Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы                                                                               

                                   Қазақ  Мемлекеттік  қыздар педагогикалық 

                                   университетінің  филология факультетінің                                            

                                          6М020500-мамандығының 1курс магистранты

                                                  Бектемісова  Гүлфайруз

                                                   Ғылыми жетекшісі:Ф.ғ.к.,доцент м.а.Оданова С.А.

 

Жастар прозасы тіліндегі фонетикалық өзгерістер

         Көркем шығарманың тілі –күрделі, қыр-сыры  мол құбылыс. Бұл жөнінде ғалым З.Қабдолов  былай дейді: «Тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма  болған емес және бола алмайды. Демек, сөз өнерінде  тілдің атқарар қызметі бәрінен ерекше, бөлек һәм биік» [1,352 б.]. ендеше көркем шығарманың тілін зерттеп, талдауда  да қабылданған  ереже өзгертілмес қағида, қалыптасқан  бірізді  үрдіс жоқ. Сол себепті негізге ала отырып  бүгінгі мақаламызда біз көркем шығармадағы, яғни проза тіліндегі  үнем заңының көріністерін  қарастырмақпыз.

Қазіргі көркем әдебиет тіліне арналған зерттеулерде адам бойындағы тілге, адамның өзі мен тіліне деген тілдік жеке адам, көркем сөз шеберінің дүниені тілдік тануы туралы мәселелер жиі көтеріледі.

         Тіл-адамзат баласының  ғаламды танудағы  алғашқы әрекеттерінен бастап,оның толық  бейнесін жасай алу қабілетіне ие болғанға дейінгі  өмірлік тәжірибелерін  бойына  жинақтап  келе жатқан қазына.

         Үнемдеу заңының  қазіргі жастар прозасындағы кездесуі бүгінгі  жас өркен жастарымыздың сөз қолданысындағы  ерекшеліктерді  көрсетудің  бір белгісі екендігі сөзсіз. Қазақ тіліндегі үнем заңы, бұл тілдік  құбылыс. Белгілі бір  дыбыстың, буынның, сөздің,  сөйлемнің  қысқартылып, ықшамдалып  айтылуы. Яғни үнемдеу заңы  тіл білімінің  барлық салаларына тән құбылыс.  Осы мәселеге мән берген ғалым Б. Сағындықұлы: «Біздің байқауымызша,  үнемдеу құбылысы тілдің  бүкіл жүйесін –фонетиканы да, лексиканы да, морфологияны да, синтаксисті де қамтиды. Алайда бұл заңдылық тіл білімінде  әртүрлі  терминдермен  аталып жүр. Мысалы, ол фонетикада «элизия», «апокопа», «гаплология» деп аталса, лексикада «ментонимия», морфологияда -«сіңісу», «кіріккен сөздер», синтаксисте –«эллипсис», «толымсыз сөйлемдер» деп аталады» [3,167 б.], -дей келіп  осы терминдердің  барлығының басын қосып, «үнемдеу  заңы» деп атауды ұсынады.

         Ғалымның  осы пікірін  негізге ала отырып, жас қаламгерлер  туындысының тіліндегі  ерекшеліктерді  екшемекпіз.  Фонетикалық ықшамдалудың  сол прозалық туындылардағы  қолданылуы , үнем заңын  қолдану арқылы  шығарманың  көркем  баяндалуына  қаншалықты  үлес қосқандығын қарастырмақпыз.

         Тіл білімінде  фонетикалық  ықшамдалудың орны өзгеше  деп санаймыз. Фонетикадағы  үнемделу  дыбыстардың   түсіріліп, ықшамдалуына байланысты  болғандықтан, бұл  құбылыс  фонетикалық өзгеріс, фонетикалық амал деген терминдермен түсіндіріліп келеді. Енді тіл білімінің осы құбылыстарын бүгінгі күннің  өмірлік  өрнегін қаламының ұшымен сызып жүрген жас қаламгерлер  шығармаларынан қарастырсақ. Қандай да болсын шығарманың өзегінде өмірлік шындық өрілетіні –көркемөнердің, оның ішінде  жалпы адебиеттің бұлжымас заңдылығы. Қай замандада халықтың өмірі, сол өмірдегі  сан алуан құбылыстар,с езім кешулері, алуан тағдыр иелері  тап болған төтен де тосын оқиғалар, сондай-ақ  тағдыр- толқындарды  қақпалап, өз арнасынан шығармай алып бара жатқан уақыт ағысы қашан да қалам иелерінің назарын аударған.

         Қазіргі қазақ әдебиетінде адымдап, аяқ басып, шығармаларымен бүгінгі күнді  бейнелеп өмірдің ащы шындығы мен заман тынысының сырлы суретін әңгімелері  арқылы жеткізіп жүрген қаламгерлер көп. Солардың бірі  Қанат Әбілқайырдың «О бала мен бұ бала» атты әңгімесіндегі  ерекшеліктер. Бұл әңгімеден үнемдеу заңының фонетикадағы  көріністерін байқауға болады. Бұл ерекшелік  шығарманың  тақырыбының  өзінен-ақ көрініп  тұр.

         «Қызық. Қызық емес,шыжығы мол осы қоғамда менің көз алдымда  екі бала тұрады. Екеуі. Бір-біріне  антоним. Ол –о бала мен бұ бала! Екеуінің  де өмірі  бесіктегі күннен бастап менің һәм  біздің сайқал  қоғамның   көз алдында.

