Бейнелеу өнерінің өзіндік болмысына тән көркем
білім мен тәрбие
М.Б.Джанаев
Тараза мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мәдени және рухани мұралар мен
көркем өнер арқылы тәрбиелеуде интеллектуалдық
мәдениетті дамыту философиялық ой-тұжырымдар арқылы
іске асады. Осы себепті қазіргі жаһандану дәуірінде
білімнің философиялық мазмұнын жас ұрпаққа
проблемалық – қызметтік әдістемелер қолданып
үйрету көзделуде. Барлық көркем білім салаларында
рухани мәдениет, көркем өнер көздері мен олардың
философиялық мәнін ашып көрсету арқылы оқыту
ең сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Мұнда рухани
құндылықтар мен мәдени мұралардың,
өнер түрлерінің саналы-сезімдік, философиялық
үлгілік мәнімен таныстыру басты орынды иленеді. Мысалы, өнер
туындыларының философиялық мән-мағынасын талдап, ашып
көрсету, оны оқушылардың өз мүмкіндіктерінше
интеллектуалдық тұрғыда жүйелі талдап
тұжырымдаулары т.б. Философиялық ой-тұжырым мазмұны
қоршаған орта әлемінен мән тауып, оны өз
өмір салтында, қызметінде қолдануға талпыну т.б. болып табылады.
Қазіргі жаңа дәуірдегі адам,
қоғам болмысының техникалануына сай рухани және
моральдық құндылықтарға философиялық
ой-тұжырым тұрғысынан қарап, өмірлік
мәнділікке жүгінуіне жол ашып, көркем педагогикалық
білімдер жүйесінде оң шешім табуы тиіс. Жалпы тұтас
педагогикалық процесте оқушымен мұғалім қызметі
сана және сезім қатынасы өлшемімен өрнектелуі
заңды. Сөйтіп оқушы – мұғалім қызметінде
білім мазмұны мен тәрбие көзі ой бейнесі арқылы
мағыналы мәндік үрдіске айналады. Сондықтан ой бейнесі
шығармашыл асқақ сезіммен қиялды туындатып, білім мен
тәрбие сапасын арттырады. Саналы ой бейнесі оқушы
шығармашылық қызметі процесінде әсерлі сезіммен
қиялды туындата отырып оның көңіл күйін
шарықтатып, көркем образ сомдауға мүмкіндік береді.
Табиғат әлемі, мәдени
мұралар мен өнер түрлері барлығы адамның рухани
дүниесін байытып, ой бейнесін тудырып оның көңіл
күйін, сезімін оятып, көркемдік талғамы мен танымдық
көзқарасын дамытып, қоршаған орта өміріне
бейімдейді. Сөйтіп мәдениет астары көркем педагогикалық
білім, тәрбие тәсілдерін жүйелеуге мүмкіндік береді.
Сондықтан өнерде логикалық құрылымдар емес
саналы-сезімдік, көркем-образдық бейне түзілімдері негізгі
танымдық өріс болып табиғи тұрғыда
қалыптасады. Ал мұндай әдіснама өнер мен білімге деген
шынайы ықылас пен құлшынысты туындатады. Өнер мен
білімге деген сүйіспеншілік өмірге бейімдеп, адамның
өмір сүру салтының мәнін, оның рухани
мүмкіндіктері арқылы толықтырып отырады. Адам өз бойына
біткен құдіретті сананың күшімен әлемнің
сырлы бейнесін ой бейнесіне ендіріп, өмір мәнін түсінуге
ұғынуға талпынады. Әрине мұндай талпыныс
шығармашылық қиялды тудырады. Шығармашылық
қиял санадағы ой бейнесін көркем-образдық бейнеге
айналдыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық процестегі
мұндай сезімдік-логикалық реттілік рухани тәрбие
тәсілдерін іріктеуге мүмкіндік туғызады. Рухани тәрбие
оқушы жан дүниесін елітіп, ақыл ойы мен сана-сезімін
нұрландырады. Затында адам санасында әр нәрсе
материалдық та, руханилықта бейнелі болуы мәнді. Бұл
бейнелеу өнеріндегі, жалпы барлық өнер түрлеріндегі
бейнелілік сипатқа тән және ол кескіндік,
тұлғалық көркем-образдық
әдіс-тәсілдер жүйесін қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Ол бейнелі санаға тәуелді. Адам өз
өмірін әлемді бейнелі қабылдаудан бастайды.
