Технология пәнінде мектеп
оқушыларының
шығармашылық іс-
әрекеттерін қалыптастыру
Жунисова Н.А.
Қ.А. Ясауи
атындағы ХҚТУ-ң магистр-оқытушысы
Қазақстан
Республикасы, ОҚО,
Түркістан
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында
"Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді акпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одағы әрі дамыту міндеттері көзделеді [1].
Әр мемлекеттің
интеллектуалды, экономикалық, әлеуметтік және рухани –
мәдени потенциалы оның инновациялық қызметінің
өркендеуі, қоғамның тәлім-тәрбие беру
жәй-күйімен қатар оның прогрессивті даму
мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.
Бұл мәселенің аса маңызды екенін сезіну
үшін Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық
бағдарламада тәлім-тәрбие беру саласына мемлекеттік
мәні бар жеке басымдық беру қажеттілігін және
көтерудің алғы шартын атап көрсеткен болатын [2].
Қазақстан Республикасының бүгінгі де,
болашақтағы да кемелділігі, өркендеуі, рухы биік
ұрпақ тәрбиесін жандандыру міндеттерінің тиімді
шешілуіне оның прогресіне тәуелді екендігін Елбасы
өзінің соңғы халыққа жолдауында да атап
көрсетті. Осы ретте, яғни ұрпақ
тәлім-тәрбиесін дамыту бағытында соңғы кезде
мемлекет тарапынан игі қадамдар жасала бастады. Бұл міндеттерді
шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы
барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттігі туындайды. Бүгінгі таңдағы еңбек
мазмұны оның интенсивті дәрежесімен ғана
өлшенбейді, сонымен бірге шығармашылық деңгейінің
пайда болуымен өлшенеді. Еңбек бағасы да, еңбеккер де
өзгеруде, қоғам мәнінің басым бөлігін
шығармашылық еңбек, яғни шығармашылықпен
жұмыс жасаушы адам иеленеді.
Балалардың шығармашылық
іс-әрекетін анықтауға екі: педагогикалық және
психологиялық көзқарас бар. Педагогтар
оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін тек қана
оларды әр түрлі көркем өнермен таныстыруға,
қабілетін дамытуға бағытталған қызмет
түрінде ғана емес сондай-ақ еңбекке тәрбиелеу мен
технологиялық білім берудің тиімді тәсілдері ретінде
қарастырады. Психологтар оқушылардың шығармашылық
іс-әрекетінде анықталған белгілі шығармашылық
түрінің, қабілетінің өз уақытында пайда
болуына көбірек зейін аударады, оларда қалыптасу мен даму жүйелілігін
анықтайды.
Шығармашылық қабілетті ерте жастан бастап
дамыту қажеттігіне педагогтар, психологтар т.б. айтуда. Педагогикада
егерде шығармашылық қызметті жеткілікті ерте жастан
бастамаса, онда балаға шығын әкеледі деп дәлелденген. Сондықтан
шығармашылыққа баулуды ерте жастан бастау керек және оған
үйретуге болады. Педагогикада шығармашылық қабілетті дамыту
жолы балаларды шығармашылық
іс-әрекетке
қатыстыру болып табылады.
Келешек жастарды қолөнерге баулудың халықтық
негізін, еңбекке тәрбиелеудің құралдарын атап
көрсеткен Қазақстандық қоғам
қайраткерлері мен ұлы ағартушы педагогтары М.Жұмабаев,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың [3-6]
еңбектерінде кәсіпке баулуды ұлттық қолөнер
негізінде ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
баяндалған.
Шығармашылық
– бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі
тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол
бермеуге, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз
орнын табуға көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана
емес жаратушы да. Ол өзін жетілдіруге де, сонымен қатар
өзінен өзі жойылуға да қабілетті. Адамның
өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде
жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы
оған толыққанды өмір сүру үшін рухани
күш беру – білімнің басты мақсаты. Сондықтан,
оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін
анықтау, оны дамыту мәселелеріне көңіл аудару керек.
Бұл технология пәні сабағында және сыныптан тыс
жұмыстар барысында технологиялық жүйе негізінде орын алады.
Осыған байланысты оқушыларды шығармашылық
іс-әрекетке дайындау
оқытудың барлық үрдерісінде жүзеге асуы
қажет [7].
Шығармашылық
іс-әрекетін қалыптастыру мәселелерін шешу кәсіби білім
беру процесін зерттейтін құбылыстың мәнді сипаттамасын
білуден басталады. Оқушы іс-әрекеттің субъектісі қоршаған
дүниені шығармашылық көзқараспен жұмыс
барысын жоспарлайды, іс-әрекеттің нәтижелі болуы үшін
барлық мүмкіншілікті пайдалана отырып, алдына қойған
мақсатына жетуді жүзеге асыруды ойлайды.
