Политология / Региональные политические процессы

ДокторPh.D ФМО ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, Казахстан

Оспанова А.Н., Рахимбеков А.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының он бір жылдық жемісті жолы

  Халықаралық аренада өз кеңістігінде бейбітшілікті сақтау мен  қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен беделге ие болып отырған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының  Қазақстанның да сыртқы саясатындағы салмағы ерекше. Еліміз  құрылуына өзі бастамашы болған осы  ұйым арқылы сыртқы саясатта  жыл санап сындарлы табыстарға  жетіп, ең бастысы- Кіндік Азиядағы   қауіпсіздікті  сақтау ісінде өз ықпалын арттыра түсуде. Еліміздің  Мемлекеттік Хатшысы-Сыртқы Істер Министрі  Қанат Саудабаев  осынау халықаралық ықпалды ұйымның алғашқы шаңырақ көтерген жылдары жайында былай деп еске алады: «Құрамында  біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бар, сол жылдары осы Ұйымды құрушылар  ең алдымен өз халықтарының мүдделерін көздеді. Бұл  мүдделер көп жағдайларда ұқсас болатын. Олар - біздің толқымалы өңірлеріміздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдер мен халықтар арасындағы өзара сенім мен түсіністіктерді дамыту, нығайту болды...».

         Шанхай  Ынтымақтастық Ұйымы - жағырапиялық және демографиялық тұрғыдан қарағанда аса зор ұйым. Бақылаушы елдерін қоса есептегенде, ол еуразия мегоқұрлығының үштен екісін, һәм, адамзат қауымының жартысын құрап отыр [1].

 Қазақстан болса, ШЫҰ-ының дәл ортасында орналасқан. Әлбетте, Қазақстанның белсенді саясатынсыз осынау ұйымның өмірге келуі екі талай еді. Осы жағдайда Қазақстан мен оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттағы басты басым бағыты -  халқымыздың ұлттық мүдделері мен мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала береді.                      

         Уақыттың өзі дәлелдеп отырғандай, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру - пост кеңестік мемлекеттер мен Қытайдың ХХІ ғасыр шақырулары мен қатерлері алдындағы маңызды стратегиялық таңдауы болды.

Мемлекеттер басшыларының келешекті болжай білген көрегендік шешімдерінің арқасында тарих еншіге қалдырып кеткен көкейкесті   шекаралық жайларды дұрыс шешуден бастап, елдер арасындағы өзара сенім шараларын құрып, бекіту істеріне қуатты серпін туғызуға мүмкіндік ашылды.

         Бұл қадам өз кезегінде ШЫҰ-ы кеңістігінде жаңа тарихи кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты, әлеуметтік - экономикалық дамуды қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызды. Ұйымға мүше мемлекеттердің сапында Қазақстан да бүгінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қызметінің барлық бағыттарында белсенді жұмыстар істеуде. Ең алдымен қауіпсіздікті нықтап, сауда экономикалық, мәдени гуманитарлық салаларды ықпалдастықтарды  бекіте түсудеміз.

         Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың белсенді бастамашылығымен шаңырақ көтерген осынау халықаралық аса ықпалды ұйым туралы Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесі жанындағы Еуразияның әлеуметтік дамуын зерттеу институтының директоры Ли  Фэнлинь де өз бағасын былай деп береді: «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы тұңғыш рет Кіндік Азияда лаңкестікке қарсы күрес мақсатын қойды. Бұл  бастама 11 қыркүйек оқиғасына дейін болған еді. Осыдан ақ біздің елдеріміз басшыларының сол уақыттың өзінде лаңкестікке қарсы күрестің маңызын болжай білгенін байқаймыз. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бұл  адамзат алдындағы тарихи ролі болатын».

