Графикалық сауаттылық – математикалық тіл дамуының бір

жолы

 

Мұсайбеков Р.Қ., Атаев Б.Қ.

 

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

 

 

Қазіргі уақытта мектептерде окылып жүрген математика оқулықтарында, соның ішінде геометрия оқулыгында көптеген анықтамалар, теоремалар, аксиомалар табиғи тілде жазылған. Ал табиғи тілде пайымдалған математикалық сөйлемдердің мазмүнында айкындалмағандық ілесе жүреді. Сол айқындалмағандықты жою үшін табиғи тілде пайымдалған математикалык сөйлемдерді математика тіліне аудару кажет. Математика тіліне аударылған пікірдің мазмүны нақтылана түседі де оны окушы жақсы түсінеді. Математикада математика тілін меңгермей, табиғи тілде пайымдалған математикалық сөйлемдердің немесе пікірдің мазмүнын толық түсіну қиын[1,115б].

 Математикалық тіл жөнінде   Т.А. Ладыженская өз еңбектерінде  мынадай пікір білдірген: «... оқушылардың жазбаша математикалық тіліне келесі негізгі талаптар қойылады: математикалық, орфографиялық, графикалық сауаттылық.

      Математикалық сауаттылық материалдың дәл және тиімді баяндалуын, терминдер мен символдардың дұрыс қолданылуын қамтиды.

      Орфографиялық сауаттылық математикалық өрнектермен қатар басқа сөздер және стилистикалық тұрғыдан алғанда сөйлемдердің дұрыс құрылуын талап етеді.

      Графикалық сауаттылыққа графиктер мен сызбалардың дұрыс салынуы, жазбалардың ұқыптылықпен және тиімді орындалуы жатады»[2, 5б.].

       Дұрыс салынған сызба оқушылардың есте сақтау, кеңістікте елестету қабілеттерінің дамуына зор әсерін тигізеді.

       Өзінің зерттеулерінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ғ. Қожабаевтың айтуы бойынша «... математика сабақтарында математикалық тілдің меңгерілуі оқушылардың логикалық ойлауымен, математикалық аргументация және теореманы дәлелдеудің түрімен, ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады»[3,209б.].

          Осыған қатысты геометриялық есептердің мысалдарын келтірейік:

1есеп. Шардың 30 см-ге тең диаметрі табанының радиусы 12 см-ге тең цилиндрдің осі болып табылады. Цилиндрдің ішіндегі шар бөлігінің  көлемін табыңдар.

Берілгені: шар, цилиндр, АВ –шардың диаметрі және цилиндр осі, АВ=30 см,

R ц-р таб.= 12 см.

________________________________________________________

 -?    

Шешуі:

V1 ц=                                  

- шар радиусы,

 

 

 

 

Vш.сегм=, R шар радиусы =30:2=15(см)


Жауабы:

 

2 есеп. Ромбының сүйір бұрышы , үлкен диагоналы d. Ромб өзінің төбесі арқылы өтетін және үлкен диагоналына перпендикуляр осьтен айналады. Айналу денесінің көлемін табыңыз.

Берілгені: АВСD – ромб, АС = , ВСD=a

 _______________________________________________________________

Айналу денесінің көлемін табыңыз.

 

Шешyi:

Айналу денесі -ні қамтитын түзуге қатысты симметриялы болғандықтан, оның көлемін келесі формула арқылы есептейміз:

, мұнда  қиық конустың көлемі, -қуыс конустың көлемі



- айналу денесінің көлемі

Жауабы:

Жоғарыда айтылғанды түйіндей келе, оқушылардың қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын , олардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға арналған жұмыстың маңыздылығын атап өткіміз келеді.

                             

                                                     Әдебиет

1.Есмұхан М.Е., Болат Амангелді. Математика тілінің геометриялық ұғымдарды қалыптастырудағы рөлі //Валихановские чтения-9: Сборник материалов международной научно-практической конференции. – Кокшетау; 2004. – с.115

2.Ладыженская Т.А. О культуре устного ответа. В кн.: Оценка знаний, умений и навыков учащихся по русскому языку. – М., 1978. – с. 5.

3.Қожабаев Қ.Ғ. Подготовка студентов к процессу формирования у учащихся математической языковой культуры и речи. В кн.: Воспитательно-развивающее обучение математике и подготовка к ней будущего учителя. – Алматы, 2009. –

с. 209.