Дж.Дьюи философиясындағы адамның
қоршаған ортамен үзіліссіз өзара әрекет
тәжірибесі туралы өмірлік идеясы, осы көрсетілген
тұжырымдар мәнін анықтауға көмектеседі.
Оның философиялық зерттеулері
педагогиканы одан әрі дамытуда маңызды болған, «ойлау актісі
мен оқыту процесінің сәйкестігі» туралы ойын тұжырымдау
мен негіздеуге мүмкіндік береді [1, с.186].
Бейнелеу өнерін оқытуда
оқушының шығармашылық жұмыс орындау
творчестволық процесі мен оқытудағы оқушы мен
мұғалім арасындағы педагогикалық процесс
кезеңдерінің сәйкестігі ұтымды нәтижеге
жеткізеді. Мысалы мұғалімнің тақырыпты әсерлі
бейнелеп түсіндіруі мен оқушының осы тақырыпты
әсерлі мазмұнда көркем қабылдау сәйкестігі.
Немесе мұғалімнің орындау әдіс-тәсілдерін
көрсетуі мен оқушының бейнені орындауға қажетті
тәсілдерді бейне формасына сәйкес елестетіп қолдана отырып
жұмыс орындауы т.б.
Бейнелеу өнерінің дамытушы күші
сананың бейнелеушілік қабілетіне, яғни адамның
өмірді түр, түс, пішін, көлем, кеңістік,
уақыт арқылы сезімді-бейнелік қабылдау мүмкіндігінде
екендігін адамзат пайда болып даму эволюциясы көрсетіп отыр.
Адам өмірді бейнелі пішінде
қабылдайды. Бұл адамның генетикалық өрісінен де
белгілі. Адамның танымдық табиғатының негізінде
бейнелік қабылдау мен іс-әрекет жатыр.
«Ойлау актісі мен оқыту процесінің
сәйкестігі» туралы Дж.Дьюй философиялық іліміне қатысты таным
және шығармашылық қызмет түрлі
ақиқатты құмарлықпен ізденуді, оған талпыну мен ынтаны сипаттап тек-тамырында,
түбінде бір тұтастық процестер жүйесін
құрайды. Ойлау биологиялық және әлеуметтік
дамудың жемісі.
Осы қасиеттер ортақтығы да
тәрбие мен шығармашылық – жаратымпаздық процесстер
сәйкестігін, және осыған байланысты осы
тұрғыдағы ойлау актісі мен оқыту процестерінің
сәйкестілік жүйесін құрайды. Бұл әрине
білім мен тәрбие беруде оқушы белсенділігін, оның рухани жан
дүниесін байытып, оқыту сапасын арттырады. Сана адамның
қоршаған дүниені танып білу, бейнелеу қабілеті ретінде
оның өмірді суреткерлік бейнелеушілік байланыстарын Д.Кішібеков
«Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы -
өнер. Ол объективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді.
Көркемдік бейне-құбылыстарды нақты сезімталдық
түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнелейді. Былайша
айтқанда, ол жалпылық пен жекенің, объективтік пен
субъективтік, материалдық пен идеялықтың, диалектикалық
ерекшеліктерінің бірлігі. Көркем бейне негізінде дараланған,
нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке,
нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті
типтерді, құбылыстарды сомдап, бейнелейді, жаманнан жирентеді,
жақсыға ынталандырады» - деп көрсетеді [2, б.174].
Сана рухани құбылыс, ол бір жағынан білім жүйесі, екінші жағынан таным процесі. Сана белгілі бір қатынастағы бейнелеу. Сана дегеніміз – объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.
Жас ұрпақтың ойын тереңдетіп, қиялын өрістететін әдістемелер білім философиясының категорияларымен анықталады. Мысалы ұлттық рухта, қазақы менталитетті қалыптастыратын көркем өнер түрлерінің туындылары қол өнері бұйымдарын, бейнелеу өнерін, музыканы, поэзияны, көркем әдебиетті, кино, театр өнерін т.б. өнер түрлерін, мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді әсерлі сезініп, саналы қабылдау тәсілдері білім философиясының рухани мәнділік тәсілдеріне жүгінеді. Бұл тәсілдер отан сүйгіштікке, адамгершілікке, инабаттылық пен имандылыққа баулиды.
