ЖОҒАРЫ
ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ
Кабдушева Ляйля Жунусбековна
Алматы энергетика және байланыс
ниверситетінің Шет тілдер кафедрасының
оқытушысы, Алматы қ.
Білім беруде компютерлік технологиялардың
жетістіктері әсіресе шет тілдерін оқытуда интернетті пайдалану,
қолдану бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі
болып табылады. Мәселен дистанциялық білім беру технологиясын
жасауда интернеттің қызметін пайдаланудың маңызы
зор.
Ақпараттық технологияны
қолданудың өзектілігі әуелі педогогикалық
қажеттіліктерден яғни білім беруді тиімді дамыту, сапасын арттыру,
студенттің өзіндік оқу қызметін қалыптастыру
негізінен туындайды. Қазіргі уақытта ақпараттың
асқан жылдамдықпен көбейуіне байланысты білім жеке
адамның кәсіби қызметінде тұлғалық
қасиеттерін қалыптастырудың шарты болып табылады. Ендеше
студенттерге оқу процесіне белсене қатынасатын, үнемі
ізденісте болатындай мүмкіндіктер жасау керек. Оқытушының
алдындағы басты мақсат студенттің шығармашылық
қабілетін ашып, дамытатын оқу процесінің моделін жасау керек.
Шет тілін оқытудағы негізгі
мәселе басқа тілдердерді оқытудағы қызметі мен
ойлау қабілеті, ауызша коммуникацияда мәтіндер арқылы
түрлі ақпараттар алу болып саналады. Тілдік емес жоғары
оқу орындарында шет тілін оқыту жан-жақты процесс болып келеді,
негізгі мақсатты студенттің оқитын тілді мәдени
аралық коммуникацияда қолданудың қабілеті мен
қызығушылығын дамыту, өз бетінше басқа шет
тілінде сөйлеу қызметін меңгеру мен жетілдіру яғни
студентті тұлға ретінде қалыптастыру болады.
Жоғарғы оқу орындары өз түлектерін түрлі
мамандықтарға бағыттап, практикалық қызметке
баулиды, кәсіби маман ретінде қалыптастырады.
Интернет арқылы тілді коммуникативтік
оқыту студенттің қабілетін дамытуда маңызы зор,
оқып үйренген шет тілін қатынастың тиімді
құралына айналдырады.
Тілдік емес жоғарғы оқу
орындарындағы шет тілінің бағдарламасы бұл пәнді
жеке курс ретінде қарастырады. Негізгі мақсаты – болашақ
түрлі ғылыми және техникалық саланың мамандарын
шет тілін қажетінше өндірістік қызметте пайдаланудың
кең көлемдегі тілдік тәжірибесін қалыптастыруды
көздейді. Шет тілі оқытушыларының алдындағы
қойылған міндеті болашақ инженерлер, менеджерлерді өз
мамандығы бойынша мақалалар оқып, ғылыми–техникалық
ақпараттар алу, шет тіліндегі техникалық әдебиеттермен
жұмыс жасап реферат және аннотация құрастыруға
үйрету тұр. Бұл техникалық жоғарғы
оқу орындарындағы шет тілінде білім берудің басты
мақсаттары болмақ.
Заманауи компьютерлік телекоммуникациялар
салыстырмалы түрде білім алудың дәстүрлі оқу
құралдарынан анағұрлым білімге кең
мүмкіндіктер аша алатындығын жоққа шығаруға
болмайды. Телекоммуникация шет тілін оқытуда жаңа әдістер мен
ұстанымдарға жол ашады. Интернет қорларын пайдалана отырып
оқыту жаңа ақпараттық технологияның әрі
жаңа педагогикалық әдістеменің біте қайнасуынан
тұратын процесс болмақ. Бір жағынан оқытушының
ұстанымы өзгереді, ол «білім көзі болудан қалып»,
керісінше зерттеу, ізденуді, ақпаратты өңдеу, қабылдау,
шығармашылық жұмыстар
жазып білім алуға еңбектенуді жүзеге асырушыға,
ұйымдастырушыға айналады.
