*112341*
КЕҢЕСТІК
ЖҮЙЕГЕ ӨТУ КЕЗЕҢІНДЕ МАҢҒЫСТАУДА ХАЛЫҚҚА
БІЛІМ БЕРУ ІСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР (1920-1929жж.)
Сидешова
Р.А.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжиниринг университеті.
Тарих және философия кафедрасының аға
оқытушысы.
1920 жылы маусымда Тобанияз Әлниязұлының төрағалығымен өткен адай, табын және солармен қатар
көшіп жүрген рулар өкілдерінің алғашқы
съезінде Қырғыз әскери төңкеріс комитетіне бағынатын
ерекше Адай уезін құру туралы қаулы қабылданды.[1]. Осы
съезде көшпелі ауыл жағдайында кеңес үкіметін құру,
Қарабұғаздан бастап, Ойылға дейінгі Красноводскіден
Темір мен Ойылға дейінгі, Қоңыраттан (Хиуа)
ФортАлександровскіге дейінгі ұланғайыр көлемді аумақты
сақтап, қорғау, шаруашылық және мәдени құрылыстар
мәселелері бойынша көптеген жаңа өзгерістер әкелетін
шешімдер қабылданған
болатын. Съезде қабылданған маңызды шешімдердің бірі–жаңа
құрылып отырған Адай уезінде
жатақханасымен 10-15 халықтық
мектептер ашу болып табылды. Олар мына жерлерде болғаны жөн деп
табылды:
1) Сағыз өзені бойындағы Қопа мешітінде;
2) Ембі болысындағы Қырыққұдық деген
жерде;
3) Сағыз өзені бойындағы Мерили Қангуже деген
жерде;
4) Ембі өзеніндегі Ақтайлақта;
5) Форт-Александровскіде;
6) Сағыз болысының Талдысай, Жиделі деген жерлерінде;
7) Осы болыстың Қиақыр деген жерінде;
8) Ембі болысының Қой деген жерінде;
9) Жүнтайған болысының Оймауыт деген жерінде;
10) Доңызтауда;
11)
Гурьев облысының Тайсойған болысының Адай уезіне өтуге
тілек білдірген ауылдарында. [2].
Әрине, жергілікті халықтың бір–бірінен жырақта әрі
екіүш ай сайын орын ауыстырып, көшіп–қонып
жүруі халық ағарту жұмысын жүргізуге ауыр тиді.
Сауатсыздықты жою жөнінде мұғалімдер даярлау үшін,
4 апталық курстар ашу белгіленді.
Халық ағарту комитетінен уезге көрнекі оқу құралдары,
3810 аршын мата, 69 жұп американ, 154 жұп орыс аяқ киімі, 540
көйлек, 440 ер адам көйлегі бөлінді.[3]. 1921 жылғы 29
сәуірдегі ақпаратқа сүйенсек, бұрынғы ФортАлександровск,
Николаевск станицасы, Долгий аралындағы
6 орыс және аралас мектептерге
қоса, Форт– Александровскіде 2 мұсылман балаларына арналған
мектеп, оның бірі - қыз балалар мектебі, Қамыс ауылда 1 мектеп,
Ақмышта 2 мектеп, Аралдыда 1 мектеп, Форт–Александровск мен Николаевск
станицасында 5 балалар бақшасы
болғанын білеміз[4].
Тобанияз Әлниязұлы төңкеріс комитетінің төрағасы
болып тұрған кезінде, яғни, 1921–1922 оқу жылында
1–сатыдағы 11 мектеп ашылып,
оларда 28 мұғалім сабақ беріп, 548 ұл мен қыз оқыған[5].
Тобанияз Әлниязұлы Кеңестердің Бүкілқазақстандық
съезіне делегат болып барғанында башқұрт Құсайын
Мұхамедиев, татар Хасан Уәлиев деген мұғалімдерді алып
келіп, Маңғыстаудың Тиген, Жыңғылды ауылдарында
мектептер ашады [6].
