ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ КАЛЛИГРАФИЯ 

Б.Джанзакова магистр-оқытушы, Г.Абдуллаева оқытушы

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

 

РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматривается развитие истории искусства и религии и их взаимосвязь

 

SUMMARY

         The article deals with the development of art history and religion and their interconnection

 

     Дін мен өнердің бір-біріне ұқсастығы олардың сезімдік-бағалық табиғатының танымдық-акпараттық табиғатынан басымдылығында. Өнер мен діннің; ұзақ тарихи дамуы мен өзара байланысы барысында, әрбір әлемдік дінде соның жүйесінде басым дамыған өнер түрлері қалыптасты. Мысалы, буддизм үшін мүсіндеу өнері мен әшекей-безендіру қолөнері, ислам үшін сәулет өнері мен қолөнерікаллиграфияхристиан діні үшін бейнелеу өнерімүсін өнері және т.б. тән.

      Ислам дініндеҚұдай тұрмақ, Құдай жаратқан пендені, хайуан-мақұлықты бейнелеуге тыйым салынады. Кемелділік бір Құдайға ғана тән қасиет болса, сол кемелдің қолынан жаратылған әлемді жұмыр басты пенденің қайталау мүмкіндігі жоқ деп есептелінеді. Бұл тыйым, бір жағынан, халықты толығымен пұтқа табынушылықтан бездірудің жолы болған. Екінші жағынан, Құдайды оймен, ақылмен, рухпен ғана пікірі дұрыс деп білген. Соның нәтижесінде бейнелеу өнері ислам өркениетінде саналы түрде қалыптаспады. Оның есесіне сәулет өнеріқолөнерібезендірушілік ою-өрнеккаллиграфия керемет дамыды.                                                                                        Каллиграфия — әсем жазу, нақышты жазу өнері жазуды әсемдік объектісіне айналдырды. Ислам әлемінде жазу заттар жүйесінің ішінде үшінші орында тұрады. Егер бірінші болып ақыл-ойдағы идеялар, екінші болып сол идеялардың тілде сөз арқылы көрініс табуы тұрса, үшінші болып сөздің тұрақты кейіпке айналуы жазу тұр. Сөз өнерінің исламда маңызды орын алғандығына араб-парсы классикалық поэзиясының ғажайып үлгілері куә.

        Мұсылман каллиграфиясы – бейнелеу өнерінің жоғары жетістігі ретінде қабылданып, көркем сурет жанрында ерекше орын алды. Ерте заманнан бері мұсылмандар каллиграфияны «көркем өнердің ең озығы» деп таныған. Каллиграфия немесе әсемдеп хат жазу үлгісі Ислам діні дамытқан өнер түрлерінің арасында ерекше орын алды. Каллиграфияға көңіл бөлу Құран аяттарына деген құрметтен туындаған. Құран Кәрімді көшіріп жазу қажетті шара болса, аяттарды барынша әсемдеп жазу Аллаһтың разылығына бөлейтін сауапты амал болып саналған. Дініміз тірі жаратылысты салуға тыйым салғандықтан, мұсылмандардың көркем өнерге деген құштарлығы жансыз әрі пішінсіз бейнелеу өнерімен шұғылдану арқылы шешім тапты. Бұл өз кезегінде діни талаптарға сай болумен қатар, адам бойындағы сұлулыққа, әсемдікке деген әуестік пен құштарлықты да қанағаттандыра алды. Исламға тән абстрактілі ойлау каллиграфия өнерінде өз көрінісін тапты деуге болады.
            Араб әріптерімен әдемі жазу үлгісі «хат» немесе «хутут» деп аталады. Тарихи бастауы негізінен
VI және X ғасырларға тән арабша «хат» деген сөз «сызық» деген мағынаны білдірді. Араб каллиграфиясы пайда болған тұста 6 түрлі жазу түрі болған. «Ситта» (алты) деп аталған олар «Куфи», «Тауқи», «Сулус», «Райхани», «Насих», «Риқа» деп бөлінген. Бұлардың біразы бұрышты, біразы дөңгелек жазулар. Куфи бұрыштыға жатады. Нәсих, сулус, риқа, тәуқи, томар, мухаққақ, ғубарилар дөңгелек жазуларға жатады. 
Аймақтарға негізделген жазуларға Мағриби (Кайреуани, Андулуси, Фаси, Мағриби, Судани), Талик (Талик, Нәсталик, Дивани, Шикесте, Дивани Жели), Қиыр шығыс (Сини, Жави) жатады.
 
