*112798*

 

 

ӘОЖ 37.013:001.76

 

Кәсіптік білім беру  сабақтарында  белсенді оқыту әдістерін пайдалану

 

Байбатшаева А.Е., Узахова А.С.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент қаласы.

Касимбекова К., Байназарова З

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Түркістан қаласы

Қазақстан Республикасы

 

Қазіргі кезде білім мазмұны мен білім беру жүйесі оның нәтижесіне қарап бағаланатыны мәлім. Сондықтан білім беру жүйесінде ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамытуда оны кәсіби тұрғыдан шыңдауға басты назар аудару қажет.

Бүгінгі таңда қоғам алдында  Қазақстан  Республикасы «Білім туралы» заңы,  «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы: «Барлық  Қазақстандардың өсіп өркендеу қауіпсіздігі мен әл - әуқатының артуы» деген ұзақ мерзімдік  міндетті  үшінші мыңжылдықта  іске асыру  жауапкершілігі тұр.  

Бұл талаптар оқыту үрдісінде оқыту технологияларын жетілдіру, иннова­циялық бағыты білім, біліктілік, және дағды жиынтығын меңгеру үрдісі ретінде мамандық ауқымында, пәндік сипат алып отыр

Оқу бағдарламаларының мазмұны білім беру мақсаты мен міндеттеріне жауап бере алатын білім-біліктілік-дағды жүйесімен құрылып, арнайы ептілік­ке ұласады десек, арнайы білім мен біліктілік кәсіпке даярлау барысында жүзе­ге асады деуге болады .

Оқыту мен оқу әрекетінің бір - бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл - ойдың интеллектінің дамуы, «оқи алуға үйрену» бүгінгі күннің басты талабы. Оқушылардың оқу әрекеті – ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізгісі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады.

   Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық ілім, оқушының қажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермен байланысты. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықылас, ішкі түрткілер пайда болады.

     Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Ендеше оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады..

     Жеке тұлғаның белсенділігін  және өзіндік дамуын  оятуға бағытталған жүйе бұл белсенді оқыту әдістері. Бұл өзіне жартылай - зерттеу әдіс, проблемалық түсіндіру, зерттеу әдістерін кіріктіруге ұмтылдырады, оқушыларды белсенділігін  арттыру негізін негізге алады. Қазіргі педагогика ғылымы, барлық педагогикалық тұжырымдамаларының құндылығы оқыту үрдісі мен  тәрбиелеу барысында оқушылардың белсенділігін  арттыру мәселелерін қарастыруға байланысты  болуда.

    Оқу үрдісінде  оқушылардың белсенділігін арттырудың  жолдары  мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек, олар  Ы.Алтынсарин, О.А. Абдуллина, Ю.К Бабанский, В.А Сластенин., А.Е. Щуркова.

Бүгінгі таңда белсенділік оқыту әдісінің  идеясы мен ғылыми тұжырымдамасы арнайы түсіндіруді қажет ететін бірқатар ұғымдарды қарастыруды қамтиды.

Белсенді оқыту  тұжырымдамалары анықталған қағидаларға жүгінеді:

1. Проблемалық қағидасы. 

2. Контексті оқыту қағидасы. 

3. Іс - әрекеттің оқу - танымдық мотивация қағидасы

4. Тікелей қатысу қағидасы

 Әдебиеттерде бұл  терминдер «Белсенді оқыту әдісі» (БОӘ-МАО) болып кездеседі. Осы жөнінде толық жіктелу туралы  мәліметті М.Новик жасады.  Ол  белсенділікті имитациялық және  имитациялық емес топтар арқылы бөліп қарастырады. Соған  байланысты сабақтың формасын  да имитациялық және  имитациялық емес деп анықтайды.

 Имитациялық тренинг, имитациялық жаттығуларды қарастыру мәселелері ескерілді.

Оқыту барысында жеке тұлғаны  белсенділігін арттырудың  басты құралы  белсенді оқыту әдістері болып саналады. Әдебиеттерде бұл  терминдер «Белсенді оқыту әдісі» болып кездеседі. Осы жөнінде толық жіктелу  мәліметті М.Новик жасады. Ол  белсенділікті имитациялық және  имитациялық емес топтар арқылы бөліп қарастырады.  Соған  байланысты сабақтың формасын  да имитациялық және  имитациялық емес деп анықтайды.

Имитациялық емес сабақтарының сипаты  оқытылатын үрдіс немесе іс-әрекеттердің моделдерінің болмауында. Оқыту белсенділігі оқытумен мен  оқушының арасындағы  тіке  және кері байланыстары арқылы жүзеге асады.

Имитациялық  сабақтардың айқын ерекшелігі  оқытылатын үрдіс (жеке дара немесе ұжымдық кәсіптік іс-әрекеттер имитациялары) моделінің болуында.  Сонымен  қатар олардың ойындық және  ойындық емес болып бөлінуінде. Оқушылардың анықталған бір рөлдерде  ойнауы негізінде жүзеге асатын әдіс ойындық деп аталады.

