*111245*
Нүркетаева
М.О.
Орталық-Қазақстан университеті «МГТИ-Лингва», Қарағанды қ.
МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС: ПРИНЦИПТЕР, МІНДЕТТЕР
ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Әлемдегі
ядролық, космостық дәуір, этникааралық және
мәдениаралық қақтығыстар шарықтаған
кез - адамзат өркениетінің әлемдік дағдарысқа
ұшырауымен сипатталатын, оның ішінде білім беру саласындағы
реформалар мен жаңартуларында дағдарыстың орын алу ерекшеліктерімен
айқындалады [1], оқытудың даму стратегиясында
мәдениаралық қатынас жасау және қауымдасу
мақсатында, оның әлемдік әрі шығармашылық
шамасын нығайтуда білім жүйесі мазмұнының ең
басты бағыттарының бірі болып саналады.
Бәсекеге
қабілетті маманға қойылатын заман талабы - бір емес, бірнеше
шет тілдерін меңгеріп, кәсіби шеберлігінің мінсіз болуында.
Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін
еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе
жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу
мүмкіндігіне ие боладыӘр адамның түрлі әлеуметтік
қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі
болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек
нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік
тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір
заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда
қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ. [2].
Бұл
халықаралық тұрғыда бағытталған
тұлғаны тәрбиелеуде тікелей құрал болып
есептеледі, яғни өзін өркениетті және тарихи субъект
ретінде тани алатын, даму кезінде өз елінің және адамзат
тарихын қабылдай алатын, өзі үшін, халқы үшін,
мемелекеті үшін, адамзат болашағы үшін жауапкершілік
жүгін сезінетін, өзара тәуелділік пен әлем
бүтіндігіне, адамзат өркениетінің ғаламдық
мәселелерін шешуде мәдениаралық қатынастың
қажеттілігін жете түсінетін, адамның азаматтық
құқықтарын (мәдениет және тілдік
құқықтарын қоса) мойындайтын және саяси
бостандыққа ұмтылатын, қоғамдағы гуманизм
идеалын жасау үшін басқа адамдармен, қозғалыстармен,
қоғамдық институттармен қызмет атқаруға
дайындығы мен қабілеттілігін көрсете білетін және де
қоғам, адам және табиғат арасындағы
ынтымақтастықты қалыптастыратын ұқыпты да
тиянақты, білікті маман мен адамды дайындау осы заман оқытушылары
мен ұстаздардың алдында қойылатын үлкен заман талабы
деп білуіміз керек. Осындай шынайы қарым-қатынас жасаудың
«әсерлі критериі ретінде оның нәтижелілігі, өзара
пайдалы нәтижелелерге» қол жеткізе алу болып есептеледі [3].
Егер
ертеректе шетел серіктестерімен кез-келген іс аудармашы қызметі
арқылы жүзеге асып жатса, қазіргі таңда
күнделікті өмірдің үрдісіне айналды. Осының
нәтижесінде Е.И.Пассовтың айтуынша, «бөтен тіл
сауаттылығы» деңгейінің өсуі осы заман талабына сай
аяқ асты қарама-қайшылықты бір жағынан туындатса,
екінші жағынан шетел тілін оқытудың сәтсіз жүйесі
нақты оң нәтиже көрсетпейтін болды [4].
Бөтен
мәдениетке төзімділік таныту, оларға деген
қызығушылық пен құрмет көрсетуді дамыту
мәселесі кейінгі кезде басты мәселелердің бірі болып
тұр. Қазіргі таңда қоғамға қарапайым
менеджер немесе заңгер қажет емес, халықаралық
және мәдениаралық қарым-қатынас мамандары
қажет, ол дегеніңіз тіл үйренудің аясынан да
кеңірек. Жаңа ақпараттық құралдар легіне
бейімделу, яғни олардың қаншалықты тұрақты
екендігін, кәсіби маңыздылығын, жаңашылдығын
анықтай білу, алынған ақпаратты дұрыс талқылай
алу студенттердің бірден-бір міндеті әрі оларға
қойылатын талап.
Жоғары
оқу орындарында мәдениаралық қарым-қатынас
іскерліктерін қалыптастыру - оқыту әдісінің негізі
болып табылады. Тілін оқып отырған елдің мәдени
ерекшеліктерін білмей адамдармен қарым-қатынас жасап, басқару
мүмкін емес.
Гуманитарлық
оқу орындары студенттерінің мәдениаралық
қарым-қатынас жасау қабілеттерін қалыптастыру
лингвомәдениет және мәдениаралық бағыт негізінде
сәтті болатыны белгілі, әрине ол үшін келесі
педагогикалық міндеттерді ескеру қажет:
-
білім кеңістігінің лингвомәдениет аясының мазмұны
толыққанды болуы;
-
оқытудың белсенді әдістерінің негізінде
мәдениаралық қатынас үрдісіне студенттерді еліктіре
алуы;
-
білім үрдісінде екінші тілдік тұлға сапаларын
қалыптастыра білуі;
-
мәдениаралық қарым-қатынас құралы ретінде
шетел тілін үйренуде салмақты көзқарасты
қалыптастыра алуы;
-
студенттердің тілдік және елтану білімдерін алғышартқа
қоя білуі;
-
шетел тілі мен басқа пәндер бойынша білімдерін ұштастыра
алуы;
-
оқыту технологиясын белсенді қолдануы, яғни студенттерді
оқыту үрдісінің субъектісіне айналдыра алуы және
оларға өздерінің сөйлесу қажеттіліктерін іске
асыруға мүмкіндік бере білуі.
