*112330*

ПӘНАРАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТ

Көбеева М.-оқытушы ОҚПУ,Шымкент қ. Қазахстан

       Кіші мектеп жасы оқу-танымдық әрекеттің ең қуатты қалыптасатын кезеңі болып есептеледі. Дүние бейнесінің қалыптасу процесінде танымдық әрекет оқушылардың оқу және оқудан тыс әрекеттерінің бірлігі ретінде қалыптастырылады танымдық әрекетке тек ойлау процесі ғана емес, әрі ықылас,ес, ерік т. б.процесстерде орын алады.Бұдан басқа Л.С.Рубинштейн көрсеткендей танымдық әрекет процесінде ойлаудан өзгеше адамның қоршаған дүниеге қатынасы білінеді.Дегенмен,танымдық әрекеттің негізгі формасы, тәсілі және психикалық механизмі-ойлау.Сана мен әрекеттің бірлігі туралы мәселе негіз салушы болып табылады.Адамның әрекеті оның санасын,психикалық байланыстарымен қасиеттерінің калыптасуына себеп болады және осы соңғылары адам әрекетін ретке келтіре отырып, орындалуының шарты болып табылады.Бұл жағдайда ойлау қызметінің ең мәнді жағы мынада заттарды жаңа байланыстарға ендіре отырып сол заттардың ерекше сапаларын ұғынуға мүмкіндік береді.

        Оқу - танымның объектісінің ақиқат табиғат және оны бейнелейтін модельдер,түсініктер мен олардың өзара байланысы,ұғымдар және ұғымдар жүйесі олардың өзара байланыс заңдылықтары.Танымдық әрекеттің мазмұны қоғамдық және жеке таным әрекеттері тәсілдерінде негізделеді де барынша қорытылған сипат алады.Мұндай қорытылған субъектілік әрекеті бастауыш мектептің оқу жоспарының әр түрлі пәндерінен алынатын білімдерді интеграциялаушы барынша қорытылған тәсілдер болып саналады.

      Пән аралык интеграцияланған әрекеттің ерекшелігіне байланысты оның құрылымын анықтауға болады..Оқу танымдық әрекет құрылымы мәселесі В.В.Давыдов,М..А.. Данилов,И-Я.Лернер,т.б.еңбектерде қарастырылады.          

        Танымдық пән аралық әрекетте аталған компоненттердің бәріде болады,бірақ олар бір мезгілде барынша қортылған және айкындалған сипат алады.

        Білімді     интеграциялау     арқылы     дүниені     ғылыми         бейнесін

қалыптастыруда бастауыш сынып оқушысының әрекеті полимотивтік сипат алады,оны әр түрлі пәндер әрекеті туғызады және олардың мәніде түрліше.

Бірінші мотивтер окуда,екіншілері-оқудан тыс танымдық әрекетте,үшінші: әлеуметтік мотивтерде, төртіншілері-оқу мен мен танымның субъектілік аймағында байқалады..Сонымен,мотивтік компонент оқушының табиғатты зерделеуі кезінде интегративтік мәнге ие және ол қоршаған дүниені баланың жер ғаламшары табиғатын сақтауы және өзінің ғарыштағы орнымен рөлін анықтауға     деген     ықыласы     аксиологиялық     анықтауға     негізделген.

Білімнің интеграциясы арқылы дүние бейнесін нәтижелі қалыптастыру және бала тұлғасын дамыту үшін оқушының мотивациясын анықтап, оны тәртіпке келтіріп отыру қажет.Мотивацияны қалыптастыру оқыту үшін өту түрінде емес,А..И.Леонтьев көрсеткендей, оқытудың өмірге енуі,оқушылар үшін өмірлік мағына беруі,онымен өмір сүру керек. Сонымен қатар, табиғатты ғылыми танудың жалпы логикалық,эмприкалық және теориялық      тәсілдері      басымдық алады.Бастауыш мектеп оқушыларында табиғатты зерттеуде   табиғаттану, дүниетану пәні мен басқа оқу курстарында, қоғамдық тәсілдерге бара-бара дидактикалық    және    психологиялык    бейімделген    тәсілдердің    жүйесі қалыптасуы     керек.  Біз    бұл    жүйеде    келесі    компоненттерді:  жалпы логикалық,эмпирикалық,теориялық, қоршаған дүниені   шығармашы-лық бейнелеу тәсілдері,табиғатқа, адамға, өз-өзіне   қатынасты   білдірудің сезімдік -құндылық тәсілдерін бөліп көрсетеміз. Бастауыш сынып оқу-шыларында табиғатты тану тәсілдерінің әр компоненттерінің   өзіне тән ерекшеліктері мен мазмұны бар:

-танымның жалппы логикалық тәсілдері анализ, синтез, ндукция, едукция, ерексіздендіру.т.б.

-танымның эмпирикалық тәсілдері: бақылау, сипаттау, өлшеу, тәжрибелер, практикалық жұмыстар;

 -танымның теориялық тәсілдері;модельдеу,болжау,дерексізден нақтыға өту;

-табиғатты  шығармашылық  бейнелеу тәсілдері;

- табиғатты  қабылдауда табиғатты формада,бояуда,дыбыста,қозғалыста т.б. --көркем және ғылыми бейнелеу;

-табиғатқа қоршаған адамдарға,өзіне сезімдік-құндылық қатынасты көрсету

тәсілдері.

       Бұл тәсілдер жүйесі мен тәсілдердің өзі бастауыш сынып оқушысының қоршаған табиғатты тануы,бастапқы деңгейде,кейде қарапайым түрде болуы мүмкін,бірақ дәл осы жаста бала олармен танысуы,одан әрі оларды тереңдету және ұғынуды жүзеге асыру үшін оларды тереңдету және ұғынуды жүзеге асыру үшін оларды игере бастауы қажет.

        Бұл тәсілдер жүйесін меңгеру ақиқат шындықты бастауыш мектептің әр бір оқу пәнінде ашу,қарастыру,зерделеуде,яғни пәнаралық танымдық әрекет процесінде жүзеге асады.Мысалы,жануарлар туралы ұғымдарды зерделеу кезінде олардың түрлері,олардың әр түрлі қоғамдасу мен табиғат зонасында,өлі табиғат жағдайында бейімделуі туралы яғни, дүниетану сабағында алатын жалпы логикалық,эмпирикалық,теориялык тәсілдерден басқа,оқушылар ақпаратты басқа пәндерден, қоршаған дүниені шығармашылық тәсілдер арқылы ,қоршаған дүниені сезімдік-құндылық қатынас тәсілдерін басымырақ қолдана алады.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.  Қоянбаев Б.Ж. Педагогика.-Оку құралы.-Алматы, «Рауан»,1992.

3.  Игнатьев    Е.И.     Психология     в     беседах     с     учителеями.-Санкт-Петербург,-2001.

4. Макаренко А.С. Педагогикалық шығармалары. Т.5.-Москва, 1958

5.Жарықбаев Қ.Ұстаздық еткен жалықпас.-Алматы, «мектеп», 1987.

6.  Бастауыш мектеп №7, 2001 ж

7.  Советская педагогика №7, 198

8.   Қазақстан мектебі №4, 1995ж.