Көпшілік жағдайда терең де сапалы, жаңа дәуірге бағыттылығын тұтас көркем педагогикалық процесс мәселелерінің бәрі материялар әлемімен идеялар әлемінің ара қатынасы арқылы шешілуі тиіс.
Рухтың тазарып өрістеуі арқылы адамның санасы мен сезімі, ой жүйесі, мәдениеті сауығатындығын А.Г.Гурвичтің биоөрістің генетикалылығы туралы дәлелі адам ойының ғарыштағы «сана өрісінде» сақталатындығына тәуелділігін байқатады. Қазіргі прогрессивті ғалымдар ойынша адамның рухани түсініктері мен дүниетанымдық көзқарастары адамның – энергиялық ақпараттық жүйесінде айқындалады. Тәрбие процесінде жас өспірімнің жағымсыз қасиеттерін, оның осы биоөрістік жүйесінен аластатып, жоғарғы асқақ сезіммен шығармашылық қиялын шарықтату, көркем өнер мен мәдениет көздері арқылы, олардың биоөрістік жүйесіне әсер ету тәсілдерімен іске асырылуы бүгінгі күннің бұлжымас міндеті. Жас буынның сана өрісімен рухани сезімін тәрбиелеу, осы тұрғыда көркем өнер пәндері мен мәдениет көздері арқылы жүйелі тұтас педагогикалық процесте іске асырылуы білімнің негізгі қағидасы болуы тиіс. Көркем педагогикалық білім беруде өнер пәндері мен рухани мәдениет негіздеріне сүйене отырып рух пен сана тәрбиесіне баса мән беріледі.
Көркем біліммен тәрбие процесінде оқушының шығармашылықпен қызмет етіп, өз мүмкіндігінше көркем образды сомдауы, осы қағидаларды қаперге ала отырып белгілі бір әдістемелік тәжірибеге сүйенеді. Бұл әдістемелер – бейнелеу тәсілдері сызық, түс, түстер үйлесімі, қатынас, кеңістік, перспектива, ритм, жарық-көлеңке қатынастарының тұтас жүйесі арқылы өз сезімін көңіл-күйін көрсете білуіне бағытталады.
Мұғалім міндеті осы саналы-сезімдік бейнелік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың қоршаған ортаны, әлемді шынайы қабылдап ақиқатты тану қабілеттерін қалыптастыру. Өнердің басты мақсаты ақиқат шындықты көркем сезіммен ойлыақыл арқылы саналы тану, қоршаған орта сұлулығын әсерлі бейнелеу. Ал оқыту өмірге бейімдеп оқытып үйрету, ол саналы когнитивтік үйрету болып табылады.
Педагогикадағы гуманитарлық бағыт В.Дильтей, Т.Литт, В.Флитнер, Э.Венигер еңбектерінде философиялық негіз қалап тарихи көрініс тапты. Педагогикалық гумманитарлық бағыт, тәрбие мен білім мазмұны, түрі, әдісі, құралы әрқашанда рухани-материалдық кеңістік аясындағы қоғаммен қоғамдық сана-сезіммен, қоғамның түрлі өндірістік, мәдени, рухани қарым-қатынастарымен тығыз сабақтастық байланыста. Таным білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарты болғандықтан жас өспірімнің өнерге деген шығармашылық сүйспеншілігі мен қатынасы танымдық мәдениет арқылы өрістейді. Танымдық мәдениет бұл адамды білімге, ғылымға, өнерге бастайтын педагогикалық категория. Ол білім мен тәрбие алу көзі, рухани дамудың алғы шарты. Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесінде оқушы танымдық мәдениетін қалыптастыру басты міндет.
Оқыту мен тәрбие адамды педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесіне енгізу, қатыстыру процессі болғандықтан ол шығармашылық ізденісті талап етеді. Шығармашылықтың жалпыға ортақ қызмет өрісі мен функциясы адамның барлық рухани –танымдық, практикалық қабілеттері мен қасиеттерін дамыту. Адам қызметінен туындаған қажеттіліктер оларды қанағаттандырудың түрліше жолдарын, тәсілдерін ізденіп табуды көздейді.Жаңа ғасыр оқушылары өзін-өзі дамыту, өзін-өзі актуальдандыру мен өзіндік әлеуметтену толқынында ынта мен ықылас, талап пен ізденіс басты мәнге ие болып ғылыми таным, рухани мәдениет, адамзат жады мен сенім-нанымы барлығы сана, сана астары, ми, ми қызметі аяларындағы ой, таным, сезім, парасат, қасиет танымдық био өрістері жүйелі қатынас процесстерінде әлемді қабылдап, танып, түсінуге деген ынта-ықыласты туғызып оның танымдық мәдениет тәсілдерін, танымдық процесс жолдарын анықтайды. Сөйтіп рухани құндылықтар мен көркем мәдениет оқушылардың танымдық мәдениетін өрістетіп жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға мүмкіндік ашады.
