құндылықтарын тәрбиелеуге бейімделген мектептің тәрбиелеу жүйесін ашып көрсету жүйелік тәсілді қолдануға негізделген. Жүйелік тәсіл отандық педагогикада 70-шы жылдардың соңында В.С.Ильинның, Л.В.Загрекованың, Ф.Ф.Королевтің, Н.В.Кузьминаның және т.б.еңбектерінде қолданыла бастады. Н.В.Кузьмина «педагогикалық жүйе» ұғымын қолданады және педагогикалық жүйені «өсіп келе жатқан ұрпақ пен үлкен адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту мақсаттарына бағындырылған өзара байланысты және функционалдық құрамалар көпшілігі» деп анықтайды. Педагогикалық жүйенің құрамына, оның ойынша, мақсаттардан тыс тағы да бір қатар құрамалары кіреді: конструктивтік аспект, гностикалық аспект (педагогтар), ұйымдастырушылық аспект (оқушылар), коммуникативтік аспект (педагогикалық коммуникация құралдары).
В.П.Беспальконың концепциясында педагогикалық жүйе «берілген қасиеттері бар тұлғаның қалыптасуына ұйымдастырушылық, мақсатқа сай, әдейі педагогикалық әсер ету үшін қажетті болатын өзара байланысты құралдардың, әдістердің және процесстердің белгілі бір жиынтығы» ретінде анықталады. В.П.Беспалько педагогикалық жүйесінің құрылымында «келесі инварианттық элементтердің өзара байланысты жиынтығын: оқушыларды; тәрбиелеу мақсаттарын (жалпы және жеке); тәрбиелеу мен білім берудің мазмұнын; тәрбиелеу мен білім берудің процесстерін; мұғалімдерді; тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларын» бөледі. Жүйелік идеяларды дамыту әлеуметтік және табиғи құбылыстардың өздігінен ұйымдастырылу және өздігінен даму процесстерін зерттеу мақсатында ашық тең емес және сызықтық емес жүйелерді зерттеудің бағыты ретіндегі синергетиканың пайда болуына алып келді. Синергетикалық тәсіл 90-шы жылдары педагогикалық жүйелердің мәнін анықтау барысында кең қолданылатын болды (В.И.Аршинов, А.В.Гаврилин, Л.И.Новикова, Н.Л.Селиванова, Е.Н.Степанов және т.б.). Синергетикалық тәсілді ескергендегі мектептің педагогикалық жүйесінің күрделі құрылымы бар. Л.И.Новикованың, Н.Л.Селиванованың және т.б. ойларынша, синергетикалық тәсілді ескергендегі педагогикалық жүйенің құрамалары болып табылатындар: бастапқы концепцияда көрініс алған мақсаттар (яғни іске асуы үшін арналып жасалатын идеялар жиынтықтары); концепцияның іске асырылуын қамтамасыз ететін іс-әрекет; оны ұйымдастыратын және оған қатысатын іс-әрекет субъектісі; субъектіні белгілі бір жалпылыққа интеграциялайтын, іс-әрекет пен қатынаста пайда болатын қарым-қатынастар; субъектімен меңгерілген жүйе ортасы; құрамаларының тұтас жүйеге интеграциясын қамтамасыз ететін басқару; жүйенің дамуы.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында педагогикада білім беру мекемелерінің тәрбиелік жүйелерін зерттеумен айналысатын ғылыми мектеп дамиды (Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Л.Селиванова, М.А.Сидоркин, А.В.Гаврилин, Е.Н.Степанов). Тәрбие жүйесінің жалпы теориясы Л.И.Новикова мектебінің өкілдерімен өңделген. Ол мектептің тәрбиелік жүйесін «тәрбиелеудің негізгі құрамаларының (мақсаттар, субъектілер, олардың іс-әрекеті, қатынас, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттесуінің процессінде пайда болатын және ұжым өмірінің салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративтік сипаттамаларды иеленетін тұтас әлеуметтік механизм» деп анықтайды. Н.