Сондай-ақ Ақшелек, Қопа сияқты елді мекендерден
де мектептер ашқызады. Бұларда Ахмет Байтұрсынов әліппесі
бойынша сабақ жүргізіледі. Осының бәрі өркениетті
ел болуға жасалған игі қадамдар
еді. Өлкеде мұғалім болған екі башқұрт мұғалімінің
бірбір жылдық стаждары бар, екі татар мұғалімінің бірі
үш жылдық стажбен, бірі бір жылдық стажбен жұмыс жасап
жүр, үш орыс мұғалімінің он екі жылдық
стажы, төртеуінің үш және екі жылдық стажы
бар. 1 балалар бақшасы ашылып,
Форт Александровскіде жетім балалар үшін арнайы интернат ұйымдастырылып,
оған төңкеріс комитетінің жолдамасымен панасыз, үй-үйі
жоқ жетім қалған балалар жіберіліп отырған. Балалар үйінде
бір тәрбиеші, бүкіл Адай уезінде бір фельдшер болды.
Тобанияз Әлниязұлы өзі тұрған Буракөлде
де орысша, мұсылманша бала оқытуды мақсат етіп, Ысқақ деген молда, Петр деген мұғалім ауыл балаларын оқытқан. Үлкен
ұлы Бердіханды Қарабаудағы Қызыл үй – Кермақас
мектебінде оқытқан. Кейін Бердіхан елді сауаттандыру жұмысына
белсене араласады. 30-жылдары Жылойдағы «Қазақстан» ұжымшарында
ШКМнің (комсомол жастардың мектебі) мұғалімі болып
істеген. [7].
Тобанияздың халық ағарту жұмысында бастаған
игі істері одан кейінгі жылдарда да жалғасын тапты. 1924-1925 оқу
жылдарында 1сатыдағы мектепте 582 адам оқыды. 1925–1926 оқу
жылында – 796 адам, 1926-1927 оқу жылында 1000-нан артық адам оқыды.
1927 жылы сауатсыздықты жою пункттері, 4 саяси сауатсыздықты жою
мектебі, 2 оқу үйі, 1 орталық кітапхана, 1 жылжымалы киноқондырғы
және жылжымалы Қызыл Отау болды.
1927–жылдың май айынан бастап далалық жерлерде Қызыл
Отау жұмыс жасай бастады. Қызыл Отаудың мынадай бөлімдері
болды: 1) үгіт–насихат, 2) сауатсыздықты жою, 3) дәрігерлік,
4) заң бөлімі, 5) әкімшілік. Қызыл Отауда әртүрлі
тақырыптағы кітаптармен жабдықталған кітапхана
болды. Мамыр айынан бастап қазан
айына дейін Қызыл Отау далалық жерлерде 14 ауылда аялдама жасады.
Барлық аялдамаларда жергілікті халықпен әртүрлі тақырыпта
әңгіме, баяндамалар өткізіліп, соңынан спектакльдер қойылып
отырылды.
Осы
мезгіл аралығында заң бөлімі 17 адамға кеңес
берді, 42 жалпы жиналыс өткізіп, 8 спектакль қойды. 10 адам сауат
ашып, 1583 адамға дәрігерлік көмек көрсетілді. Қызыл
Отауға қалың мал, барымта, екі немесе одан да көп әйел
алу, кедейлердің байлардан көрген зәбірі т.т. жөнінде
арыздар түсті. Заң бөліміне 14 қылмыстық, 24
азаматтық іс түсіп, 38 істің 20–сы бітіріліп аяқталды.[8].
1927-1928 жылдың қысында Қызыл Отау Қарабұғазда
қыстап шықты. 55 адамның сауатын ашып, 482 адамға дәрігерлік
көмек көрсетілді.
1928-1929 жылдары Округтік халық ағарту бөлімі 2 Қызыл Отау жасақтады. Әрбіреуінің
құрамында 8 адамнан құрылған Қызыл Отаудың
біреуі Алтықарасу, Ойыл және Табын аудандарына, екіншісі далалық
аудандарға шығу үшін жасақталды. Қызыл Отаудың
әрбір бөлімінің алдына жоспар белгіленді, мысалы сауатсыздық
жою бекеті 3 айдың ішінде айына 30 адамнан 90 адамның сауатын ашуы
керек.[9].
