АҚПАРАТТАНУ МӘДЕНИЕТІ ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА
ОҚПУ., Тарих
магистрі.
аға оқытушы
Турумбетова Г.А.,
Қазіргі
еліміздің даму қарқыны мемлекет құрылысының
барлық салаларына әсер етуде. Студенттердің жаңа
тұрғыда дүниетанымдық көзқарасын байыту,
ақыл-ой өрісін жетілдіру, өзіндік ойлау және
өмірлік ұстанымын қалыптастыру мектеп
ұстаздарының шеберлігіне, шығармашылық білімділігіне
байланысты.
Ендеше,
қазіргі өркениетпен ғылыми-техникалық
революцияның қарыштап дамуы, Елбасы жолдауындағы мемлекет
мәртебесінің дүниежүзілік додада көш ілгері
болып, мемлекетті басқарудың электронды жүйесін біртіндеп
іске асыру өмір талабы деп түсінсек, тарих пәнін
оқытуда ақпараттану құралдарының алатын орны
ерекше.[1]
Оқытудың
компьютерлік технологиясын мақсаты – ақпаратпен жұмыс істей
білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту,
«ақпараттық қоғамға» түбегейлі
бетбұрыс жасау. Оқушылардың танымдық
мүмкіншілігін өсіреді.
1.
Оқыту
үрдісіне оқушының өзінің қатысуы,
оның ойлау қабілеті мен ынтасын арттырады.
2.
Оқушыны
өмірдегі тарихи құбылыстарды, оқиғаларды
өзінше бағалауға, талдауға бейімдейді.
Тарих сабақтарында
көрнекі құралсыз оқушыларды сабаққа
ынталандыру, олардың алған білімдерінің тиянақты,
баянды болуы қиын.[2]
Ақпараттық
мәдениетін көтеру үшін, әрбір пән
сабақтарында компьютерді қолдануды жолға қою керек.
а)Тарих сабақтарында аудио- бейне
материалдарды пайдалану.
Техникалық
құралдарды (компьютер, кодоскоп, эпилиаскоп, аудио- бейне фильм,
кино) сабақта пайдалану уақыты үнемдеуге және сол
сабаққа байланысты көп нәрсені
ұқтыруға, практикалық жұмыстарды көбірек
жүргізуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі (жазба) деректермен
қатар фото, аудио-бейне фильмдер ретроспективті ақпараттарды
жеткізеді, осы тұрғыдан да шын мәнінде
оқиғаны,
құбылысты тануда басты қызмет атқарады.
б)Электронды
оқулықты пайдалану.
Үшінші
мыңжылдықтың басында көптеген елдерде орын алып
отырған ғаламдық өзгерістер – мемлекеттердің
жаңа дәуірде, қоғамдық өмірлік негізін
ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
коммуникациялық технологиялар құрайтын ақпараттық
кезеңге қадам бастық. Білім саласында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдаланбай, мемлекеттердің
ғаламдастыру және тұрақты өркениеттік даму
жолымен алға басуы мүмкін
емес.
Мемлекеттік
білім бағдарламасында көрсетілген қашықтан оқыту
жүйесін қалыптастыру және оқушылардың білім
сапасын көрсету негізгі мақсат
болып табылады. («Білім бағдарламасы») 2005-2010 жж. [3]
Материалдық
мәтін, сурет, карталар, қосымша түсініктерге болатын
сілтемелер берілгендігі, оның дәстүрлі оқулықтан
ерекшелігін көрсетеді.
Электронды
технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен
тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі
болып табылады:
-
өзіндік
тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі;
-
бақылау
формалары : толықтыруды қажет ететін тестілер;
-
балама жауаптары
бар тестілер (шешім дұрыс немесе дұрыс емес «иә»,
«жоқ»);
-
таңдаламалы
тесті (бірнеше жауаптардың дұрысы таңдалынады);
-
диктант ретінде
құрастырылған тесті (мәтін арқылы оқытып
отырған жағдайда керекті сөз қойылып отырады);
-
сәйкестілік
тесті (өзара байланысқан фактілерді табуға
құрылған);
Электрондық
орта оқушылардың эксперименттік бейімділігін,
құрылымдық ойлау қабілетін қалыптастыра алады,
мұның бәрі білім алудың шығармашылық сипат
алуына бейімдейді.[4]
Отандық
тарихқа қазіргідей қоғамдық
қызығушылықтың артуымен оң белестерін ой елегінен қайта өткізу
қажеттігі және тарихи
оқиғалардың, фактілердің түрлі
көзқарастағы, бағыттағы ғалымдар тарапынан
сан-саққа жүгіртіліп баяндалуы, ғаламдық
ақпараттану дәстүрлі оқулықтармен қазіргі
электронды оқу құралдарын жасау күн тәртібіне
өткір мәселе етіп қойылды. Электронды
оқулықтардың мынадай артықшылықтары бар.
1)
Студенттің
танымдық мүмкіндігін кеңейте түседі.
2)
ЭлектрФондық
оқулық білімді есте сақтауға жақсы әсер
етеді. Оқыту үрдісінде студенттің өзінің
қатысуы оның ойлау қабілеті мен оқуға деген
ынтасын арттырады.
3)
Студентті тарихи
құбылыстарды, оқиғаларды өзінше талдауға,
баға беруге үйретеді.[5]
Оқулықтар
мазмұнының негізгі арқауы соңғы жылдардағы
ғылыми жетістіктер. Студенттердің ақпараттық
мәдениетін көтеру үшін әрбір пән
сабақтарында компьютерді қолдануды жолға қою керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
2.
Бұзаубақов
Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. А., Жазушы, 2004.
3.
Қазақ
тарихы журнал. № 1
2005.
4.
Қазақстан
тарихы. Єдістемелік журнал №10 2005
5.
Қазақ
тарихы журнал № 3 2005.