*112508*

Педагогические науки / 5.Современные методы преподавания.

Магистр-оқытушы А.Т. Батырова,

3 курс студенті Жорабекова К.

Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, Қазақстан

Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің негізгі жүйелері

 

Өмір сүріп отырған қоғамдағы барлық құраушылар бірімен-бірі өзара байланыста жүйені түзеді. Сол себепті де қоғамның қалыпты дамуы ондағы құрылымдардың өзгерісінде жүйелік тәсілдің жүзеге асырылуына сәйкес қарастырылады.

Одақ кезінде орталықтан бекітілген бас жоспарға сәйкес жұмыстар ұйымдастырылатын болса, еліміздегі нарықтық экономика танымды, оның ішінде ғылыми танымды қажет етеді. Оның себептерінің бірі нарықтық қатынас сұранысқа сәйкес қажетті өндірістік үдерістерді, қатынастарды жүзеге асыруға негізделеді және әлеуметтік практиканы сипаттайды.

Еліміздің нарықтық экономикалық дамуы жағдайындағы жүйелік тәсіл ғылыми таным пәнінде, таным құралдары мен әдіснамасына негізделген, қорытынды түрінде шоғырланған мәселені шешу бағыттары, маңызды міндеттері, оларды шешудің мүмкіндіктері қарастырылады.

Зерттеу міндеттері алғашқысы болып: зерттеліп жатқан объектінің дамуы, орын алу заңдылықтары, құрылымы, табиғаты және мәнін ашу; екіншісі – объекттің жалпы өзгеріс тәсілдерін ашау, оның моделін жасау; үшіншісі – нақтылы практикалық нұсқаулар, яғни әлеуметтік практика  табылады.

Жүйенің ұйымдасу және жұмыс жасау принциптері

Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру мазмұны.

Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру сан алуан күрделі жұмыстар жиынтығы. Олардың негізгілері: кәсіби хабар, кәсіби ағарту, кәсіптік ұйымдастыру және басқару, кәсіби кеңес, кәсіби іріктеу, кәсіби адаптация (бейімдеу).

Кәсіптік бағдарды жақсарту оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіріп отыруға тікелей байланысты. Еліміздегі қазіргі кездегі кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесі бар. Ол кәсіптік бағдар орталығы. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуді жалпы және кәсіби білім мектептер, министрліктер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, т.б. ұйымдастырады.

Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Бұл жұмыстың негізгі салмағы және жауапкершілігі осыларға жүктелген. Бұл тұжырым кәсіптік бағдар жұмысын мектепке дейінгі тәрбиелейтін мекемелер мен ұйымдарда ойластыру қажеттігін жоққа шығармайды.

Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқыту түріне сай: кешкі, сырттан оқитын және күндізгі білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар формаларына бөлінеді. Бұлардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар.

Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады. Бірінші кезең - І-ІV сыньштарда, екінші кезең - V-VІІ, үшінші кезен - VІІІ, төртінші кезең - X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.

Бірінші кезең міндеті - мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеу мекемелері мен ата-аналары арқылы оқушылардың ерекшеліктерін және қабілетін, толық білу негізінде кәсіптік бағдардың алғашқы қарапайым жұмыстарын бастау. Бұның бірінші және төртінші сынып оқушылары арасында өз ерекшеліктері бар. Негізгі мақсат - оқушыларды кәсіп пен мамандық жөнінде хабардар ету.

Екінші кезең - жеке кәсіпті таныстыруға бағытталады. Оқушылар барлық жеке кәсіптер жайында жан-жақты мағлұмат алады. Негізгі жұмыс - белгілі бір кәсіп пен мамандықты хабардар етуден, енді оны насихаттауға көшеді. Мақсат - белсенді насихат, мамандыққа бейімдеу. Бұл жерде жалпылама ақыл-кенес беру оқушылар арасында өте күрделі құбылыс мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағы. Бұл жұмысқа мұқият және өте сирек болган жөн. Өйткені жасөспірімдер өмірлік қажетті мамандығын талдау алдында тұр.

Үшінші кезенде – кәсіп пен мамандықты жан-жакты белсенді насихаттау және нақтылы кеңес беру арқылы да оқушылардың бұған жауапты түрде қарайтындығы біршама орын алады, талғам, орталау мектепті бітірген оқушы мамандықты біршама тандай алатын дәрежеге жетеді. Алайда жастардын көзқарасы субъективті түрде болатындығын естен шығармаған жөн.

Төртінші кезеңде - X-ХІ оқушылары өздері таңдаған мамандық ерекшеліктерін, сол мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Бұл кезде мектеп оқушылары халық шаруашылығының мұқтажына сай, өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай шешім мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығу кезеңі жүреді. Бұл жалпы білім мектебінің кәсіптік бағдар жөніндегі қорытынды жұмысы.

