ӘОЖ 371. 307 8:633
ОҚУШЫ
ЖАСТАРДЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛУ ЖҰМЫСТАРЫ
Күнпейіс
Ж.Қ.
п.ғ.к., доценті
Қ. А.Ясауи атындағы
Халықаралық
Қазақ-Түрік
Университетінің
Қазақстан Республикасы
Соңғы жылдары
Қазақстан Республикасында әлемдік экономикада біліммен
инновацияны маңызды эконономикалық ресурстар ретінде пайдалану
барысында экономикалық өсудің жаңаша типі
қалыптасты. Қазір материалдық игіліктерді жасау көп
жағдайда ғылыммен білімге оның ішінде
ғылыми-техникалық прогрестің даму көрсеткіштеріне
байланысты болып келетіні анық. Ал адамзат баласы үшін
ұрпағын білімді де саналы етіп тәрбиелеу мәселесі
күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен
емес.
Осы мақсатта Қазақстан
Республикасы аумағында орналасқан жалпы білім беретін орта мектептерде
білім беру жүйесі әлемдік білім беру стандарттарына сай білім беру
мәселесіне байланысты жұмыстар нәтижелі жүргізіліп, оны
жетілдіру жолдары басты назарда ұсталып отырады.
Сондықтан
да сапалы білім беру-қай кезде болмасын қоғамның
басты құндылықтарының
бірінен саналады. Кімді және қалай оқыту керек,
қаншалықты және неге үйрету тәрізді ерекше қоғамдық маңызы бар
мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті
ретінде Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы кезекті халыққа
Жолдауында нақтылап, әрбір жолдау бойынша халықты мемлекеттік әлеуметтік
және экономикалық жағындағы бағыт-бағдар
тұстары айқындалып отырады.
Нақтырақ
атап кететін болсақ, өткен жылдың Жолдауында (2011
жылдың 24 қаңтарындағы) «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында халықтың
әл-ауқатын жақсарту мәселесіне ерекше мән берген.
Жолдаудың басым бағыттарының біріншісі- білім беруді дамыту,
екіншісі-денсаулық мәселесі, тағы ұсынылған басым бағыттарының бірі-еліміздің
білім беру жүйесіндегі кәсіптік техникалық оқу орындарының мамандарын
дайындаудың өзекті мәселесі көтерілді.
Ал быйылғы
2012 жылдың 27 қаңтарындағы кезекті «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Жолдауындағы басым бағыттарының бірі-білім беруді дамыту
мәселесіне оның ішінде кәсіптк техникалық білім
ошақтарында білім беруді дамыту мәселесіне қайтадан тоқталып өтті.
Осы
талаптар аясында соңғы кездерде елімізде кәсіптік
техникалық мамандыққа баса көңіл аудару
қажеттігіне байланысты жоғары оқу орындары мен кәсіптік
білім беретін орта оқу орындарында даярланатын «Кәсіптік
оқыту» мамандығының ұстаздар қауымы мен жалпы
білім беретін орта мектептерде өтілетін «Технология» пәні
мұғалімдерінің
кәсіби біліктілігін көтеруге баса мән берілді.
Бұндай
талаптарды орындауда ең бірінші кезекте жоғары оқу
орындарының студенттерінің
теориялық білімдерін практикалық
жағынан толыққанды
кәсіби маман ретінде бүгінгі қоғам дамуының
талаптарына орай әлемдік нарықта бәсекелестікке түсе
алатын өндіріс ошақтарын жаңа технологиямен қамтамасыз
ету арқылы дамытумен байланыстыра
оқытуды талаптайды [2].
Қазақстан
Республикасында орналасқан барлық жалпы орта білім беретін
мектептердің оқу бағдарламаларын оңтайландыру
арқылы жүзеге асыру жұмыстары білім берудің мемлекеттік
білім стандарттарында әлемдік білім беру стандартымен еуропалық
білім беру жүйесіне сай келу мүмкіндіктері айқындалған.
Атап
айтқанда, жалпы білім беретін
орта мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің
жоғары сынып оқу бағдарламасындағы «Ауылшаруашылығы еңбегінің
техникасы мен технологиясы» атты бөлімінде оқу материалдары молынан
енгізілген. Өйткені Республика өңірінде орналасқан мектептердің
көпшілігі ауыл мектептері. Сондықтан да ауыл мектептерінің жоғары
сынып оқушыларына мектеп үлескілерінде ұйымдастырылған
қол жұмыстары мен бірге әртүрлі егін шаруашылық
жұмыстарындағы топырақ өңдейтін техникаларды,
астық жинайтын комбайндар мен тракторлардың түрлерімен
құрылысын, атқаратын қызметтері туралы ауылшаруашылық
білім негіздерін меңгертуде теория мен практикалық түсініктер берілуі тиіс.
