*111900*

Э.ғ.к. Искаков Б.М.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

Экономикалық тиімділікті артыруда лизингтік

қатынастардың даму ерекшеліктері

 

Жалпы қоғамдағы, әсіресе кәсіпкерлік қызмет аясындағы экономикалық жағдайлар үздіксіз түрде жаңа және көбінесе күрделі жағдайларды тудырып отырады. Бұндай үдерістің түп-тамыры нақты өмірдегі белгілі-бір жағдайлардың басқаларынан басым болуында жатыр. Экономикалық басымдылық бұл өте тез қарқынмен дамитын үдерістер, құбылыстар, объектілер және оларға бірінші кезекте экономикалық ресурстар бағытталып отырады. Соның әсерінен, басымырақ жағы прогресті алға жылжытатын батыл қатынастарға ие болатыны белгілі. Сондықтан өндіріс тиімділігін жоғарылатудың, ҒТП жеделдетудің қажетті шарттарының бірі осы экономикалық басымдылықты бөліп көрсету болып табылады. Соған байланысты нарықтық экономика жағдайында белгілі-бір факторлардың басқаларынан басымдылығы және экономикалық қатынастардың жаңа нысандарының пайда болуы, әдетте экономикалық келісімдерге қатысушылардың пайда табуының жаңа мүмкіндіктерінің көрінуімен негізделеді.

Лизингтік қатынастар жақын уақыт аралығында пайда болған, бірақ коммерциялық қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары мен тиімділіктерінің әсерінен өте кең таралған қатынастар қатарына жататындықтан, біз ең алдымен экономикалық әдебиеттерде әлі де болса пікір-талас тудыратын сұрақтардың бірі лизингтік қатынастардың теориялық негіздеріне тоқталайық. Лизингтік қатынастардың теориялық негіздері бойынша белгілі-бір нәтижеге, оның экономикалық мәнін дұрыс түсіну және ішкі қозғалысы мен даму заңдылықтарындағы қарама-қайшылықтарды айқындау арқылы ғана қол жеткізуге болады деп ойлаймыз. Сондықтан да, лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін дұрыс түсіну үшін, ең алдымен оның қалыптасуына қандай алғы-шарттардың әсер еткенін анықтап алу қажет. Австриялық экономист В. Хойердің тұжырымдамасы бойынша «лизинг» туралы түсінік оған деген көзқарастардың әртүрлі болуына байланысты өзіне бірден жол аша алған жоқ. Бірақ қаржыландырудың басқа нысандарымен салыстыру кезінде қол жеткізілген жақсы нәтижелер және лизингтік қатынастардың артықшылықтары туралы белсенді түрде жүргізілген насихаттар оған экономикадағы тануды қамтамасыз етті. Сонымен бірге, лизингтік қатынастардың кең таралуына әсер еткен себептердің қатарына «кәсіпорын неғұрлым тез қарқынмен үлкен табыстарға қол жеткізген сайын, олардың капиталдарға деген мүқтаждықтары да соғурлым жоғарылайды. Кәсіпорын пайдасының қайтадан айналысқа қосылып отырғанына қарамастан, қосымша капиталдарға деген қажеттіліктердің көбеюі жалғаса береді» және экономикалық өсу қарқыны төмендеген сайын, өндірісті ұлғайту мүмкіндіктерінің қысқаруы, өндірісті жақсарту, арзандату, жетілдіру мақсатымен қолданылатын шаралар есебінен орны толтырылуы қажет, бұл болашақта өндірісті қайта жабдықтау үшін жаңа инвестициялар тартуды талап етеді. Сонымен бірге, жаңа технологияларды өндіріске енгізу қажеттіліктерінің үнемі жоғарылап отыруы, өз кезегінде өндірісті рационализациялауға инвестициялар бэсекелестігінің күшеюін тудырады делінетін экономика заңдарын мысал ретінде келтіруге болады [1].