Қазіргі өндірістік кәсіпорындар және «Меншік туралы» заңға сәйкес мемлекеттік, жеке меншіктік т.с.с, кәсіп нысандары талаптарының бірі көпшілік арасында кәсіптік бағдарды жүргізу. Сондықтан, бұл жұмыс кәсіпорындарда, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, жүргізіледі. Мұның маңызы нарықтық қатынастар кезеңінде айта қаларлықтай өсті, өйткені жұмыстың келемі мен формалары әр түрлі. Алға қойылған нақтылы міндет кәсіптік бағдардың көлемін, ұйымдастыру мен басқару формасы мен жолдарын белгілейді.

Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін жұмыстардың негізгі формасының бірі – кәсіби хабар және кәсіби насихат жұмысы. Кәсіптік хабардың басты міндеті - оқьш жүрген жастар мен жұмысқа орналасушы адамдарға халық шаруашылығының құрамы мен өсуін, өндірістегі жаңа техника мен технологияның, еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, кәсіби мектептерде оқу мүмкіншілігі, әрбір кәсіп пен мамандыктың бүгіні мен ертеңін оның сан алуан сырларын жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері жайлы мағлұматтармен таныстыру.

Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде, экскурсия, әңгіме және кәсіптік бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепке нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорыңдарының жағдайын көрсететін документ, стенд, альбом, фотосуреттер жұмыс үдерісі мен өнім шығару жағдайын, еңбек озаттарының үлгілі табысын баяндайтын жарнамалар. Өнеркәсішің даму тарихы және дәстүрімен таныстыру мақсатында экскурсия, мамандық таңдау күйін және еңбек озаттарымен кездесулерді ұйымдастырады. Оқушыларды өнеркәсіп орындарында нақтылы жұмыс істеуге араластыру және т.б., көптеген жұмыстарды жүзеге асырады. Олардың негізгілері шеберханалар мен оқу-тәжірибе учаскілерінде жұмыс істеу, факультативтік оку, пәндік үйірмелер, кәсіптік бағдар бригадасы, болып табылады.

Кәсіби насихат жұмысын, кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл жұмыс радио, теледидар, кино, баспа орындары арқылы да жүзеге асады.

Кәсіби кеңес - мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдездің басты және құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты - жастарға мамандық қалауға және жұмысқа орналасуға келген адамдарға еңбек орнын таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік бағдар кабинеті жекелей және топтық кеңес өткізеді, конференциялар мен кездеулер ұйымдастырады. Кәсіби кеңес жұмысын жүргізудін негізгі шарттарының бірі көмек сұрап келген адамдардың денсаулығын, қабілетін, мүддесі мен мақсатын анықтау. Кеңеске келген адамдарға сол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, әрбір еңбек ұжымының дәстүрі, қоғамдың тамақтандыру, сауда, тұрмыстық қызмет көрсететін және білім беретін, оқуға дейінгі қызмет көрсететін мекемелердің мүмкіншілігін жан-жақты айтып түсіндіреді. Сондықтан бұл жұмысқа, экономистер, педагогтер, медиктер, психологтар, социологтар сияқты сан алуан мамандық иелері қатысады.

Кәсіби іріктеу - адамдардың денсаулығына, физиологиялық, психологиялық және интеллектуалдық ерекшеліктеріне байланысты нақтылы мамандық бойынша жұмыс істеуге жарамды екендігін анықтау.

Кәсіби іріктеу - адамдардың мамандық таңдау құқын, еріктілігін және бостандығын жоққа шығармайды және жойып та жібермейді. Мамандық таңдау, нақтылы бір жұмысқа орналасуға адамдардың еріктілігі мен бостандығы ҚР Конститутциясында тұжырымдалған. Кәсіби іріктеу кәсіпті дұрыс тандап және қабілетіне сай жұмысқа тұруды дұрыс шешуге көмектеседі. Бұл профессиограмма жасау арқылы жүзеге асады.

Профессиограмма жеке мамандыққа қажетті талаптар: денсаулық, психологиялық, мінез-құлық, жалпы және кәсіби білім дәрежесін анықтайды.

Кәсіби адаптация (бейімдеу) осы жұмыстардың шешуші буыны. Ол таңдаған мамандықтары бойынша еңбек коллективіне келіп, үйреніп  кету мерзімінде   олар өз мамандығының мәнін шынайы түсінеді, еңбекке етене араласады, коллективті және өндіріс орнын біле бастайды. Жана жағдайға үйрену мерзімі орта есеппен 4-5 жыл. Бұдан кейін олар тұрақты маманға айналады. Жаңа жағдайға бейімделіп, тұрақты болу - жаңа келген адамды ұжымның қабылдауына байланысты. Егер ұжым өз мәнінде қабылдамаса, онда олар тұрақтамай жаңа орын іздей бастайды. Олай болса кәсіптік бейімдеуге көңіл бөлген жөн. Кейінгі кезде кәсіпке бейімделіп, үйреніп кетудің сан алуан жолдары мен формалары өмірге келді. Міндет - осыларды тиімді пайдалану.