Л.Селиванова мектептің тәрбиелік жүйесін «мақсатқа сай тәрбиенің маңызды факторы, тәрбиешінің – педагогтар мен қоғамшылдардың, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі» ретінде анықтайды. «Тәрбиелік жүйе – нақты болмыстың феномены. Ол солар үшін құрылатын мақсаттарды қамтиды: осы мақсаттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекетін; осы іс-әрекет субъектілері ретіндегі адамдардың өзін; олармен меңгерілген ортаны; олардың арасында дамып жатқан қатынастарды; олардың рұхани бірлігі мен мінез-құлқының сипатын анықтайтын құндылықтық бейімделулері мен өнегелі жақтарын». Мектептің тәрбиелік жүйесі оқушының тұлғасын тәрбиелеу үшін әрекет етеді және адамгершіліктік болып табылады. Бұл - өзінің ең маңызды қызметіне – тәрбиеге қатысты реттелген күрделі әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық кешен. Ол оқушыларға мұғалімдердің сабақтары, оқулықтар, үй тапсырмалары (педагогикалық фактор) арқылы ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға қосылғандығы арқылы, балалар, сынып жетекшілері және ата-аналар арасында қалыптасатын құндылықтық қатынастар арқылы, мектепте балалар мен үлкендерді біріктіретін психологиялық климат, дәстүрлер арқылы әсер етеді.
Осыған байланысты, біздің ойымызша, тәрбиелік жүйе өзара әрекеттесуі мен интеграциясы білім беру мекемесінде немесе оның құрылымдық бөлімшесінде оқушылар тұлғасын тәрбиелеуге мақсатқа сай және тиімді көмектесу қабілетінің бар болуын ұйғаратын құрамалардың реттелген тұтас жиынтығы ретінде көрініс алады. Оқушылар тұлғасын тәрбиелеуге көмектесудің жалпы қабілеті келесідей бөлек (жеке) қабілеттерден құралатын тұтастық ретінде көрініс алады: оқушының, балалар және педагогтар ұжымы тұлғасының дамуын диагностика жасау қабілеті; тәрбиелеу поцессінің мақсатын бекіту және негіздеу қабілеті; оқушы, сынып жетекшісі және ата-аналар тұлғасының өздігінен іске асуының және өздігінен бекітілуі үшін максималды қолайлы деңгейде балалар мен үлкендердің мектептік бірлестігінің тіршілік әрекетін ұйымдастыру қабілеті; субъектілердің өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру жөніндегі күш салуларды интеграциялау қабілеті; білім беру мекемесінде және одан тыс жерде тәрбиелейтін, өнегелік тұрғыдан сәтті және эмоционалдық жағынан толыққан ортаны жасай білу қабілеті. Е.Н.Барышников, тәрбиелік жүйені педагогикалық мезанизм және тұтас субъект ретіндегі сипаттамасын қорыта отырып, оларды келесі кестеге жинақтайды (1 кесте).
Кесте 1
Тәрбиелеу жүйенің сипаттамасы (В.Е.Барышников
бойынша)
Тәрбиелеу
жүйесі педагогикалық механизм ретінде |
Тәрбиелеу
жүйесі тұтас
субъект ретінде |
1.
Тәрбиелеудің
мақсатына жетудің қолайлы құралы ретінде
жасалады |
1.
Педагогикалық
өзара әрекеттесу барысында тәрбиелеу субъектілерінің
құндылықтары мен мағыналарын келістіру процессінде
пайда болады |
2.
Механизм,
тәрбиелеудің мақсатына жетудің қолайлы
жағдайларының жиынтығы болып табылады |
2.
Өз
дамуының жолдарын өзі анықтайды |
3.
Басқарушылық
ықпалдың негізінде дамиды |
3.
Құндылықтық-мағыналық
өз тағдырын шешудің негізінде дамиды |
4.
Ұйымдастырылады |
4.
Өздігінен
ұйымдастырылады |
5.
Тәрбиенің
нәтижесі беру мен иелену арқылы қамтамасыз етіледі |
5.
Тәрбиенің
нәтижесі өз тағдаырын шешу және меңгеру
арқылы қамтамасыз етіледі |
6.