Бала білім-білігін рухани, мәдени құндылықтарға
бағдарлау: рухани-адамгершілік, ізгілік, имандылық;
интеллектуалдық – білім танымдық, қабілеттілік;
коммуникативтік және мәдени-әлеуметтік, біліктілік
бағыттарын көрсетеді. Білім беру жүйесін философиялық
тұрғыда әлеуметтендіру, қоғамдық
өзгерістерге бағдарлау жеке тұлғаның адами,
танымдық, жауапкершілік,
ұстамдылық, белсенділік, жанашырлық, талапкершіл
қарым-қатынас тәртібін, мінез-құлқын,
мәдени-әлеуметтік іс-әрекетін қалыптастырып
қоғамға, қоршаған орта әлеміне енуіне
мүмкіндік туғызады. Көрсетілген тұжырым
оқушының жеке тұлғалық-бағдарлы және
әлеуметтік даму мақсатын анықтайды.
Бұл мәселелерді шешудегі басты талап -
оқушының осы білім мазмұны мен талаптарын қажетсінуі,
талабы, құлшыныс-қызығушылықтары, осы
білім-білікті игеруде және мәдени әлеуметтік, жеке
тұлғалық құндылықтарға
қанағаттануы мен қанағаттанбауына қарай
білім-білік, тәрбие беру арқылы қажеттілік туғызу.
Жаңа білім беру жүйесіне көшу
негізінен оқушылар жеке дара ерекшеліктеріне мейлінше мән беріп,
оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана
алатындай өмірге бейімдеу және мамандыққа
бағыттау негіздерін қарастырады.
Мұндағы мотивациялық компонент
бұл, оқушылардың жеке бас ерекшелігі – баланың
оқу әрекетіне, сыныптастарына, мұғалімге, өзіне
деген қарым-қатынасы, ойымен әрекеттестігі, әлеуметтік
көзқарасы. Оқушының ынта – жігері,
қызығушылығы, қанағаттануы, әсерленуі,
сүйсінуі, т.б. анықтап осыған оңтайлы жағдайлар
туғызу. Ол бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға
түрлі мазмұндағы шығармашылық сурет тапсырмаларын
орындатып оларды талдау, арқылы анықталады. Көркем
образдық бейнелеуде бала өз мінез-құлқы мен
танымдық іс-әрекетін, өз сезімі мен ойын бейнелейді.
Ал мазмұндық компонентте, оқушы
интеллектуалдық деңгейін,
мүмкіндіктерін еске алу – баланың алдыңғы білім
қорының, дүниетанымының негізінде - сана-сезімі,
түсінігі, ой жүйесі қамтылатын көркем бейнелік
әдістемелер қолдану арқылы оқушының жеке дара
ерекшеліктері дамытылады. «Оқушыға не таныс, содан бастау керек,
және олардың алдында неғұрлым күрделі
құбылыстарды оқушының өзіндік белсенділігіне
сүйене отырып біртіндеп ашу қажет» [3, 20 б.].
Бұл оқушылардың көркем
туындыларды, бейне суреттерді қабылдауы процесінде оларды
композициялық, көркем образдық талдап түсінуі, өз
мүмкіндіктерінше көркем образдық бейне орындауы арқылы
анықталады. Мұнда оқушы өзінің көркемдік
талғамы мен мәдениетін көрсетеді.
Келесі компонент оқушылардың
мәдени-әлеуметтік, психологиялық деңгейлері мен
мүмкіндіктерін еске алу – бұл баланың өзін
қоршаған ортаға бейімделуіне, қарым-қатынасымен
оған жауабына, басқа дос-жарандарымен, сыныптастарымен,
мұғалімдермен, ата-анамен қарым-қатынасының
ерекшеліктері, тәртібі мен мәдени-салауаттылығы,
әдептілігі, әсерленушілігі, құмартушылығы,
әуесқойлығы, қанағаттылығы,
рахымдылығы, талап тілегі, көркемдік, сұлулық,
әсемдік талғамдары жеке дара тұлғаны қалыптастыру
әдістерін айқындайтын негізгі компоненттер болып табылады.
