*112474*

Педагогические науки / 5.Современные методы преподавания.

Магистр-оқытушы БатыроваА.Т.

Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, Қазақстан

 

Жалпы білім беретін орта мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының бағыт-бағдары.

 

 Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің  негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер  күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.

      Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған  іс-әрекеті.  Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. 

     Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

- Оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

-   Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;

-  Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.

  Республикамыздың Конституциясында еліміздің азаматына еңбек етуге құқық берілген, оның ішінде біліміне, қабілетіне, кәсіптік даярлығына сәйкес, 24-бап бойынша «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» (Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Жеті жарғы, 1996). Бұл құқық толығымен жүзеге асырылуы үшін еңбек   барлық азаматтарының табиғи қажеттілігіне айналуы тиіс. Кеңестік жүйе кезінде «мектептегі еңбекке баулу, тәрбиелеу жүйесінің оқыту, еңбек пен адамгершілік сапасын арттыру, мұғалімдер мен оқушылардың еңбек нәтижелерін бағалаудағы формализмін жою, оқытудың өмірмен байланысын іс жүзінде нығайту, мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды жақсарту қажеттігі атап көрсетілсе, Өкіметіміздің кәсібіи білім беруге арналған «Мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуді, баулуды, оларға кәсіптік бағдар беруді жақсарту және олардың қоғамдық пайдалы, өнімді еңбегін ұйымдастыру туралы»   «... жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуді, баулуды және оларға кәсіптік бағдар беруді түбірімен жақсарту, олардың дербес өмірге практикалық және моральдық-психологиялық даярлық дәрежесін арттыру, жеткіншек ұрпақтың бойында еңбекке деген саналы қажеттілікті қалыптастыру, бұл үшін қажетті жағдайлар жасау шараларын қолдануға міндеттері аталып өтілген.

Алғашқы күндерден бастап жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру жүйесі Өкіметіміздің қаулы қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйренуді олардың жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайық қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты қамтамасыз етілсін - деп міндеттелген.

Әсіресе  өкіметтің қабылданған  қаулы-қарарларында 1986-1990 жылдар мен 2000 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және әлеуметтік дамыуының негізгі бағыттарындағы  білім беру саласында мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріліп, кәсіптік бағдарды жетілдіру міндеті қойылды. Мектеп бітірген әрбір жастың белгілі бір кәсіп иесі болуы да қажет екендігі белгіленді.

Осы орайда Республикамызда орналасқан әрбір мектептің, өндірістік ұжымның, ата-аналардың, жұртшылықтың алдында оқушылардың еңбек тәрбиесін, политехника-лық даярлығын және кәсіптік бағдарын түбірімен жақсарту міндетін қойып отыр. 

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің жан-жақты және күрделі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін әрбір мұғалім, сынып жетекшісі өзінің күнделікті педагогикалық іс-әрекеттерінде  еңбек тәрбиесінің негізгі қағидаларын берік меңгеріп және оны басшылыққа алуды талап етіп отыр.

 Кезінде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі көптеген ғалымдар мен қайраткерлердің ғылыми еңбектерінде, мақалаларында сөз етілді. Атап айтқанда, Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, П.П.Блонскийдің, А.С.Макаренконың, С.Т.Шацкийдің еңбектері оның күрделі мәселелерін шешуге үлкен маңызы зор  болды.

А.В.Луначарский 1918 жылы халық ағартудың Бүкілроссиялық І съезінде сөйлеген сөзінде жаңа адамды қалыптастырудағы еңбектің рөліне үлкен баға бере келіп, «Әрбір адам – еңбек адамы болуы тиіс» деп көрсете келіп, қазіргі еңбек тәрбиесі жөніндегі мектептің алдындағы міндеттерді анықтады. 

Н.К.Крупская еңбек тәрбиесі және политехникалық оқыту мәселесіне өзінің көптеген еңбектерін арнап, оның ғылыми-теориялық негізін салушылардың бірі болады. Ата пайтқанда, «Кәсіп таңдау» (1925ж.), «Кәсіпті таңдау түрлері» (1929ж.), т.б. еңбектерінің маңыздылығы жоғары болды.

Сондай-ақ С.Т.Шацкийдің «Политехнизм туралы» (1930ж.) және П.П.Блонскийдің «Кәсіп таңдау» (1934ж.) еңбектерінде Кеңес мектебінің міндеті оқушыларға белгілі бір көлемде еңбек тәрбиесін және мамандық таңдауға байланысты жұмыстар жүргізу қажеттілігінің атап өтіп, оны жүргізудің кейбір формаларын қарастырады.