Шет тілін оқытуға берілетін
техникалық жоғарғы оқу орындарындағы аз
мөлшердегі аудиториялық сағаттар студенттердің өз
бетінше дайындалуына, оқытушы тарапынан тапсырмалар беруге бағыттайды,
яғни жеке компьютер арқылы орындауға болатын тапсырмалар
жиынтығын дайындап, оқу процесінде қолдану өзекті
мәселе болып табылады. Шет тілін оқып үйренудегі
ақпараттық технологияларды қолданып өз бетінше
дайындалудың негізгі мазмұны интернет арқылы ақпаратты
іздеу барысында түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Мысалы,
арнайы тақырыптық мәтіндер даярлау, баяндамалар
(Ұлыбритания, АҚШ, т.б. алдыңғы қатарлы
елдердің күн тәртібіндегі өткір мәселелері
жөнінде) дайындауға тапсырмалар беруге болады. Студенттер шет тілінде өз бетінше
баяндамалар мен презентациялар дайындау кезінде арнайы веб-сайттардың
қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін қызу
талқылаған тақырыпқа қатысты
мақалалардағы материалдарды қолдануы керек. Олар интернеттегі
күнделікті іздеу жүйелерін (гугл, яндекс, апорт т.б.) еркін
қолдана білуі, тиімді қолданудың кілттерін жетік
меңгеруі шарт.
Шет тіліне қатысты үй жұмыстарын
орындауда электрондық деректерді қолдану студентке қойылатын
талаптың бірі, яғни бүгінгі таңда қай
саладағы болашақ маман болмасын интернет-қорлары арқылы
білімін қалыптастыру зәру мәселеге айналып отыр. Шет тілінде
алынған ақпаратты өңдеуден өткізу де жеке
компьютердің көмегімен жүзеге асырылады. Нәтижесі МС
Word программасында, немесе Power Point презентациясында
құрастырылады.
«Техникалық әдебиеттерді аудару»
және «Іскерлік қатынас» курсы бойынша орындалатын
дәстүрлі тапсырмалардың түрі өзінің
мамандығына қатысты мақалаларды студенттің жеке
өңдеумен айналысуы болады. Оқыту қызметіндегі ол
тапсырманың мақсаты болашақ мамандардың кәсіби
жұмысына қатысты маңызды ақпарат жинуға
үйретеді. Бұл соңғы он жылдың ішінде жарық
көрген, маңызын жоймаған ғылыми мақалалар болуы
тиіс. Ондай мақалаларды іздеп табудың бір ғана тиімді жолы
бар яғни интернет арқылы кез-келген мамандықтар бойынша
көкейтесті, құнды ғылыми мақалаларды іздеп
табуға болады. Барлық ғылыми журналдардың онлайн
үлгісі бар, онда жарияланған ғылыми мақалалар,
хабарлармен танысуға болады. Әйтсе де оны тиімді, тез табу
үшін студентке ақпаратты іздеудің тәсілдерін жетік
меңгеруі керек, дүниежүзілік тордан ақпарат іздеу,
сауатты түрде сөз кілтін табу, ізденіс нәтижесін дұрыс
бағалау т.б. қажет болады. Сондай-ақ машиналық аударма
жүйесін дұрыс қолдану және аударылған
мәтінді өңдеу, редакциялау дағдыларын қалыптастыруға
көңіл бөлінеді.
Тілге оқытуда интернет арқылы
байланысқа түсу сөйлем құрауды үйретіп,
қалыптастырады, лексика, грамматикаға оқытады, тілді
үйренудің шынайы қызығушылығын тудырып,
тиімділігін арттырады және интерактивті ұстанымның
құралы ретінде оқып білім алуға оңтайлы
жағдайлар жасайды.
Интернетті қолданудың
артықшылығы ең әуелі шет тіліндегі көптеген
аутентивтік ақпараттарды алуға жол ашады. Интернет торынан
аутентивті материалдарды тәжірибеде қолдану барысында мынаны есте
ұстаған жөн, студенттерде ізденіс барысында коммуникативтік
біліктілік қалыптасып түрлі елдер туралы ақпараттық
білім жинақталады.