Қазіргі уақытта шетелдік және отандық әдебиеттерде «лизингтік қатынастар» түсінігі өте кең мағынада түсіндіріледі. Бір жағынан, осы түсініктің экономикалық мәнін дұрыс түсінбеумен де байланысты. Сондықтан, бүгінгі таңда жақын шетелдік және отандық экономикалық эдебиеттерде «лизингтік қатынастар» түсінігінің өте көптеген анықтамалары кездеседі. Себебі, лизинг әртүрлі экономикалық қатынастарға қатысты болғандықтан, оның мәні мен ролі теориялық және тәжірибелік түрғыдан әртүрлі қарастырылады. Соған байланысты, бүгінгі күні әдебиеттерде «лизинг» түсінігінің бірыңғай және оның барлық белгілерін толық қамтитын анықтамасы жоқ деуге болады. Оған себеп осы жаңа қаржылық құралдың барлық нысандары мен белгілерін толық түрде бір анықтамада қамту мүмкін емес. Өйткені лизинг түсінігі кең мағынада қаржылық-коммерциялық, сервистік және құқықтық аспектілерді де қамтиды. Міне, осыған байланысты лизингтің кез-келген анықтамасы шектеулі болып саналады деген тұжырыммен толық келісуге болады.

«Лизинг» термині «tо lеаsе» делінетін ағылшын етістігінен аударғанда «жалдау», «жалға алу», «жалға беру» немесе «жалдау туралы келісім-шарт» деген мағынаны білдіреді. Соған байланысты, жалпы бүгінгі күні қоғамда «лизинг» түсінігімен байланысты түсініспеүшіліктер өте көп кездеседі. Мысалы, отандық тәжірибеде осы екі термин белгілі-бір мағынада бір-бірінен бөлініп қарастырылады, яғни жеке нормативтік құжаттарда «жалдау» және «лизинг» деген жеке түсініктер енгізілген. Басқаша айтқанда, жалдау операцияларының бір бөлігі «лизинг» деген шетел сөзімен аталған. Сондықтан жалпы қоғамда экономикасы дамыған елдерде «жалдау» және «лизинг» деп аталатын бір-бірінен ерекшелінетін екі операция бар деген пікір қалыптасқан. Бірақ олай емес. Себебі, шынында отандық нормативтік құжаттарына «лизинг» деп аталатын ерекше операция енгізілгенімен, ол жалдау қатынастарыньщ жеке әлементі болып табылады. Сондықтан «lеаsе» делінетін ағылшын тілді терминнің мәні көптеген елдерде жалпы түрде жалдау қатынастарымен теңестіріледі, ал Қазақстанда «лизинг» түсінігі жалдау қатынастарының белгілі-бір бөлігін көрсету үшін пайдаланылады [2].

Жалдау қатынастары, олардың экономикалық тиімділіктері туралы теориялық сұрақтарды алғаш рет 1970 жылдардың басында американдық экономист М. Гордон зерттеген. Ол «жалдау - бұл жалға беруші, яғни мүліктің меншік иесі жалға алушыға алдын-ала анықталған мерзім аралығында және екі жақтың өзара келіскен жал төлемдерімен пайдалануға беру туралы келісім» деп түсініктеме береді. Сонымен бірге, жал операцияларының өте көптеген түрлерінің кездесетінің айта келіп, оның неғұрлым кең тараған үш түрін атап көрсеткен. Олар:

1)   тікелей жалдау;

2)   сату типі бойынша жалдау;

3)   тікелей қаржылық («тұтқалық») жалдау.

Тікелей жалдау операциясы жалға берушінің меншігі болып табылатын активтерді жалға алушыға пайдалануға мүмкіндіктер береді. Бұл үшін жалға алушы жалға берушіге жарналар төлейді. Тікелей жал туралы келісімде көбінесе, жалға берушінің активтерге қызмет көрсету де қарастырылады. Бұндай келісімдерді қызмет көрсетумен байланысты жал деп атайды. Осы тікелей жалдың тағы бір ерекшелік белгісі келісімді тоқтату туралы шарт болып табылады, яғни, жалға алушыға келісілген кезеңде жалдан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқық береді.