А.С.Макаренко да «Кәсіп таңдау» (1937ж.) деген еңбегінде тек мектеп қана емес, еңбектік мамандық таңдаудағы тәрбие берудегі отбасының рөлін де атап көрсетеді.

Жастарға кәсіптік бағдар беру туралы алғашқы ойлар, ХІХ ғасырдың өзінде-ақ шетелдерде де пайда бола бастады. Атап айтқанда Францияда «Мамандық таңдауға басшылық» туралы еңбек 1849 жылы жарық көрсе, ағылшын писхологы Ф.Тальтон 1883 жылы бірінші рет тесттік байқауды ұсынды. 1968 жылы Гарвард университетінің (АҚШ) профессоры Ф.Парсонс Бостон қаласында «Бағдарлау бюросын» ұйымдастырды. Ол оқушыларға өмірде өз орнын таңдауға көмектесуге тиісті болатын болса, бұл бюро кейін Нью-Иоркке көшірілді. Мұндай кеңес беретін орталықтар Англияда, Бельгияда, Чехославакияда, Швецарияда т.б. дамыды. Онда негізінен мектеп оқушыларына мамандық таңдауға кеңес беру мәселесі қойылды.

Осындай идеялар Кеңестік Одақты мекендеген елдерде жастардың, адамдардың мамандықты еркін, өз икемділігіне байланысты таңдауға бағыттау қажеттіліген қол жеткізу мүмкіндігі жасалды. Осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілді.  Еліміздің әрбір өңірінде өндіріс салалары бой көтеріп,  халық шаурашылығы бір-бірімен байланысты болатын мынадай салалардан тұрды: өндіріс, ауылшаруашылығы, көлік (транспорт), құрылыс, байланыс, сауда, қоғамдық тамақ, коммунальды шаруашылық, тұрмыстық қажетті өтеу, ғылым, ағарту-оқу, мәдени, денсаулық сақтау, т.б.

Осы кәсіптік мамандықтың барлығында да адамдар қызмет ететін, бірнеше мамандықтарды иегерді. Ондай өндірістік ошақтарында істейтін негізгі күш  – жастар. Сондықтан жастарға кәсіптік бағыт беру жұмысын дұрыс та, нәтижелі ұйымдастырудың маңыздылығы күннен-күнге арта бастады. Кәсіптік бағдар беретін мектептің оқу бағдарламаларында еңбекке баулу пәніне жүктелгенімен ХХ ғ. 30-40-жылдары мектептегі еңбек сабағы оқу жоспарынан алынып тасталды, кейіннен қайта оқу пәні ретінде қайта енгізіліп, негізгі мектеп пәндерін оқып үйренуді күшейтуге бағыт-бағдар біліне бастады.

 Соғыстан кейінгі жылдары оқушыларды еңбекке тәрбиелеу жүйесі одан әрі дамытылды. 1958 жылы 24 желтоқсанда КСРО Жоғары Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы»  заң қабылдады. Онда кеңестік мектеп алдына: «ғылым негіздерін жақсы білетін және сонымен бірге жүйелі дене еңбегіне қабілетті, білімді адамдарды дайындау, жастарды қоғамға пайдалы болуға ұмтылушылыққа, қоғам үшін қажетті байлықты өндіруге белсене қатысуға тәрбиелеу», - міндеттер қойды.

1958 жылдың оқушылардың өндірістік еңбегін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді формаларын іздестіру жұмыстары басталса, бірқатар кәсіпорындарда оқу цехтары құрылып, оларға өндірістік ұжымдар қамқорлық жасай бастады. Колхоз, совхоздардың жетекшілері ауылдық мектептерде оқушылардың өндірістік бригадаларын құруға көмек көрсетті. Осының нәтижесінде Кеңестік педагогикамен мектеп өскелең ұрпақты, еңбекке тәрбиелеуде көптеген табыстарға жетті, соған қарамастан ХХғ. 60-70-жылдары еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағыт беру қоғамның талаптарынан әлі де болса қалып қойып отырғаны белгілі болды.

 Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмысында кездесетін елеулі кемшіліктердің де беті ашылып көрсетілді. Олар ең алдымен мынаған байланысты: мектеп бітіруде жастар өндіріс сферасындағы еңбекке  практикалық дайындықсыз келеді немесе халық шаруашылығына қажетті   мамандықтары жөнінде теориялық жағынан белгілі бір түсінігі болмады. Мектеп бітіруші жастарымыздың ішінде өмірге тұтынушылық қатынас, еңбектен бой тасалау, сақтамау сияқты жағымсыз құбылыстар байқалып қалады. Мұндай кемшіліктердің себебін біз мектеп қабырғасындағы еңбекке тәрбиелеу мен кәсіптік бағдар жұмыстарының  белгілі бір жүйеге қойылмағандығы деп білеміз.  Қазіргі жалпы білім беретін мектептердің барқатар мұғалімдері мен сынып жетекшілері еліміздің ғылыми-техникалық прогрестің даму тенденциялары туралы және оның қазіргі заман адамдарына қоятын талаптары жөнінде жеткілікті хабары болмады. Сынып жетекшілері оқушылардың қоғамға пайдалы өнімді еңбегі мен оқытуды өнімді үнемі біртұтас үдеріс етіп біріктіріп, оған политехникалық бағыттылық бере алмады. Мұғалімдер қоғамдық пайдалы еңбектің мазмұнын анықтауда, еңбек үдерістерін жоспарлауда, ұйымдастыруда, педагогикалық ықпал етудің әдістерін таңдап алуда қиындықтары тап болып отырды. Сондықтан оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен кәсіптік бағдар беруде заман талабына сай тәрбие жұмысының неғұрлым жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін таңдап, оны жетілдіруде мектеп ұжымының алдында үлкен маңызды міндеттер қойылды.

 Кеңес орнағаннан кейінгі уақыттан қазірге дейінгі кәсіптік бағдар берудің қалыптасу кезеңдерін төмендегідей етіп беруге болады:

1) Кеңестік кезең орнағаннан кейінгі мектептердің қалыптасуы мен 1937 жылдар аралығы. Бұл кезеңде ауыр өндірісті дамытуға, елді индустризациялауға байланысты мектепте еңбек сабағының мазмұны матералдық өндіріске тән мазмұнға ие болды. Кәсіптік бағдар беру бойынша алғашқы тәжірибелер қалыптасты.

2) 1937-1954 жж. аралығын қамтыды. Бұл кезеңде еңбек пәні мектеп оқу жоспарынан алынды, бірақ еңбекке баулу, кәсіпке бағдарлау басқа оқу пәндері және сыныптан тыс жұмыстар негізінде жүзеге асырылды. Кәсіптік бағдар беру бойынша тәжірибелер жалғасын таппады, бар тәжірибеден қол үзілді.

3) 1954-1984 жж. аралығы. Бұл кезеңде қаулы қарарлардың оқытуды күшейтуге бағытталу кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жеделдетті. Атап айтқанда, оқытуды өмірмен, теорияны практикамен байланыстыру бағытындағы қабылданған қаулылар білімді өміршең ету мен өмірда жарамды етуге бағытталды. Кәсіптік бағдар бойынша тәжірибелер қалыптасып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле бастады.

4) 1984-1991 жж. аралығы. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің негізгі бағыттарын айқындауға бағытталған реформа кәсіптік бағдар беруге жеткілікті мән берді. 

5) 1991 жылдан бергі кезеңді кәсіптік бағдар беруге қатысты: тоқырау, қалыпына келу және қайта жаңару деп қарауға болады. 1993 жылдан бастап мектептен кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік кабинеттер жабылып, еңбекке дайындық бағытына бөлінген сағаттар азайды, оқу-материалдық база төмен деңгейде жабдықталды. Тек 2000 жылдан бастап, еңбекке дайындық бағытындағы оқу жұмыс түрлеріне зейін аудару қолға алынды.

Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан  жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.

Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.

Адам қабілеттілікке қоршаған табиғатқа, әрбір адамның өзін-өзі шыңдауға байланысты, адамның әлеуметті бейімделген қызметі деп қарау қажет. Сол себепті де К.К.Платонов «Қабілеттілік – ол жеке адамның қасиеті, бірақ оның белгілі бір қызметке қатысына қарай анықталады».

Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.

Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы,  адамның  абстракты  ойлау  жүйесі  күшті  дамыған болғанмен практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен ұйымдастыруды нашар атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.

Әдебиеттер

 

1. Макаренко А.С. Выбор профессии. Соч. т. 5. М. 1958, с. 394.

2. Скаткин М.Н., Костяшкин Э.Г. Трудовое воспитание и профориентация школьников. М.: Просвещение, 1984. –191 с.

 3. Захаров Н.Н. Профессиональная ориентация школьников. –М.: Просвещение, 1988. –272с.