*111685*
«Технология»
оқу пәні мазмұнындағы этностық мәдениет
үлгілері
Алимбекова Сабира Шереханқызы
П.ғ.к., доцент м.а.
Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
Қазақстан
Республикасы, Түркістан қаласы
Қазіргі
кезде ұлттық тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі бар
еңбектің түрі – қолөнерді мектеп
қабырғасына кеңінен енгізу қолдау табуда.
Кеңестік кезеңде халықтық педагогика жөнінде
айтылғанымен де, этнопедагогика терминін кейіннен қолданғаны
белгілі. Қазақ Совет энциклопедиясында: “Халықтық педагогиканың
негізгі түйіні еңбек тәрбиесі мен өндірістік білім,
дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа
қалдыру” – деп тұжырымдалған [1].
Халықтық (этникалық) педагогика жөніндегі
айтылған тұжырымдағы негізгі ой-пікірді
қолөнерінің жүзеге асыру мүмкіндігі мол.
Қолөнер, еңбек іс-әрекетіне
негізделген оқыту үдерісін ұйымдастыру мектеп білім беру
құжаттарында көрініс тапқан. Қазақстан
Республикасы жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының
тұжырымдамасында мектептік білім беруге қатысты көптеген
оңды іс-әрекет бағыттары анықталған.
Аталған тұжырымдамада ғылыми білім құрылымы мен
іс-әрекеттер құрылымына сәйкес келетін білім
компоненттері еңбек, дене шынықтыру бойынша “... болмыстың өзгеруін,
өңделуін тану және тұлғаның
өзін-өзі жетілдіру (еңбек, дене шынықтыру)” – деп атап
көрсеткен [2]. Мектеп қабырғасындағы технология
(еңбекке баулу) пәнінің өзіндік орнын анықтап
берген. Технология пәнінің мазмұны қазақ
қыздарының этностық мәдениетін (өнер мен
еңбек түрі бойынша) толық мәнді
қалыптастыруға ықпалы аз екендігін талдау нәтижелері
көрсетіп отыр. Еңбек іс-әрекет бағытындағы
пән мазмұнының бұл мәселені қамтымауы,
кәсіптік оқытуды жүзеге асыру, екіншіден оқытудың
техника-технологиялық аспектіге жеткілікті көңіл бөліп,
ұлттық тәрбиелік тағылымдарын мақсат етпеу
себепті болып табылады. Сондай-ақ практикалық тұрғыдан
қазақ қыздарында этностық мәдениетті
қалыптастыру көптеген факторларға байланысты. Олардың
қатарына: мұғалімнің арнайы дайындығын,
оқу-материалдық базаны, оқушылардың өскен ортасын
және ынта ықыласын, т.б. жатқызуға болады.
Е.А.Климов, Д.К.Пошаев адам іс-әрекетінің
түрлеріне сәйкес еңбеккерге қойылатын жалпы талаптарды
және соларға сәйкес еңбек мақсаты мен
іскерліктерді төмендегідей анықтайды:
“Адам-Табиғат” типі бойынша: жануарлар мен
өсімдіктерге деген сүйіспеншілік, шыдамдылық, жоғары
жұмыс қабілетті, белсенділік, өзгермелі табиғи
факторларды болжау және бағалау қабілеті, табиғатты
білу, оперативті көрнекі бейнелі ойлау;
“Адам-Техника” типі бойынша: физикалық және
психологиялық шыдамдылық, жұмыс істеу қабілеті, салмақтылық,
қара күш, жақсы есіту, көру, сезіну қасиеттері,
жоғары интеллектуалдық қасиеттері, өндірістік
үдерісте пайда болатын мәселелерді шешу,
байқағыштық;
“Адам-Адам” типі бойынша: жоғары моральдық
қасиет, ізгілік, сыпайылық, жоғары психологиялық
ұстамдылық, тәрбиелілік, шыдамдылық;
“Адам-белгілер жүйесі” типі бойынша:
физикалық және психологиялық шыдамдылық, жұмыс
істеу қабілеті, салмақтылық, жақсы есіту, көру,
сезіну қасиеттері, жедел пайда болатын мәселелерде дұрыс
шешім қабылдау, байқағыштық, іс-әрекетінің
жылдамдығы;
“Адам-көркем бейне” типі
бойынша: медициналық жарамдылығы, физикалық және
психологиялық шыдамдылық, жұмыс істеу қабілеті,
салмақтылық, жақсы есіту, көру, сезіну қасиеттері,
жоғары интеллектуал-дық қасиеттері,
байқағыштық.