Өзі құрылған он бір жылдың ішінде ШЫҰ-ы халықаралық және өңірлік жағдайлардағы оқиғалар мен өзгерістер уағында оған мүше мемлекеттер арасындағы тату көршілік, достық пен әріптестік қарым-қатынастарды тереңдете түсудегі маңызды механизм, халықаралық ықпалдастықтарды демократияландырудың ғаламдық деңгейлеріндегі белсенді фактор және өркениеттераралық үнқатысуларды  дамытудың өнегесі ретінде  көрсете алды [2].

 Әлбетте, өзінің геосаяси жағынан орналасуына орай Қазақстан ШЫҰ-ында сөз жоқ, шешуші маңызға ие. Неге десеңіз, ол құрлықтағы қайшылықтарға толы аталған өңірлердің сайып келгенде, ең маңызды буындарында тұр. Бұған қоса, соңғы жиырма жылдағы барша саяси оқиғаларда Қазақстан  ықпалды  роль атқаруда. Өз тәуелсіздігін алғалы бері Қазақстан ең күрделі жайларды шешуге белсене қатысқан елдердің алғы сапында. Бұл ретте, тәжік дүрбелеңін, 90-шы жылдардың басындағы Ауғаныстан төңірегіндегі оқиғаларды, Қырғызстан мәселелерін еске оралтуға болар. Осының баршасында да Қазақстан өзіндік белсенді ұстанымдарын танытты. Енді Ұйымның құрылу тарихына аздап болса да, көз жүгіртіп көрелік.                    

  Сөз жоқ,ШЫҰ-ының құрылуына алғаш негіз болған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей мен Тәжістан арасындағы екі тарихи халықаралық келісім  еді.  Бұлар- 1996 жылдың 26 сәуірінде Шанхайда және 1997 жылдың 24 сәуірінде тиісінше Мәскеуде бес мемлекеттің басшылары қол қойған   шекара маңындағы өңірлердегі әскери салада өзара сенім шараларын бекіту  Келісімі мен шекара маңындағы аймақтарда қару-жарақтарды өзара қысқарту жайындағы Келісім еді.

          Сарапшыларддың пікірлеріне сүйенер болсақ, ол уақытта осындай ұйымды құру қажеттілігі Орталық Азияда әбден пісіп-жетілген болатын. Сондықтан, бес мемлкеттің де басшылары бұндай ұйымды құру керектігінде айырықша бірауыздылық танытты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы бағытта ең белсенді ұстанымда болды. Ұйымның бүгінге шейінгі жолында оның дамуындағы жұмыстарда Қазақстанның оң ықпалы айырықша екенін әлем саясатшылары мойындауда [3].

Қазақстан Парламенті Сенатының қазіргі депутаты, бір кездері еліміздің қорғаныс саласын басқарған  Мұхтар Алтынбаев та былай деп еске алады: «1996-1997  жылдарда шекара маңындағы өңірлердегі, әсіресе, Қытаймен арадағы өзара сенімділік шаралары Қазақстан үшін, әсіресе, әскерилер үшін тек қана жүз шақырымдық аймақ дегенге саятын жаңсақ түсінік бар уақытта аса маңызды еді. Өздеріңіз білетіндей, Қытай мен Қазақстан қарулы күштері жағынан салыстыруға келмейді. Ол жылдарда және шекара да айқындалмаған болатын. Сондығынан, Қазақстанға Қытаймен арадағы өзара ықпалдастық пен тату көршілік және өзара сенім жалпы алғанда өте маңызды еді. Сөйтіп, сол жылдардан бастап екі елдің әскерилері мен қарулы күштері арасында өте тығыз қарым - қатынастар қалыптаса бастады».

         Жоғарыда аталған құжаттардың қайталанбас бағасы - олардың азия құрлығындағы тұңғыш әскери - саяси құжаттар болуымен қатар, бұрынғы кеңестік елдердің Қытаймен шекараларындағы өзара сенім шараларын анағұрлым нығайтуға, негізгі құрамдар санын қысқартудың нақты түрлері мен әдістерін белгілеп, жүз шақырымдық аймақтардан тысқары жерлерге қару - жарақтар мен әскери техникаларды шығаруға ықпал еткендігінде. Қауіпсіздік жөніндегі аталған келісімдер аймақтағы мемлекеттерге өз күштерін елдеріндегі тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге, экономикаларын дамытудың мәселелеріне жұмылдыруға жол ашты.