Интернет торындағы ақпарат
қорларын пайдалану, оқу процесіне енгізу барысында бірқатар
дидактикалық тапсырмаларды тиімді шешуге болады:
- тордағы сан қилы күрделі
материалдарды қолдану барысында түсініп оқу мен
дағдысын қалыптастыру;
- интернет торындағы әрі оқытушы
дайындаған аутентикалық дыбысты мәтіндердің негізінде
естіп-тыңдау білімін жетілдіру;
- жеке өзі немесе серіктесіне жазбаша жауап
жазу негізінде, реферат, эссе, презентация құрастыру барысында
жазбаша тілдің білімін арттыру;
- қазіргі шет тілінің лексикасы
негізінде халықтардың мәдени дамуы, әлеуметтік,
экономикалық және саяси қоғамының
құрылысы туралы сөздік қорды дамыту;
- сөйлеу этикетінен тұратын,
әсіресе оқылатын тілде қатынасқа түсетін
түрлі халықтардың мәдениеті, елдердің
салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен ерекшеленетін
мәдени-аралық біліммен танысу;
- сабақтарда студенттердің шет тіліне
деген ұстанымын тілдің көкейтесті мәселелерін
талқылай отырып қалыптастыру қызығушылығын
арттыру.
Шет тілін оқытудағы жаңа
ақпараттық технологияларды қолданудың
педогогикалық маңызы зор болмақ, шет тілін
оқытудағы тірі шығармашылық процестің тиімді
құралына айналады. Әрине, оқытушы компьютер емес
және ол оқытушыны ешқашан алмастыра алмайды, компьютер тек
қызмет құралы ғана. Ендеше жаңа ақпараттық
технологияны қолдану тілдік емес жоғары оқу орындарында шет
тілін оқыту процесін қызықты, тиімді дамытуда маңызы
ерекше.
Бүгінгі дамыған қоғамымызда
техникалық жоғарғы оқу орнының түлегіне
қойылар талаптар жоғары болмақ яғни олар өз
мамандығын жетік меңгерген, жақ-жақты, ғылыми
шығармашылықпен айналысудың әдістемесін
қолданатын, заманауи ақпараттық технологиялардан терең
хабардар, ғылыми ақпаратты қолдану, өңдеу,
жиынтығын жасаудың түрлі жолдарын, әдістемелерін білуі
тиіс. Шет тілін еркін білу және компьютермен оны қолдану,
кәсіби қызметінде жарату еуроапалық
құжаттардың талабы
бойынша әрбір кәсіби маманның күнделікті
қызметіндегі кәсіби біліктілігі болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды
тілдің емес жоғарғы оқу орындарында оқу
процесінде қолданудың қажеттілігі ақпарат
көлемінің үздіксіз ұлғаюы және оны
оқу барысында зерделеу, өңдеуден өткізу талаптарынан
туындайды. Жаңа заманауи ақпараттық технологияларды
қолдану бүгінгі таңда шет тілін оқытудың сапасын
арттыру және педогогикалық еңбектің өнімділігі
мен тиімділігін өсірудің тың бағыты болып саналады.
Ақпараттың технологияларды
қолданудың тағы бір жетістігі кафедра сайтын дамыту болып
табылады. Әрбір шет тілінің оқытушысы жұмыс
құралы ретінде кафедра сайтын пайдалануы тиіс. Сайт оқу
процесінің қажеттіліктеріне орай үнемі
жаңғыртылып отырады, студенттерді оқу бағдарламасынан
хабардар етіп, тапсырмалар алуына, оқу мәтіндерін көшіруге,
ұсынылған әдебиеттерді қарауға, қосымша
басқа да материалдарды өз бетінше дайындалуы үшін
қолдануына болады.
Бұл сайттың тағы бір
артықшылығы форум ұйымдастыруға болады. Студенттер
сұрақ қойып, өзін толғандырған
мәселелер бойынша талқылауға қатысып, оқытушымен
пікірлесе алады. Талқылау шет тілінде жүргізілсе студент онлайн
коммуникациясы арқылы тілдік қызметін тәжірибеде тиімді
қолданады.
Қорыта айтқанда тілдік емес
жоғарғы оқу орындарында шет тілін оқытуды міндетті
түрде заманауи ақпараттық технологияларды қолданып
оқыту қажет және оны ұйымдастыруды әр шет
тілінің оқытушысы жүзеге асыруы тиіс. Осы жағдайда
ғана жоғары оқу түлектерінің тілдік
дағдысын, тәжірибесін қалыптастырып, жазбаша және
өзара және кәсіби қатынаста шет тілін ғылыми,
кәсіби қолдануға бағытталған маман ретінде тиімді
дайындай аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Потапова Р.К. Новые информационные технологии и
лингвистика: Учебное пособие. Изд. 2-е. – М.: Едиториал УРСС, 2004. – 320 с.
2. Щукин А.Н. Современные интенсивные методы и
технологии обучения иностранным языкам: Учебное пособие. – М.: Филоматис, 2008.
– 188 с.