Жаңа адамды, жеке дара
тұлғаны қалыптастырып дамыту - әлемдік білім
кеңістігіндегі оқытумен тәрбиенің озық жаңа
технологияларын қамтып жаңа білім мазмұнын анықтайды.
Ақыл-ой әлеуетін барынша дамытуға жол ашады.
Қазіргі білім беру парадигмасы,
қағидасы – жеке дара шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру, дамыту, республикамыздың білім беру
басымдығында көрсетілген «жалпыға білім беру» моделінен
«әр адамға білім беру» моделіне көшу талаптарын
айқындайды. Жаңа мазмұндағы білім жүйесі білім
және тәрбие алудың, оқыту мен тәрбиелеудің
педагогикалық процестегі біртұтастығы мен бірізділігін басшылыққа алуы тиіс.
Білім мазмұнының жаңа
бағытта өзгеруі, оқытудың «әр адамға білім
беру» моделі жеке дара шығармашыл тұлға қалыптастыруды
көздеп, интеграциялы, профильді мақсаттарды алға қойып,
инновациялық процестер мен жаңа технологияларды меңгеру мен қолдануды мектеп
мұғалімдеріне жауапкершілікпен
жүктейді.
Бұл қағиданы терең
философиялық антропософиялық және экзистенциалдық
тұрғыдан қарап өнер циклы пәндерін оқытуда
білім - тәрбие моделі ретінде пайымдауға, Абай тану ілімінің
көркем танымдық мазмұны зор мүмкіндік береді.
Мұндағы терең логикалық-поэзиялық сарында
сомдалған ой-тұжырымдар қазіргі жаңа қоғам
өзгерістеріне сай жаңа таным, жаңа ой, жаңа сезім
туындатып әрбір жеке тұлғаға арналып ұлттық
тәрбие тәжірибесіне негізделіп әрқашан жаңа
құнды мазмұнға ие болып отырады. Ғылыми ой-таным
мен ұлттық көркемдік сана-сезім тоғысында субъективті қызығушылық,
құлшыныс, серпінділік мәні тиянақталып жаңа
дәуірге оңтайлы бағыт-бағдар ұсынады, оның
тәлім-тәрбиелік мәні мен тәсілдерін анықтайды.
Жоғары ойлы, көркем бейнелік тіл мен
сезімдік пішін, қоғам тарихи тәжірибесімен өрнектеліп
берілуі бұл қағиданы жаңа қоғамдық
өзгерістерге оңтайлы қолдануға мүмкіндік беріп,
ұлттық білім мен тәрбиенің бұлжымас моделіне
айналдырады. Адамзат тарихында
әлемдік таным мен қоғамдық болмыстан туындаған
бұл қағиданың, нақты объективті ғылыми ой
-тұжырымдары мен оның тарихи әлеуметтік жағдайларда
әлемдік дүниені тану, көркем ой, сана-сезім тоғысында
пайда болуы, оны өнер циклы пәндерінің білім моделі ретінде
ұсынуға болатындығын дәлелдейді.
Абай ұлттық педагогикалық
көзқарастары, ой-танымы бұл тұжырымның,
ғылым мен өнер салаларындағы бірдей, ортақ жалпы
мазмұндық және диалектикалық өрбу жолы мен
сабақтастығын дәлелдейді.
Бұл қағиданың туындау
мақсаты, тәлім-тәрбиелік мазмұны,
қоғамдық болмысы осы үш арнада – жеке шығармашыл,
интеллектуал тұлғаны дамыту категорияларын негіздейді.
Қағиданы көркем білімнің ұлттық моделі
ретінде танып қарастыруға болатындығын оның
қоғамдық болмыстан, әлеуметтік жағдайдан туындауы
және ғылыми ой-тұжырымы мен көркемдік
болмысының
философиялық
құбылыс екендігі мойындатады.
Негізгі мәселе – оқушының
оқу қызметін белсендіру, әрекетті тұлға ретіндегі
оның мұғаліммен қатынасын қызметтес серіктестік
түрінде жандандыру, білім-тәрбие процесінде оқушы мен
мұғалім қатынасын демократияландыру және ізгілендіру.