Білім беру
мекемесінде бар нәрсенің барлығын біріктіреді: субъектілер
бірлестігі, олардың «с-әрекеті, мекендеген ортасын |
6.
Субъективтік
бастама үстем болады. Мекендеген ортасы (білім беру мекемесінің
әлеуметтік-мәдени ортасы) тәрбиелеу жүйесінің
әрекет етуінің орны және қайта құру
объектісі болып табылады |
И.А.Колесников және Е.Н.Барышников мектептің тәрбиелік жүйесінің құрамында үш өзара құрама бөлігін: құндылықтық-мағыналық түйінін, кеңістіктік-уақыттық құрылымын және координациялық-педагогикалық компонентті бөліп көрсететіндігі біздің зерттеуіміз үшін маңызды болып табылады.
Құндылықтық-мағыналық түйіні келесі элементтерді қамтиды: тәрбиелеу жүйесінің субъектілері үшін маңызды болып табылатын құндылықтар жүйесі; тәрбиелеудің мақсаттары; тәрбиелеудің ережелері; тәрбиелеу жүйесінің тіршілік әрекетінің мазмұны; тәрбиелеу жүйесі жұмысының нәтижелерін анықтау және бағалау әдістемелері. Құндылықтық-мағыналық түйінін ашып көрсету барысында ондағы басты орын өнегелі тәрбиеге берілетіндігін атап кеткен жөн. Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі өнегелі тәрбиелеудің мақсаттарына жататындар:
1. оқушылардың эмоционалдық әлемін өнегелі әсерленулермен толықтыру және өнегелі сезімдерді тәрбиелеу;
2. оқушыларды адамгершілік туралы білімдермен қаруландыру, оның мәнін ашып көрсету, қатынас, сыртқы кейіп және күнделікті тұрмысты ұйымдастыру мәдениетін, өнегелі мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру;
3. жоғары сынып оқушыларының өнегелі мінез-құлқының тәжірибесін олардың практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жүйелі түрде жинақтау;
4. балалардың өнегелі өздігінен тәрбиеленуін ұйымдастыру.
Кеңістіктік-уақытық құрылыміс-әрекеттің барлық түрлерінде (оқу, сыныптан тыс, қоғамдық-пайдалы) өнегелі құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған оқушылармен жүргізілетін іс-әрекет түрлерінің жеке, топтық, ұжымдық, фронталдық формаларынан және оқушылрдың өзінен тұрады. Мектептің тәрбиелеу жүйесінде өнегелі құндылықтарды тәрбиелеу сыныптағы, мектептегі оқушылардың арасындағы, сынып жетекшілері мен ата-аналар арасындағы өзара қатынастарға, мектеп жұмысының күнделікті стиліне, дәстүрлерге әсерін тигізеді.
Координациялық-педагогикалық компонент оқу-тәрбиелеу процессінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың жиынтығын; педагогикалық ұжымның тәрбиелік қызметтерін; педагогтардың кәсіби білгірлігін көтеру жүйесін; ата-аналарды педагогикалық ағарту және олармен өзара әрекеттесу жүйесін; тәрбиелеу жүйесінің дамуын басқаруды қамтиды [22, 40б.]. Тәрбиелеу жүйесінің бұл ерекшеліктері Е.Н.Степановтың зерттеулерінде ұсынылған идеялармен түзетіледі. Және де, тәрбиелеу жүйесінің негізгі құрамаларының құрамына келесі элементтерді қамтитындығы айқындалған.
Сонымен, тұлғаның өнегелі құндылықтарын тәрбиелеуге бағытталған мектептің тәрбиелеу жүйесі «өз дәстүрлері, символдары, әдет-ғұрыптары, «өмір сүру» әдістері бар белгілі бір мәдени кеңістікті» білдіреді.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Концепция 12-летнего среднего образования Республики Казахстан, разработанная в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об образовании», Министерство образования и науки Республики Казахстан, Астана 2010 год
2. С.Д. Муканова, д.п.н., вице-президент НАО им.Ы.Алтынсарина «Инновации как основа развития системы среднего общего образования», Журнал «Білім – Образование», 2010, № 4
3. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. – М.: Магистр, 1997.- 224 с.