*112102*

Бокаева Г.Б.

Қарағанды қаласының №86 жалпы білім беретін орта мектеп, Қазақстан  

 

БІЛМ САПАСЫН КӨТЕРУ МЕН ОНЫ МЕҢГЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РӨЛІ

 

XXI ғасыр ақпаратгық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін акпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етіп отыр.

Білім сапасын көтеру студенттердің оку материалдарын меңгеруімен тікелей байланысты. Ал, білім сапасын арттыру - өзекті мәселе екені бүгінгі таңда жаңалық емес. Өйткені, бұл үрдіс осы кезге дейін өз шешімін толық таппаған білімді меңгеру саласының зерттеу мәселелеріне тәуелді. Біз оны осы саладағы ғылыми зерттеулерге талдаулар жасағанымызда айқындай түстік.

Бұл мәселені зерттеген И.С.Бусыгина өзінің ғылыми жұмысында психологиялық-педагогикалық категория ретінде қарастырып, оның үш аспектісін атап көрсеткен. Олар: біріншіден, өзара байланысты элементтердің жүйесі, екіншіден, оқыту үрдісінен алынған нәтиже, үшіншіден, қандай да бір нәтижеге жетелейтін үрдіс [1].

Ал М.И.Махмудовтың логикасы бойынша меңгеру үрдісі үш құраушыдан-оқу материалы (білім), бұл материалдың реципиентінен (студент), материалды бағыттаушы, сілтеушіден (оқытушы) тұрады. Меңгеруді жақсарту үшін студенттің оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, оқыту жүйесін қайта құ-ру, оқу материалын студентке жеңіл, түсінікті меңгеретіндей етіп түрлендіру қажет [2].

Білімді меңгеру мәселесі педагогикалық үрдіс қанша өмір сүрсе, сонша мәнін жоймайды. Ол туралы Л.С.Выготский: "Оқу материалын меңгеру — таным  нысаны, түсіну, есте сақтау, тәжірибеде пайдалану мүмкіндігі. Меңгеру үрдісі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы психикасы дамуының негізі болып табылады. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы мен ойын, оқу, еңбек әрекеттері барысында жүзеге асып отырады. Ілім-білімді тұрақты меңгеру үшін, қай кезде болса да, баланың өзіндік әрекеті қажет"-деп жазады [3].

Педагогикалық ғылымдарда оқу материалдарын меңгертуге бағытталған жүйелі әдіснамалык тәсілдердің арнайы кешені болады. Солардъщ ішінен А.Н.Крутский көрсеткен білім меңгеру тәсілдері негізінде ақпараттық технология арқылы оқушылардың оқу материалын меңгеруі арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру тәсілдерін былай бөліп топтауға болады:

1. Дискреттік тәсіл. Мұның мәні мынада: алдымен оқытушы оқу материалы құрамына талдау жасайды. Оқу материалында білімнің басты және қосымша элементтері ажыратылып көрсетіледі. Басты элементтер білімнің функционалдық жүйесінің мазмұнын кұрайды, ал косымшасы оларды логикалық тұтас біріктіреді де, білімге айналдырады. Содан соң жаңа элементтер енгізеді. Элемент туралы қосымша ақпарат іздестіру жұмысы жүргізіледі. Элементтерді бөлу үшін мынадай өлшемдер ұсынылады:

а)  элемент бірінші рет кездесіп отыр әрі электрондық оқу құралында ерекшеленіп көрсетілген;

э) элемент берілген сабақта меңгерілетін негізгі ұғымның кұрамына кіреді және онсыз материалды түсіну мүмкін емес;

б)  элементтің маңызды танымдық мәні бар басты бөліктерін белгілей отырып, тізбекті туындайтын   сабақтардың   әрбіреуінде   материалды   ойлау,   есте   сақтау   қабілеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың автономды жүйесін ұйымдастыруға болады.

2. Жүйелі-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білім құрылымын талдау, оның элементтерінің функцияларын анықтау, жалпы мағынасы бойынша жүйелеу, жүйелік оқыту мен меңгеру ережелерін синтездеу, оқушылардың оқу-танымдык әрекетінің
қалыптасуына негізделеді. Нәтижесінде оқу материалдарын біртіндеп тізбекті үйрену үрдісінде оқу элементтерін ажыратылады және олардың функцияларын анықтайды. Бұдан кейін оқу бөлімінде оқу элементтеріне салыстырмалы талдау жасауға үйрету жолдары жүзеге асады. Бұл жағдайда функцияның жалпылығы білім кұрылымы
жалпылығын тудырады, әрбір элементгің функциялык мәніне аса назар аударылады.

3.Жүйелі-құрылымдық тәсіл. Бұл тәсілде білімнің оңтайлы бірлігі ретінде оған енетін дерек, болжам, объекті, шама, заң, практикалық қолданылуы бар ғылыми теория алынады. Құрылым сызбасы студентке дайын күйде берілмейді, ол теорияны
"оқытушы - ақпараттық технология - студент" қатынасында бірлесе ашу барысында динамикалық түрде құрылады. Материалды талдау мен оны құрылымдық сызба түрінде беру ғылыми білімді түсінуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда оқу-танымдык, әрекетті қалыптастырудың жүйелілігі мен жүйеленуі қамтамасыз етіледі, оқу материалының құрылымы меңгеріледі. Материал бойынша тест құру,  сұрақ
дайындау дағдылары қалыптасуына мән беріліп, білімділік деңгейі көтеріледі, ойлау қабілеті калыптаса бастайды.