Кез
келген кәсіби бағытта дұрыс сөйлеу мәдениеті
студенттерден жүйелі түрде тілдік білімді меңгеріп қана
қоймай, тілін оқып отырған елдің заңдарын,
әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін және
ұлттық менталитетін білуді талап етеді. Әйтпегенде
қарым-қатынас жасау үрдісі кезінде мәдениеттердің
қарама-қайшы тұстары қандай да болмасын шешімдер
қабылдауға, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге
кедергі келтіретіні хақ.
Мәдениаралық
біліктілікке үйрету – ол кешенді оқу жүйесі, тұтастай
әдістемелік моделінің негізінде, яғни тілдік саясат пен
қазіргі таңдағы тіл мәселесінің жаңа
бағыттарын айқындайтын теориялық материалдар жинағы
бойынша, әлем бейнесінің фрагменттеріне ден қоюға
бағытталған оқу-әдістемелік шараларды іске асыру
бойынша жасалынады. Бұл бағытта болашақ мамандардың
біліктілігін шетел тілінде кәсіби түрде қатынас жасай алу
қабілеттерін қалыптастыру шетел тілі курсының барлық
оқу-әдістемелік құрылымын анықтайтын оқытудың
мақсаты, факторы болып табылады, және де оқушының
тұлғалық потенциалын белсендететін құрал болып
табылады.
Кәсіби
бағытталған форматта шет тілінде мәдениаралық
қарым-қатынас жасап үйренуде когнитивті-іс-әрекеттік
бағыт қолдану негізінде мына принциптерді міндетті түрде
ескеру қажет:
-
оқытудың коммуникативті-когнитивті бағыттылық
принципін;
-
қызметтілік принципін;
-
білімнің, іскерліктер мен дағдылардың кешенділік принципін;
-
жинақтық принципін;
-
оқушылардың творчестволық белсенділігі мен саналылық принципін;
-
тұлғалық бағыттылық принципін;
-
өзін-өзі жинақылықта ұстау принципін;
-
екеуаралық қатынас жасау принципін;
-
мәдени-қайшылық компонентінің маңыздылық
принциптерін.
Ал
мәдениаралық қарым-қатынастың ең басты
дидактикалық принципі деп мәдени-қайшылық
компонентінің маңыздылық принципін айтқан жөн,
бұл принцип бірқатар әдістемелік принциптерге сүйенеді,
мысалы үшін оларға мыналар жатады:
-
негізгі қабылдау модустарын кезекпен қатыстыру принципі
(қабылдау модустарының синтезі), мақсаты - студенттердің
коммуникативті-іс-әрекетінің жағдаяттарында кешенді бейнені
қалыптастыру болып табылады.
-
бейнелеу басым болғанда оны қабылдап меңгеру принципі
(бейнетаспа немесе графикалық мәтінге арқа сүйеу),
бұл қатынас принципін жоққа шығармайды,
өйткені жаңа ақпаратты қабылдауда студентте міндетті
түрде сұрақ-жауап қарым-қатынасы орнайды,
жаңа материалды меңгеруде және студентті
қызықтыра түсу үшін қолданылатын әдіс.
-
Құрылымдық принципі. Бұл кез келген мәтінде
үш негізгі екінші құрылымдықты анықтауға
бағытталған: оның компоненттерінің конфигурациясына,
терминологиясына және бөлшектік элементтеріне.
Бұл
принциптер мен әдістер шет тілі жаңашыл оқытушысының
сабақ үрдісінде тиімді әрі сәйкесінше
қолданған жағдайында ғана іске аспақ.
Қазіргі жастар батыс мәдениетіне еліктейтіндері байқалады,
оны дұрыс қабылдауға ықпал ету керек, еліктеген
жақсы да шығар, бірақ бастысы «Бес нәрседен
қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам
десеңіз» деп, дана Абай айтпақшы өз тілі мен
ұлттық мәдени құндылықтарға деген
құрметін, қызығушылықтарын арттыру керек.
Ал
ол үшін, яғни студенттердің мәдениаралық
қарым-қатынас принциптері мен әдістерін қалыптастыру
үшін әр дайындық, репродуктивтік және продуктивтік
сатыларында нақты, дұрыс мақсаттар мен міндеттер
қойылуы тиіс.