Ирандықтар ойлап тапқан таликтан басқа көптеген жазу түрлері бар. Бұлардың бірқатары кең тарамаған, бірқатары белгілі салаларда қолданылған. Мәселен, түріктер дамытқан дивани жазу түрі тек қана Диваны Хумаюнжа жазылған маңызды құжаттарда, ал жазылуы мен оқылуы арнайы білімді талап ететін «Сияқат» болса іс қағаздарда пайдаланылған. Жеңіл жазылатындықтан күнделікті тұрмыста кең тараған «Риқа» болса
XXI ғасырда көркем жазу үлгісіне айналған. Бұл Риқа мен алты жазу түрінің біріне жататын Риқаны бір бірімен шатастыруға болмайды. 
Жазулар көлемінің ірілі ұсақтығына қарай түрлі атауларға ие. Қабырғаларға ілінетін тақталар мен кілемшелерде, мешіт, мазар секілді діни кесенелер мен күмбез жазуларында, кесенелерде және алыстан оқылатын жазулар «жәли» (ірі жазу) деп аталды. Көбіне көп сүліс пен талик жазуының жәлисі қолданылады. Әдепкіде ұсақ жазулар «Хүррә», көзге түсуі тіптен қиын жазулар «ғубари» (шаң) деп аталады.
 
            Жазу өнерінде қолданылатын құрал қалам. Каллиграфия өнерінде қалам ретінде көбіне қамыс қолданылған. Қамыстың ұшы жазатын жазудың қалыңдығына қарай арнайы бәкімен ұшталады. Ірі (жәли) жазулар болса ағаштан жасалған қалың ұшты қаламдармен жазылады. Өте жіңішке жазуларға темір ұштар да қолданылған. Жазу өнерінде қолданылған сиясауыт та арнайы әзірленеді. Сұйық әрі майлы заттан тұратын бұл сия құйып жазатындықтан қате жазып қойған тұста өшіру оңай. Каллиграфия өнерінде қолданылатын қағаздар да ерекше. Сияны тым сорып алып жайып жібермеу үшін қағаз бетіне қаламның тез жүруін жеңілдететін ахар деп аталатын зат жағылады. Мұсылман калиграфиясы аяттарды жазумен шектеліп қалмай, кейіннен сәулет өнеріне де сіңді. Ескерткіш, ғимараттардың қабырғаларын мағыналы өлең жолдарымен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерімен сәндеген бұл жазулар шығыс сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігіне айналды.

      Араб каллиграфиясы орнаментке жанаса отырып, ерекше әсер береді. Каллиграфия өнері, бір жағынан қасиеттілігі үшін, екінші жағынан аса көркемділігі, яғни эстетикалылығы үшін өте жоғары бағаланды. Каллиграфтар келе келе жазудың небір жаңа әдістерін ойлап таба берді. Каллиграфия исламдағы қасиетті визуалды өнер әсемдік әрі сәндік рөл атқарды.
            Каллиграфия араб мұсылман мәдениетіндегі сәулет өнерінде мәтінді жеткізу тәсілі ретінде және жай сәндеу құралы ретінде қолданылды. Сәулетшілер сарайлар мен мешіттердің қабырғаларын араб жазуымен, стильге келтірілген гүлдер мен геометриялық өрнектермен көмкеріп отырды. Бұл басқа мәдениеттерге ұқсамайтын сол заманның озық үлгілерін тудырды. Мысалы, Тәж Махал, Стамбулдағы Көгілдір мешіт, Самарқанд, Исфаһан мешіттері, Гранадағы Альгамра сарайы, Кордова сарайлары мен мешіттері
, Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи мешіті.