Сату типі бойынша жалдау кезінде компания көп жағдайда өзі сатып алған активті басқа тұлғаға сатады, содан кейін олар сол активті сатушының қайтадан жалға алатыны туралы келісім-шарт бекітеді. Активтің жаңа иесі меншік құқығын және сонымен байланысты барлық тиімділіктерді иеленеді. Ал, жалға алушы өзіне қажетті активті қайтадан пайдалануға алады және оны сатудан түскен қаражаттарды да иеленеді.

Тікелей каржылық қызмет кезінде операцияларының басқа екі түрінде кездеспейтін қаржылық «тұтқа» пайдаланылады. Үшінші жақ - кредитор -жалға берушіге жалға беру үшін сатылып алынатын активтерді сатып алу үшін қажетті ақша қаражаттарының көп бөлігін береді. Жал қатынастары бойынша барлық келісімдердің 85% көбі осы тікелей қаржылық жал операцияларына жатады. Бұл жерде кредитор ролін коммерциялық банктер орындағандықтан, көптеген банктердің баланстық есептерінде лизинг бойынша дебиторлық борыш деген жаңа жол пайда болды.

Бүгінгі таңда біздің елімізде лизингтік бизнестің дамуы лизинг шартымен пайдалануға беру мақсатында құрылғыларды сатып алу үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтау мәселесіне келіп тірелуде. Кейбір Қазақстандық экономистердің пікірлерінше, банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін біліктілік деңгейлері неғұрлым жоғары ұйым болып табылады. Біз де осы көзқарасқа толығымен қосыламыз. Себебі, коммерциялық банктер айналыстағы бос ақша қаражаттарын жинақтаумен айналысатын мекемелердің бірі болып табылатындықтан, лизингтік операцияларды банктік операциялардың бірі ретінде қарастыру лизингтік бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Сонымен, жалпы тәжірибеде коммерциялық банктер лизингтік компанияларға қарыз беруші ретінде емес, тікелей лизингке беруші ретінде көріну арқылы, банктік капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының тікелей әдісін қолдануға болады. Яғни, бұл әдіс лизингтік келісімдерді қаржыландыру үшін бос ақша қаражаттарын іздестіру мәселелерін жеңілдетеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы ҰБ арнайы лицензиясы болған жағдайда лизингтік операцияларды іске асыруға құқықтары бар. Бұл норма «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген [3].

Лизингтік келісімдерді банктердің қатысуымен басқару сызбасы лизингке беруші мен кредитордың қызметтерін бір субъектіге біріктіреді. Ол келесі 1-сурет түрінде көрсетілген.

 

 

1 сурет - Лизингтік келісімдерді банктердің қатысуымен басқару сызбасы

 

1-суреттен көріп отырғанымыздай, ең алдымен лизинг алушы тұлға банкке өтініш жасайды және лизингтік жоба банкті қанағаттандырған жағдайда лизинг алушы мен банк арасында келісім - шарт жасалынады (1), содан кейін өндіруші зауыт пен банк арасында мүлікті сатып алу - сату келісім - шарты жасалынады және ақша қаражаттары аударылады (2), содан соң мүлік лизинг алушыға жіберіледі (3). Кейбір жағдайларда банк пен сервис орталығы арасында келісім – шарт жасалынады (4), қажет болған жағдайда сервистік қызметтер көрсетіледі (5), көрсетілген қызметтер үшін ақша қаражаттары аударылады (6), лизингке алушы лизингке берушіге лизингтік төлемдер аударылып (7) отырылады.

