*112486*
Сырмақтардың өңірлік аталуы және
олардың ерекшеліктері
Қасымбекова К.
-оқытушы
Нургалиева А. – «Кәсіптік
оқыту» мамандығы, 2- курс студенті
Қ. А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Білім беру процесін жүзеге асырудың жолы,
оқытудың негізгі формасы сабақ екендігі белгілі. Сабақ
жөнінде П.Р.Атутов әрбір сабақ оқушының білім
ғимаратының бір бөлігі ретінде қарастыру керектігін
және оны әрбір мұғалімнің жадында берік
ұстану қажеттігін айтқан болатынды. Себебі сабақта
білім берумен қатар, практикалық іс-әрекеттерді
орындаудағы іскерлік пен дағдылардың сапалық
қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асырылады.
Сабақтың нәтижелі болуы мұғалім мен
оқушының қатынасына байланысты [1].
Жоғарғы оқу орындарында білікті
әрі сапалы мамандар даярлау – елдің жарқын болашағы,
оның өркендеп дамуы, экономиканың нығайып,
әлеуметтік жағдайының жақсаруы болып саналады.
Соған орай болашақ мамандардың жоғары оқу орнында
оқығанда алатын білімнің тереңдей түсуі жеке
пәндерді тыңғылықты игерумен қатар, сол пәндерге
қатысты басқа курстармен оның өзара
пәнаралық байланысты берік әрі жүйелі болғаны
жөн. Бұл жағдай білім алудың ғылымилығы,
жүйелілігі, саналылығы және беріктігі сияқты
дидактикалықпринциптерге сай келеді [2].
Қазіргі кезде жас ұрпақты
ұлттық қолөнерге баулу жөніндегі күрделі
міндеттерді орындау мектеп оқушыларының өздеріне де
үлкен талап қойылуда.
Өйткені оқушы сабақтарда алған
білімдерін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен байланыстыра
білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын
тигізетіні және жемісті жұмыс жасай алатыны анық.
Сондықтан мектептегі бейнелеу өнерімен еңбекке баулу
сабақтарында оқушыларды ұлттық тәрбиелермен
байланыстыру, халықтық педагогикамен ұштастыру, оның
ішінде сәндік-қолданбалы өнер материалы арқылы
байланыстыра оқытып үйрету бүгінгі күннің
өзекті мәселелердің бірі.
Қолданбалы өнер-түрлі
ұлттың халықтарына тегіс тараған өнер түрі
болып саналады. Сондықтан, әрбір ұлттың
ұлттық өнерінің өздеріне тән ерекшеліктері
бар. Олар тұрмыстық бұйымдарының әсемдігімен
даралана түседі. Қолданбалы өнерге оқыту арқылы
жастарды тәрбиелеуде өз ұлтымыздың ұлттық
мәдениетін, ұлттық дүниетанымын кеңейтуге
жастарды ой еңбегімен эстетикалық талғамдарының дамуына
көмегін тигізді. Жалпы халық қол өнерін, оның
ішінде сәндік-қолданбалы өнер түрлерін игеру-оқушы
жастарды, студенттерді еңбек сүйгіштікке, әсемдіке
талпындырып, өз халқының тарихын тереңірек біліп,
мәдени мұраларды қастерлеп, дәстүрлі
жалғастыра білуге баулиды.
[3].
Керей, найман сырмағы-оюларының ою
сабағы қысқа, оюы ұсақ келеді.
Төре сырмағы – кесек оюлы болады.
Сырмақтың ортасына тұтас ою бастырылады. Сырмақ ортасы
өрнекке бекйім ойылады. Орта жиегі тұзу болмайды. Иіліп,
бұрақталып, жүрекшеленіп, дөңгеленіп т.б. келеді.
Уақ сырмағы – оюлары ірі, ою сабағы
созылаңқы келеді. Бұған толы сырмақтары жатады.
Албан сырмағы – кесек оюлармен жасалады.
Байырғы дәстүрлі оюлар қалпын сақтаған. Ою
ұштары мүйіздері жалпақ, жайыла түсіп отырады.
Қызай сырмағы – ең алдымен киізі
бұлмен қапталып, оның үстіне ою басылады. Бұл
оюлы сырмақ түрінде де, жапсырма ою түрінде де жасалады.
Қазіргі күнде оюлар қолмен емес
машинамен кестелеп, тығыс кесте әдісімен әрленеді. Екінші
түрдегі қызай сырмағы баспа кестемен кестеленеді.
Құстұмтық ою-жапрақшасының
мүйізделген ұшы құстұмсығына
ұқсап ойылатын оюды айтамыз. Бұл торғай
тұмтығына да ұқсап кететіндіктен «торғай
түйіз» деп те атау қалыптасқан.
