“История”. Общая история.
Ахметов
Талғат Рашидович
Ж.Елебеков атындағы эстрада
және цирк
колледжінің 2 кус студенті
Патшалық
Ресейде тарих пәнінің оқытылу тарихы
(ХIХ ғ. II – ші жартысы - ХХ ғасырдың басы).
ХIХ ғасырдың екінші жартысы -ХХ ғ. басында Ресей
мектептеріндегі тарихи білімнің, оның оқыту
әдістемесінің дамуына сол кездегі қалыптасқан тарихи
жағдайлар себепкер болды. Империяда үдей түскен қайта жаңғыртылу процестері осы кезеңде аса қарқындылықпен дамып келе жатқан тарихи
білімнің мәселелеріне түрлі
қоғамдық - саяси ойлардың
мүдделерін қорғаған
профессорлар мен
мұғалімдердің
ауқымды шеңбері
жұмылдырылды.
Тарихшы әрі педагог
И.И.Беллярминов гимназиялардағы
тарихты оқыту
деңгейіне толық сипаттама беріп, «Тарих сабағында уақыттың басым бөлігі мұғалімнің
әңгімелеуіне жіберіледі, ал
бұл кезде оқушылар еш
белсенділіксіз отырады.Көрнекіліктер жеткіліксіз, тарихты оқыту
әдісінің тәсілдерінде әр түрлілік жоқ, түсініктік аппарат қалыптаспаған, қазіргі заманның тапсырмаларына
менсінбеушілік басты кемшіліктерді құрайды», - десе/9/, профессор
Н.И.Кареев тарихты оқыту
мәселесіндегі
қанағаттанарлық емес
жағдайдың бел алуының басты себебі классикалық
гимназияның болуында екендігін[1] айтты. А.Д.Надеждин «Вестник воспитания» журналына
жариялаған мақалаларында
тарих ғылымында төмендегідей ұстанымдар орын тепкендігін айтты:«тарихты оқытуда өміртарих немесе жекелеген деректерге көңіл бөлу емес, жалпы процесті зерттеу негізге алынады.
Бұл өз кезегінде заман
талап ететін басты сұраныстарға әрдайым сай келе бермейді»[2]. Профессор
А.И.Яроцкий оқушылар
деректерді жүйелеуі
және талдап қорыта алуды
меңгерулері керектігін, мектептерде тарихты
оқытудың
жеңілдетілген және
жүйелендірілген
университеттік курстарын ендіру «ғылымның
бұрмалануына» әкеліп
соғатындығын атап көрсетті. И.М.Катаев болса оқушылардың миын керек емес деректермен
ашытпай, мектеп олардың ойлау
қабілеттерін дамыту бағытында әрекеттенуі жөн болатындығын дәлелдеп бақты. Профессор тарихи процесті жекелеген процестердің білдей бір торы ретінде қарастырды[3]. А.П.Павлов:
«тарихтың мектептік курсы
оқушылардың
«қоғамдық өмір мен қазіргі заманғы ақикат» жайлы түсініктерін дамытуы қажет» деді[4]. Бастауыш мектеп әдіскері Е.А.Звягинцев тарихи
курстың басты міндеті:
«оқушыларды өздерін қоршап тұрған ақиқатты танып білуге, адамзаттық
мәдениет пен бірлесе өмір сүрудің
құбылыстарын түсінуге баулу
және осыдан
шығатын тарихтың басты
мақсаты - өткен
күндер негізінде оқушылардың бүгінгіні түсінулерін
жеңілдету», - екендігіне
тоқталды
Қарастырып отырған
кезеңдегі Ресейдегі «Хронологиялық – биографиялық
құрылым» бойынша құрастырылған тарих оқулықтары екі топқа
бөлінген. Бірінші топқа жататынД.И. Иловайский, С.М.Соловьев,
С.Е.Рождественский, К.В. Еллатьевский,
П.Н.Полевский, И.В.Скварцов,
С.Е.Романовский, А. Я.