Осыған байланысты
Қазақстан Республикасының орта білімінің білім беру стандартында
(1999),
“Технология” білім саласы бағдарламасындағы
(1999) қыздар үшін [3, 4, 5, 6, 7, 8]:
- матаны және мата емес
материалдарды, теріні және мехты өңдеуде:
тоқымашылық; тоқу; өру; макраме;
бастырмалау; кестелеу; пішу; тігу; желімдеу; сығымдау; сәндік-элементтерімен,
фурнитуралармен көмкеру; киімді жөндеу
көрсетілген;
- “Қолданбалы көркем шығармашылық”
бөлімінде: дизайн; киімді, аяқ киімді және аксессуарларды
модельдеу; сәндік тоқыма; көркем өру;
көркем кестелеу; ағашты, қабықты және сүйекті ою;
фигуралы жону; бедерлеу; мозайка; инкрустация; бояма (роспись), күйдіру; сығымдау; көркем
шекімелеу; терімен, таспен, сазбен және басқа да табиғи материалдармен
көркем-қолданбалы жұмыс түрлері
белгіленген.
Қазақ
халқының ұлттық қолөнерге баулу бойынша
оқу бағдарламаларының ХХғ. 90-жылдары жарық
көруі көпшілік еңбекке баулу мұғалімдеріне
халықтық педагогика элементтерін оқытуға
бағыт-бағдар берді [9, 10]. Осы кезеңнен бастап
оқушыларды қолөнерге баулу белсенділікпен қолға
алына бастады.
Қолөнері еңбек
іс-әрекеті ретінде ой-өрісті дамытуға ықпал жасап, бала
өмірі үшін қажетті, еңбек қызметінде іс
жүзінде қолдануға болатын ақыл-ойы мен біліміне
“гимнастика” жасайды. Оқумен еңбек ұштасып, оқушыларды
еңбекке даярлау орын алады.
Мектептегі еңбекке дайындау
бағыты бойынша еңбекке баулу пәнінің орны ерекше.
Еңбекке баулу бағдарламасының мазмұны өндірістік
білім мен іскерліктерге сәйкестендіріліп түзіледі. Олардың
түсінік хаттарында пәнді оқыту міндеттері ашылады, оқу
пәнінің жалпы жүйесіндегі алатын орны және
олардың байланысы көрсетіледі. Соның өзінде
курстың жеке бөлімдері, тақырыптары мен
сұрақтарын оқып үйренуге деген жалпы
нұсқау, оқытудың негізгі құралдары мен
оқыту әдістері жөнінде ұсыныстар беріледі.
Орта мектепте еңбекке баулу
бойынша ұзақ пайдаланылған бағдарлама 1986 жылы
шыққан орталау мектептердің V-VІІ сыныптарына арналған
еңбекке баулу бағдарламасы [11].
Бағдарлама еңбекке
баулудың конструкторлық-технологиялық жүйесі негізінде
жасалған, ол оқушыларды оқу-тәрбие үдерісін
қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекпен ұштастыра
жүргізуге бағдарланған.
Оқу пәні бойынша
бағдарламалардың тарау тақырыптарына сәйкес оқу
материалдары өздігінен оқушыларда сапалық қасиеттерді
қалыптас-тырмайды. Сондықтан да, әрбір оқу материалының
оқушыда сапалық қасиетті қалыптастыратындай етіп
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру қажеттігі
көрсетілген.
