*112042*

Экономические науки/5. Управление трудовыми ресурсами

Набиханова Самал Кулибековна

Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті

Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық

 және инфлияция

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.

Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді

Инфляцияның пайда болу себептері:

Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.

Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.

Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.

  Инфляция ақша белгілерінің айырбастаудың үздіксіз үдерісін және қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге қажетті мөлшермен салыстырғанда басы артық санының шығарылуымен байланысты құнсыздануы болып саналады десек, онда Филлипс қисығы бұл үдерісте жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы тәуелділікті сипаттайды.

Инфляцияның салыстырмалы түрдегі жоғары қарқынымен күресу үшін мемлекет жиынтық сұранысты сығымдау бойынша іс-шаралар кешенін өткізуі тиіс. Бұны ақша көлемін азайту және мемлекеттік шығындарды қысқарту көмегімен жүзеге асыруға болады. Зерттеу икемді бағалар жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру арқылы шығарылымды арттыруға бағытталған саясат инфляцияға әкеп ұрындыратынын көрсетті.

 Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

Ø                      Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

Ø                      Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

Ø                      Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

Ø                      Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

1.                      Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

-   халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

-   қазына – қор қысқарады,

-   инвестицияға сұраныс қысқарады,

-   өндіріс құлдырайды.

2.                      Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3.                      Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

Әдебиеттер:

1.     А.К. Ермекбаев:  Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау,-ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы. 2006

2.               Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері, -Алматы.2001

3.      Рощинс С.Ю. Разумова Т.О. «Экономика труда» Уч. по собие. М: «Инфра-м»  2000 г.