Жаңа педагогикалық технологиялар тек
білім, білік беру жолдарын көздеп қана қоймай, оқушылар
шығармашылық қабілетін дамытып жеке дарыны мен білім-білігін
ұштауы тиіс. Түп өзегі шығармашылық қызметтен
бастау алатын бейнелеу өнері пәні оқушы дүниетанымын,
рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамытып оның оқыту,
білім-тәрбие нәтижелері қазіргі жаһандану
үрдісінде мемлекетіміздің білім саясатының бағыттарымен
ұштасуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан бейнелеу өнерін оқыту
үрдісін белсендіру жаңа педагогикалық технологияларды
қолдану арқылы жүзеге асатындығын мектеп оқыту
тәжірибесі көрсетіп отыр. Бейнелеу өнері пәнінің
өзіндік болмысына тән білім-тәрбие қызметі,
іс-әрекеті мазмұны мен тапсырма мәні де, танымдық
және шығармашылық сипатта болуы оқыту технологияларын
оқушылардың жас және жеке дара танымдық ерекшеліктеріне
сәйкес интеграциялы қолдану мүмкіндігін қарастырады.
Мұндай оқыту бағыты оқушыларды саналылыққа
тәрбиелеп, сыртқы көркем мәдениетінің және
ішкі рухани жан-дүниесінің үйлесімді жетілуіне ықпал
етеді. Оқушы оқу-білім процесінде белсенді іс-әрекет етіп
өмірге қажетті білім мазмұнын шығармашылық
деңгейде игереді. Бейнелеу өнері пәнінің мазмұны
мен негізгі қасиеті шығармашылық болғандықтан
оқушының жеке тұлғалық қабілетін
анықтап оны өз білімін өмірде саналы қолдануға
бейімдеу шарт.
В.А.Сухомлинский «Балалар
шығармашылығы – бұл олардың рухани өмірінің
өзіндік ерекше терең сферасы, әр баланың өзіндік
жеке даралық қасиеттері айқын көрініс табатын,
өзін көрсете білуі мен өзін айғақтауы.
Мұндай өзіндік ерешелікті қандай да біріңғай және
бұқараға міндетті ерекшеліктермен қамту мүмкін
емес» [4, 51-52 б.].
Бұл оқушы белсенділігін, ынтасын
арттырып жігерлендіреді, өмірде пайдалы іс-әрекеттік
мақсаттар қоюға оны орындап іске асыруға итермелейді.
Бала іс-әрекеттік белсенділігі артады. Істеген шығармашылық
еңбек нәтижесінің қажеттілігіне, оның рухани –
заттық мәдени мәні бар екендігіне иландырып, баланы
жаңа жетістіктерге ұмтылдырып оқу-білім алудың ықтималдық
жағдайын, серпілісін туғызады.
Мұғалімнің – оқушымен
сыбайлас көркем шығармашылық қызметі,
қызметтестік ізгілік әрекет қалыптастырып баланы
еңбекке, өмірге, айналасындағы адамдармен жарасымды
қатынасқа бейімдейді. Оқу-білім процесінде өмір
шындығын танып, оны игеруде өнер туындысын сомдап, оны
қабылдауда оқушы мен мұғалім шығармашылық бірлікте
қызмет етуі оқыту әдістемесінің негізгі
қағидасы. Мәселен, табиғат құбылыстарын –
мұғалім мен оқушы оны бірге тамашалап, оның
әсерін, мотивін әңгімелеп талдап сезіне отырып бейнелеу
тәсілдерін бірлесе шешіп орындауы. Сабақ және
көркем жұмыс мақсатына
жетуге бірге тырысуы т.б.
Оқушылардың қоғамдық
ой-пікірдің, жаңа сананың, халықтық рухтың
негіздерін өз бейнелік дүние танымы арқылы бейнелеуіне
және тарих кезеңдеріндегі қол өнер шеберлері,
суретшілері көркем еңбегі мен есімдерін, олардың
шығармашылық мазмұнын жаңғыртып еске ала отырып
қабылдауына жаңа оқыту технологиялары зор мүмкіндіктер
береді. Осы орайда оқушыларға ұлттық өнер, тарих,
ұлттық сана, болмыс туралы түсінік,
мағлұмат-деректер беріп оны бейнелік, музыкалық, әдеби
көркемдік тәсілдер көрсетумен ұштастыру олардың
шығармашылық қызметін ынталандырады.