Коммерциялық банктердің лизингке беруші тұлға ретінде лизингтік операцияларды тікелей іске асыруының лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың басқа нысандарымен (мысалы, лизингтік жобаны тауар өндірушілердің тікелей ұйымдастыруы немесе тауар өндірушілердің еншілес құрылымдарының лизингтік келісімдерді ұйымдастыруы және т.б) салыстырғанда мынандай артықшылықтары бар:

  Банктер занды тұлға ретінде құрылған, ұйымдастырылған құрылым;

  Лизингтік операцияларды жүргізу үшін банк құрылымында тек арнайы бөлім немесе топтар құру ғана талап етіледі;

  Банктер өз клиенттеріне ұсынатын қызмет түрлерінің санын және сол арқылы клиенттер санын көбейту есебінен қаржылық нарықтағы алатын үлесін ұлғайта алады;

          Лизингтік келісімдерді қаржыландыру үшін несие беру кезіндегі тәуекелділіктер салыстырмалы түрде төмен болады;

          Бәсекелестік ортада банктердің қаржылық жағдайының неғұрлым тұрақтылығы;

  Клиенттер үшін банк тартымылығының жоғарылауы, себебі, банк олар үшін жаңа қызмет спектрін ұсынады;

  Лизингтік операция банк үшін қосымша табыс көзі;

  Мемлекеттік деңгейде маңыздылығы бар мәселелерді шешуде банктердің ролі жоғарылайды;

  Қаржыландырудың неғұрлым тиімді шарттарын ұсыну мүмкіндігі.

Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларындағы лизингтік қызмет үлесінің жоғарылауы банктік құрылымнан еншілес лизингтік компанияларды бөліп шығару қажеттілігіне алып келеді. Бұл лизингтік қызмет эволюциясының одан әрі қарай тереңдеуін көрсетеді. Еншілес лизингтік компаниялар үшін лизингтік қызмет бір ғана қызмет түрі болып табылады. Сондықтан лизингтік келісімдерді ұйымдастыру жеңілдейді, себебі, бірдей типтегі контрактілер саны көбейеді. Лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың бұндай құрылымында коммерциялық банк өзінің еншілес лизингтік компаниясына лизингтік келісімдерді жүзеге асыру үшін тек несиелік ресурстар ғана береді. Ал, лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті басқа мәселелердің барлығымен, яғни, тауар өндіруші зауыттармен сатып алу-сату контрактілерін бекіту, сервистік қызмет көрсету және т.б. сұрақтармен еншілес лизингтік компания айналысады. Лизингтік үдерістерді банктердің еншілес құрылымдарының қатысуымен ұйымдастыруды 2-сурет арқылы көрсетуге болады.

 

Өндіруші немесе жеткізуші зауыт

 

Коммерциялық банк

 

Банктің еншілес лизингтік компаниясы

 

Лизингке алушы

 

                                        келісім шартты бекіту;

                                               қаржылық ағымдар;

                                               материалдық ағымдар;

                                               өсімақымен қайтарылған қаржылық ағымдар.

 

2 сурет - Лизингтік үдерістерді банктердің еншілес құрылымдарының қатысуымен ұйымдастыру

 

Лизингтік операцияларды ұйымдастырудың артықшылықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  Еншіліс лизингтік компания үшін лизингтік операциялар - негізгі қызмет түрі болып саналады. Сондықтан мамандану базасы өте жоғары болады;

  Лизинг бойынша туындайтын барлық сұрақтарды шешумен бір ғана ұйым айналысады;

  Клиенттер мен жеткізушілер туралы толық ақпараттар алу мүмкіндігі [4].

Қорытындылай келе, экономикада бекітілетін лизингтік келісімдердің көлемі жылдан-жылға өсіп отырған жағдайда лизингтік қатынастарды басқаруды ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген нысандары тиімді қызмет етуге қабілетсіз. Сондықтан, қоғамдық еңбек бөлінісі заңына сәйкес лизингтік қызмет тауар өндіруші кәсіпорындардың және коммерциялық банктердің қызмет көрсету шегінен шыға отырып қалыптасады. Бұл жағдайда лизингтік келісімге қатысушы кейбір субъектілердің қызметтері неғұрлым нақты анықталады.

Әдебиеттер:

           1. История лизинговых отношений.Учебник. – М.: Проспект, 2000.

              2. Құмарбеков А.К. Нарықтық қатынастардағы лизингтердің қалыптасу ерекшеліктері, - Алматы. Білім, 2009.

           3. Горемыкин В.А. Новая теория и управления // Наука №7, 2010.

  4. Прилуцкий Л.Н. Лизинговые операции. М., 2010.