Ауылшаруашылығы
жұмыстарының білім негіздері
І. Ауылшаруашылық
техника негіздері
1.Ауылшаруашылық
техника түрлері жайлы
2.Техника-технологиялық
жабдықтар
ІІ. Мал шаруашылығы
1. Ірі
қара мал шаруашылығы
2. Қой
шаруашылығы.
3. Түйе
шаруашылығы
ІІІ.Егін шаруашылығы
1.Жүгері, жоңырышқа өнімдерін егу
және жинастыру
2.Арпа,
бидай, сұлы өнімдерін егу және жинастыру
ІҮ.Мақта
шаруашылығы
Ү. Өсімдіктану
негіздері
1.Бөлме
өсімдіктерін күтіп баптау жұмыстары
2.Жеміс
ағаштарын егу және суару жұмыстары
3.
Көкөніс көшеттерін отырғызу және күту
жұмыстары
ҮІ. Құс
шаруашылығы
Жоғарыда
аталып өткен ауылшаруашылық, егін шаруашылық сала жұмыстарына
баулып-үйрету кезінде берілетін түсініктер әрине,
мектептің орналасқан аумақтық мүмкіндіктері
ескеріліп, ұжымшарлардағы түрлі шаруа
қожалықтарының бірлескен жұмыстары нәтижесінде
іске асырылуы мүмкін. Осындай іс-әрекеттердің арқасында
мектеп бітіруші түлектердің арасынан ауылшаруашылық техникаларына деген құштарлықтары
арта түсуі мүмкін.
Осы
орайда, мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде технология
пәнінің оқу материалдарының негізгі талаптарын орындауда
еліміздің қай өңірінде болса да мүмкіндік мол.
Дегенмен, ауылшаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруға
ең қолайлы өңір Оңтүстік
Қазақстан облысын атауға болады.
Облыста
бүгінгі таңда 900 дей елді мекен бар, бұл
өңірдегі қала, аудан көлемінде 1013 мектеп
орналасқан болса, соңғы 1-2 жыл көлемінде ҚР
Үкіметінің мемлекеттік «100 аурухана және 100 мектеп»
бағдарламасы аясында 100 ден аса мектептер салынып пайдалануңа
берілген. Ол мектептердің көбісі ауылдық мектептер.
Оңтүстік
Қазақстан өңірі ауылшаруашылық өнімдерін
өсіру, өңдеу жөнінде Республикамыздың аса ірі
экономикалық аймағының бірі болып табылады. Бұл облыс,
ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен қатар облыстың
негізгі шаруашылығының бірі мақта шаруашылығы
шоғырланған аймақ болып саналады. Сондықтан мақта
шаруашылығы - облыстың ең басты табыс көзі болып
саналады.
Республика
өңірінде мақта шаруашылығымен айналысатын жалғыз
облыс болғандықтан, Республикадағы мақта кластері де осы облыс көлемінде дамып,
бүгінгі күні батыс европа
елдерінің озық технологиялары мен жабдықталып, өнімдерін шығаруда.
Сондықтан,
мақта шаруашылық өнімдерінің үлестері туралы
мынандай мәліметтерді атап кетуге болады: Қоза талшығы -
өсімдіктер тобына жатады. Талшықты өсімдіктердің
арасынан қозаның алатын орны ерекше. Ол жіп иірілетін бүкіл
шикізаттың 50-75 пайызын береді.Шитті мақта осы
өсімдіктің беретін негізгі шикізаты болып табылады. Шитті
мақтаны мақта тазартатын зауыттарда шиттен ажыратып алынады, оны
мақта талшығы немесе мақта ұлпасы деп атайды.
Шитті
мақтада 30-40 пайыз талшық және 60-70 пайыз шит болады, ал,
шитте 22-29 пайыз мақта майы мен шит бүршігі алынады. Шитті
мақтадан және қозадан мынандай заттар жасап шығарылады:
Мақта-мата
кездемелері, жіптер, жасанды жібек және тері, корд, былғары, фетр,
парашют жасалатын кездемелер, тазартылған май, сабын, лак, күнжара,
балық аулайтын торлар мен
арқандар, тұрмыстық тұтыну қағаздары,
қатырма қағаздар, тыңайтқыштар
мен өсімдік қорғау
дәрі-дәрмектері, спирт, тағамдық белок, химиялық
заттармен құрлысқа қажетті гипс қатырма қағаздар
алынса, 1 кг мақта талшығынан 5 кг ақжайма, 10-12 м. шыт
немесе бәтес, тігін машина жібінің 40 астам түрі, 250-500 м аралықта тігін
жіп орамасын алуға болады.