Оқытудың жаңа инновациялық
технологиялары өмір ұсынған мәселелердің,
уақыт туғызған жаңа ой-пікірлердің, әлем
тану үрдістерінің бала
санасында тұрақты, жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Жаңа оқу технологиялары оқушылардың
қоршаған ортаны тануына, одан әсер алып дамуына мұғалім қолдауы
арқылы екі тараптың, оқушы мен мұғалімнің
бірлесе отырып белсенді қызметі арқылы мүмкіндік береді.
Мұғалім мен оқушы бір-бірінің пікірлерін, қонымды
ұсыныс-тілектерін бірлесе отырып, танымдық және
көркемдік рухани мұқтаждықтарымен сұраныстарын
қанағаттандыруға мейлінше бейімділікпен бірге бағдарлап
отыруы қажет. Мұғалім оқушының
көркем-әдістемелік және мәдени
мұқтаждықтарын, сұраныстарын
қанағаттандыруға, білімді игеруі мен шығармашылық
қызметіне мейлінше ұтымды жағдай жасап отырады.
Мұғалім мен оқушы
тараптардың арасында тығыз байланыс, шынайы
шығармашылық қарым-қатынас орнауы бейнелеу өнері
пәнінің «бейнелік көркем-образдық» оқыту
әдістемесі мазмұнында іске асады. Жалпы, оқушыларды
түрлі ынталандыру, марапаттау, тәсілдері мен көркем
танымдық, сана-сезімдік әдістер шығармашылықта
жүлделі болуға итермелейді. Олардың өнерге деген
белсенділігін арттырады. Бұл мұғалімнің
педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты. Ал мұғалім
шеберлігі жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс
меңгеруіне тәуелді. Сондай-ақ мұнда үлкен
диалектикалық дүниетанымдық байланыс бар. Ол ең
алғаш бейнелеу өнері
пәнінің шығармашылық, өнер тәнділік
мазмұнында яғни, мұғалімнің көркем
педагогикалық шеберлігі де, оқушы іс-әрекеті де өнер
шығармашылығындағы әдіс-тәсілдердің
бірлігінде. Педагогикалық шеберлікте, оқушы іс-әрекеті де
өнер тәсілдеріне бағынышты, тәуелді. Осы негізде біз
бейнелеу өнері пәні ерекшелігіне тән, оны
оқытудағы жаңа педагогикалық технология ретінде
«бейнелік көркем образдық» өнер үштігі
әдістемесін қарастырамыз. Бұл олардың өнер
тәнділік байланысында. Олардың терең тізбектік
құрылымындағы жүйелі бір тұтастық: ол,
оқушы бойындағы жеке бастапқы және меңгерілетін
таным, білім-білігі; өнер және сабақ түрлерімен
әдіс-тәсілдері; мұғалім көркем педагогикалық шеберлігі.
«Оқушы-оқу, білім-білік», -
«өнер – құралдар, әдіс-тәсілдер, түр,
пішін», - «мұғалім – оқыту-әдістемелері,
педагогикалық шеберлік», бұл бірлік өнердің көркем
образдық әдіс-тәсілдері арқылы тұтастық
жүйеде қызмет етеді. Мұндағы ортақ қасиет
дүниені көркем қабылдап тану, игеру, оны көркем
образдық тұрғыда сомдауда өнер тәсілдеріне
жүгіну арқылы көркем шығармашылық қызмет.
Бұл дүниетанымдық қалып – форма және процесс -
оны игерушілік, оның пішіндік бейнеленуі, оны таныту, игерту, оқыту
және оны өмірде, өз қызыметінде пайдаланушылық
әдіс-тәсілдер тұтастығы. Мұндай
процесстердің барлығы философиялық категориялар,
қағидалар, құрылымдар түрінде
дүниетанымдық диалектика негізінде жүзеге асады. Осылайша
өмір құбылыстарын және адам танымын игерудің
жүйелі бір тұтас шығармашылық процестері
қалыптасады. Мұндағы басты мәселелер оқушы –
таным – білімі және педагог оқыту, тәрбиелеу
қызметтері, өнер және шығармашылық процестер.
Ал негізгі нысандар ол, қоршаған орта
әлемі - өнер, сабақ түрлері – шығармашылық
қызмет. Дидактикалық диалектика тұрғысынан бұл
бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік шығармашылық, өнер тәнділік оқыту
технологиясы, әдістемесі болып қалыптасады.