Іскерлік ойындардың конструкциялық үрдісі 4 кезеңнен тұрады:

І - кезең. Ойынның мақсатын анықтау.

ІІ- кезең. Мазмұнын  анықтау. Мұғалімнің, сынып жетекшісінің,   қызметінің құрылымы  бойынша типтік ситуацияларды таңдау.

ІІІ- кезең. Ойынның  жүзеге асуын дайындау. Ойын құжаттары: ойынның жаңа ережелері; ойыншылардың міндеттері; персонаж кіріспесі; екі рөлді ойнаушылар;  мінез – құлықтарының қарама-қайшылығы; марапаттау;  нәтижелерінің визуальдық  ұсыныстары;

ІV-кезең. Ойынның құрылымдық-функциональдық бағдарламасын құру: мақсаты, міндеті, ойынның өтілу барысы,  ұйымдастыру құрылымы мен бірізділігі, ойынға қатысатындар саны мен олардың қызметтері, сұрақтар мен тапсырмалар, стимул жүйесі.

Іскерлік  ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен  тұрады:

1. Алдын ала дайындық – ұйымдастырушылық, мини топтарға бөлу, арбитражды құру, көкейкестілікпен  қорытындылау.

2. Дайындық -  мини топтардың өзіндік жұмыстары, нұсқаулары, рөлдерді бөлу, қосымша ақпараттар,  мәлімет кестесін толтыру, жазбаша жауаптарды бағалау.

3. Ойындық – тапсырмаларды мини топтар имитациялайды. Басқа топтағылар толықтырады,  аз уақыт арасында импровизацияларды ендіру. Арбитраждар барлық жұмыстарды қадағалайды, толықтырады,  алдын ала дайындалған 3 деңгейде  бағалайды.

4. Шешімдерге талдау жасау.  Қорытындылау. Ойынның өтуі, тыңдаушылардың белсенділік танытуы, қателіктерге назар аудару,  дұрыс шешімдер, жарыс қорытындылары.

   Іскерлік ойындар- әр түрлі  ситуациялардың шешішмін  топ бойынша немесе ЭЕМ   - де берілген тапсырмалар  шешу  барысында қолайлы келеді.

   Топтағы пікірталас - өзге оқыту түрлерімен комбинациясы аралас қолданылатын жалпыға таныс әдіс.

    Рөлдік ойын: рөлдік ойын қайғылы оқиға немесе «қулық» қатысушылардың берілген рөлдерінің шындыққа ұқсатуы мен шын мәнісіндегідей  әрекет ету мүмкіндігін береді.

    Рөлдік ойын - ол дағдыға, жеке тәжірибеге де топтағы нақты жағдайға байланысты дамуға рұқсат беретін салыстырмалы «ашық» техника. «Рөлдік ойын» сөз тіркесі «драма», не­месе «жағдайды ойнау» сияқты түсініктермен алмастыруға болады.

    Имитациялық жаттығулары негізінде зерттеу жұмысымыздың мазмұны  ойындық емес әдістердері негізінде ұйымдастыру негізге аланыды:

Ойынның имитациялық түрлерінен  «Интеллектуальды футбол», «Қақпан»,  «Ситуацияны шешу», «Іскерлік ойындар», ал инновациялық бойынша элементтеп оқыту, лекция сабақатары,  практикалық жұмыс т.б.  зерттеу жұмысымыздың жүзеге асуына  мүмкіндік береді.

Оқшылардың шығармашылық іс-әрекетін, эстетикалық талғамдарын, ептілік,     икемділік, ұқыптылық, тазалық қабілеттерін дамытуға кәсіпке  баулу сабақтарының орны ерекше.

Қыз балаларды, ұлттық өнерге тән кесте тігу, киім тігу, түрлі түске боялған түстерді пайдаланып маталардан құрақ құрау т.б. сияқты көркемдік істерге араластыру, қазірде кең қолданылып келе жатқан сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру. Бұйымдардың әсемдік нақышы туралы оқушылардың өз ойын пайымдай білуге баулу олардың эстетикалық талғамын кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырудың бірден-бір әдісі. [13].  

    «Дидактикалық ойындар» - баланың танымдық белсенділігін интеллектісін дамытатын ойын болып табылады. Дидактикалық ойындардың бірнеше тобы бар.

1.топ  Заттық ойындар - ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, адамдар мен жануарлар әлемін және олардың арасындағы қарым-қатынастарды зерттеп таниды.

2.топ  Шығармашылық, сюжеттік -  рольдік ойындар. Бұл ойында оқушылар ойша геолг.зоолог, экономист тағы басқа рөлдерін атқарады. Бұл ойындарда оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды.

3.топ  Дайын ережелері бар ойындар. Бұл оқушылардан жұмбақты шеше білуді , болжай білуді, ең бастысы- пәнді білуді талап етеді.