1 кг
шиттен 170 гр май, 400 гр күнжара, 30 гр линт алуға болады. Ал
линттен пластмасса, кино, фото пленкалар, линолиум, лак т.б. өнімдер
алынады. Шроттан таза азық түліктік белоктар алынады. Мақта
майында глицерин майы мол болады. Оларды сабын қайнатуға, олиф,
лак, эмаль сияқты заттар алынады.
Қоза
жапырақтары мен қауашағында 8-9 пайыз лимон және алма
қышқылы бар. Қозапаядан (бұтақтарынан)
ыстық тәсілмен сығымдау арқылы
құрылыстық тақта материалдары алынады. Олар
құрлысқа, жиһаз бұйымдарын жасауға
кеңінен пайдалалынады [3].
Ал
мақта шаруашылығының салалары туралы сөз ететін
болсақ, суармалы аймақтың жұмыстарының тиімді
қолданылуы үшін экономикалық факторлардан өзге де
ерекшеліктері мақта өсіретін әртүрлі
аймақтың ерекшеліктерін, табиғи климат жағдайларын
әсіресе қоза сортының ерекшеліктері мұқият
ескерілген.
Қозаның
бітік шығуы, мақтаның ауыспалы егіс жүйесіндегі
өнімдерінің бітік шығуы, жердің мелорациялық
жағдайын жақсартуды, мақта өніміндегі тұқым
шаруашылығының т.б. ауылшаруашылығының жұмыстарын
жүргізудің мерзімін қысқартудың есебінен
едәуір арттыра алады.
Қозаны
дұрыс және дер кезінде баптау, оның ойдағыдай
жақсы өсіп жетілуі мен дамуының мол және сапалы
өнім беруінің кепілі десек. Оны күтіп-баптау, әрбір
ұжымшарларда атқарылатын машиналарды тиімді қолданылуында деп
білеміз.
Демек,
ауылшаруашылық жұмыстарында қолданылатын техника
түрлерін басқару, оларға қызмет көрсету
жұмыстары мектеп қабырғасынан түлеп шыққан
әрбір азаматтардың ауылға деген бет бұрысымен
техникаға деген қызығушылықтарына қатысты
болмақ. Кешегі өтпелі дәуірде ауылшаруашылық
жұмыстарындағы техникаларды басқаруға ауылдық
кәсіби техникалық училищелерінің
үлесінде болып, көптеген жұмысшы мамандарды даярлап келді.
Ондай мамандардан кезінде көптеген еңбек ардагерлері мен
еңбек ерлері шығып ауылшаруашылық жұмыстарының өсіп өркендеуіне өз
үлестерін қоса білді.
Демек,
бүгінгі ауылшаруашылық мамандарының барлығы мектеп
қабырғасында білім алып шыққан жастар. Ол
жастарымызға білім беретін бүгінгі мектеп ұстаздары мен жоғары оқу орындарындағы
«Кәсіптік оқыту» саласында
білім беріп жүрген мамандардың біліктілігіне байланысты болып келеді.
Қорыта
келгенде, мұндай талаптың орындалуы үшін мына төмендегі
мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс:
-
мектептің оқу-тәрбие
жұмыстарының пәрменділігін түрлі
педагогикалық инновациялық
технологиялардың түрлерімен таныстыра біліп оқыту;
-
болашақ маман ретінде өзінің
кәсіптік педагогикалық
білімі мен тәжірибесін шығармашылықпен ұштастыру;
-
оқу орындарында алған
теориялық-практикалық білімдерін педагогикалық
іс-тәжірибеден өту кезінде қолдана білуге бағыттау.
Осы
атап өтілген мәселелер толық орындалған жағдайда
ғана келешек қоғамның кәсіби мамандарын өз
деңгейінде даярлауға мүмкіндіктер тудырады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»
стратегиялық бағдарламасы. -Алматы:
Білім, 1998.
2. Байқадамов
С. Кәсіби білім берудің
тиімділігін арттыру мәселелері. Алматы
гуманитарлы-техникалық университетінде өткізілген
халықаралық – ғылыми конференция материалы. – Алматы. 2006.
3.
Үмбетаев И, Баткаев Ж. Қазақстан Республикасының
оңтүстігінде қоза баптау жүйесі. - Алматы.
«Құс жолы» 2000.
4. Мүсілімов Ә.,
Сиымова А. Кәсіптік бағдар берудегі мектептен тыс
жұмыстардың түрлері. // Жоғары мектеп, № 2, -91б.
Резюме
В
данной статье рассмотрены проблемы общеобразования РК на основе сельскохозяйственного труда через предмет «Технология» в старших классах сельской
общеоброзавательной средней школе.
А
также, широко рассмотрены особенности и его экономическая рентабельности
сельского хозяйства