Ефименколардың
оқулықтары
негізінен үлкен тарихи
кезеңдерді қамтыған (XI-XII, XIII – XIV, XVI – XVIIғғ.). Олар Петрге дейінгі Ресейдің
мәдениеті мен саяси
құрылымын, әлеуметтік-экономикалық сипатын ашып көрсетті.
Оқулық авторлары тақырыпты
ашып көрсетуге жетерліктей материалдар
енгізгендерімен, оқушылар
олармен ірі тақырыптық бөлімді игергеннен кейін ғана таныса алатын еді.
Материалдардың бұлай орналасуы
мұғалімдердің
сыныппен жұмыс
жасауына қолайсыз еді.
Екінші топтағы - К.А.Иванов,
С.Ф.Платонов оқулықтарындағы Петрге дейінгі
кезеңдегі Ресей тарихының «ішкі жағдайы» жайлы
мәліметтер шағын
кезеңдердің саяси
тарихына үйлестіре жазылып, толық бір дәуір жайлы
түсінікті қалыптастырды[5].
«Жүйеленген жоспарлы»
оқулықтар қатарындағы
И.М. Катаев пен М.Н Коваленконың оқу құралдары
келесідей ретте жазылды:
·
саяси құрылысы;
·
қоғамдық құрылысы;
·
мәдениеті мен тұрмысы;
·
сыртқы қатынастар және территориялардың өзгеруі.
Әдіскер әрі жалпы және орыс тарихы бойынша оқу
басылымдарының авторы Н.А. Рожков
ұсынған классификация бойынша тарих оқулықтарының бәрі көлемі және қызметтік мүмкіндіктеріне қарай
үш топқа
бөлінді. Онда:
1-топқа –
хронологиялық даталар, аттар, оқиғалар, сипаттамалар,
анекдоттар енгізілген оқулықтар жатты. Бұл
оқулықтарда материалдар аса
көп берілгендіктен оқушылар
өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік алмады
және үй тапсырмасын орындауда
қиындықтарға кезікті.
2-топқа - сабақ нәтижесінде
алынған жалпы қорытындылардың түсінікті және
шағындалған баяндамасы,
жалпы оқиғаны көрнекілейтін және оларды
айқындайтын нақты фактілер берілген оқулықтар
жатты. Оқулықтың
мұғалім зертханалық
әдіспен жұмыс жасаған жағдайында таптырмас екендігі сөзсіз. Алайда,
тарихи материалдың конспектік
баяндамасындағы оқу басылымы есте сақтауға тым
ауыр болды.
3-топқа –
«мәтінде
қалыптастырылған
бірқатар картиналар мен бейнелер»
берілген оқулықтар жатты. Олардың талаптарына тарихи процестердің әр жақтарынан көркемділік
енді. Әдіскер Я.С. Кулжинский бұндай оқулықтар тарихты оқытуда ең пайдалы, ыңғайлы болып табылады,
өйткені олардың
құрамындағы
ақпараттарды оқушылар оңай, еш
қиындықсыз
меңгереді-деді.
Революцияға дейінгі
әдіскерлер
ұсынған
классификациялар 1911
жылға дейін болған мектеп
оқулықтары жайлы жалпы
түсінік ғана береді. Көріп отырғанымыздай, қарастырып отырған кезеңде оқулықтарды бағалауда және жүйелеуде бір ортақ талаптың,
бағыттың болмағанымен,
сынау үшін олардың
әдістемелік құрылымы
таңдалып алынды.
«О последовательности в изложении школьного исторического
курса» деп аталатын
мақаласында В.Н.
Бернадский материалды баяндаудың
екі нұсқасын атап көрсетеді. Оның пікірінше олар, XIX
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың
басында шыққан оқулықтарға тән:
1) шежірелік баяндау
тәрізді, ғылыми емес
«хронологизм»(революцияға дейінгі
көптеген оқулықтар);
материал жекелеген
княздіктердің, патшалықтардың сыртқы белгілері бойынша біріктірілді, ал
оқиғалар арасындағы
ішкі байланыстар болса ашылмай
қалып қоя берді;
тарихи процестер
түсіндірілмеді; тарих
беттеріне княздер, патшалар мен
қолбасшылардың
қайраткерліктері аса
әсерлі етіліп жазылды.
