Айналым капиталын қолдану тиімділігіне банктік бақылаудың әсер етуі

Кенжибаева Ж.С. аға оқытушы, Нурмаганбетова Ж. магистрант

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.

 

Айналым капиталы - әрбір жедел айналым кезеңіне фирмалар мен компаниялар инвестиция құятын капитал болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл фирманың ағымдағы активтерге салған қаражаты. Айналым капиталы негізгі капитал сияқты кәсіпкерліктің дамуына байланысты құрылатын белгілі бір өндірістік қатынастарды білдіреді.

Айналым бойынша несиелендіру кезінде несие несиелендіру нысанының айналымын, қозғалысын бақылап отырады. Несие ресурстарын жұмсағанға дейінгі қарызгердің шығындарын төлейді. Қарыздың мөлшері оның объективті қажеттілігі жағынан өседі, ал өтейтін кезде де осы қажеттіліктің төмендеуіне байланысты болып келеді. Аталған әдіс қажеттіліктің төмендеуі немесе өсу мөлшеріне байланысты несиенің синхронды қозғалысы үздіксіз қалпына келтіретін процесс болып табылады.

Қалдық бойынша несиелендіру кезінде несие тауарлы-материалдық құндылықтар мен қарыз алуға деген қажеттілікті тудырған шығынмен өзара байланысты болады. Көбінесе қалдық бойынша несиелендіру, ереже бойынша, несиелендірудің ең аз нысандарын қамтиды, нысандардың бірін сауалдайды, ал бұл уақытта айналым бойынша несиелендіру жекелеген, жекеменшік емес, керісінше, жалпы несиелендіру нысанымен байланысты.

Өмірде айналым және қалдық бойынша несиелендіру бірге атала береді, сальдолық-айланым әдісі пайда болады. Несие бірінші деңгейде болғанда, қажеттілік туғанына байланысты беріле береді. Ал екінші кезеңде,  қатаң белгіленген мерзімде қарыз қайтарылатын болады. Олар жұмсалған ресурстар ауқымымен сәйкес келмеуі тиіс. Бірінші кезеңде несие  материалдық-тауарлық заттар айналымының бастапқы кезеңінде беріледі. Ал екінші кезеңде, клиенттің банктің алдындағы шұғыл міндеттерінің қалдықтары базасында қайтарылады.  

Несиені қайтару нақты механизмде өзінің бейнесін табатын экономикалық қатынастардың басқа да түрлерінен ерекшеленетін несие қатынасының негізін қалаушы құрамын ұсынады.  Бұл механизм бір жағынан алғанда, несиенің қайтарма  қозғалысының негізінде жатқан экономикалық процестерге сүйенсе, екінші жағынан – несие келісіміндегі алатын орындарына байланысты несие беруші мен қарызгердің құқықтық қатынастарына негізделеді.  

Несиені қайтарудың экономикалық негізін айналым мен қайта қалпына келтіру процесіне қатысушылардың айналым қорының, сондай-ақ, несиені іске қосу заңдары құрайды. Алайда несиені қайтарудың объективті экономикалық қаражаты осы процесті автоматтандыру болып табылмайды. Тек қозғалысты мақсатты түрде пайдалану ғана сақталып қалуын,  эквиваленттілігін және қайтарылған ақшаны сақтап қалады.  

Несие келісімінде екі субъект – несие беруші мен қарызгер қатысатындықтан, несиені қайтаруды ұйымдастыру механизмі осы процесті іске асыруда бұлардың әрқайсысының ролін есепке алады. 

Несие беру несие бере отырып, өз мүддесін қорғай отырып, несие процестерін ұйымдастырушы болып табылады.  Объективті экономикалық негіздерден көретініміз несие беруші қарыз алған ақшаны салатын саланы таңдайды, қарыздың сандық параметрлерін, оларды қайтару әдістерін, қайтарылған қарыздың толық әрі уакытында қайтаруға негізделген несие келісімінің шарттарына баса назар бөледі. Алайда, көрсетілген қаражаттың қайтару қозғалысы ақша нарығындағы жалпы экономикалық коньюктураны өз айналымында қолданатын қарызгердің несие қабілеттігіне байланысты болып келеді. 

Несие келісімі арқылы қарызгердің қарызды уақытында қайтару міндетін ұсынады. Нақты тәжірибе көрсеткендей, түрлі формалардағы міндеттердің бары кепіл мен уақытында қайтаруға деген кепілдікті білдірмейді. Экономикадағы инфляциялық процестердің тууы берілген қарыздың құнын төмендетіп жіберуі мүмкін. Ал қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы - несиені қайтару мерзімінің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да, банктердің халықаралық тәжірибесі бойынша несиені қайтару механизмін ойлап тапты. Оған төмендегілер кіреді: а) кіріске байланысты нақты қарызды қайтару тәртібі; б) несие келісіміндегі қарызды қайтару тәртібін заңды бекітіп алу; в) несие бағамының айналым қозғалысының уақытылы және нақты қамтамасыз етудің түрлі формасы.

Несиені қайтарудың формасы нақты ақшаның қабылдаушылығы мен жеткілікті мөлшерін банктің бақылауын ұйымдастыру, оны пайдалануға несие құқығын заңды рәсімдеу, бұрынғы қарыздарын уақытында қайтару болып табылатынын түсіну қажет. 

Егер де қарызды қайтару механизмі кірістің есебінен болса, және оны келісім шарттарымен бекітер болса, онда, ол несиені қайтарудың басты негізіне сүйенеді. Мұндай кепілдік қарыз қайтаратын уақыттың кешіктірілуі сияқты қауіптің алдын алу үшін жасалады.

Осылайша банк тәжірибесінде қарызды қайтару бірінші және екінші болып бөлінеді. Бірінші қаражат тауарды сатудан, қызмет көрсету немесе жеке тұлғаға келіп түсетін табыс болып табылады.

Несиені қайтаруда қаржылық жағынан тұрақты кәсіпкердің кірісі ғана нақты кепіл бола алады. Оларға жататындар: рентабельдігі жоғары және жеке капиталы бар кәсіпорындар. Мұндай кәсіпорындарда ақшалай қаражат жүйелі түрде келіп тұрады және де табыс түсетін саласындағы ақшалай қаражат ауқымы ұлғайып, жеке капитал да өседі. 

Банктің бірінші дәрежелі клиенті болып табылатын қаржылық жағынан тұрақты кәсіпорындар үшін несие келісім шартында бекітілген түсетін табыс есебінен қарызды қайтарудың заңды бекітулі жеткілікті болып саналады. Мұндай жағдайда, банк пен қарызгерджің арасында басқа ешқандай да кепілді ұсынбай-ақ, келісім жасауға болатын сенімді қарым-қатынас пайда болады.  

Тәжірибеде көбінесе табыстың уақытында түспеуі сияқты қауіпті жағдайы туындап жатады. Қауіп факторлары өндіріс процестері мен оларды жүзеге асыруға байланысты болып келеді. Өйткені сатып алушы есебі, нарық конъюктурасының, маусымдық ауытқулар үнемі болып тұрады.  

Бұл жағдайдың бәрінде де несиені қайтарудың қосымша кепілі міндетті түрде қажет болады. Ал ол екінші қаражатты қарастырады. Олардың санатына жататындар: мүлік кепілдігі мен құқығы, кепілдік  ен кепілділік, сақтандыру. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін көрсетілген формалар арнайы құжаттармен рәсімделеді. Олардың заңды күші болып, оны несие беруші міндеттерді орныдау мерзімі болған жағдайда қарызгердің қаражаты болмаса, онда, нақты бір тәртіппен алынатындай етіп бекітіледі. Қарызды жабудағы екінші қаражатты пайдалану қиын да ұзақ процесс болып табылады. Қарызды қайтарудың әрекетегі формаларының тиімділігі құқықтық механизмнің әрекетіне, тиісті жұмыскерлердің құқықтық және экономикалық сауаттылығына, төлеу міндеттерінің іскерлік нормаларын сақтауына қатысты болып  келеді. Банк үшін қарызды белгіленген мерзімде қайтару үшін кепілдік жүйесін құру Қазақстанда заңгерлер, банкирлер, бизнесмендердің нарықтық жағдайдағы жеткіліксіз тәжірибесіне, қарыз алушылардың тұрақсыз қаржылық жағдайына байланысты енгізілуде. 

Банк несиесін қайтаруды қамтамасыз ету үшін ең көп тараған форманың бірі клиенттің мүлкін кепілге алу. Мүлік кепілдігі екі жақ та қол қойған кепіл туралы келісім-шартпен рәсімделеді. Ол арқылы қарызгердің қарызды төлей алмай қалған жағдайында, несие беруші сол мүліктен қажетті соманы алуына құқық берілген.

