*112405*

ӘОЖ : 37.013.2

 

Білім беру  мазмұнын қалыптастырудың үйлесімділік қағидалары

 

Пошаев Қ.Д. Узахова А.С.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласы

Байназарова З.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы

 

Қазіргі қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, ғылымдану үдерісі, инновациялық технологияларды пайдаланылуы жоғары оқу орнының білім беру мазмұнының  қалыптасуына жаңа серпін енгізуді талап етеді.

Бұл білім мазмұнын қалыптастырудың жаңа жолдарын  қолдану нәтижесінде оқыту үдерісін интеграциялауға әкелетін білім беру мазмұны мен оқыту үдерісінің  үйлесімділігіне бағытталған іс-шараларды алға тартады.

Біздіңше педагогикадағы көкейкесті мәселенің бірі мұндай іс-шаралар бірінші кезекте білім жүйесіндегі инновациялық технологияларды  оқыту үдерісіне белгілі қағидалар негізінде жүзеге асыруды талап етеді.

Қағидалардың  ұйымдастырудағы негізгі жағдай болу себебі, олар теория мен  тәжірибенің  нәтижесі ретінде жүретіндігінде болып табылады. Бұл, тәжірибенің реттелген нормасы есебінде қолдануға болатын формада айтылған мазмұн, білім беру және үрдіс  туралы білімдер жиынтығынан тұрады. Осыған  байланысты оқыту мазмұнын жетілдіруге сәйкес қағида, оқыту үдерісінің шешімдерін жүзеге асыруға қажетті қабылданған шешімдердің шындығына және олардың тепе-теңдігіне бағытталған үйлесімділік  көздерін іздеуді  қажет етеді. Білім беру мазмұны мен оқыту үдерісінің (мамандық, әдістемелік дайындық үдерісі) үйлесімділігі, біздің  ойымызша арнайы курс  «Мамандыққа оқыту теориясы» барысында орын алады. Бұл, болашақ кәсіби оқыту мамандарының жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық білімдер жиынтығы ретіндегі, олардың жалпы дүниетанымы мен педагогикалық дайындық  деңгейін жоғарылатуға арналған кәсіби білімдері мазмұны  болып  табылады.

Бұл жобаның басты мақсаты:

·  маманның өз бастауы мен шешімдеріне жеке жауапкершілігін ұғыну;

·  меңгерілуге тиіс білім, біліктіліктер мен дағдылар мазмұны мен әдістемесіне алдын-ала болжаулар жасай  алу.

Мұндағы назар аударларлық негізгі мәселе:

1.                     Жоғарыдағы кәсіпке оқыту мамандырының білім, біліктіліктер жиынтығы жаратылыстану – ғылыми, техника-технологиялық  дайындық бағытында берілуі.

2.                     Әрбір пәнді оқыту бойынша мамандар дайындау тек сол пәнді ғана меңгеруге және оқытуға  арналуы.

3.                     Білімді меңгерудің өмірлік қажеттілік компоненті ретінде ұғыну орын алмауы.

4.                     Білім беру мазмұнының процессуальдық мазмұнының өзіде пәндік-объективтік  бағытта ұстануы.

5.                     Оқыту үдерісі пассив жағдайларды, ақпараттарды қайталауға, яғни оларды талдау, түсіну және қолдануға бағытталмағандығында болып отыр.

Орын алып отырған бағдарламалар, оқушылардың ассоциативті болжамдары мен жүйелі ойлауын дамытпай отыр деуге негіз бар. Мұндайда оқыту әдістері қандай бағыттық ұстанымды қажет етеді? – деген жанды сұрақ туындайды. Біздің ойымызша, олар: танымдық үрдістің тепе-теңдік бағыты, гуманистік, жеке және  топтық жұмыстардың үйлесімділігі болып табылады.

Және бір назар аударларлық жағдай, қазіргі оқыту үдерісінде адам миының сол жақ жарты шары ғана даму бағытын ұстанады. Бұл психофизиологтар  тарапынан ХХ – ғасыр өркениетінің – мидың сол жақ жарты шарына тигізетін әсері – деп  ұғындырылады.

Мұндай адам миының табиғи мүмкіндіктерінің бұзылуы оның іс-әрекеттерінде көрініс табуына алып келеді. Дегенмен, оқыту барысында мидың оң және сол жақ жарты шарларына ғана назар аударылса, бейнелеп  айтқанда, оның тек бір ғана бөлігінде «қауымдасқан» дамыту жүзеге асқан болар еді. Мидың  сол жақ жарты шарының ойлау қабілеті жоғары  адамдар нақтылы ғылым салаларына бейім болса, оң жақ  жарты шардың ойлау қабілеті гуманитарлық, шығармашылық бағыттағы әрекеттерге  бейім адамдарда орын алатыны белгілі.

Мидың екі жартысының толық жұмысын қамтамасыз ету үшін танымдық  үрдістің  тепе – теңдік бағытын ұйымдастыру формалары мен әдістерін бірдей теңдікте пайдалану қажет. Бұл өз кезегінде таным тәсілдерін (когнетивтік, эмоциональдық, образдық, пайымдаушылық) интеграциалауды қажет етеді.