Еңбекке оқыту
бағдарламалары қазақ халқының қолданбалы,
бейнелеу өнерінің өркендеу, жетілу тарихымен танысып,
мүліктік мәдениетін, оның өзіндік өнеге
үлгісін, сондай-ақ бейнелеу өнерінің орындалу
технологиясын, заттарды көркем өңдеу тәсілдерін
үйретуді көздейді. Бағдарламаның мазмұны
оқушыларды іс-жүзінде берілген уақыттың 80%-ын практикалық
жұмыспен шұғылдандыруды мақсат тұтады.
Мұнда түрлі заттарды, киіз, мата т.б. қолмен немесе машинамен
өңдейді және одан пайдалы өнім шығаруға
ұтымды пайдалануға жұмсалады.
Одақ бөлінгеннен
кейінгі шыққан “Технология” пәні бойынша орта мектептерге
арналған бағдарлама (5-9 сыныптар үшін) 2000 жылы
шыққан. Оның мазмұны ауылдық және
қалалық мектептердің қыздары үшін көркем
өңдеу бойынша “Сәндік-қолданбалы өнер элементтері
негізіндегі көркем қолөнер технологиясы. Тігін
бұйымдарының сән үлгілері.” тақырыбы
қамтылған [12].
Соның ішінде,
“Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркем
қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарының сән
үлгілері” бөліміне 5-сыныпқа 24 сағат; 6 -сыныпқа
20 сағат; 7-сыныпқа 30 сағат; 8-сыныпқа 26 сағат;
9-сыныпқа 24 сағат.
5-сыныпта
“Сәндік-қоладанбалы өнер” бойынша оқу
материалдары-ның мазмұны бұйым дайындауда сәндік
қолөнер элементін қолдануды (кесте, жапсырмалау,
моншақпен кестелеу, шашақтау) қамтыған.
Құрақ
құрау (жұлдызша, алты бұрышты, төрт
бұрышты), құрақ құрау технологиясы бойынша
дайын бұйым жасау (көрпеше, жастық, тұтқыш,
шәйнек қойғыш, алжапқыш).
Құрақтың үлгісін дұрыс дайындау және
қолдану (симметриялы болуы, түзу тігіс жүргізу,
түстерінің сәйкес болуы).
6-сыныптағы “Сәндік
қолданбалы өнер” тақырыбы бойынша оқу
материалдарының мазмұны белдемшені сәндік қолданбалы
өнер элементімен әшекейлеуді (қалтасын кестелеу, жапсырмалау,
торлау, моншақпен кестелеу) қамтыған. 7-сыныпта
қазақтың ұлттық киімдеріндегі ою-өрнектер,
оюды қатырмамен өңдеу, камзолдың өңіріне
желімдеп тігу, көркем еңбек технологиясы бойынша табиғи
материалдардан бұйым дайындау (икебано, сабаннан панно).
8-сыныпта сәндеп кестелеу
(кестелеп, торлап, жапсырмалап), машинамен кестелеу, жапсырмалау, сәндік
элементтерді қолдану, батик туралы мағлұмат және
орындалу технологиясы, кілем (тықыр, түкті), ши (ақ ши, шым
ши) туралы түсінік, қолданылатын жүн түрлерін
қарастыру айтылған.
9-сыныпта моншақтан
жасалған бұйымдар (алқа, білезік, сақина, сәндік
дорбаша) дайындау технологиясы; тоқыманың күрделі
түрімен таныстыру (төсеніш тоқу, аяқ-киім тоқу) қарастырылған.
Сонымен бірге материалдарды
көркем өңдеу бойынша: сәндік қолданбалы
өнердің түрлері, материалдарды көркем өңдеу
технологиясы (матаны таңдау бойынша) білімі мен материалдарды бірнеше
көркем өңдеудің түрлерін меңгеруі тиістігі
көрсетілген.