2) категориялар бойынша фактілерді топтаудың «ғылыми»
жүйесі (И.М. Катаевтың, М.Н. Коваленконың, М.Д. Присенковтың «жүйелі
жоспары»); нақты саяси тарих орнына қандай да бір
кезеңнің тарихи
дамудың жекелеген жақтарына абстрактілі сипаттама беріледі,
көптеген негізгі тақырыптар жіберіледі(Опричина,
дүрбелең және т.б.).
В.Н. Бернадскийдің қорытындылары келесідей: XX ғасырдың
басына дейін орыс тарихы бойынша
жоғары сыныптарға арналған
оқулықтарда
мектептік оқытуларды
«тарихи-заңнамалық мектеп»
немесе қандай да бір «буржуазиялық позитивизм» ретінде ғана
қалыптастыру
ұмтылыстары ғана болды.
Оның пікірінше, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың басында буржуазиялық тарихи
ғылымның
әлжуаздылығы бел алған.
П.Г.Виноградов, Н.И.Кареев,
Р.Ю.Виппер, С.Ф.Платоновтардың
«жаңа» және
Д.И.Иловайскийдің «ескірген», оқулықтарындағы
«Методика преподования истории в семилетней школе»[6] тарих курсы
құрылымын қарастыра келе Н.В. Андреевская мен В.Н.
Бернадскийлер «профессорлық»
оқулықтардың тарихи
материалды баяндау мен іріктеудегі педагогикалық артықшылықтарына аса назар
аударды, бұл
оқушылардың материалды механикалық жаттауына емес,
саналы түрде меңгеруіне ықпал ететін еді,алайда, бұл
оқулықтардың кемшіліктері меңгерудегі қиындықтары
емес, «ғылыми» болмаулықтарында дейді.
М.А. Зиновьев өзінің «Основные вопросы
методики преподования истории»[7] атты еңбегінде революцияға
дейінгі тарихты оқыту
әдістемесін қалыптасуды
сипаттай келе, тарихты оқытуда үш бағыттың
қалыптасуын жазды. Олардың әрбірі оқулықтардың анықталған белгілі бір тобына
жатқызылды.
Ресмилікті -сақтаушы
бағыттар Д.И.Иловайский, И.И.
Беляминов, С.Е. Рождественский, К.В. Еллатьевскийлердің
оқулықтарынан құралды.
Олардың басты ерекшеліктері ретінде діни-монархиялық мазмұндылығы,
авторлардың тарихи заңдылық идеяларын
басшылыққа алмаулары аталады.
XX ғасырдың басында, Ресейде
революциялық қозғалыс
ықпалымен
қалыптасқан
демократиялық
бағыт өкілдері
қатарына педагог-практиктер Н.А.
Рожков, М.Н. Коваленский, А.Я.
Ефименколар
жатқызылған.
Аталған авторлардың
оқулықтарының басты
артықшылықтары
тарихи процесті баяндауда жаңа ғылыми әдістің (қоғамның
экономикалық өмірін баяндауда, қоғамдық
күресті ашуға, мәдениетті
дамытуға аса назар аударылуы)
пайдаланылуы еді.
Н.А. Рожковтың
оқулығы Халық
ағарту Министрлігі тарапынан
қолдау таппады.
Оқулық – конспекті тарихшы-әдіскерлер мен мұғалімдер тарапынан
болған әдіснамалық
қатынаста жарамсыз деп танылды, өйткені нақты тарихи фактілердің қажетті
жиынтықтары, формулалары мен
қорытындылары оқушылардың
қабылдау қабілетіне
күрделі болып келетін еді[8].