         Тұрақты ықпалдастықтың бес тарапты осынау үрдістеріне жоғары деңгейдегі алғашқы екі кездесудің өзара сенімге құрылған мазмұны мен  қол қойылған құжаттардың терең мәндері тың серпіндер берді.

         1988 жылдың 3 маусымында Алматыда өткен САММИТ-те «Қажетіне қарай Мемлекет Басшыларының, Үкіметтер жетекшілерінің, сыртқы істер министрлерінің және сарапшылардың деңгейлерінде Кіндік Азиядағы және бүтіндей алғанда жалпы Азия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылауға арналған кездесулер шақырып тұру туралы» тарихи шешім қабылданды. Осыдан соң «Шанхай бестігі» аталған механизм  саяси қолданысқа енді [4].

1999 жылдың 25 тамызында Бішкекте өткен  бес мемлекеттің басшылары САММИТ-інде  Қазақстанның, Қытай мен Қырғызстанның арасында үш мемлекеттің шекаралары тоғысқан  тұс туралы   Келісім және Бішкек Декларациясы  қабылданды. Сол жылдың 2 желтоқсанында  бес мемлекеттің құқық қорғау және арнайы қызмет салаларының басшылары   «Бішкек тобы» аталатын құзырлы органдар тобын құру жөнінде  уағадаласты. Осының негізінде кейінірек  лаңкестікпен, сепаратизммен,есірткі және заңсыз қару-жарақтар сату қылмыстарымен   күресетін  лаңкестікке қарсы  Өңірлік  Кеңес  жұмыс істей бастады.

ШЫҰ-ының лаңкестікке қарсы күрес кеңесінің құрылуы  көп істерге түрткі болды. Мәселен, 2004 жылдан -2010 жыл аралығында 500-ге тарта лаңкестік әрекеттердің  алды алынды. Бұдан өзге де оң нәтижелер көп. болды. Адамдар  лаңкестің секілді  зиянды орталардан аласталып, байыпты өмірге көшті. Көптеген игіліктер атқарылды және алда да мол шаруалар бар. Лаңкестік бір орында тұрмайды.Қылмыстың бұл түрінде  өзіне тиесілі мемлекет те, ұлт та жоқ болғандықтан, онымен күресте көп болып жұмылу, кешенді де, ымырасыз қимылдау қажет. Шанхай Ұйымына мүше мемлекеттер мұны жақсы түсінеді.

2000 жылдың 5 маусымында Душанбе САММИТ-іне мейман ретінде алғаш рет Өзбекстан қатысып,осы кездесуде   «Шанхай бестігі» механизімін   түрлі салалардағы көп тарапты ықпалдастықтардың өңірлік жүйелерінде енгізуге қатысты келісімге қол жеткізілді.

         Шекара аймақтарындағы  өзара сенім шаралары мен шекара маңдарындағы қарулы күштерді қысқарту туралы  тарихи келісімдерге қол қойылған      Шанхай мен Мәскеуде өткен екі кездесуден соң    Алматыда 1998 жылы біздің Президентіміздің бастамасымен келесі САММИТ өтті. Сол жолы механизм Шанхай бестігі атауын иеленді. Осыдан соң ұйымның қызметіне Өзбекстан да белсене араласып, 2011 жылы Ұйым   бүгіндері   өңірдегі  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуде  үлкен үлес қосып отырған толық құқылы халықаралық беделді жүйеге айналды. Өзі құрылғаннан бергі  10 жылдың аясында ШЫҰ-ы   өз кеңістігінде тұрып жатқан халықтардың   бақуат өмірлері мен қауіпсіздігі және  тұрақты тіршіліктеріне қатысты жауапкершілікті өз мойынына алған  ХХІ  ғасырдағы  толыққанды  халықаралық   ұйым   ретінде   қалыптасты.