Бірінші
сатысына аз академиялық сағат берілсе де жеткілікті. Бұл
сатыда қойылатын міндеттер: студенттердің мәдениарлық
қарым-қатынас аясындағы студенттердің білім
деңгейін анықтау, және соның негізінде білім
деңгейін теңестіретін түзету бағдарламасын жасау болып
табылады. Себебін анықтап, студенттерді оқу үрдісіне белсене
атсалыстыру. Көптілді білім беретін топтарды оқитын
студенттердің тілдік қоры жеткілікті болғандықтан,
кіріспе сабағынан кейін бірден мәдениаралық
қарым-қатынас мүмкіндіктерін қалыптастыруға
көштік. Студенттер Қазақстанмен тілін оқып жүрген
елдердің мәдениетін, ерекшеліктері мен
ұқсастықтарын, сөйлеу мәнеріндегі
тәлім-тәрбиені оқып, анықтайды. Бұл сатыда
студенттердің әлі де болса мәдениаралық
қарым-қатынас іскерліктері мен дағдылары жеткіліксіз
және оның маңыздылығын сезіне қоймайды, сол
себептен де оқып үйрену қажеттіліктері де толық
қалыптаспаған болады.
Екінші
сатысы ең маңыздысы болып келеді, бұған біраз
көбірек сағат бөлінеді және мәдениаралық
қарым-қатынас іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыруда біршама тығыздау болып келеді. Бұл
кезеңдегі басты міндет – студенттердің іштей туындаған
жағымды қажеттіліктерінің негізінде мәдениаралық
қарым-қатынас іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
үрдісіне белсене қатысу болып табылады, ол үшін
саналы-коммуникативті әдісі қолданылып, теориялық және
тәжірибелік әрекет етілуі керек. Бұл кезеңде
рөлдік ойындар кеңінен қолданылуы керек, сонда ғана
қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Студенттер
сөйлеу іс-әрекетін меңгереді, өйткені бұл
кезеңде қосымша елтану материалдары, сөйлеу әрекетіне
бағытталған жазбалар ұсыну арқылы сөздік
қорды көбейтіп, логикалық жүйеде өз ойларын
ашық білідіре алады. Қойылатын міндеттер мен тапсырмалар күрделірек
болуы керек, қатынас жасау мақсатын анықтай отырып, тиісті
тілдік клишелерді, сөз тіркестерін стилистика тұрғысынан
дұрыс құрап, өз ойларын толықтай жеткізе алуы
керек.
Сөйтіп,
екінші кезең студенттердің жағымды ішкі қажеттіліктерін
қанағаттандыратын мәдениаралық
қарым-қатынас іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыруға бағытталады, сонымен қатар студенттер
әдістемелік, теориялық және практикалық білімдерін
ұштастырып, тереңдей түседі.
Соңғы,
яғни үшінші саты екінші кезеңнен академиялық
сағаты аздау болады, студенттер екі сатыда алған не меңгерген
мәдениаралық қарым-қатынас іскерліктері мен
дағдыларын жетілдіре түседі, фонетикадан, грамматикадан, лексикадан
білімдерін шыңдай түседі. Бұл кезеңнің ерекшелігі
мәденаралық қарым-қатынаста пайда болатын немесе
туындап жататын қазіргі таңда маңыздылығы зор, шешімін
таппай жатқан мәселелерге көп көңіл
бөлінеді. Бұл сатының ең басты мақсаты –
студенттердің мәденаралық қарым-қатынасқа
толықтай араласып, белсене қатысуында болып табылады. Ол үшін
мынадай міндеттер қойылады:
- мәдениет
диалогымен байланысты түрлі ақпарат дереккөздерімен
өздік жұмысын жүргізу;
- сабақтан тыс
іс-шараларға қатыса білу;
- өзінің
мәдениаралық іскерліктері мен дағдыларының сапасын
саралап, бағалай білу;
-
мәдениаралық қарым-қатынас кезінде түрлі жанышты
жағдаяттар кезінде шыдамдылық танытып, дұрыс қабылдай
білу.
Шетел сабағының
әр минуты мәдениаралық қарым-қатынас
тәжірибесі болып саналады. Әр шетел сөзі шет елді, ол
елдің мәдениетін бейнелейді, әр шетел сөзінің
артында ұлттық сана сезіліп тұрады [5].
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Coombs J.C. The World
Crisis in Education. - Oxford
University Press, 1985. - 353 б.
2. Сафонова В.В. Изучение
языков международного общения в контексте диалога культур и цивилизаций. –
Воронеж: Истоки, 1996.
- 88 б.
3. Елизарова
Г. В. О некоторых способах формирования социокультурной компетенции (на примере
культурной универсалии «отношение к действию»). Актуальные проблемы
совершенствования содержания и методов обучения в школе и вузе: Межвуз. сб.
науч. тр. — Мурманск: МГПИ, 1999. - 8-11б.
4. Пассов
Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению, 2-е изд. - М.:
Просвещение, 1991. — 116 б.
5. Тер-Минасова С.Г. Язык
и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/ Slovo, 2008. – 264 б. (25 бет)