САРАЛАП ОҚЫТУ    ӘДІСТЕРІ

Жамалбекова А.С.- оқытушы, ОҚПУ

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міңдеті-білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

Жалпы білім беру саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп іс жүзіне асуы егемен еліміздің өркендеу бейнесінің бір көрінісі. Өркениетті елдер мен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруге көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе.

Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудьщ жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В. Давыдов, Л. Занков, Ш. Амонашвили, т.б. зерттеулерінде карастырылады. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл - ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау; оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата - аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақта сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал улгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үшке бөлуге болады, Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан, сабақ кезінде әрқайсының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы. Біз өз іс - тәжірибемізге осыларды енгізіп, жұмыс жасап келеміз. Біздің басты мақсатымыз - сынып оқушыларының ерекшелігін анықтау.

Бұл тұрғыдан алғанда, әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп окытқан жөн. Мысалы, қабілетті оқушылар сыныпта логикалық ойлауы жетілген, оқулықпен жұмыс істей алатын оқушылар үшін жаңа материалды түсіндіргенде проблемалық ізденіс әдісін қолданған дұрыс. Ал орташа, нашар оқушылары көп сыныпта репродуктивті әдісті қолдана отырып, сабақты ойын, әңгімелеу түрінде өткен ұтымды. Саралап оқытудың ең басты шарты - сынып оқушылары үш топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау кабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін калыптастыру.

Орташа қабілетті оқушылар екінші топты құрайды. Білім, білік дағдылары әлі тұрақсыз, өзіне - өзі көп сене бермейтін, мұғалімнің белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін оқушылар. Мұнда алға қойылатын мақсат - білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың бірінші топқа көшуіне көмектесу.

Үшінші топқа үлгерімі төмен оқушылар жатқызылады. Бұлар тұрақты назарды ұстауды, білім, білік дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің үлен күш жігер жұмсауын, жүйелі жұмыс жүргізуін, яғни мұғалім көмегін көп қажет ететін оқушылар.

Педагогикалық технология - қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс - амалдардың дидактикалық талаптарының психологиялық педагогикалық жиынтығы. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың "Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын" жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданудамыз.

Көмекті қажет ететін окушылар құрамы толық болмауы тиіс. Оқушы мүмкіндігіне карай мұғалім ол оқушыны ойша басқа топқа ауыстырады. Мұндай әртүрлі топтардың барлығы туралы ешқандай тізім жасалмауы тиіс. Тек соңдай топтардың бар екендігін сабақты жоспарлағанда, үйге тапсырма бергенде ескеру қажет. Үшінші топтағы оқушылармен саралап жұмыс жүргізу үшін дайын сызба - нұсқаларды, жоспарларды, тезистерді, алгоритмді, есептердің үлгілерін т.б. пайдаланады. Үй тапсырмасын орындату - маңызды нәрсе. Үй тапсырмасын бергенде оны оңтайландыру критериіне сүйене отырьш, оқушының нақты мүмкіндігін ескерген жөн. Үй тапсырмасы нашар оқушыны жетілдіре түссе, ал қабілетті оқушы ең жоғары деңгейде дамуы тиіс. Мысалы, қабілетті оқушыға күрделі есеп берсек, әлсіз оқушыларға реферат жазу, сызу, тағы басқада ережелерді берген дұрыс.

Саралап оқыту әдісін қалданғанда, мұғалім әрбір сынып педконсилиумымен толық әрі жете таныс болуы керек. Бұл ең маңызды басты шарт. Соңда ғана оқушыларды саралап оқытуда сызба бойынша жұмысты ұйымдастыру әрі оны жүйелі жүргізу жақсы нәтиже берері даусыз.

Әдебиеттер

1. Кобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп окыту). 2002, 27 б.

2.Жампеисова М.М. Технология модульного обучения. Актобе, 1999, С.129