Қоршаған орта, өнер,
шығармашылық, білім мен тәрбие заңдылықтары мен
процестерінің оқушы –
білімді игеру әдіс-тәсілдерінің, өнер – орындалу
әдіс-тәсілдерінің, мұғалім - оқыту,
тәрбиелеу әдіс-тәсілдерінің,
құралдарының жүйелі біртұтас бірлігі, бір-бірімен
тығыз байланыста қызмет, іс-әрекетте нақты нәтиже
көрсетеді. Оқушы танымдық іс-әрекеті, қызметі,
өнердегі көркем образ әсері, мұғалім
педагогикалық іс-әрекеті, қызметі бір-бірімен тікелей
шығармашылық байланыстағы әдістемелер
жүйесінің бір тұтас нәтижесі жан-жақты
гармониялық жеке бас, шығармашыл тұлға дамуының
заңды көрінісі.
Бұл әдістеме жүйесі
оқушының әрбір тапсырманы, жұмысты, хош
көңілмен қабылдап, өнер түрлерінің
тәсілдеріне ыждахаттылықпен зейін қойып игеруіне
мүмкіндік жасайды. Оқушы өмірді өзінше, өзіндік
танымдық көркем-эстетикалық негізде бағалап бейнелеуге
тырысады. Бала суретінде, біз одан көріп тұрған бейнеден
молырақ сезім, түсінік, ой-қиял бейнеленеді. Оқушы
бейнелеу еңбегінде түрлі қызмет түрлері
қабаттасып біртұтас бағытта орындалады. Мәселен
мұнда бейнелеу еңбегіне таным, білім, қатынас, сұхбат,
диалог, сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгіме, ойын
қатар қабаттасып өмірді қабылдау, тану, бейнелеу,
дүние сұлбасын, келбетін жаңаша бейнелеу сияқты
түзілімдер тізбегінде оригиналды түпнұсқалық
образ сомдалады. Бастауыш сынап оқушылары өмірді, болмысты берілген
күйінде түсініп, оны интуитивтік түрде бейнелейді.
Оқушылар көркем танымдық шығармашылық еркіндігі
адамның, табиғаттың, өмірдің, табиғи
мазмұнын таным, сезім, түйсіну арқылы ашып қабылдаудан
тұрады және оның
сезімдік материалдық формасы мен мазмұндық
мәнімен сабақтас.
Мұнда сабақ процесі мен оқушылар
көркем қызмет процессі жүйелі бірлікте бір
тұтастыққа енеді. Бейнелеу өнері пәніндегі
бұл жүйе мұғалім оқыту қызметі мен
оқушы оқу, білім алу қызметінің көркем
образдық шығармашылық тәсілмен ұштасуына себепші
болып, біртұтастықта өрбіп осы ортақ
қызметтің өнімділігі мен сапалылығын әрі
нәтижелілігін арттырады. Ғалымдар Б.П.Юсов, М.Н.Семенова, Г.С.Лепский,
Н.Д.Минц «Бейнелеу өнерін оқыту негізі белгілі бір дағдылар
мен білімдерді меңгеру барысында шығармашылық проблема
мазмұнына еніп, осы сабақта өз шешімін табатын оқу
және шығармашылық міндеттердің органикалық
бірлігі болып табылады» деп көрсетеді [5, 9 б.]. Сөйтіп сабақ
құрылымының өзі оқу-оқыту қызметі
құрылымдарының жүйелі бірлігін орнатады.
Әдебиеттер
1.
Дьюи
Дж. Психология и педагогика мышления. Пер. с англ./Под ред. Н.Д.Виноградова. М., 1997.
2.
Кішібеков
Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. – Алматы, Нұр-кітап,
2002. -388 бет.
3.
Новые
педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие для студ.пед. вузов и системы повыш.
Квалиф.пед.кадров /Е.С.Полат,
М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров; Под.ред. Е.С.Полат. – М.: Издательский центр «Академия», 2000.
-272 с.
4.
Сухомлинский
В.А.Сердце отдаю детям. – Киев: Ряданська школа, 1973.
5. Изобразительное искусство в начальных
классах /Б.П.Юсов, М.Н.Семенова,
Г.С.Лепский и др.; Под.ред. Б.П.Юсова, Н.Д.Минц. – Мн.: Нар.асвета,
1986. –
167 с.: ил.