4.Жүйелі-логикалык тәсіл. Бұл тәсілде оқу материалдары кысқартылған және кодталған түрде беріледі. Бұл адамның белгілі, оның мағынасын карамай есте сақтайтынына, ал, белгі мазмұны мен мағынасы өзектендірілетінімен түсіндіріледі.Жүйелі-логикалық бағыт көбінесе жаңашыл мұғалімдердің "тірек конспектілері" мен "тірек белгілерінде" жиі ұшырасады. Бұл көбінесе электрондық оқу құралын құрастыруда қолданылады [4].

Оқыту үрдісіндегі қазіргі ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері-танымдық әрекетті басқару процесі мен казіргі ақпараттың білім ресурстарына қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау ісі болып табылады. Әрине бұл үрдіс білімді ақпараттандырумен тікелей байланысты.

Білім беруді ақпараттандыру - жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.

Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы қазіргі таңда білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды мынадай бағыттарға бөліп қарастыруға болады:

- оқу үрдісінде  ақпараттық технологияларды іске  асырудың жүйелі  ғылыми-әдістемелік жолын анықгау;

- студенттердің тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- оқытушылардың ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- студенттерді білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

Көрсетілген әрекеттерге сай оқу үрдісінде компьютерді оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін кажетті ресурс болып табылса, екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың куатты құралы болып табылады. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

·  оқу үрдісін дербестендіру. Мысалы, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

·  нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Компьютер арқылы әрбір студент өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

·  материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді акпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындайды. Бұл жүйенің негізін акпараттық технологиялар құрайды. Мұндағы оқытудың акпараттық технологияларының тұжырымдамалық сипаттамасы темендегідей:

1.      Компьютерлік   және   ақпараттық   сауаттылық.   Бұған   электронды   есептеуіш техникасымен жұмыс істей білу мен ақпаратты алу, қайта жасау, жеткізу, сақтаудың негізгі ережелерін білуі көзделеді.

2.      Оку   үрдісінде   компьютерді   пайдалану   студенттердің   өзіндік   жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай жаңашыл өзгерістерді оқулықтардан бастауға болады. Мұнда    дәстүрлі баспа оқулықтармен қатар оқу үрдісінде электроңды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

Екінші мәселедегі мазмұнға келетін болсақ, электрондық оқулық немесе оқу кұралдарын құрастыру кәдімгі оқулықтың мүмкіндіктерін кеңейту, компьютерлік техниканың бар мүмкіндіктерін пайдалану дегенді білдіреді. Н.Г.Бондарьдің ойы бойынша оқу үрдісінде компьютерлік техниканың бар мүмкіндігінің (мультимедиалық) қамтылуы баланың қызығудан пәннің теориялық материалдарын, ұғымдарын жеңіл қабылдауына әсер етеді [5].

Шындығында, электронды окулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі. Бүгінгі таңда оның жетістіктері туралы да көптеп айтылуда және зерттелуде.

Ондағы электронды окулықтың негізгі жетістіктері болып мыналар саналады:

-   шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

-   дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

-    гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында  уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

-    қысқа мәтіндермен  қатар  көрсетеді,   әңгімелейді,   жобалайды,  т.с./мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді/;

-    әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

-    белгілі-бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

Білімде электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады, яғни студент жаңа тақырыпты ақпарат көзі - компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, оқытушыға түсіндіріп бере алатындай болуы керек.

Оқу материалын электрондық нұсқада ұсыну студенттердің тек қабылдауына ғана емес, заттар мен құбылыстарды талдау, бір-бірімен салыстыру, абстракциялау, нақтылау сияқты ойлау операцияларын колдану арқылы жаңа білімді ұғынып, түсінуіне, ұзақ уақыт есте сақтауына мүмкіндіктер туғызады. Мысалы, кәдімгі оқулықта берілген оқу материалын электрондық оқу материалындағы алуан түрлі сілтемелері бар, графикалық объектілер қозғалысы арқылы оқушы қызыға оқитындай, өздігінен жұмыстануына ой салатындай етіп беріледі

Электронды окулықтарда материалдар теория мен практикалық жаттығулар, бақылау жұмыстары беріледі. Теориялық материал қысқа, нақты және негізгіні қосымшадан айырып көрсету жолымен, кей тұстарда тірек конспектілері мен сызбалары аркылы берілген. Бұл жағдайда негізгіні айыра білуге, тірек сызбалары арқылы өз түсінігін баяндауға, жаттығулар бойынша ойлай отырып, мәтінді жоспарлауға, мәтінге атау қоюға, деректерді салыстыруға, теориялық материалдан кажетті элементті іздеуге үйренеді.

Мұндай автоматтандырылған оқу әрекеті оқытушыны түгелімен алмастыра алмағанымен, оқу материалын меңгерту үрдісін жеңілдетеді. Білімді меңгерудің жоғарыда көрсетілген кезеңдерінде ақпараттық технологияның маңыздылығын көріп отырмыз. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі - бұл көп деңгейлілігімен, ізгіліктілігімен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетін динамикалық даму жүйесі. Сондықтан да ақпараттық технология қазіргі таңда студенттің білім алуына және өзін-өзі дамуына жағдай жасау арқылы білім сапасын көтерудің негізгі шарттарының біріне айналып отыр.

ӘДЕБИЕТ

1.     Бусыгина И.С. Дидактические условия повышения эффективности усвоения студентами  историко-педагогических знаний. Автореф.дисс.на соиск.уч.ст.к.п.н., Екатеринбург, 1999.

2.     Махмудов М.И. Современный урок. 2-е изд., испр. и доп. М., Педагогика,1985. 183 с.

3.     Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. М., Просвещение, 1991. 93 с.

4.     Крутский А.Н. Психодидактика. Теоретические основы психодидактики.

5.     Бондарь Н.Г. Развитие восприятия младших подростков как условие совершенствования  их обучаемости. Автореф.к.п.н. 19.00.07 - педагогическая психология. Ставрополь, 1999.