Мемлекеттер басшыларының қажырлы ерік күштерінің  қуатты  серпіні және посткеңестік республикалар мен Қытайдың арасындағы  қарым-қатынастардың бұрындарғы   шиеленісті  кезеңнен  Еуразия құрлығындағы    жаңа ерекше өңірлік көп қырлы  ықпалдастықтарды  қалыптастыру  дәуіріне өтуі  өз жемістерін бере бастады.  Саяси  кемеңгерлік пен  көрегендік танытқан мемлекеттер басшылары  Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымының   өңірдегі   аса маңызды геосаяси ойыншыға айналуына мүмкіндіктер туғызды. Осы жағдайда да ШЫҰ-ы  кең ауқымды халықаралық қарым-қатынастарға бағыт ұстанған және   кім-кімге де қарсы бағытталған томаға тұйық альянсқа  немесе  әскери блокқа айналуды көздемейтін  ашық бірлестік ретінде қалуда.

          11 жыл ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына  мүше-мемлекеттер  тарапынан  лаңкестікпен, сепаратизммен, экстремизммен, қылмыспен, есірткі заттарының, қару-жарақтардың заңсыз айналымдарымен күресіп, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, төтенше жағдайлар зардаптарын жоюда, кеден істерінде, білім, мәдениет және ауыл шаруашылығында ықпалдастықтарды қамтамасыз  етуге мүмкіндіктер туғызатын  30-дан астам құжаттарға қол қойылды [5].

Ұйымның Бас хатшысы Мұратбек  Иманалиевтің пікірінше Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 11 жыл ішінде  толыққанды халықаралық ұйым құру идеясынан бүгіндегі аса ықпалды ұйымға дейінгі есею жолынан өтті. ШЫҰ-ының   Еуразия кеңістігіндегі  халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және экономика,мәдениет салаларында да аса ықпалы зор өңірлік ұйым екендігін    ілемнің ең беделді саясаткерлері де талай  атап өтті.

         Қазіргі уақытта  лаңкестікке қарсы Өңірлік жүйенің отырыстары, қорғаныс,мәдениет, сыртқы экономика мен сауда,білім беру, көлік және төтенше жағдайлар, ішкі істер мен қоғамдық қауіпсіздік, есірткіге  қарсы күрес жүйелері басшыларының  кеңестері тұрақты сипат алуда.

           Сөз жоқ, қызметінде Ұйым үш негізгі мақсатты көздейді. Олар-            Мемлекеттер Басшыларының, Үкіметтер мен сыртқы істер министрліктері жетекшілерінің саяси кеңесулері жолымен жүзеге асатын ШЫҰ         кеңістігіндегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту.

Әсіресе, бұл тұста  ШЫҰ-ға мүше елдердің  лаңкестікпен күрестегі,өңірдегі қауіпсіздікті және бейбіт тұрғындардың тыныштығын  қамтамасыз етудегі  өзара ықпалдастықтарына баса маңыз беріледі.

          2004-2010 жылдар аралығында ШЫҰ-ы лаңкестікке қарсы күрес Кеңесінің, ШЫҰ-ына мүше мемлекеттер  құқық қорғау органдарының   жанды жұмыстарының нәтижесінде 500-ден астам  лаңкестік қылмыстардың алды алынды.