      Қазақстан аумағында ықылым замандардың өзінде дамыған өркениет болғанын дәлелдейтін 25000 ескерткіштің негізгілерінің бірі - Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі. Ол - XIV ғасырдан келе жатқан, сәулет өнерінде кездесе бермейтін бірегей туынды, өшпес тарих. Ол ғимарат кесене ретінде Әмір Темірдің бұйрығымен Шәйх Ахмет Йассауидің мазарының үстіне тұрғызылған. 
         Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің сырты мен ішіндегі және онда сақталған заттардағы араб әріптерімен жазылған хуснихат аса шеберлікпен орындалған. Ол жазулардың тарихи, терең философиялық, моралдық мәні бар. 
        ХІХ ғасырдың соңынан бастап бұл ғимаратқа алдыңғы қатарлы зерттеуші ғалымдар назар аудара бастады. Олар кесенедегі және онда сақталған тарихи жәдігерлердегі араб каллиграфикасына тереңірек үңілді. Дегенмен, Б.Т.Тұяқбаевадан басқа ғалымдар кесенедегі және онда сақталған заттардағы жазулардың кейбір бөлігін ғана оқыған. 
Осы орайда ғалымдардың назарынан тыс қалып қойған жайттар көп кездеседі. Мысалы, кесененің шығыс қасбетінің оңтүстік мұнарамен шектесетін жағында құрылысшының аты-жөні мен құрылыстың аяқталған жылы сөзбен жазылған. Мәтіннің тілі - арабша. Ол жазудағы құрылысшының аты-жөнін ғалым П.Н.Ахмеров аудармасында «Хаджи Хусейнь Ширазский» деп берген. Кесене жазуларын қайта қарағанда  Сайпулла Молдақанағатұлы («Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының ғылыми қызметкері) ол мәтінді: «Шираздық Күрді Құл Қажы Хасан жасады» - деп оқыған. Массон М.Е. бұл жазуды «Хаджа Хасан родом из Шираза» деп берсе, Ә.Дербісалиев өз кітабында «бұл ескерткіштің шебері, сәулеткері Худжа Хасан Ширази» деп көрсеткен. 
Бұл мәтінге байланысты Б.Тұяқбаева: «Сделал раб божий Хаджи Хасан каллиграф из Шираза» деп аударған. Ғалым бұл мәтіндегі бұрынғы зерттеушілердің назарынан тыс қалып қойған бір сөзді ßÊÈÉ деп оқып «каллиграф» деп аударған.

       Кесененің батыс фасад қабырғасына ерекше сән беріп тұрған куфа қолтаңбасымен жазылған араб каллиграфтарының жазуы бар. Олар сәнді өрнектер ғана емес, мән-мағынаға толы сөздер жиынтығы. Онда араб тілінде таңбаланған. Негізінде ол сөйлем «Раббым - Алла, Пайғамбарым - Мұхаммед» деп аударылады.

       Солтүстік портал ойығының ішкі доғалы қабырғасындағы жазуларды екі қатар каллиграфикалық композиция құрайды. Біріншісі - негізгі жазу, үлкен әріптермен монументальды куфа қолтаңбасымен жазылған. Әріптердің ені үш бояулы қаптама кірпіш көлемінде, ортаңғы кірпіштер ақ түсті, екі шетіндегі кірпіштер қою көк түсті. Жазуда Пайғамбардың (ғ.с) хадисі келтірілген. Екінші мәтін куфа қолтаңбасымен, ашық көк түсті кірпіштер арқылы негізгі мәтіннің үстіне асқан шеберлікпен жазылған. Мәтіннің парсы тілінде екенін, мазмұндық жағынан Пайғамбарымыздың (ғ.с) сүйікті жанұя мүшелеріне, ұрпақтарына қатысты екені анықталған, қазақ тіліндегі мағынасы: «Мұхаммедтің жанұясының мүшелері: Әли мен Фатима, Хасан мен Хусайын екендігі даусыз, рас.