Гуманистік  бағыт оқытуды гуманизациялау идеясына негізделген. Мұнда, қазіргі заманғы беделдік орын алып отырған педагогикадағы оқушыларға қатысты объективті  қатынастан субъективтілікке көшу орын алады. Яғни мұғалім,  оқушылардың дамуын белсендіре және ынталандыра отырып, оқыту үдерісін жеңілдетуді, оқуға ынталылықты, сенімді арттырады. Сонымен қатар, мектеп алдыңдағы, оқушылардың қорқынышын және өзіне сенімсіздігін жоюға байланысты психологиялық проблеманы шешеді.

Жеке  және топтық жұмыстардың үйлесімділік бағыты, әрбір оқушының білімін бақылауға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар, мұндай бағыт топтағы бірлескен жұмыс командада болу мүмкіндіктерін алға тартады. Айтылған мәселе, оқыту үдерісінің ииновациялық моделін  құруды ұсынады.

Оқытудың инновациялық моделі (Мамандыққа оқыту теориясы) екі өзара байланысқан конструкторлық – технологиялық жүйедегі бағдарламадан және екеуіне де тірек боларлық интерактивті ситуациялық (өмірлік, жұмыс барысында кездесетін) оқыту әдістерінен тұратын құрылымдылық жүйе болуы керек.

Мұнда, 1-модуль – теориялық фундементальды техника, технологиялық және жаратылыстану - ғылыми, гуманитарлық білім алуға бағытталған. Барлық үрдістердің  өзара байланысына, өзара тәуелділігіне және үздіксіздігіне назар аударылады.

2-модуль – практикалық, бұл практикалық интерактивтік сабақтар мен тренингтерден:

оқу жобаларын орындау;

жаңалықтарға болжамдар құрастыру;

ситуациялық, рөлдік және имитациялық ойындар, пікірталастардан тұрады. 2-модульдің мақсаты – бірінші модульдегі бірілген білімдерді бекіту, ситуациялық тәжірибелерді меңгеру.

Мұндай әдістің қалыптасқан /дәстүрлі/ әдістен айырмашылығы, қандайда болмасын оқу, жеке тұлғаға және оның сезімдеріне қатысы жоқ және қайта жаңғырту қажетсіз болатын ақпараттар алудан бас тарту болып саналады. Мұндай жеке өзбасылық тәжірибені меңгеру барысы ұзақ уақыт орын алатыны белгілі.  Мұнда тренингтерге баса назар аударылуы қажет.

Тренингтің атқаратын қызметі - тиімді жұмыс істейтін командалардың  корпоративтік дағдылары мен олардың жеке мәдениетін, біліктілігін, тәжірибесін  қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.  Бұған, мысалы: командалық жұмыстардағы дағды, топтық пікірталас, көпшілік алдында сөз алу, мақсат пен міндеттер қоя білу, қақтығыстардан шығу, қабылданған шешімдердің соңғы нәтижесіне болжамдар жасау. Сонымен қатар мұндай  оқыту моделінде  пәнаралық нақтылы әрекеттілік қағидаларын ескерген жөн.  Пәнаралық қағидасы оқушыларға  бүткіл, яғни проблеманы /мәселені/ сауатты түрде шешуге мүмкіндік тудыратын  процесті бүтіндей ойлауға алып келеді. Проблеманы шешу тәсілінің ең  тиімдісі – білімдерді  біріктіру болып саналады. Сондықтанда бізге белгілі проблемалық оқыту - білімдерді интеграциялау әдісі ретінде қызмет атқарады.

«Мамандыққа оқыту теориясы» оқыту  бағдарламаларын жасауда қазіргі заманғы психологиялық, физиологиялық, физикалық, химиялық және т.б. ғылымдардың теориялық және практикалық нұсқауларын пайдаланған жөн.

Нақтылы әрекеттік қағидасының негізі, педагогикалық білім нақтылы ситуацияларда, оның ішінде практикалық сферада орын алатынында. 

Бұл оқыту моделінің құндылығы - жүйелілікті,  болжамдықты, ассоциативті ойлауды, техника және технологиялық білімдерді - өмірлік қажеттілік  жүйесіндегі білімдерге, ситуациялық тәжірибелерді меңгеруге мүмкіндік  беретін жинақталған білімдерді беруінде болып табылады.

 

Әдебиеттер

1.                     Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Оқу құралы.- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2003 – 112 б.

2.                     Храмович М.А. Научный эксперимент: его место и роль в познании. Минск, БГУ, 1982, 234 с.

 

В статье рассматривается  преемственность  процесса и  содерджания обучения   интегративной программы  «Теория обучения специальности».  Являясь инновационной модели обучения предусмотривает два взаимосвязанные программы конструкторско-технологической системы и интегративной-ситуационной методы обучения.

 

The succession of the process and the content of integrative program training named “The theory of specialty training” are considered in the given article. Being innovation model of training it is provided programs of constructor technological system and integrative situation method of training.