Шығармашылық
– мағынасы кең, сан – қырлы ұғым. Ол
мазмұны мен ұғымының тығыз
байланыстылығымен ашылады: шығармашылық – таным,
шығармашылық – ғылыми және шығармашылық –
көркемдік ізденістерден тұрады. Педагог ғалым
Б.Ортаев «Шығармашылық - қандай да бір сапалы жаңаны
тудыратын және қайталанбайтындығымен, даралығымен,
қоғамдық-тарихи сиректігімен ерекшеленетін іс-әрекет.
Шығармашылық адамға
тән, өйткені ол қашанда жасампаз-шығармашылық
іс-әрекеттің субъектісін болжайды, табиғатта
шығармашылық емес, даму
үдерісі жүреді» - деп сипаттайды.
Адам шығармашылық
жұмыспен шұғылданған кезде оның бойындағы
барлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік,
пайымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктері,
әсіресе, қиял арқылы ойлау үдерісі
шығармышылық жұмыста өз нәтижесін береді [8].
Демек, шығармашылық іс-әрекет оқу мен
тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген
жаңашыл техникалық нысандарды жасау құралы ретінде қарастырылады.
Кез – келген
кәсіби іс-әрекетте шығармашылықтың бір
көрінісі болады, яғни ғылыми шығармашылық
табиғи мәнді кемелденудің жемісі, жалпы алғанда
құрылымдық деңгейінің жоғарылауы. Демек,
болмыс заңдылығынан адамзатты шығармашылыққа
жетелейтін реттілік пайда болады: қозғалыс – даму – орындау –
шығармашылық.
Шығармашылық
нәтижесі іздену барысында пайда болатын затта, іс-әрекетте
және ойда орындалады. Олай болса, шығармашылық адам
іс-әрекетінің барысы тәрізді маңызды сипатта болады.
Шығармашылық
жаңаның, бұрынғыны қайталамайтын ойлау
қабілетінен туындаған өнімнің пайда болуына жеткізеді.
Шығармашылықты танып білудің жолдары философияда,
психологияда және педагогикада қарастырылған.
Психологтардың
пайымдауы бойынша шығармашылық барысын мына компоненттер
құрайды:
- дәстүрлі емес жауапты
талап ететін сұрақ қоюға қабілет;
-
туындаған
мәселерді көру ептілігі;
-
логикалық
және математикалық түрінде құрылған ойды
бейнелеу;
-
көркем–графикалық,
заттық және басқа құрылымда мысалы,
сәндік–қолданбалы сипатта шығарманың
құрылуы, бұйымның қандай болмасын
түйіндерін өңдеуде жаңа технологияларды іздестіру;
-
туындаған
бейнелерді жасауда пайда болған ойларды қорытындылау
қабілеті.
Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке
қажетті ақыл-ой дамуы жүреді. Ақыл-ой дамуының
жолдарына: еңбек іс-әрекетіне байланысты білімдерді игеру; логикалық ойлаудың дамуы;
интелектуалды ептіліктер мен дағдылардың
қалыптасуы,оның ішінде өзінің жұмысын жоспарлай
білуі; оны жүзеге асыру үшін сәйкес құралдарды
таңдау (қажетті материал, құрал-саймандарды)
еңбектік тапсырмалардың орындалуы тәсілдерін дұрыс табу
қатыстылары.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Н.Назарбаев. "Қазақстан
- 2030: бар.шқ қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы". Алматы.
2001.
2. С.Қасиманов. Қазақ
халқының қолөнері. Алматы.
"Казакстан", 1995.
3. Казақстан Республикасының білім
беруді дамытудың 2005-2010 жылдарга арналған Мемлекеттік бағдарламасы
// "Білім әлемі"
газеті, 30. 10. 2004.
4.
Жолдасбекова С.А. «ХХ» ғасырда білім беру және тәрбие
жұмыстарының жүйелерінің дамуының басты
бағыттары» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің
10 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми -
практикалык конференциясы. - Шымкент, 2001
5.
Технология пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған
бағдарлама (5-9 сыныптар). - Алматы: Рауан, 1999.
6.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектеп окушыларын
еңбекке тәрбиелеу мен оқыту // Қазакстан
мұғалімі. - 1993.
7. Әл-Фараби. Философиялық
трактаттар. Алматы. "Ғылым", 1973. 215-6.
8. М.Жумабаев. Педагогика. Алматы.
"Ана тілі", 1992.