           Кесенеде сақталған заттардағы жазулардың басым бөлігін тайқазаннан және шырағдандардан көруге болады. Массон тайқазандағы жазулардың тарихи деталдарына баса назар аударған. Өйткені тайқазанның сыртқы бетіндегі бірінші қатарда жазылған Құран Кәрімдегі 9-сүренің 19-аятынан алынған үзінді еңбегінде кездеспейді. Ол аят: «Аса мәртебелі, Киелі Алла айтты» деген кіріспе сөзбен басталып «Хажыға барғандарды сумен қамсыз етуді, Құтты мешітті жөндеуді» деген сөзбен аяқталып, бұл сөздің аят екенін, аяттың аяқталғанын «ал-аят» деген ишара сөзбен бекіткен. Одан кейін Пайғамбардың (с.а.у) хадисі жалғасады.

             Каллиграфияның сан алуан түрлерімен көмкерілген Ислам елдерінің өнерінде көптеген тенденциялар біріккен: бұл грек, рим мәдениеттерінің дәстүрлері, бұл кешегі бәдәуилер мәдениеті мен Иран мәдениеті, Ирак, Сирия, Египет, Ауғанстан, Орта Азия мемлекеттерінің нақыштары. Мешіт, мұнаралары алыстан көз тартатын әдемі қалалар, сарайлар өз стилдерімен ерекшеленді. Жолаушылардың сапарда жолында дамылдауына қолайлы алып керуен сарайлар әдемі ою өрнекпен көмкерілді. Мешіттердің ішкі жағына кілем секілді етіп, әдемі ою-нақыштар салынды. Осы күнге дейін сақталған қала сыртындағы қаланың дәулетті тұрғындары тұратын елді мекендер тек бекем қабырғаларымен ғана емес, әдемі жазбаларымен, әшекейлілігімен тамсандырған керуенсарайларды қалыптастырды. Әдемі ғимараттармен қатар су көздері салынып, неше түрлі субұрқақтар әлемді тамсандырды. 
         Араб мұсылман мәдениетінде еуропалық және антикалық түсініктегі пластикалық өнер түрлері бейнелеу мен мүсін өнерінің дамуына себепкер бола алмады, есесіне олар кез келген ойды орнаментті, абстракті түрде бейнеледі. Басқаша айтқанда, араб мұсылман мәдениетінде пластикалық өнердің орнын каллиграфия мен миниатюралық көркем бейне басты. Каллиграфия өнері жазудың қасиеттілігіне орай Ислам әлемінде құрметті саналып, каллиграфтардың өз «академиялары» болды және олар үлкен құрметке бөленіп отырды.
 
         Әдемі жазумен айналысатын адам «хаттат» деп аталады. Әбу Әли ибн Муқла, Әбул Хасан Әли ибн Хилал, Яқут әл Мустасими атақты хаттаттар қатарына жатқан. Хаттаттар ғасырлардан бері шебердің шәкіртке үйретуімен жалғасып келген. Хат өнерін үйренгісі келген адам бір хаттаттан сабақ алуы тиіс. Бастапқыда қолды үйретуді әріптердің жеке-жеке жазылуын үйренуден бастайды, әріптердің біріккен түрін, сөздер мен сөз тіркестері мен толықтай жазу түрлері үйренумен жалғасын табады. Орташа бес жылға жалғасқан бұл үйренуден кейін хаттатқа үміткер екі, не үш хаттаттың алдында жазу жазып сынақ тапсырады. Жазуды ұнатқан жағдайда Хаттаттар соның астына қолдарын қояды. Бұған рұқсат қағазы секілді арнайы сертификат (ижазатнамә) беріледі. Ижазатнамә алмаған адам хаттат болып саналмайды. Ондай адам жазудың астына атын қоя алмаған.

 

 

 

 

 

1.Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет