Право /9.Гражданское право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М, оқытушы Айбеков Б.Б
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет. Қазақстан
Қазақстанда білім
берудің жаңа жүйесін қалыптастырудың
құқықтық негіздері
Президент
Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық
жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты»
атты халққа арнаған Жолдауында мемлекетіміздің
барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты
қамтылған. Сол маңызды мәселелердің бірі білім
беру саласы болып отыр. Қазіргі жаһандану заманында білім беру
жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы
жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда
Президенті Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:
«Білім
беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі
іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден,
оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар
негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс
істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық
мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін
бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып,
барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту
қажет.
Екіншіден,
педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы
зор. Арқаулық педогогтык білім берудің
үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының
біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр
өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын
интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншіден,
біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру
қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге
әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.
Үкіметке
үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық
ассоциациялар арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу
орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1, 1].
Білім
беру үдерісіне оқытудың заманауи әдістемелері мен
технологияларын ұдайы енгізіп отыру аталған саланы
жаһанданудағы ең басты міндеттердің бірі ретінде
алға тартты. Сонымен қатар, педогогикалық
құрамның сапа-деңгейін арттыру мәселесі де
маңызды шаралар қатарынан орын алды. Биылғы жылдан бастап
базалық педогогикалық білім стандарттары мен біліктілікті
арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша көптеген
ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы отыр.
Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын тәуелсіз
мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша айтқанда,
кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған ЖОО-дан өзге
бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс деп ойлаймын.
Елбасы
Жолдауында студенттердің тоқырап қалмай, көп тілді
білуін, шетелде білім алып, білімін одан әрі көтеруге,
мәдениетін арттыруға, алған білімімен елдің дамуына
үлес қосуға мүмкіндік жасап отыр. Бұл жерде
әрбір педагогтың, әрбір ғалымның, әрбір
жетекшінің, министрліктер мен мекемелердің ауқымды жұмыс
атқаруына үлкен мүмкіндіктер бар. Елбасымызды толғандырған өзекті мәселелердің бірі елімізді инновациялық тұрғыда дамыту жолына түсіру. Инновация дегеніміз, жаңалық жарату, жаңаны енгізу, үздіксіз жаңғырту, жаңаша бастамалар жасау деген сөз. Адамзат қоғамы ғылымның жетістіктері мен озық технологиялар, ұйымдастыру мен басқару әдістері,
өнімді жаңартатын жаңалықтарды өмір мен өндіріске батыл енгізу арқылы дамып, жетіліп отырғаны белгілі. Бұл бізге тиісті үлкен мәселе. Ал
енді инновациялық даму деген тек
қана жаңа технология мен техниканы сырттан сатып алу емес, сол техника мен
өндірістің өнімділігін көтеретін,
соны білетін жоғары сапалы, жоғары білікті мамандарды қажетінше дайындау. Әрине, экономика өз-өзінен дамымайды, оны дамытатын адам капиталының сапасы мен саны, әлеуеті мен белсенділігі. Ендеше, адам капиталына мән беру бүкіл инновациялық дамуға талпынған мемлекеттік құрылыстың өзекті тақырыбы болуы тиіс. АҚШ, Жапония, Германия, Корея секілді елдердің даму құпиясы осы адам капиталына айрықша мән беріп, жасампаздық пен
шығармашылықты әлеуметтік кедергілерден арылтуға қатысты. Адам капиталы оқыту-тәрбиелеу жүйесінің басты мақсаты. Техниканы, технологияның бәрін, әрине, шетелден әкелуге болады. Бірақ ертең олардың бәрі дұрыс жұмыс істемей, өндірістік тиімділігі төмен болса, мамандар соған сәйкес келмесе, онда біздің алдымызға қойған мақсаттарға жету қиын. Осы орайда біз жоғары сапалы, білімді мамандардың аз екенін мойындап, сапалы, сауатты оқыту
жүйесін қалыптастыру үшін қабілетті мамандар, еңбекқор, ізденгіш
оқытушылар қосыны, заман сұранысына жауап беретін жаңа технологиялық жабдықтар кешенін жасауымыз керек. Бұл ең үлкен
бағыт, зор міндет. Сол себепті бұл Жолдауда жүктелген кадр мәселесіне шын
мәнінде ерекше көңіл бөліп, серпіліс жасауымыз керек [2, 1].
1999 жылы
19 маусымда жоғары білімнің бірыңғай
құрылымын енгізу үшін Болон декларациясы
қабылданған болатын. Оған 29 ел қол қойды.
Барлық ұлттық жүйелерде, жоғары білім
жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European
Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп,
қайта сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ
жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу
кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж. ESTS
1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді) [3, 8-9].
Осы заманғы болып жатқан интеграциалық
құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық
жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық
процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде
қалыптасқан барлық ғылымдандырудың
көріністеріне тікелей назар аударды деуге болады. Соңғы 10-15
жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары
деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып
жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің
қоғам өмірінде ғылыми, мәдени,
экономикалық, саяси
жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар
түбегейлі өзгеріске ұшырады [4, 11-12 б.];
«Білім
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау; …оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру
жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.
Қазіргі
ақпараттық қоғамда өндірістің
дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың
қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім
беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа
қадамдарға баруда. Осыған байланысты
тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс
бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа
ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет
өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам
өркениетті бола бастайды. Адамзат өркениетті Жер бетінде орныққалы бері одан
өз орнын ойып тұрып алып келе жатқан мемлекеттердің
жөні өзінше бір бөлек. Солардың бірі
Малайзия елі. Бұл елдің ғажайып тарихы, бүгінгі
әлемде экономикасы өте жоғары. Сондай-ақ, дамыған
ел ретінде салмағы да ерекше. Оның үстіне Малайзияның
Еуразиядағы ықпалдастықтың ең белсенді
қозғаушысы ретіндегі беделі де барған сайын арта түсіп
келеді. Екі мемлекеттің, яғни Қазақстан мен Малайзия
өзекті әлемдік және өңірлік мәселелер
бойынша ұстанымдарының ұқсастығын,
жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мақсатында халықаралық
ұйымдардағы өзара тиімді ықпалдастыққа
ұмтылысы қуантады. Кәсіби іскерлікті қалыптастырудың әлеуметтік
мәні адамгершілік қасиеттерден тұрады десек, жеке
тұлғаның даму бағыттылығы, кәсіби
іскерлігі оның арнайы іс-әрекет орындау үдерісіндегі
қарым-қатынас мәдениетінің деңгейіне байланысты [5,
1].
Қазіргі таңда
әлемнің дамыған мемлекеттерінің ЖОО кредиттік
оқыту технологиясы бойынша білім береді. Кеңес Одағының
ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы
жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге
әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің
экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан
үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші
түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің
таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың
деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған,
оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы
мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім
талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді. [6, 19-20].
Кредиттік оқыту
технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу
процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін
оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш
қалауы және оқытудың қосымша түрлері
бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң
жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес,
белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін
оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту
жүйесі жобалайды.
Біздің
республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік
жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен
халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор.
Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның
жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен
отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа
да аймақтық жоғары оқу орындарының
жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация
және әдістемелік көмек көрсету қажет.
Қазақстан
Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың
90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде
2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды.
Осы заңның 11 бабында
білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда
жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен
қатар кредиттік, дистанциялық,
ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби
білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып
жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге
мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында
№66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін
ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік оқыту
технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу
деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық
білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит
негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады [7, 17-18].
Кредиттік оқыту
жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады.
Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы -
оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп
қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар
мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту
технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Сонымен
қатар, қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын
белсенді енгізуге болады. Білім - бұл қоғамдық
дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық
елдің міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы
«ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ
-ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты
Қазақстан халқына Жолдауы. e.gov.kz/wps/portal/Content?.../3.../president/..
2.
«Нақты бағыттар мен шешімдер бастауы». www.egemen.kz/?p=327214
3.
Е.У. Медеуов
Кредиттік оқыту жүйесі: өту өту
қиыншылықтары И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті. 2006 ж.
4.
С.М. Өмірбаев
Білім. Алматы. — 2006 ж. № (29)
Ғылыми-педагогикалық журнал Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңы 27.07.2007 ж.
5.
«Білім беруде жаңа ақпараттық
технологияларды қолданудың маңыздылығы».
6.
Қаланова Ш.М.,
С.М. Өмірбаев Қазақстан Республикасының
жоғары оқу орындарына кредиттік оқыту технологиясын енгізу
туралы. Жоғары кәсіби білімге сынақтар
өлшемдерінің жұйесін енгізудің мәселесі:
Бүкілресейлік кеңестің мағұматтары. 23 сәуір
2003 ж., Мәскеу қ., В.Н. Чистохвалова — М.,
2003 ж.
7.
Қазақстандағы
кредиттік оқыту жүйесінің негізі
С.Б. Әбдіғапарова, Г.К. Ахметова, С.Р. Ибатуллин,
А.А. Құсаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Өмірбаев;
Алматы -2004 ж.