Жүрекше ою – жүрек формасында ойылады. Оны
бұрын түйе табан деп те атаған. Қазір көбіне
«жүрекше» деп атайды. Жүрекше, сандықша, шаршы, табақ
ою өрнегінің негізгі бөлшегі болып табылады.
Құсмұрын ою-құстың
басына ұқсап, жүрекшеден жіңішкерек
созылыңқы келеді. Құсмұрын оюлар сырмақ
орталарына, басқа да алуан кестелі жабдықтарға салынады.
Шұбыртпа оюлар сырмақтың ұзына
бойына бір өрнектің әлденеше қайталанып түсуі
емес, бір күрделі өрнектің шұбырып түсуін
айтамыз. Бұндай ою-өрнектердің тек қарама-қарсы
беттері ғана өзара сәйкесті болып келеді. Шұбырытпа ою
көбінесе төре оюында кездеседі.
Бесбас ою –доғал топырақ пішінді келіп,
осы өрнектің ерсілі-қарсылы яки, тізіліп түсуінен
жасалатын ою-бесбас ою делінеді. Бесбас ою-өрнегін сырмаққа
қолданудан сырт басқа да жабдықтарға түскиізге,
төсек, жүк жапқышқа, алуан дорбалардың өрнектеріне
де қолданады.
Желілі оюларды формасына қарай атаудың ел
арасында алуан түрлі аттары бар.
Қобдыша, сандықша оюға тік желілі
оюлар жатады. Ою табағы қобдиша немесе сандық бетіндей
үлкендікте түсілріледі.
Қолтықша ою-бұрыш желілерінен жасалады да,
үшбұрышталып шаршы оюлардың қолтықтарына немесе
сырмақ алақанына, сондай-ақ үшбұрышталған
ою күйінде сырмақтың екі жағына салынатын ою
түрі.
Астауша ою-сырмақ
оюының астау пішінінде ойылатын ою. Астауша ою көбінше сұлама
желілерден жасалады.
Табақша ою-пішіні қырынан
қарағанда дөңгелек қазақи ағаш
табаққа ұқсайтын оюлар
Сырмақ жасауға қажетті материалдарды
айтатын болсақ, біріншіден, сырмақ киізі ақ киіз және
астар киіз болуы шарт. Ойыстырылатын сырмақ үшін ақ
және қара киізден басқа да бояулы киіздер қажет. Одан
басқа қайшы, пышақ, шүда жіп (жүн жіп), тебен,
оймақ, жиек, ою сызатын бор, қарындаш, өлшегіштер
қажет.
Егер ойыстырылған сырмақ көп
түрлі өңмен жасалатын болса, онда жеткілікті бояу және
сырмаққа жетерлік ақ киіз қажет. Оюлы сырмақ
жасалатын болса, жоғарыда айтылған дүниелерден басқа
кездемелер яғни, балбарқыт, шибарқыт, шұға,
дохаба, мәуіті, борлат т.б. кездемелер сырмаққа жетерлік етіп
дайындалады. Кестелі сырмақ үшін алуан түрлі боялған
боялған жүн жіптер, мулине, жібек жіптер, біз, кергіш,
астарлық кездеме, көмкеру кездеме дайындалады. Дәстүрлі
сырмақ бес бөліктен – (екі жаны, екі басы яғни, екі
алақаны, ортасы) құрылатындықтан, табылса осыған
жететін бүтін ақ киіз дайындау керек.
Сырмақты шебер сызушылар, оюшылар сызады. Егер
ондай адам табылмайтын жағдайда ою үлгілері салынып ойылады.
Бұндай үлгілерді картон қағаздарынан жасауға
болады. Бұл үлгі сырмақ оюының бір
табақшасының жартысынан жасалады да, осы үлгіні
қалаған бағытта төңкеріп салып, сырмақ оюы
сызылады [4].
Бұдан сырт клеенкаға түсірілген ою
үлгілері болады. Бұл ою үлгілері істетілетін сырмақ
бетіне бөліктері салынып, үстін бастыра тігіледі. Мына
сүреттегі сырмаққа ұзындығы 1,80 см, ені 90см
ақ киіз, 60см х 60см қызыл түсті барқыт мата, ені 12см,
ұзындығы 4,20см көк түсті барқыт мата, тесма
500см көк түсті, тесма 300 см сары түсті және
шашақтар ені 12 см, ұзындығы 4,20см керектігін айтуға
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жүннен жасалатын бұйымдар / Құраст.
К.Мұқанов. – Алматы: Қайнар, 1990. -144 бет.
2. О.Сыздықов «Инженер мамандарын даярлауды жетілдірудің дидактикалық
мәселелері» Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2001 ж
3. Ж.Күнпейіс. «Қазақ сәндік қолданбалы
өнер түрлерінің иллюстративтік анықтамасы, - Алматы,
2006. 76-бет
4. Алима Искакова «Қазақтың ұлттық
ою-өрнектері. Алматы: 2007 ж. -160 бет