Ф.П. Коровкин XIX ғасырдың 60-шы жылдарында Ресейлік мектептерде ресми-сақтаушы бағыттар
оқулықтарының таралуын Халық Ағарту Министрлігі тарапынан
болған әлсіз қамқорлықпен түсіндірді[9].
А.Н. Фукс XIX
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында
жарық көрген тарих
оқулықтарын
классификациялаудың келесідей
амалын ұсынды:
1. Д.И. Иловайский
мектебінің өкілдері
құрған
ресми-сақшы бағыт
оқулықтары;
2. В.О. Ключевскийдің
Мәскеулік мектебінің
өкілдері құрған
либераль-буржуазиялық бағыт оқулықтары;
3. С.Ф. Платоновтың
Петербургтік мектебінің
өкілдері
құрған
либераль-буржуазиялық бағыт оқулықтары;
4. Н.А. Рожков пен М.Н. Коваленскийдің
демократиялық бағыттағы оқулықтары[10].
XX ғасырдың
басында орыс тарихы гимназияға
енгізілді, Д.Иловайскидің оқулығы орнына жаңа оқулықтар
шықты, әсіресе К.К.
Ивановтың оқулығы беделге ие болды. Әдістеме жетіле
түсті. Көрнекі құралдар жасала бастады: карта,
түрлі-түсті суреттер. Ірі қалаларда тарихи орындарға,
мұражайларға экскурсия жасау басталды, бұл жұмыс
әсіресе Петербург пен
Мәскеуде кең өріс алды.
Д.А.Жаринов пен Н.М. Никольскийдің «Белое вокруг нас» деген
оқу кітабы 1912 жылы баспадан шықты. Ол орыс тарихына
қатысты жетілдіре зерттеле жазылған оқулық
еді.
Бұл жылдары тарихты
оқыту пәнінің
мазмұны, оны оқыту міндеттері, құралдары мен
әдістері туралы біраз
әдебиеттер жарық
көріп, түрлі пікірталастар мектепте тарихи білім
берудің жақсаруына
әсер етті. А.
Кролюнскийдің «Опыт методики
элементарного курса истории» деген жинақ кітабында материалдарды
түсініп, меңгеруге, ұғымдарды
қалыптастыруға үлкен мән берілді. XX ғасыр басында жарыққа
шыққан әдістемелік
әдебиеттер – кітаптардың бірі Н.П. Покотилоның «Практическое
руководство для начинающего преподавателя историка» болды. Ол «Мұғалім жұмысы»,
«Оқушы жұмысы» деген екі
бөлімнен тұрды.
Бірақ
оқушылардың
өздік жұмысына
көп орын берілмеді, тек тарихи әдебиеттер оқу,
жазбаша, ауызша реферат дайындау ғана ұсынылды. Кітаптың
қосымшасында тарих оқулықтарына талдау жасалған тарихи,
әдістемелік әдетізімі берілген[11].
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Ушмаева
А.В., Историческое образование как объект исследования- Москва,2005г.
2.Фишев А.В., Методика обучения истории - Екатеринбург,
2003г.
3. 2-сілтемені қараңыз.
4.
1-сілтемені қараңыз.
5.
1-сілтемені қараңыз.
6. Д.И.
Иловайский. «Методика преподования
истории в семилетней школе» Москва,
1977, 164 б.
7. М.А. Зиновьев.
«Основные вопросы методики преподования истории», Москва, 1971
г.
8. Историческая наука и историческое образование на рубеже XX-XXI
столетий.:Четвертые всероссийские историко-педагогические чтения, Екатеринбург:
УрГПУ, Банк культурной информации, 2000г.
9. Вяземский Е. Е.,Стрелова О. Ю. Теория и методика
преподавания истории: Учеб.для студ. высш. учеб. заведений. – М.: ВЛАДОС, 2003.
– 384 с.
10.Фишев А.В.,
Методика обучения истории - Екатеринбург, 2003г.
11.Бернадский В.Н.,О
последовательности в изложении школьного
исторического курса//Ученые
записи ЛГПИ им. А.И. Герцена. – Ленинград, 1941. Т. 37. С. 5-25.