Балалардағы инвазивті кандидозды стационарда
емдеу тәсілін
клинико-экономикалық талдау
М.Д. Бірімжанова, А.С.
Өскенбаева
Қоғамдық
денсаулық сақтау жоғарғы мектебінің,
денсаулық сақтауды басқару және экономика
кафедрасының оқытушысы
Қазіргі таңда антибактериальді препараттарды кеңінен қолдануға байланысты, дәрілік терапияның әкелентін асқынулары мен күтпеген салдары жөніндегі сұрақтар өзекті болып отыр. Әрине бұл адамның жеке бас денсаулығына қатысты әкелетін қиындықтар болса, бір жағынан науқастардың жеке экономикалық-әлеуметтік жағдайларына да кесірін тигізбей қоймайды. Әр адам емделу барысында емнің нәтижелігін күтеді яғни, емнің тиімді әрі қауіпсіз болғанын қалайды. Оған қоса ол ем үнемді болса, бұл емнің нәтижесін толықтыра түсіп, емделушілердің сұранысын қанағаттандырады. Бізбен қарастырылып жатқан жұмыстың түйіні, қазір көп қолданылып жүрген (дәрігерлердің тағайындалуымен және науқастардың өз еркімен қолданылыста жүрген) антибактериальді ем мен оның қосымша әсерлерін тыю мақсатында антимикотиктерді негіздеусіз қолдану, ашып айтсақ антимикотиктерді тағайындау кезіндегі қаражаттық шығындар жайында.
Жұмыстың
мақсаты: Балалардағы инвазивті кандидозды стационарда емдеу
тәсілін
клинико-экономикалық талдау.
Экономикалық
талдау құрамына : Инвазивті кандидозды емдеу және
диагностикалау шараларын тиімді әрі экономикалық жағынан
үнемді ету жолдарын анықтау.
Жұмыстың міндеттері: ретроспективті зерттеу нәтижесінде
инвазивті кандидоз диагнозымен стационарлық көмекке жүгінетін
науқастар санын анықтап, оларға клиникалық зерттеу
жүргізу (кесте №1); Негізгі
аурудың кандидозбен асқынбаған
түрін емханада емдеуге жұмсалған қаражат
көлемін есептеу; Негізгі аурудың кандидозбен асқынған түрін
емханада емдеуге жұмсалған қаражат көлемін есептеу; стационарда
емделуге жұмсалған жалпы қаражаттың ішінен тікелей
шығындарды іріктеп шығару (кесте №2); негізгі аурудың кандидозбен асқынған
түрін стационарда (аллергология) емдегенде қолданылатын
диагностикалық және емдік шараларға жұмсалатын тікелей
шығындарға экономикалық анализ жасау (кесте №3); жоғарыдағы
үш мақсатта жұмсалған шығындар айырмасын
шығару; Анықталған
тікелей шығындарға экономикалық анализ жасап, үнемді
әрі тиімді емдеу жолдарын анықтау.
Кесте 1 - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
НӘТИЖЕЛЕРІ
Параметрлері |
Пациенттер (n=61) |
Дене салмағы, кг Д=46; М=15; |
12-40кг (21)* 12-36кг (17)* |
өмір
жасы |
3-12 (8)* |
Ер балалар |
56% |
Кесте 2
-Инвазивті микоздың түрлі формаларында жұмсалған
тікелей шығындар
Инвазивті микоз формалары |
Бір науқас құнының
медианасы, $ |
Тек қана төсек-күнге жұмсалған
қаражат |
Емделген науқас санына байланысты
құнның медианасы, $ |
Дәлелденген инвазивті кандидоз (n=46) |
414.5 $ 49730тг |
14 608$ 1 752 968тг |
19 067$ 2 287 580тг |
Мүмкін болатын инвазивті кандидоз (n=15) |
303.6 $ 36443 |
3 402,5$ 408 300 тг |
4554$ 546 645тг |
Зерттеу әдістері: Экономикалық – тікелей шығын анализі
әдісі- шығын/тиімділік, VEN-анализ, шығынды азайту
(минимизация).
Ғылыми
маңыздылығы: Ғылыми
маңыздылық негізгі ауруы инвазивті кандидозбен асқынған
науқас балалардың стационарлық көмекке жүгіну
жиілігін азайтып, оларды клиникалық тиімді, әрі экономикалық
үнемді емдеудің жолдарын тауып ұсынуымызда.
Болжамды қорытынды және тәжірбиелік
маңыздылығы: зерттеу жұмысында анықталып отырған
инвазивті кандидозға әкелетін қауіп факторларын алдын ала жою және ондай
науқастардың стационарға түсу жиілігін барынша азайту;
стационарлық көмек кезіндегі барлық тікелей
шығындарға «экономикалық тиімділік» анализін жасап, тиімді әрі
үнемді емдеу жолдарын ұсыну; шығын қатынастарын
есептегеннен кейін, клиникалық жағынан тиімділігі бірдей ал,
экономикалық жағынан ысырапқа түскен емдеу түрін
үнемді емдеу түрімен алмастыру. Яғни, біріншілік
медико-санитарлық көмек көрсету деңгейіндегі зерттеу
және емдеу жолдарының спектрін кеңейтіп, арзан әрі
тиімді емдеу жолдарын ұсыну.
Кесте 3 -Кандидозбен асқынған ТАЖ
ауруын стационарда емдеуге кеткен тікелей шығын анализі
Асқынбаған ТАЖ ауру ларын стационарда емдеуге
жұмсалған тікелей шығын |
ТАЖ кандидозын стационарда
емдеуге жұмсалған тікелей шығын |
кандидозбен
асқынған ТАЖ негізгі ауруларын стационарда емдеуге
жұмсалған тікелей шығын |
||||||
Таза төсек- күнге кеткен шығын |
Тек медицин. шараларға кеткен шығын |
Жалпы стац. емге кеткен шығын |
Таза төсек- күнге кеткен шығын |
Тек медицин. шараларға кеткен шығын |
Жалпы стац. емге кеткен шығын |
Таза төсек- күнге кеткен шығын |
Тек медицин. шараларға кеткен шығын |
Жалпы стац. емге кеткен шығын |
38 108 |
18 715 |
56 823 |
38 108 |
11 620 |
49 728 |
38 108 |
29 330 |
67 438 |
Қорыта
келгенде, жоғарыдағы кестелерге қарап, негізгі аурудың кандидозбен асқынып стационарлық
емге мұқтаж болуына жол бермесек, әр науқастан
10 615 тенге (кандидозбен асқынған ТАЖ (тыныс алу жолдары)) емдеуге
жұмсалған тікелей медициналық шығындардан
асқынбаған ТАЖ ауруларының тікелей мед. шығынын
шегереміз) үнемдеп қалуға болады. Демек, 2007 жылы (1 жылда)
аллергология бөлімшесінен 647 515 тенге (61*10 615) үнемдеп
қалу мүмкіншілігі бар.