ӘОЖ 656.6

Калдыбеков С.У., Сейтимов С.А.

Қазақ ұлттық аграрлық универсиеті (Алматы)

КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ШАРТТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

        Аңдатпа Мақалада жүктерді контейнерлермен тасымалдаудың шарттары мен оларды жетілдіру мәселелері қарастырылған. Шарттарды жасау барысындағы тараптардың ұсыныстары арқылы өзгертулер жасалынады.

         Кілт сөздер: контейнерлік тасымалдау, жүк, шарттар

         Кіріспе

         Контейнерлік тасымалдау немесе контейнерлеу дегеніміз ISO: ISO 668, 1161, 1897 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін модульдік контейнерлердің көмегімен жүктерді тиеу мен тасымалдаудың модульдік жүйесі. Тарихқа көз жүгіртсек, контейнерлік тасымалдау 1917-1989 жылдар аралығында өте қарқынды дамыды. Ал қазіргі кезде қолданылып жүрген контейнерлер өткен ғасырдың елуінші жылдарында пайда болды [1]. Бүгінгі таңда, контейнерлік тасымалдау әлемдегі жүк тасымалының 55 пайыздан астамын құрайды. Транзиттік қозғалыста контейнерлік тасымалдау қауіпсіздік жағынан, жылдам тасымалдау жағынан, ұтымды бағасымен тиімді болып саналады.

         Негізгі бөлім

TRACECA – Қазақстан (Еуропа – Кавказ – Азия көліктік дәлізі) үкіметаралық комиссиясы контейнерлік тасымалды жандандыру туралы: «Бүгіндері біздің елдің көліктік тасымалындағы контейнерлік тасымалдың үлесі 3% ғана. Ал Еуропада бұл көрсеткіш 80% құрайды. Еуропа 300 шақырымнан асатын жолдарға автокөлік тасымалын пайдалануды доғаруды жоспарлап отыр. Өйткені автокөлік тасымалы экологиялық, экономикалық жағынан тиімсіз деп шешкен. Осылайша, темір жол арқылы контейнерлік тасымалға бет бұрды. Сондықтан бізге контейнерлік тасымалды дамыту арқылы Еуропаға транзиттік көліктік тасымал қызметін ұсынуға мүмкіндік мол» дейді. Стандартты модульдік контейнерлердің өлшемдері 20 және 40 фут (тиісінше 6,1-12,2 метр) болады. Бұлардан бөлек әр түрлі саланың өзіндік ерекше контейнерлері болады. Атап айтсақ, әуе тасымалында пайдаланылатын арнайы ULD контейнерлері бар. Контейнерді тасымалдау теңіз, өзен, темір жол, автомобиль және әуе көліктері арқылы іске асырылады. Стандартты контейнерлер осы көлік түрлерінің басым бөлігінде интермодальді көліктік-логистикалық тасымалдау кезінде оңай тиеледі және қажетті орынға жеткізіледі [2].

Зерттеу нәтижелері

Контейнерлік тасымалдаудың негізгі шарттары белгілі бір мемлекеттің немесе халықаралық логистикалық ұйымның жүктерді контейнерлермен тасымалдау туралы арнайы қаулылары немесе ережелері негізінде, сондай-ақ тасымалдау жағдайы мен қауіпсіздік ережелері тұрғысынан жасалады. Тасымалдау шарттарында көрсетілген шараларды орындамаудың салдарынан көптеген мәселелер туындауы ықтимал.

Себебі контейнерлік тасымалдау пайда болған кездегі немесе бертіндегі кеңестік кездегі контейнерлік тасымалдау шарттарымен бүгінгі күнде жүк тасымалдау мүмкін емес.

Контейнерлік тасымалдаудың шарттарын жетілдіруге тасымалдау барысында заманауи технологияларды пайдалануды, уақыт талабына сай қауіпсіздік жүйелерін пайдалануды, контейнер тасымалына арналған темір жол құрылымдары мен теңіз порттарын инфраструктуралық жағынан жетілдіруді, экономикалық және мерзімдік тиімділікті арттыруды және жүк тасымалдау барысында қоршаған ортаға кері әсер ететін зиянды газдардың мөлшерін азайтуды жатқызуымызға болады.Жалпы, әлем бойынша жүктерді контейнерлер арқылы тасымалдауда су көліктерінің еншісіне тиетін үлес өте үлкен. Бірақ Қазақстанның ашық теңізге шығу мүмкіндігі болмағандықтан, біздегі жағдай мүлдем басқаша. Сондықтан еліміздегі контейнерлік тасымалдаудың басты екі саласы бар. Олар: автомобильдер және темір жол көліктері. Алғашқысы қаржылық жағынан және экологиялық тұрғыда тиімсіздеу болып саналады.

Теңіз кемелері арқылы контейнерлерді тасымалдау шарттары Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз арқылы жүк тасымалдау туралы 1978 жылғы конвенциясы (Гамбург, 1978 жылғы 31 наурыз) негізінде жасалады. Бұл конвенция Қазақстан Республикасында 2009 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.Әлемдік саудада тасымалданатын жүктердің 90% жуығы контейнерлер арқылы тасымалданады. Контейнерлік тасымалдаудың 90%-ға жуығы теңіз кемелері арқылы тасымалдауға тиесілі. Контейнерлерді теңіз арқылы кемелердің көмегімен тасымалдаудың ең үлкен екі артықшылығы бар: біріншіден, қоршаған ортаға бөліп шығаратын көмірқышқыл газының мөлшері басқа көліктерге қараған әлдеқайда төмен [3].

Екіншіден, тасымалдау шығындарының мөлшері аз болғандықтан, тұтынушылар үшін контейнерлік жүк тасымалының бағасы едәуір төмен болады. Сызықтық теңіз транспортының тағайындалуы – бұл кішігірім көлемді, бағалы, маңызды жүктерді жылдам және қауіпсіз жеткізу. Бұл үшін ірі порттары бар елдерде жаксы жүк тасымалы қалыптасқан жеке кеме иеленушілер немесе олардан құрылған топтар кемемен тасымалдауды ұйымдастырады. Қандай да бір бағыттағы жүк тасымалдау қызметін суда иеленуші белгілі бір суданы сызықта белгілейді жіне оның жүру кестесін белгілеп жариялайды, себебі бұл теңіз сызығының маңызды атрибуты. Жүру кестесінде міндетті және қосымша порттарға кіруді белгілейді, яғни кеменің портқа келіп кету күндерін кей жағдайда сағатын да белгілейді. Кез келген сызық уақыт аралық міндетті және қосымша базалық портқа ие, онда кіру теңіз көлігінің жүгіне байланысты болып келеді. Басты жүк құйылым мен суда иеленушінің кеңсесі орналасқан бөлік маңызды болып есептеледі, яғни бұл порттық сызықтың басы және соңы болып табылады. Жүк тасымалға алдын ала және көлік портта тұрған кезде ұсыныла алады. Сызықтық компаниялар жүкті алдын ала қабылдайды және оны тиеп немесе түсіруді ұйымдастырады. Сызықты компаниялар бір уақытта көптеген жүк иеленушілерге қызмет көрсетеді. Өз қызметтерін ұсына отырып, әрбірімен келісімшарт жасайды. Нәтижесінде тасымалдаушы әр жүк иеленушіге негізгі шарттарды ұсынады.

Жалпы коносаменттер борттық борттық емес болып келеді. Олардың арасындағы практикалық айырмашылық өте маңызды. Жүк кеме бортына тиелді дегенде, суда иеленуші борттық коносамент береді. Ал жүкті бортқа тиейді деген коносамент бергенде, жүк оның қарамағында дегенді білдіреді. Коносамент, жүк жіберушінің қолы қойылған тиеу ордердерінің негізінде құралады. Жіберуші портқа экспортттық тапсырманы қажетті реквизиттерімен жібереді. Кемеге тиеу кезінде жүктің көлемін, жағдайын тиеу ордері және фактілі түрдегі түрімен салыстырады, яғни барлығы сәйкес дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін штурмандық қолхат толтырылады, оны капитанның көмекшісі толтырады. Бұл құжат жүк кемеге тиелді дегенді растайды. Штурмандық қолхат өте маңызды құжат болып есептелінеді. Онда ескертулер болмаса, онда ол таза қолхат болып келеді. Бұл құжат жүк жіберушіге коносамент алуға негіз болады. Коносаменттің берілген мерзімі сату, сатып алу келісімінің мерзімін анықтайды [4].

Көліктік құжаттарға жатады: жүкті алу туралы қолхат, кепіл хаты, көлік тасымалы туралы куәлік, фрахталық есеп жүктік манифест, фрахталық манифест. Жүктік манифест жүкті құраушы тауар жиынтығы көрсетілетін құжат. Онда тауардың коммерциялық мәліметтері көрсетіледі: көлік құжаттарының нөмерлі, жүк жіберуші және жүк алушының атаулары, тауар сипаттамасы, жүк орындарының түрі мен саны. Фрахталық манифест жүк туралы қосымша мәліметтерді растайтын құжат, яғни тасымал төлемі шығыны тағы басқалар кіреді. Контейнерлік манифест жүк контейнерлерінің және көлік бірліктерінің атаулары тіркелген құжат. Оған жүкті контейнерге немесе көлік бірлігіне жауапты жақ жауапты болып табылады. Алдында көрсетілгендей, трампылық кеме қатынасы-жүзудің тұрақты аумақтарымен байланыссыз, кесте бойынша жүрмейтін кеме қатынасы болып табылады. Трампалық кеме қатынасында кемені пайдалану үшін фрахт келісімшартына (чартер) тұру керек. Фрахт келісімшарты кеме иесі (фрахттаушы) мен кемені жалға алушы арасында кемені немесе оның бір бөлігінің жүктерді тасымалдау үшін жалдау жөніндегі келісімшарт [5].

Әдебиеттер

1 Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие на казахском языке. Алматы: Қазақ университеті, 2004.

2 «Контейнерная транспортная система» - Л.А.Коган, Ю.Т.Козлов, М.Д.Ситник.: Транспорт 1991 ж. – 254С.

3 «Контейнерные перевозки на железнодорожном транспорте» - А.А.Абрамов, Учеб.пос. – М.: РГОТУПС, 2004 ж.

4 «Containerisation from the 1950s to the Present» - Frank Broeze, The Globalisation of the Oceans. International Maritime Economic History Association, 2002 ж.

5 Логинфо [Электронный ресурс] : журнал о логистике и бизнесе. / Электрон. журн. - "Логинфо" 1998-2010- Режим доступа к журн.: http://loginfo.ru//.

 

Калдыбеков С.У., Сейтимов С.А.

УЛУЧШЕНИЕ УСЛОВИЙ ПЕРЕВОЗКИ КОНТЕЙНЕРОВ

Резюме

В этом статьи предусмотрены условия и совершенствования условия перевозки грузов в контейнерах. При заключении договора учитывается предложения сторон.

Kaldybekov S.U.,  Seytimov S.A.

IMPROVING THE CONDITIONS OF CARRIAGE OF CONTAINERS

Summary

This article is about conditions and the improving of conditions of the containerization. While making conditions suggestions of parties are taken into consideration.