ОҚУШЫЛАРҒА МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНДЕРІНДЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Дандыбаева А.С., Қалыбеков С., Туткабекова Ш.Б.

Қарағанды қаласы

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын – бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, А.С.Выготский, Я.А.Каменский, В.А Сухомлинский, Н.К.Крупская, Н.Ф.Талызина, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б.жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы,өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те.

Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.

Ойын технологиясы бойынша ағартушы педагог-ғалымдардың ой пікірлері:

Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді [1].

Н.Ф.Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты[2].

В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді[2].

Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен. Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер[1,45 б].

Педагог-психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді[3].

Я.А.Коменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты[4].

К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді – деді[5].

Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.

- Сабақтың шығармашылық бастамасы.

- Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.

- Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.

Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.

-Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.

-Білім мазмұнының көлемі, маңызы.

- Білімді меңгеру деңгейі.

- Білімді қабылдауы.

-Білімді қолдана білуі.

Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды  пәнге деген қызығушылықтарын оятып, ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек. Мысалы дене тәрбиесі, математика пәндерінен жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі. Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс

Қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді [6].

Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Ойын технологиялары негізінде мұғалім жұмысының мазмұны қандай болуы керек?

Күнделікті сабақ жүргізу барысында бастауыш сынып оқушылырының ойын технологиялары негізінде оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша ойын технологиясын тәжірибелік-экспериментік жұмыс ретінде жүргізілді. Яғни математика, ана тілі, дене тәрбиесі пәндерін қамтыды.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін біз оқу материалының мәнділігі мен құндылығын көрсетуге, пәнаралық және пән ішіндегі байланысты орнатуға, қоршаған орта болмысын материалдарымен оқуды байланыстыруға, оқушылардың өз бақылаулары мен тәжірибесіне сүйенуге тырыстық.

Инновациялық оқу, оқудың дәстүрлі түріне әрекетшілікдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Біз оқу-тәрбие процесі барысында ойын технологиясын қолдана отырып, олардың бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруде тиімділігін айқындадық.

Ойындарға материалды таңдап алуда біз төмендегідей жайттарды есепке алдық.

·                        Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері.

·                        Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы.

·                        Ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.

Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады.

Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.

1.Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.

2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.

3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.

4.Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.

Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдық.

Енді, біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.

Дене тәрбиесі пәнінен жүргізілген бастауыш сынып оқушыларымен сабақтарда оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда, патриоттық сезімдерін оятуда  ұлттық ойындарды жаншалап пайдаланудың мәні өте зор. Оқушыларға тақырыпқа сәйкес ойындарды ұйымдастырып, оның шығу тарихымен таныстырып, олардың бойында патриоттық сезімдерін оята отырып, ұлттық ойындарды пайдалану;

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының көптігі соншалық, оларды адамның жас ерекшеліктеріне қарай топтастьыруға болады. Мысал: «Тоғызқұмалақ», «Хан тойбысы»секілді ойындар жас талғамайды, оны улкен кішіге қарамай ойнай береді.Кейбір ойындар  жас ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Олар:

·                        Балабақша бүлдіршіндеріне арналған ойын түрлері: «ұшты-ұшты», «сақина салу», «қуырмаш», «қуаласпақ» т.б.

·                        Бастауыш сынып оқушыларына арналған ұлттық ойын түрлері: «қасқыр қақпан», «қоян», «қырықаяқ», «сиқырлы таяқ», «мықты мерген», «мерген мен үйрек», «кім байқағыш», «ортаны тап», «сап түзеген батырлар», «қоян мен қасқыр», «ақсерек-көксерек» т.б.

·                        Орта сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «қашпа доп», «дәл түсір», «тауық күрес», «жаяу аударыспақ», «қызыл ту», «жоғалған допты табу» және асық ойындары.

·                        Жоғарғы сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «мойын арқан», «арқан тартыс», «қазақ күресі», «білектесу» т.б.

·                        Ер жігіттер мен бойжеткендер ойындары: «алтыбақан», «қыз қуу»,  «теңге алу», «ат жарыстары», «асау үйрету», «садақ тарту» «көпар» т.б.

·                        Зеректік ойындары: «тоғызқұмалақ», «хан дойбысы» т.б.

Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуі шарт. Жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.

Математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:

Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар- оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз».

Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті – есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар».

Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын-сергіту логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді.

Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен қырғауыл», «Қырсық жолаушы» туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде «Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат», есептерін ұсынуға болады. Есептеуге байланысты «Асық саны», «Шыпта», «Тауық нешеу саналған!» т.б. ойын-есептерді бере отырып балаларға «Қиял қыр асырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты нақыл даналықты меңгеруге болады.

Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-есептер, викториналар т.б.

Танымдық бағыттағы сабақтың әртүрлері оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттырады, ой-өрісін кеңейтеді, танымдық процестерін дамытуға септігін тигізеді, сонымен бірге олардың бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.

Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.

2. Дандыбаева А.С., Н.И.Сабанбаев Педагогикалық технологияларды топтастыру жолдары Materialy VIIІ Miedzynarodowej naukowi-praktycznej konferencji«Strategiczhe pytania swiatowej nauka -2012» Volume 11.Pedagogiczne nauki.: Przemysl. Nauka i studia-30-35 str

2. Қоянғазина Б. Сабақта ойын ұйымдастырудың маңызы. //Бастауыш мектеп. 2001 ж. №9. Б 15-19

3. Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ревенка. //Вопросы психологии. 1966.

4. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва. 1969.

5.Қалниязова, А. Білім берудегі ойындық оқыту технологиясының алатын орны // ҚазҰУ:Филология сер. - 2003. -N5. - 27-29б.