Кәсіптік бағдар тек жастар арасында ғана емес көпшілікке жүргізілетін жұмыс. Оның қажеттілігі мынадан туады. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген ересек адамдар жасөспірімдердің ата-аналары. Демек, мамандық таңдаудағы көзқарасы қоғам талабына сай келуі шарт.

Екіншіден үнемі болып тұратын объективті жағдайдың салдарынан көптеген адамдар жұмыс орнын өзгертеді, қоныс аударады. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында қызметкерлерді босатудың ауқымы едәуір өсе түседі. Жаңа шаруашылық механизмі де осыған құлышындыратын болады және оны дұрыс жүргізу қажеттілігін күшейтеді.

Кәсіптік бағдар беруге сәйкес жүйелік тәсілдің әдіснамалық принциптері:

- кәсіптік бағдардың әрекеттерін кіріктіру;

- нақтылық;

- оңтайлылық пен тиімділік;

- кешенділік;

- ғылымилық;

- кері байланыс;

- жүйелілік;

- иерархиялық.

Кәсіптік бағдар беру жүйесі және оның негізгі құраушылары.

Иерархиялық принцип екі деңгейде қарастырылады:

- ұйымдастырушылық;

- функционалдық.

Оның біріншісі ұйымдық жұмыстарды, нормативтік құжаттарды, ережелерді белгілейді, ал екінші деңгейде оның әрбір құрылымда жүзеге асырылуы, функцияларды бөлу қамтамасыз етіледі және орындалады.

Иерархиялық деңгейде білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары сияқты жоғарыдан төмен, төменнен жоғары түрінде жұмыс жүргізу орындалады.

Кәсіптік хабарлама жасау.

Мұнда халық шаруашылық салалары, өндіріс орындары, колхоз, совхоз, мекемелердегі әр түрлі мамандық пен мамандық иелері (мамандар) туралы хабар беру балып табылады.

Хабарлама жасаудың мақсаты – оқушылардың жалпы еңбек туралы білімін тереңдету мен кеңейту болып есептеледі. Сондай-ақ, мамандықтардың бір-бірінен айырмашылығы және сол мамандықтарға халық шаруашылығының қажеттілігі туралы айтылады.

Осыған байланысты, оқу мамандар оқушыларға кәсіп туралы хабарлама беруде жергілікті жердегі негізгі кәсіпке байланысты беру қажет деп есептейді. (Барлық мамандықтан бірдей хабарлама ұйымдастыру мүмкін емес). Мысалы: Шымкент қаласында негізгі өнеркәсіптің бірі - текстиль (тоқыма) өнеркәсібі болғандықтан, ондағы оқушыларға кәсіптік бағыт берудің негізгі тоқыма кәсіптеріне байланысты, ал Созақта тау-кен өнеркәсібі, Теміртауда металлургия өнеркәсібі мен құрылысына байланысты болу керек деп есептейді.

Сонда да болса бұл жұмысты жүргізуде негізінде оқушылардың қызығушылығын есепке алу қажет. Өйткені оқушылардың кейде белгілі бір білімге құмартып, соған байланысты өзінің болашақта мамандық таңдауда бейімделе бастайды. Сондықтан мамандық хабарлама жұмыстарын өткізуде оқушылардың осы қасиеттері үнемі басшылыққа алынады.

Кәсіптік хабарлама жасауда мектептегі сабақ пен сыныптан тыс жұмыс түрлерінің ұйымдастырылу көлеміне байланысты жүргізу тиімді болады. Мысалы: сабақта белгілі бір өндірістің немесе халык шаруашылығының ғылыми негізін үйретуге байланысты сол кәсіптегі мамандық жөнінде хабарлама ұйымдастырады. Бұл жұмыс шағын көлемді қысқаша түрде, яғни сабақты өмірмен байланыстыру бағытында да іске асырылады.

Бұларды өзара байланысы шеңбер бойына орналасқан тізбекке ұқсас болады.

Кәсіптік бағдар беру функциялары:

- әлеуметтік;

- экономикалық;

- психологиялық-педагогикалық;

- медициналық-физиологиялық.

Олардың әрбірі оқушынының әлеуметтік-кәсіби өзіндік айқындалуына бағдарланады.

 

Әдебиеттер:

1.     Климов А.Е. Психолого-педагогические проблемы профессиональной консультации. М.: Знание, 1983. –96 с.

2.     Павлютенков Е.М. Профессиональная ориентация учащихся. Киев: Радяньска школа, 1983. –152 с.

3.     Скаткин М.Н., Костяшкин Э.Г. Трудовое воспитание и профориентация школьников. М.: Просвещение, 1984. –191 с.

4.     Чистякова С.Н. Профессиональная ориентация школьников. М.: Педагогика, 1983. –95 с.