Балалардың сауатын ашу, аштық, жоқшылық көргендерге
көмек көрсету, балалар үйін салу мен көбейту ісінде
округтік халық ағарту бөлімінің әйелдер кеңесі
де үлкен қызмет атқарды. 1929 жылы наурыз айында Ойыл
поселкесінде болған әйелдердің жалпы жиналысы Ойылда балалар
бақшасы мен балалар ойын алаңын салу туралы әйелдер бөліміне
өтініш жолдады. Осыған сәйкес 1929 жылы Форттағы 1 балалар үйіне қосымша
Ойылда панасыз балаларға арналған 50 адамдық балалар үйі
ашылды.
Мектептерде мұғалім саны 53–ке жетті, оның 38– і қазақ, 13–і орыс, 2-і басқа
ұлттан. Көпшілігінің білімі өте төмен. Халық
арасынан шыққан, оқуға талабы бар жастарды, мектеп мұғалімдерін
білім деңгейлерін көтеру үшін, мамандық алу үшін
халық ағарту бөлімі оқуға жіберіп отырды. 1926
жылы 22 адам оқуға жіберілді.
1929 жылы Округтік халыққа білім беру бөлімінің
меңгерушісі Нұрмұхамедов былай деп мәлімет береді: «1928-1929 жылдары 10 адам әртүрлі оқу орындарына жіберілді. Оның
біреуі – малдәрігерлік техникумға,
екеуі Қазақтың халық ағарту институтына, төртеуі
– жасөспірімдер мектебіне, біреуі – заң техникумына, біреуі - дәрігерлік
факультетке, біреуі – Қазақ дәрігерлік техникумына оқуға
жіберілді.»
1929 жылы 2- сатыдағы мектептерде мұғалімдер
саны 11-ге, 1- сатыдағы
мектеп мұғалімдер саны 70-ке жетті. Ақтөбеге 12 мұғалім, Астраханьға 4
мұғалім, Оралға 4 мұғалім мұғалімдер
білімін жетілдіру курстарында оқып келді. 1929 жылы латын алфавитіне көшу
басталған кезде мұғалімдерге бір апталық курстар
ашылып, латын алфавитіне үйретілді. Осы жылы округтік халық ағарту
бөлімі 400 бастауыш мектеп оқулығын алдырып, оны Ойыл, Табын,
Үстірт, Карақұм аудандарына бөліп берді.
Бұл
өлкеде сауатсыздықты жоюмен қатар мектеп үйлері де
салына бастады. 1927–1928 жылдары
Фортта жетіжылдық мектеп құрылысы басталды. Ақмышта, Қанғабабада
1– сатыдағы мектептер салына бастады. Тайсойған–Сағыз мектебі
күрделі жөндеуден өткізілді. Ойылда жетіжылдық, Үстірт,
Қарақұм, Табын аудандарында 2 мектеп салынды.
Осылайша, Маңғыстау
жұртшылығы сонау 20-жылдары
қиындыққа қарамастан білімнің негіздерін игере
бастады.
Пайдаланылған материалдар:
1. Қазақстан Республикасының
Орталық мемлекеттік мұрағаты, 14-қор, 1-тізімдеме,
81-іс, 82-95 беттер.
2. Бұл да сонда. 14-қор, 1-тізімдеме,
81-іс, 82-95 беттер.
3. Маңғыстау облыстық мемлекеттік
мұрағаты, 1-қор, 1-тізімдеме, 36-іс, 14 бет.
4. Қазақстан Республикасының
Орталық мемлекеттік мұрағаты, 5-қор, 1-тізімдеме,
45-іс, 91-93 беттер.
5. Бұл да сонда. 5-қор, 1-тізімдеме,
45-іс, 91-93 беттер.
6. Т.Жаңаев. Тобанияз қыстауы.,
Алматы,1994.
7. Бұл да сонда.
8. Маңғыстау облыстық
мемлекеттік мұрағаты, 2- қор, 1-тізімдеме, 2-іс.
9.Бұл да сонда, 2-қор, 1-тізімдеме,
140-іс.