ТҰРАР
РЫСҚҰЛОВТЫҢ
ТАРИХИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ
ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ МАҢЫЗЫ
ОҚПУ, Шымкент
Тарих кафедрасының аға оқытушысы Шерімбаева Ж.Д.
XX
ғасырдың
алғашқы
онжылдықтарында
қазақ халқының
азаттық жолында күрескен зиялы азаматтарының бірі,
көрнекті перзенті, белгілі
қоғам және
мемлекет қайраткері. Тұрар
Рысқұлов XX ғасырдың алғашқы он
жылдықтарында
Қазақстан мен Түркістандағы аса ірі
саяси оқиғаларға
тікелей араласушы,
куәгері ғана емес, сол оқиғаларды зерделі зерттеу ой елегінен
өткізген
қоғамтанушы
ғалым, ең алдымен тарихшы болды. Сондықтан Т.
Рысқұловты аса белгілі қоғам және мемлекет
қайраткері ретінде
ғана емес, сонымен
қатар терең ойлы
тарихшы ретінде де танып,
білген жөн. Өзбек зерттеушілері Ш.З.Зиямов пен Р.А.Нуруллин
әділ көрсеткендей,
«Тұрар Рысқұловты кеңестік Орта Азиядағы бірінші
тарихшылар қатарына
жатқызуға болады» [1].
Тұрар
Рысқұловтың тарих
саласында қатысты еңбектерінің қатарына «Қазақстан», «Қырғызстан»,
«Түркістан –Сібір темір жол құрылысы туралы» т.б
еңбектерін
жатқызуымызға болады. Оның Қазақстан тарихын
жан-жақты талдап көрсететін еңбектерінің
біріне 1927 жылы жарық көрген «Қазақстан» кітабы жатады[2].
Т.Рысқұлов бұл кітабында
Қазақстан тарихын зерттеуді
көне заманнан бастайды.
Алайда Қазақстан
тарихын толық баяандап беру міндетін алға қоймайды.Оның нысаны
–Қазақстанның баяғыда
және берідегі өткен
тарихының аса күрделі,
кейде тіпті
қайшылығы мол
процесс болғанын көрсетуге
болады. Бұл ретте ол қазақ халқының өткен тарихын ғылыми тұрғыда,
обьективті түрде зерттеуге
тырысады.
Т.Рысқұлов
«Қазақстанның өткен тарихы» атты бөлімінде
қытай деректеріне
сүйене отырып, қазақтардың көне территориясын сақ,
ғұн, үйсін,
қаңлы, қыпшақ
сияқты тайпалар
мекендегенін айтады.
«Исаның тууынан 200 жыл бұрын
дейді ол, қазақ жерінде
усуния- үйсін деген
ел тұрыпты. Иса туғаннан
кейін 177-інші жылдар шамасында қазақ жерін ғұн нәсілі мекендеп, олар
батысқа қарай ойысқан. VII-ші ғасырда Алтайдан
ұйғыр келіп патшалық түзеген, мұнан
кейін қазақ жерін түрік
руларының бірінен
соң бірі келіп мекендеген»
-деп қазақ жерін кезекпен
мекендеген ел- жұрттарын көрсетеді[3].
Т.Рысқұлов қазақ халқының
шығу тегін, қазақ мемлекеттілігінің ғасырларға жалғасқан көмескі іздерін айқындап, кемел
тарихын жасауға үлес қосуға тырысты. Алайда,
дәлелді деректік құжаттардың табу қиындылығынан еңбегінде «Арғы жерге қазақ халқының қайдан шыққанын,
мекені қайда болып,
мұнда қайдан келгенін
тарих ашып айта алмайды»,- дей
келе, ерте және орта
ғасырда Қазақстан
аумағында туыстас түркі
халықтары құрған үлкенді кішілі
мемлекеттердің тарихын
білуде қытай дерегінен
басқа араб парсы деректерін
қолдана отырып, ескі
шежіреге де сүйену қажеттігін атап өтеді.