4.топ Еңбек, техникалық, конструкторлық ойындары бұл оқушылардың өз жұмысын жоспарлауға керекті материалдарды жинақтауға еңбек белсенділігін шығармашылығын дамытады.

5.топ  Баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары,  тренингтер. Бұл жарысқа негізделген   ойын.

     Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі біріншіден, оларды қолданудың жиілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты.

     Осы дидактикалық ойынның  төмендегідей бірнеше   түрлерін  кәсіптік білім беру сабақтарында қолдануды ұсынып отырмыз.

  I.   «Командалар сайысы » ойыны

Бұл ойында топ 3 командаға бөлінеді. Ойын ұяшықтар алаңынан құралған (3.4) әр ұяшықта студенттер жеңіске жетуге керекті ұпайлар жасырылған. Ойын 3 кезеңнен тұрады:

1.Тест сұрақтары

2.Сөзжұмбақ

3.Билеттер

   1-шартта.  3 командаға 10 тест беріліп, уақыт белгіледі. Сол уақыт ішінде қай команда жылдам тестті дұрыс шеше алса, сол команда 50 ұпай иеленеді, әр бір тест сұрағына 5 ұпайдан қойылады.

    2-шарт. Мұнда да уақыт беріліп, сол уақыт ішінде 3 команда сөзжұмбақты шешуі қажет. Дұрыс шешілген сөзжұмбақ үшін 20 балл , 1 немесе 2 төркөз бос қалса 15 ұпай , 3 не одан көп торкөз бос қалса 10 ұпай жинайды.

    3-шарт. М ұнда 3 командаға екі билеттен беріледі, дұрыс жауап берген билетке 15 ұпайдан қойылады, жалпы осы шарт бойынша 30 ұпай жинай алады.

Осы ойында 3 шарт бойынша қорытынды ұпай саны 100 балл болады ( кесте 2)

Кесте 2 -  Ойын ұяшығы

  

II.  «Саяхатшы»  ойыны.

Бұл ойынның шарты мынадай : топ оқушыларын үш командаға  (конструкторлар, тігіншілер, модельерлер)  бөліп, үш команданың ойыншалары интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған карта  бойынша  қазынаға яғни, 100 балға ие бола алады.  Картада белгіленген әріптер бойынша олар қазынаға жол тартады.

 

 

Сурет 1 - Саяхатшы ойын

 

Саяхатшы ойының шарттары


     С-Суреттер(40балл)
     Б-Билеттер(10Х3=30балл)
     М-Мақалдар(10Х2=20балл)
     Ж - Жұмбақтар  (10 балл
)

 

  Егер дұрыс жауап берсе,    көрсетілген бағыт  бойынша  алға қарай, бұрыс жауап берген жағдайда кері қарай жүріп отырады. Қай команда  бірінші қазынаға жетсе сол команда жеңіске жетеді( 100 балды иеленеді). Ал қалған екі команда  қанша ұпай жинаса, санша балл  қойылады.

Мақсатты жүзеге асыру үшін дәріс беретін кәсіпке оқыту пәні бойынша оқушылардың шығармашылығын арттырып, зерделі, дарынды оқушыларды дамыта оқыту үшін  жоғарыда айтылған оқытудың дәстүрлі және жаңа технология түрлерін дамытып қолданып сабақты барынша түрлендіріп өткізуге болатынын  ол үшін сабақтың түрлерін сол сынып оқушыларының жас ерекшеліктері  мен қабылдау деңгейі, қызығуына сәйкес тандап алу қажет екендігін  олардың  ой-өрісін, пәнге қызығушылығын дамыту мақсатында ойын сабағы әртүрлі мақсатта білім мен ептілікті меңгеруге итермелейтін қозғаушы күштер болуы арқасында, қоғам қажеттілігін қысымынан жаңалықтың түпкілікті туындауы болып саналады.

Қорыта айтқанда, дидактикалық  ойындардың  нәтижелілігі , біріншіден, оларды қолданудың  жүйелілігіне; екіншіден, ойын  бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз  байланысты. Ойынның  мақсаты  оқытудың  басты  мақсатымен  үндес- оқушының  білуге, білімге  деген құштарлығын ояту

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 1.«Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы» Егеменді Қазақстан.2004. - 3б.

2.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030 стратегиясында барлық қазақстандық-тардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»  -  атты жолдауы. - Алматы: ЮРИСТ, 2001. - 104 б.

  3. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. А: Жазушы. 2004. - 208 б.

4.  Алтынсарин И. //Соч.: В 3 т. - Алма-Ата: Наука, 1975. - Т.1 - 359 с.

5. Абдуллина  О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. Учебное пособие. - М.: Просвещение, 1984. -  208 с.

  9. Арстанов М.Ж., Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модельное обучение: вопросы теории и технологии. - Алматы, 1980г

  10.Активные методы обучения: рекомендации по разработке и применению: учеб.-метод. пособие / Е. В. Зарукина, Н. А. Логинова, М. М. Новик. СПб.: СПбГИЭУ, 2010. – 59 с.