         Шығыс Азия мен ШЫҰ-ы зерттеу Орталығының директоры Лукин де Ұйым туралы пікірінде:

-Осыдан 11 жыл бұрын Ресей мен Қытайдың лаңкестікке қарсы күрес  ұйымдарының    ақпараттар    алмасуын   елестету   мүмкін бе  еді. Бұған қоса осы күндері   лаңкестікке қарсы күрес ұйымдарымен бірлескен манверлер,әскери жаттығулар өткізілуде. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағыттарды көп істер атқарылуда.Ең бастысы, ШЫҰ-ы екі жылдан бері Ауғаныстанға көмекті үйлестіруге қатысты  мәселелермен белсенді түрде айналыса бастады. Халыққа қауіпсіз жағдайда өмір сүру маңызды емеспе. Әрине, маңызды болар. Демек, олар үшін ШЫҰ-ының болғаны маңызды-деп атап көрсетті.                           

         Бүгінгі таңда Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы   мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейте берудің  де ШЫҰ-ы мемлекеттерінің алға басқан қадамдарын бекіте түсудегі маңызы зор. Мысалға, ШЫҰ-ы халықтарының мәдениет фестивалдары,жастар форумдары тұрақты өткізіліп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері жоғарғы оқу орындарының арасындағы әріптестік  тәжірибе алмасуды жолға қоюды көздейтін ШЫҰ-ының жүйелік университетін іске қосуға әзірлік жүруде.

 Шанхай ұйымының қызметіне   өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тарапынан  барынша назар аударылуы оның  жұмысының тартымдылығы мен келешегінің  молдығының айғағы. Мәселен, Индия, Иран, Монғолия мен Пәкістан ШЫҰ-ы жанындағы бақылаушылар болса, Беларусь пен Шри-Ланка оның үнқатысу тұрғысындағы әріптестері. 2004 жылдан бері ШЫҰ-ы БҰҰ-ы Бас Ассамблеясын қасындағы  бақылаушы мәртебесіне ие. ШЫҰ-ы Хатшылығы  тұрақты жұмыс істейтін БҰҰ, ТМД, ЭСКАТО, ЕурАзЭҚ секілді  және тағы да бірнеше халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынастар орнатып, тиісті құжаттарға қол қойды.

 Үндістан Сыртқы Істер министрлігі Еуразия Департаментінің директоры  Аджай  Бисария:

    -Үндістан 2005 жылдан бері ШЫҰ-ының бақылаушы елі болғандығынан, ШЫҰ-ы  ұйымдастыратын барлық форумдарға қатысуға  барынша мүдделі. Біздер бұл ұйымның  лаңкестікпен күрестегі, Ауғаныстандағы жағдайларды шешудегі, сондай-ақ, Орталық Азияның дамуына қатысты мәселелердегі  маңызды ролдеріне барынша  мән береміз. Сондықтан, біздер де аталған көкейкесті жайларды шешуге өз үлесімізді қосқымыз келеді. Осыған орай, ұйымның толыққанды мүшесі болуға тілек білдірдік - деп, ақпарат құралдарында пікір білдірді

  Ал, Ауғаныстан Сыртқы Істер министрлігі экономикалық істер жөніндегі Директоратының Бас сарапшысы Зубари Мухаммад  болса, Ауғаныстан Ұлттық Дамуы Стратегиясының  негізгі құрамдас бөлігіне жататын  өңірлік қарым-қатынастарға Ауғаныстан Үкіметі аса зор маңыз береді.

Осыдан барып, біздер  Ауғаныстанның  көкейкесті жағдайларына тікелей қатысы бар  және оларды бірлесе белсенді  күш қосу арқылы шешуге мүмкіндік туғызатын  елдермен және өңірлік ұйымдармен  қарым-қатынастарға  ашықпыз- деп, мойындады.

         Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше          ШЫҰ-ының әлеуеті тауысылған жоқ. Бұл Ұйымның келешегі зор. Өйткені, «Шанхай алтылығына» Пәкістан, Үндістан және  Монғолия секілді елдердің де қосылуға ниет танытуы тегін емес. «Шанхай алтылығы»  Азия құрлығындағы  қауіпсіздікті қамтамасы етуде  айтарлықтай   роль  атқара бастады.  Рас, он бір жыл тарихи тұрғыдан қарар болсақ, онша үлкен мерзім емес. Десек те, осы уақыт аясында ШЫҰ-ы  ықпалдастық механизмдерінің қалыптасуы мен марқаюының табысты жолдарынан өтті. Ұйымға мүше мемлекеттер тарапынан  саяси-дипломатиялық ықпалдастыққа, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық  салаларды дамытуға арналған  берік тұғырлар қаланды. ШЫҰ-ының  даму  кезеңінде қалыптасқан «Шанхай рухының» өзара сенімге, тиімділікке, теңдік пен   кеңестер алмасушылыққа, мәдениеттердің алуан түрлілігіне құрметпен  қараушылыққа, бірлесе дамушылыққа ұмтылысқа негізделген болмысы  ықпалдастық жылдарында жинақталған  баға жетпес құндылықтар екені анық [6].

ШЫҰ-ының  арнайы  ұйымдарының қызметтері арқылы  ШЫҰ-ы шеңберлерінде экономикалық, һәм, гуманитарлық бағыттарда  ықпалдасу ШЫҰ-ы елдерінің  әлеуметтік- экономикалық өркендеулеріне тұрақты  және жедел  ықпалдар жасау жөніндегі  алға қойылған міндеттерді  орындауға бағытталуда.

         Өңірдегі  бейбітшіліктің, тұрақтылықтың және өркендеудің сенімді кепілі ретіндегі қызметін Ұйым шеңберіндегі тығыз да, жан-жақты қарым-қатынастар арқылы жалғастыра беру-ШЫҰ-ына мүше мемлекеттердің  негізгі мұраты. Келешекте Ұйым  халықаралық және өңірлік  маңызды  жайларды шешуде шиеленістерге, әсіре саясаттануға, дара топтануға жол бермеу талаптарын ұстанбақшы.

Осынау көп қырлы қызметі бар бірлестіктегі  оған қатысушылардың мүдделер бірлігі - ШЫҰ-ының ХХІ ғасырдағы ұзақ мерзімдік және стратегиялық  парыздарының  жалғаса беретіндігін көрсетеді. Ұйымға  мүше мемлекеттердің   ШЫҰ-ы кеңістігін бейбітшіліктің, ықпалдастықтың, гүлдену мен  жарастықтың  аймағына айналдыру үшін өзара достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтып, халықтарының осынау татулықтары ұрпақтан-ұрпақтарға ауыса беруі жолында   күш-жігерлер жұмсай беруді  алда да асыл мұрат  етіп ұстанатыны    ақиқат.

         Әлемдік   саясатта   өзіндік орыны мен дауысы, ең бастысы- қуатты ықпалы қалыптасып отырған  Шанхай Ықпалдастық Ұйымының  тәуелсіз еліміз белсенді қызыметімен   жетекші роль атқарып келе жатқан   бейбіт те, жасампаздық мақсаттардағы жұмыстарының   алдағы уақыттарда да жемісті болатындығына  халықаралық қауымдастық кәміл сенуде.

Әдибиеттер.

1.     ШОС: становление и перспективы развития, Алматы, 2005

2.     ШОС и проблемы безопасности и сотрудничества в Центральной Азии, Алматы, 2008

3.     Сыздыков С.М. Елбасы Н.Назарбаевтың еуразия идеясы жаңа белесте.  // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унив-ерситетінің Хабаршыс-ы.Халықаралық қатын-астар сериясы. Ғылыми журнал. -№3-4, 2011

4.     Kaspionet. URL: http://www.caspionet.kz/index.cfm?id=84591.

5.     Курятов В. В контексте продвинутого партнерства // Казахстанская правда. 2011. 29 января/

6.      Сыздыков С.М. Тәуелсіздік үшін күрес: тарих және қазіргі кезең. «Қазақстан Республикасының егеменді дамуы: тәжірибе, үрдістер және болашағы»//Халықарал-ық ғылыми-тәжірибелік конференция Акимат г.Алматы, 2006 ж.7 –желтоқсан.