Даулетбекова Б. –Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, аға оқытушы

Ануарова А..-«Бастауыш оқыту педагогикасы

мен әдістемесі» мамандығы, 2-курс студенті

Қазақстан Республикасы, Түркістан қ.

 

 

Отбасы-тәрбие бастауы

Семья начало воспитания

 

        Тәрбие-мәнгілік және адамзаттық мәселе. Тәрбие-қоғамдық құбылыс. Білім мен тәрбие егіз. Тәрбие-отбасымен басталады деген сияқты тәрбие туралы қағидалар күнделікті тұрмыста күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Бұл ерекшеліктер ғұмырдан ғұмырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырады. Қазіргі даму заманында қазақ жастарының тәрбиесі, ата-ана және қоғам,ұстаздары қосылатын жоғарғы талап, өйткені талантты талғаммен жол ұштастыра алатын ұстаз ғана бала жүрегіне жол тауып,шәкірттерді алға жетелері анық.. Сол ұрпаққа беретін ең жоғары қасиеттердің бірі- рухани адамгершілік тәрбиесі [1].

         Тәрбие табалдырықтан дегендей бастауыш сыныпта алғаш рет мектепке келген күннен бастап,білім мен тәрбие қатар беріледі. Баланың өз ата-анасы на мейірімділігі сияқты, ұстазына деген сүйіспеншілігі мен баланың махаббаты шексіз болуы тиіс [2].  

          Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі, баланың бір-бірімен достасуы, араласуы, сөйлесуі тіршілікті сақтайды.   Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді десе, ал  ғылым  Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек,  тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қос жауы. Ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» -дегені де мәлім. Жастар – біздің болашағымыз. Қазіргі мектеп бала-ертеңгі қоғам қайраткері, егеменді еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің, болашағын дамытатын еркін елдің еркін ұланы.

         Демек, білім бере отырып, оқушыларымыздың бойына тұлғаның дамуының қалыптасуына бағыт –бағдар беретін қазіргі біз ұстаздар қауымы. Сыр бойында дүлділ батырлар ,жыраулар,сүлейлер және суырлы салма ақындар өткен. Өзіміздің жерлесіміз Манап Көкенов, Адырбек Сопыбеков, Дүкенбай Досжанов сияқты ақындарымыздың өлең-жырларын сусындап, тәлім-тәрбие алып өстік.

          «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілерсің»,  «Сүттен біткен мінез сүйекпен» деген мақалдарды ескере отырып, жастарды    «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетіп, иіліп сәлем беруін әрқашан еске салып отырғанымыз қажет.

  Жастардың тәрбиелі болу- өз ортасына да байланысты. «Өтіріктің  қадамы-бір тұтам»   бастауыш сыныптан бастап шыншылдыққа, ұйымшылдыққа, мейірім мен және көпшіл болуға тәрбиелеуміз кажет [3]

         ҚР Президент Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Жаhандық және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайында  қазақстандықтар адам дамуының басты салалары, саналы білім мен сапалы тәрбие»  мәселелері адамзаттық борышымыз екендігін атап көрсеткен.

         Тәрбие - ауқымы өте кең ұғым. Әл-Фараби атамыз айтқандай,                «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы  жақсы мінез-   құлқына байланысты».

         « Ақыл- тон андағанға тозбайтұғын,

          Білім - кен қанша болса азбайтұғын.

          Қатарың оза шауып бара жатса,

         Арқаның ауруы не қозбайтұғын» - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай біліммен жастарымызды қаруландырумыз қажет [4]

     Яғни,  болашақ жастарымыз адамгершіліктен нәр алып, мейірім шуағына сусындап ата дәстүрімен қуаттанып, мінезге бай, тәлім- тәрбиені, көрегенді болса, бақытты болармыз хақ.. Бақытты, білімді, балаларды тәрбиелей білейік дегім келеді.                                                                                                                                                        

 

                        Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1     Адамгершiлiк сабақтары. Оқу құралы. –Алматы: Бiлiм,  2001. (С.Қалиевпен авторлық бірлестікте).

2     Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін  дамытудың педагогикалық негiздерi. Оқу құралы.  –Алматы: Бiлiм, 2001. (Авторлық бірлестікте)..

3    Оқушылардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру. //Қоғам және адам денсаулығы проблемалары: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясында өткен ғылыми-практикалық конференция материалдары.  –Алматы: 1998.

4    Ұрпақ тәрбиесіндегі ізгілік және ізгілендіру үрдісінің мәселелері.  //Қазақстандағы экономикалық бiлiм берудiң ғылыми-теориялық негiздерi: республикалық ғылыми-практикалық конференция.  - Ақтау: 12-13 май. 2003.  (Г.Көшербаева, Қ.Базарбаевамен авторлық бірлестікте)