Кепіл заттың нақты бағалау құнына дисконт (төмен түсіретін коэффициент пен заңдылық коэффициенті) қолданылады. Ол бағаланатын заттың түріне, аталмыш мүліктің нарығына байланысты құрылған оның техникалық және сапалық сипатына, кейін де жүзеге асыратын ұсынылатын мерзім мен басқа да белгілері – бағалау құнының сомасынан 0-ден 50 пайызға дейінгі мәнде қолданылу ұсынылады. 

Кепіл заттың бағалау құны міндетті түрде ұлттық валютада (теңге) және нақты валюталардың бірінде (АҚШ жоллары, неміс маркасы, және тағы басқалары – несиелендіру валютасы мен кепілге ұсынып жатқан кепіл ұсынған адамның жекеменшігін сатып алғанғады валюта ескеріледі) көрсетілуі тиіс. Бағалау күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курсы бойынша алынады. 

Инвестицияны сақтандыру мен несиені кепілмен қамтамасыз етудің үлкен мәні бар. Өйткені инвестиция көлемі осы факторларға байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиені кепілмен қамтамасыз ету бойынша және инвестициямен байланысты қауіптен сақтандыру институттарын дамыту қажет.  

Тәжірибеде несие алатын кезде оның қауіпсіздігі үшін кепілдікке қойылған мүлік заң жүзінде соңғысының меншігінде қалады. Несие қайтарылмаған жағдайда, кепілге қойылған мүліктің бірден банктің иелігіне өтетіні туралы келісім-шарт жасасқанымен, банк кепілге қойылған мүліктің кейін де сатылуы үшін оған заңды құқығын рәсімдеуі керек.  Бұл үшін банктің өкілі қарызгермен бірге нотариалды кеңсеге барып, қарызды қайтара алмаған жағдайда, мүліктің банк иелегіне өтетінін, өзінің одан бас тартатынын, сондай-ақ, сотсыз сатуға келісімін беретінін заң алдында растайды. Тек осыдан кейін ғана банк кепілдегі мүлікті сатуға шығара алады. 

Кез-келген жағдайда банк бағалаушыға анықталатын баға түрін дұрыс таңдау үшін мүлікті заңдастыратынын түсіну қажет. Яғни, бағалаушының іс-әрекеті банк, қарызгер немесе сақтандыру компаниясының қайсысына қауіп төнетініне қарамастан, несиелендіру процесінде қауіп дәрежесін төмендету болып табылады.  

Айналымдағы тауарларды кепілге берудің ерекшелігі, кепіл берушінің күнделікті коммерциялық операциялар өткізу кезіндегі әрекеттері ештеңеге тәуелді болмайтынында:  ол тауарларды, шикізатты, материалдарды сатуға, сатып алуға толық құқылы. Айналымдағы тауарлар, кепіл беруші басқа тәсілдермен сатқан не шеттеткен тауарлар,  сатып алушының қолына өткен сәттен бастап кепіл заты болуды тоқтатады, не, керісінше, кепіл берушінің кепіл туралы келісім-шартта көрсетілмеген тауарлар, оның меншік құқығы (шаруашылық басқару, жедел басқару) пайда болған сәттен кепіл затына айналады. Бұл сәтте кепіл берушінің иелігіндегі тауарлардың жалпы бағасы, кепіл туралы келісім-шартта қарастырылған бағаға сай болу талабы сақталуы қажет және олардың өтімділігі өзгермеу керек.

Кепіл берушіге кепіл заты болып табылатын айналымдағы тауарлардың есебін жүргізу міндеті жүктелген. Бұл үшін ол кепілдер арнайы кітабын ашу керек. Бұл кітапқа тауарлар кепілінің шарттары және соңғы операция күні мен тауарлардың өңделуін қосқанда, кепілге берілген тауарлардың табиғи фирмасы мен құрамының өзгеруіне әсер ететін барлық операциялар туралы жазбалар енгізіледі.

Кепілге айналымдағы тауарларды қабылдау міндеттемесін қамтамасыз етудің  тәуекелді әдісі болып табылады. Осыған байланысты айналымдағы тауарлар барлық кепілге берілген мүліктің 50 пайызынан аспау керек.

 

Пайдаланылған әдебитеттер тізімі

 

1. Ильясов С. Управление рисками со стороны банка – неотъемлемая часть кредитования предприятий. Бизнес и академия-2001.

            2. Лисак Б. Анализ кредитоспособности и платежеспособности заемщиков банка при потребительском кредитовании. Банки Казахстана. - 2003.