О бала! Манежде жатқан. Батыстың  музыкасын  тыңдаған.

Бұ бала! Бесікте тербетілген. Бесік жыры  санасында...» Бұл  шығарманың  басында  жазушының қолданған ерекшелігі. Дәл осы  ерекшелікпен аяқталатын  шығарманың  соңына зер салайық.

«О бала! Біздің елге қайтқысы келмейтін  болуы керек. Өйткені, оның тілі үш тұғырлы. Бірақ екеуі  дамыған да,  бірі кеміс. Сол мүгедектігін  көрсеткісі келмесе, ол келе қоймайды.

Бұ бала! Қоғамға  атой салады. Алты Алаштың тағдыры  тек соның  қолында. Тауы бүгін бір шағылғанымен, тағдырдың  тепкісі  оны шыңдай түседі. Қоғамды  бұ бала түзе         йді. Қош  бол, О бала! [4,219 б.]».

Шығарманың  көркемдік, өзіндік бітім-болмысын айқындауда  жазушы қолданған тілдік  құралдың әрқайсысының  орны ерекше. Көркем шығарма  тілінде кез келген тілдік  құрал орынсыз  қолданылмайды. Ондағы синтаксистік құрылымдар мен лексемалар, фразеологизмдер, жекелеген дыбыстар –бәрі де  көркемдік  идеяға  қызмет етуге тартылған «желілер» қатарынан орын алады. Міне, бұл үзіндіде  де үнем заңының  фонетикалық көрінісі ретінде  о бала, бұ бала  тіркестерін қарастырамыз. Мұндағы о және бұ  деген есім сөздер  әңгімеге көркемдік әр беру  мақсатында  ол және бұл деген  есімдіктің  қысқаруынан  туныдап отырғаны мәлім.

Фонетикалық  өзгерістің  тағы бір көрінісін жас қаламгер Бейбіт Сарыбайдың  да әңгімелерінен  көруге болады. Қаламгердің «Қазақы мінез»  әңгімесінде  үнемдеу заңының  көріністері етістіктің  қысқаруымен, яғни  диалог  барысында  кейіпкердің  өз ойын білдіруде  сөйлемнің бастауышын ықшамдап  жеткізеді. Мысалы, мына  үзінділерден  көруге болады.

«Арада біраз  күн өткенде  кәкір-шүкір  таусылып,  сандықтың  түбі көріне бастаған бір күні келіншегі  ауылға барып келсем дегендей  қылып еді,Сетай:

-Мыналардың кешіккенін-ай,а. Жәрайды, барсаң бар. Онда сен ауылған бар да  Сәрсенбектің  үйіне соға кел. Үйіне барып  әшейін амандаса кетейін деп кіргем дей сал,-деп әйелін  шығарып салды».

«...Сетайдың әйелі де салдырлақ келіншекке бап қосылып берді.

-Ой, жаным тәте, қойыңызшы. Сіздерге  ешқандай өкпе жоқ қой. Ауылға  келгесін  жолай сіздерге амандаса кетейін деп  бұрыла салғам. Қайынағаны  аттап кетсек ұят-тағы, -деп  бәйбішенің  іші-бауырынан бір-ақ шықты».

«...Ондай-ондай аяқасты  сұрақтарға суырып салып жауап беріп  үйренген  Сетай бұл  жолы да қарап қалған жоқ.

-Ана кісілердікін бірер күнде  бітіріп тастап, сіздікін  асықпай  суғарайын деп шештім. Қазірше күйіп кетпесін  деп бір  жүгіртіп өткем. Сіздің жерге  ерекше күтім керек. Топырағы керіштеу,-деп жарылқап-ақ тастаған» [5,109 б.].

Осы үзінділерді автор өз кейіпкерлернің сөздері арқылы  тіл білімінің ықшамдалу құбылысын қолданып  шығарманың  көркемдігін арттыра түседі. Мысалы, осы үзіндідегі  етістіктер  кіргенмін-кіргем, салғанмын-салғам, өткенмін –өткем деп өзгеруі  қаламгер  шеберлігінің көрінісі. Яғни, қатар келген екі буынның біреуінің түсіріліп айтылуы –гаплология құбылысы арқылы беріліп отыр.  Және тағы бір мысал,  осындағы  үзіндіде  келгесін  деген екі  сөзден тұратын сөздің бірігіп, кірігуінің  көрінісі байқалып тұр. Келгесін сөзі  келген  және соң  деген сөздерден тұратын күрделі сөз. Мұнда автор  осы сөздерді  біріктіріп, кейіпкердің  диалогы  арқылы берумен өз шеберлігін танытып отыр. Бұл мысалдар қаламгер туындыларындағы  үнем заңының  көріністерін байқататын үзінділер.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы:Қазақ университеті,1992.-352 б.

2. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лекскасы дамуының  этимологиялық негіздері. –Алматы:Санат, 1994.-167б.

3.Қанат  Әбілқайыр Текес теріс ағады. –Алматы,Жалын, 2011.-219б.

4.Бейбіт Сарыбай Рауғаш ерте гүлдейді. –Алматы, Жалын, 2009. -109 б.