Бағдарламаның
мазмұнына қолөнері үшін теориялық
мағлұматтарды: қолөнерінің түрлері,
ою-өрнектер мен мәнерлеу түрлері, композиция негіздері мен
түстердің мәні; бұйымды дайындаудың техникасы
жөніндегі мағлұматтарды кірістіру қажет. Ал,
қолөнеріне баулудағы практикалық жұмыстар
реттілігін сипаттайтын мағлұматтар, төмендегіше берілгені
дұрыс болар еді: бұйымның сызбасын тұрғызу;
дайындаманы талдау, жұмысты жоспарлау; негізгі өңдеу
тәсілдерін (белгі түсіру, кесу, т.б.) орындау; көркем
өңдеу тәсілдерін (бояу, лактау, т.б.) орындау, олар
жөніндегі мағлұматтар ендірілді.
Қолданбалы өнер тек
ою-өрнек қана емес, олар математикалық ойдың,
есептің, бұрыштар өлшемдерінің,
өң-түс, сабақтастығы жан-жақты
шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы.
Халық өнерін игеру - оқушыны еңбек сүйгіштікке,
әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп мәдени
мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге
баулиды. Әр сабақтың тәрбиелік мәні болу керек.
Ол сабақтың тақыры-бына мұғалімнің
сабақ өткізуді ұйымдастыруы мен өткізу
тәжірибесіне де байланысты. Әр сабақтың
қысқаша жұмыс жоспары, нұсқау жобасы, сызу
суреттер дәптер мен альбомда орындалуы тиіс.
Технология
бағдарламасының бөлімдеріне сәйкес, оның ішінде
(5-7- сыныптар үшін 2003ж; 8-9- сыныптар үшін 2004ж):
-
Тамақ әзірлеу технологиясы;
-
Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізіндегі
көркем қолөнер технологиясы;
-
Тігін бұйымдарының сән үлгілері;
-
Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника тақырыптары
бойынша сабақтарда этностық мәдениетке баулу мүмкіндігі
жоғары.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Қазақ
Совет Энциклопедиясы. Алматы, ІІ том, 1976. - 591 б.
2 Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім
мазмұнының тұжырымдамасы // Қазақстан
мұғалімі. 1993. 9 сәуір.
№7.
3
Технология. Жалпы орта білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына
арналған бағдарламалар. –Алматы: РОНД, 2003. –36 б.
4
Технология. Жалпы орта білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарына
арналған бағдарламалар. –Алматы, 2004. –16 б.
5
Технология. Жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарына
арналған бағдарламалар. –Алматы, 2006. –29 б.
6
Технология. Жалпы орта білім беретін мектептің 5-8 сыныптарына
арналған оқулықтар. – Алматы: Мектеп, 2001-2004жж.
7 Қазақстан
Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты. 2 кітап. Математика.
Жаратылыстану пәндер /Ы.Алтынсарин атындағы
Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа
кабинеті. –Алматы, 1998. –382 б.
8 Программно-методические
материалы: Технология. 5-11 кл. /Сост.
А.В.Марченко. -М.: Дрофа, 1998. -192 с.
9 Программы трудового обучения в V-VІІ классах городских и сельских
школ. Вариант 7 - 10. “Казахское декоративно-прикладное искусство” (при участии
К.Ж.Амиргазина). Алматы, 1990. С. 92-159.
10
Орталау мектеп бағдарламалары. Қалалық және
ауылдық мектептер үшін V-VІІ кластарды еңбекке баулу /
Аударған Ғ.Жандыбаев. –Алматы: Мектеп, 1986. – 98 б.
11 Технология. Қазіргі
заман талабының тұрмыс мәдениеті пәндерінен
бағдарламалар жинағы (5-11 сыныптар). –Ы.Алтынсарин атындағы
Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа
кабинеті,–Алматы, 2000. –71 б.