*113059*
П.ғ.к., Шаяхметова М.Н. п.ғ.м., Асетова Ж.Б.
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ,Казахстан
Құзыреттілік
– болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы
ретінде.
Н.Ә.Назарбаев
«Инновациялық білім арқылы экономикалық білімге» атты дәрісінде:
«Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары
мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай
меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара
алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса,
тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін» деген болатын. Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында
құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең
білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі
іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.
Құзыр ұғымы
тұлғаның даму деңгейі
немесе білім беру нәтижесі ретінде қаратырылады. Ал құзыреттілік - құзыр ұғымының туындысы. Сондықтан құзырды, құзыреттілікті
білім сапасын бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі деп қарастыруымызға
болады. Бұл жағдайда білімдер, іскерліктер, дағдылар сырт қалмайды.
Керісінше, олар жаңа сапалық мәнде, жаңа жағдайда
бақыланады.
Құзыреттілік
мәселесі бойынша А.Дорофеев, В.С.Кульневич, Г.Селевко, Л.А.Петровская,
Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков,
Г.Ж.Менлибекова, Б.Т.Кенжебеков, Дж.Равен, С.И.Ферхо, Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя,
В.Байденко, С.Е.Шишов, Ш.Таубаева, М.Ж.Жадринаның, Д.П.Мучкиннің,
А.Арғымбаеваның, К.Л.Кабдолова мен Г.У.Кунакованың, Р.Дәулетованың,
В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская, А.Б.Изделеуова еңбектерін талдау құзыреттілік
ұғымының мәнін нақтылауға мүмкіндік
береді.
Педагогикалық-психологиялық
әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда,
кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым:
құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет
(компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Яғни, құзыреттілік
ұғымына «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша қазақша
сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне
«хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама
берілген. Құзыреттілік түсінігі
көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді.
Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында
оны білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның
жеке қасиеті (Н.Кузьмина, А.Маркова, К.Махмурян және т.б.) немесе
ерекше қабілеті (Д.Ж.Равен, Р.Уайт, Х.Хершген және т.б) деп түсіндіреді.
Өмірдің өзгермелі
жағдайында құзыретті тұрғы білім берудің
практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға
шығады. Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың
себептері бірдей, ол адамның жек тұлға ретіндегі жай-күйі.
Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен
орындаған жұмысы кәсіби
іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және
орындай алатын болса, кәсіби құзыретті болып саналады. Н.Г.
Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті
тудыратын төрт негіз бар (біріншісі-кәсіби-әдістемелік құзыреттілік,
екіншісі –іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі
–әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және
төртіншісі –жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер)
сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін,
өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену
қабілеттілігін талап ететіні анық.
Сонымен қтар,
А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның
белгілі бір сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын,
оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын
айтады .
Жалпы алғанда, «құзыреттілік»
ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзыреттілік
ұғымы - соңғы
жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне
ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens»
белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны
қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде
беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева
«…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған
білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын
– құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы
Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық
дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола
алатын білімділігі мен абыройлылығы».
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік–ол
тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері
барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке
даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның
кіріктірілген қасиеті» -деп қарастырылады.
Сонымен, білім
беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы
бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы
мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары,
педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті,
оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген,
отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана
білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.
Әдебиеттер:
1. Ж.А.Жүсіпова. Педагогикалық шеберлік. Алматы, 2011
2. Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
// Білім әлемінде. - 2008. - № 5. - С. 33-36.
3. Нұрғазиева Н. М. Шығармашылық
әрекеттегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің
аспектілері // Бастауыш мектеп. - 2010. - №11. - С. 58-60