Т.Рысқұлов
қазақ-жоңғар қатынастары мен осы екі мемлекет
арасындағы көптеген жылдарға созылған соғыс
тарихы жөнінде зерттеу жүргізіп, өз пайымдауларын
қалдырған. XVIII ғасыр басында жоңғарлардың
қазақ жеріне шапқыншылығы «Ақтабан
шұбырынды» деген атпен әйгіленеді,дей келіп, Тұрар
Рысқұлов өз еңбегінде мынадай маңызды қорытынды
жасайды; XVIII ғасырдың әуелгі жарымында қазақ «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұламаны» бастан кешірді.
Қазақ-қазақ болып мұндай ауыр заманды көрген
емес. Нақ сол кезде ( 1723 жылы ) жоңғардың
Қалдан Серен деген ханы ( хонтайшысы ) Ұлы жүз бен Орта
жүзді келіп бағындырады. Кіші жүз бен Орта жүздің
бір бөлімін Әбілхайыр мен Семекелер бастап,
жоңғардың екпінінен қорқып, орыс қол астына
қарайды. Қазақты Әбілхайыр 1730 жылы орысқа
бағындырған екен. Міне, осы мезгілден бастап қазақ елі саясат
еркіндігінен айырылды дейді.
Т.Рысқұлов туысқан Қырғыз
халқының тарихына арнап
«Қырғызстан» атты кітап жазып, оны 1935 жылы Мәскеу қаласында жариялады.Сегіз
бөлімнен тұратын
бұл еңбегінде ол Қырғыз елінің
территориялық, географиялық
жағдайынан бастап,
халқының әдет –ғұрпын, дінін,
тайпалық және
рулық
құрылымын зерттеген.
Сонымен қатар Қырғызстанға Кеңес
өкіметінің орнауына, бұл өңірде XX ғасыр 20-30
жылдарында орын алған экономикалық, мәдени және
саяси өзгерістерге шолу жасаған. Қырғыз бен
қазақ халықтарының әдет–ғұрпы мен мәдениетінің ортақ белгілері мен өздеріне тән ерекшеліктерін көрсетуге талпыныс жасаған.
Т.Рысқұловтың тарихи зерттеу еңбектерінің бір шамасы
XIX –XX ғасыр
тоғысында қалыптасқан қазақ ұлттық
интеллегенциясының саяси
бағыттарын айқындау мен олардың іс- әрекетіне
баға беруге арналған.
Ол
ұлттық интеллегигенция қалыптасу жағдайына қарай екі топқа бөлінді
дейді.Өйткені, дейді ол,
«Зиялылардың өзі екі
түрлі тәрбие
алғандардан
құралды;бірі –орыс
мектептерінде оқып, орыс
тәрбиесін алғандар, екіншісі – мұсылман медреселерінде оқып , мұсылманша
тәрбие алғандар»[4].
Қорыта келгенде
Т.Рысқұловтың тарихи зерттеу
еңбектерінің басым
көпшілігі өзінің ғылыми – танымдық маңызын осы күнге дейін жоғалтқан жоқ. Сонымен
қатар ол жазған
зерттеулерінде келтірілетін көптеген мұрағаттық ,статистикалық ,
генеологиялық , этнографиялық
мәліметтер Қазақстан мен Орта Азия арғы-бергі тарихын зерттеуші бүгінгі ғалымдар үшін
аса құнды дерек көздері болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Зиямов Ш.С , Нуруллин Р.А. Турар Рыскулов
Общественные науки в Узбекистане. 1988 год
2. Рыскулов Т. Киргизстан . –Москва , 1935
год.
3. Рысқұлов. Т. Қазақстан . –Қызылорда ;
«Қазмембас» , 1927 жыл.
4. Рысқұлов. Т.
Қазақстан. Қызылорда. 1927 жыл