*112998*
СТУДЕНТТЕРГЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Ирметов Өткір Әбдрасілұлы- ?ғ.?,哀墮粧 Қ卦У
緬佚孼?қ. Қ暹性增陝
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен
кейін жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру міндеті айрықша
маңызға ие болды. Ұлттық тәрбиенің қалыптасуын,
дамуын, оқыту процесінде қолдануын халықтық педагогика
зерттейді. Халықтық педагогика – қазақ халқының
сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық
салт-дәстүрлері мен тарихи - мәдени ойлау үдерісі,
солардың озық үлгілерінің жиынтығы.
Халықтық педагогиканың мақсаты-жас
ұрпақты ата-баба жолымен, олардың тәжірибесіндегі ең
жақсы мұраттарына тәрбиелеу. Мұның өзін жас
ұрпақты ұлтшылдық бағытта емес, ұлттық
негізде тәрбиелеумен халқымыздың мол мұрасын олардың
бойына сіңіре білуде және жас жеткіншектерге өз ұлтының
әдет-ғұрпының өзіндік ерекшелігін, шығу
тарихын ашып көрсету арқылы жүзеге асыру. Осылардың нәтижесінде
Қазақстанды мекендейтін жеткіншектерді қазақ халық
педагогикасы негізінде ұлттық сана-сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,
эстетикалық талғамы жоғары, арлы, қамысты, еңбекқор
етіп тәрбиелеу; халқымыздың
бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты
бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу,
отбасы, ауыл-аймақ, Отанының ар-намысын қорғай білетін,
жаны жарқын, ар-ожданы биік азамат етіп тәрбиелеу. Осындай ізгі мақсатты
іске асыру жолында қаншама ғасырлар бойы отбасынан бастап, ауыл ақсақалдары, билермен көне көз
қариялар, ақындар, жыршылар, әнші, күйші, термеші сияқты өнер адамдары және
қоғам бәрі белсене ат салысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені
баршаға аян.
К.Д. Ушинский: «Халықтың
тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ», - деп айтқанындай, этнопедагогиканың әдіснамалық
негізі - халық тәжірибесі, сондықтан сол жерде жасайтын халықтың
қасиетті және құнды үрдістерін зерттеу арқылы
оқушыларға ұлттық тәрбие беру ісінің мәні
жайында тұжырым жасауға болады. Себебі ұлттық тәрбие-ұлағатты
іс. Бұл тек қазақ халқы үшін ғана емес,
Республикадағы барлық ұлттар үшін қажет.
Мектепте оқушыларға ұлттық
тәрбие беру ісінің мәні мен мазмұны халықтық
педагогика ғылымымен сабақтас, тығыз байланыста. Себебі
халықтық педагогика - ұлттық
тәлім-тәрбиенің сол халықтың болуынан
бастап, осы уақытқа дейінгі болмысын айқындап, оның
болашағын белгілеп беретін ғылым. Олай болса қазақи ұлттық
тәлім-тәрбиенің түпкі негіздері халқымыздың
ұлт болып қалыптасуынан талай ғасырлар бойы бастау алып, ұлттық
қасиеттерімізге сәйкес, қалыптасып
дамып келеді.
Халықтық педагогика дәстүрлеріндегі
тәрбие мен білімнің қазақ халқымен бірге жасауы
оның таным, наным, сенім, ұғым,
әдет, ғұрып, салт- дәстүр
үдерістерінде жалпы даму өсіп-өну
үдерісіне айрықша орын
алады. Ғасырлар басы үздіксіз сабақтастықта берілген тәрбие
мен білім қазақ баласының жадында мәңгі сақтай
алушылық қасиетін қалыптастыры, оны үнемі өмір тәжірибесінде
пайдалануу халқымыздың ерекше
ұлттық ерекшелігі, солай болып қала беретін даусыз.
Халықтық педагогика қалыптасу тарихы бар кең ауқымды,
көп салалы ғылым.
Бұны дәлелдеп «халықтық педагогика», «этнопедагогика» терминдерін ұсынған,
олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын
ерекшелігін ажырата ашып көрсетіп, педагогика ғылымында алғаш
анықтама берген-Г.Н.Волков. Оның анықтамасы бойынша халықтық
педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты, ал этнопедагогика-теориялық ой саласы.
Ол этнопедагогика терминіне мынадай
анықтама береді:
"Этнопедагогика -халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу
тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары
туралы ғылым. Халық педагогикасы -халық ауыз әдебиетінде,
салт-дәстүрінде, ырымдарында балалар ойындары мен ойыншықтарында
мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар
мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық
педагогикасы - халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру
үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың,
міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің
жиынтығы мен өзара байланысы" дей келе, "...бұл
білім мен мағлұматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның
зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие объектісі - адам, тұлға".
Оның бұл еңбегі тәрбие
пәніне, педагогикалық негіздеріне, әдістеріне, құралдарына
анықтамалар берді және халықтық педагогика бүкіл
халықтың ұжымдық тәрбиесінің нәтижесі,
рухани жетілу жолдары екенін ашуымен құнды.
Сондай-ақ халықтық педагогика туралы да
құнды пікірлер бідірген. Атап айтқанда "Халықтық педагогика
бұқара халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған
педагогикалық мәдени мұраларына жорамалды зерттеулер жүргізе
алады" және "Халық
қалаған және адам санасын
дамыту мақсатында еңбекшілер қолданған тәрбиелеу
мен оқыту педагогикалық дағдылар мен тәсілдер мақсаттарының,
міндеттерінің жиынтығы және өзара байланысты"-,
деп, халықтық педагогиканың
тәжірибеге сүйенетінін, ал этнопедагогика соның теориялық
ой-саласы, ғылым саласы екенін түсіндіре келе, халықтық
педагогика мен этнопедагогиканың бір-бірінен айырмашылығын саралап
айқындап, түсіндіріп берді. Ғалымның тұжырымдауы
бйынша этнопедагогиканың пәні-халықтық педагогика, халықтық
тәрбие, мәні ұлттың сақталу педагогикасы, тәрбие
даналығы, жалпыға бірдей сүйіспеншілік педагогикасы, мазмұны-халықтық
педагогикалық, этнопедагогикалық білімдердің жиынтығының
әлеуметтілігімен өлшенеді.
Халықтық педагогика тар
дәстүрлері тәрбиеленушінің сезімталдығына, қабілетіне,
икемділігіне сүйене отырып, тек шындықтан
тұрады және шындықты шынайы тәжірибеге
айналдырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Төлеубекова Р.К. Бала тәрбиесіндегі халықтық
педагогика. – Алматы: РБК, 1994.- 140 б.
2.
Қаплиева А.Қ. Есім Ұ.Ә. Қазақ отбасында
халықтық педагогика құралдары арқылы мектеп
жасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық
шарттары, пед.ғыл.канд.дисс. Шымкент, 2006, 26 б..
3.
Волков Г.Н. Этнопедагогика. М., Педагогика. 2000. – 188 с.