*113125*
М.п.н. Медиева С.Х.
Е.А.Бөкетова атындағы ҚарМУ,
Қазақстан
Әлеуметтік
педагогикада жас ерекшелік даму кезеңдерін ескеру
Қоғамда кәмелетке толмағандар арасында девиантты
мінез-құлықты тұлғаның әлеуетке теріс
ықпалы және бүгінде
осы мәселелерді шешу барысыда әлеуметтік-педагогикалық
тәрбие жұмысын жүргізу жағдайы елімізде мәз
емес. Сонымен қоса, даму
мақсатында жүргізіліп жатқан экономикадағы,
ақпарттық технологиядағы, қоғамдық
жүйелердегі және оқу бағдарламасындағы
күрделі өзгерістер баланың өзін қоршаған
ортасын түсініп, оған барынша бейімделуінде айтарлықтай
қиындықтар тудыруда.
2011 жылғы статистика бойынша қараусыз қалған
балалар саны Астана қаласында 264, Алматы қаласында 758,
Қарағанды облысында 198, Жамбыл облысында 204, Ақтөбе
облысында 155, Павлодар облысында 113, ШҚО-да 313-ке дейін жеткен. Ал, сот шешімі
арқылы ата-ана құқығынан айырылғандар
көрсеткіші: Астана қаласында 19, Алматы қаласында 42,
Қарағанды облысында 113, Жамбыл облысында 61, Ақтөбе
облысында 42, Павлодар облысында 24, ШҚО-да 104. Динамика
көрсеткіші жақсы болғанымен аздық етеді [1]. Осы мәліметтерді сараптай келе, жыл сайын әлеуметтік
жағдайдың көтерілуіне, қоғамдық
жұмыскерлердің артуына байланысты бала мінезіндегі ауытқулар
мен ата-аналарымен өзара түсініспеушіліктердің бәсеңдеуін
байқауға болады. Сонымен қатар, бүгінде жас ерекшелік
статустарына, оның діліне сәйкес қоғамда, бала бойында
ішкі кикілжіңдер белең алуда. Аталмыш машақаттар елдігімізді
асқақтататын тұлғаны әлеуметтендіру барысында
тиімді жұмыстарды талап етеді. Өскелең
ұрпағымыздың бойына рухни маңызды сапаларды дер
кезінде, дұрыс атқарылған
әлеуметтік-педагогикалық тәрбие жұмыстары барысында
қалыптастыруға болады. Яғни, баламен жұмыс
барысында оның жеке индивидуалды ерекшеліктерін, даралығын,
психологиялық жағдайын, жас кезеңдерін ескерген жөн.
[2]. Осы бөлімдерден біз бала психикасының
жас ерекшеліктерін қарастыруды жөн көрдік.
Адам организмі толық ер
жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму
жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4
кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму,
балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл
түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан
жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы
түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі
болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық
шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі
десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық
жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік
қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады. Өсу мен даму процестерінде органдар мен жүйелердің,
осы процестің біркелкі болмауын,
яғни әлеуметтену кезінде хронологиялыө жасы мен
биологиялық жастың сәйкес келмеуі, генетикалық
және сыртқы факторлардың әсерлері
заңдылықтарын айқындауға болады. Әлеуметтік
педагогика психология ғылымымен тығыз байланысты
болғандықтан, жас ерекшелігіне байланысты төмендегідей
концепцияларға тоқтала өтсек. Ағылшын психологы
Э.Эриксон адам өміріндегі сегіз сатыны бөліп керсеткен және
әр саты қалған басқа сатылармен байланысты екендігін
атап айтқан. Аталмыш кезеңдерде бала бойында өз жасына
сәйкес тұлғалық кикілжіңдер мен ортаға
деген наразылық іс-әрекеттері танылады. Осы
қиындықтарға қысқаша тоқтала өткенді
дұрыс көрдік. Жатыр ішіндегі нәрестенің даму кезінде
ата-ана бойындағы дерттер, олардың өмір салты, анасының
жүкті кезіндегі эмоцияға бой алдыруы, медициналық
қажеттіліктер мен экологиялық орта секілді қауіптерге кезігуі
мүмкін. Жастық шақта нашақорлық,
маскүнемдік, жезөкшелік, қайыршылық күйі,
жұмыссыздық, зорлау, сексуалды сәтсіздіктер, стресстер,
заң бұзушылық әрекеттерге, тоталитарлық
топтарға араласу, жалғыздық, әскери қызмет;
білімін жалғастыруға мүмкіндіктің болмауы секіліді
қиындықтар басты назарда тұрады [3]. Аталмыш өмірлік
қиындықтарды сараптай келе жасөспірімдік шаққа
толығырақ тоқталуды таңдадық. Жасөспірімдік
жас өмірлік циклдің бесінші сатысына келеді - эго -
ұқсастықтың немесе үқсастық
диффузиясының дамуы. Тұлғаның дамуындағы бұл
саты ең үлкен өмірлік дағдарыспен сипатталады.
Дамудың үш тармағы осы дағдарысқа әкеледі:
бұл қарқынды физикалық даму және жыныстық
жетілу («физиологиялық төңкеріс»); «мен
басқалардың көз алдында қалай көрінемін», «мен
кіммін, қандай маңызым бар» деген уайым; өзінің кәсіби
бейімділігін табу қажеттілігі [2]. Бұл мәселеге ең
алғашқы болып назар аударған - Я.А.Коменский. Адам
табиғатына сүйеніп, ол өсіп келе жатқан
ұрпақтың өмірін әрқайсысы алты жылға
созылатын төрт жас кезеңіне бөледі. Ол есею шекарасын 6-12
жаста анықтайды. Оның пікірінше, есею ес пен елестің, оларды
жүзеге асыратын дене мүшелері - тіл мен қолмен бірге дамуымен
сипатталады. Жасөспірім шақта және жасөспірім
кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің
ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы
ашады. Бұл сезім мен ой
тылсымдарын тануға бағытталған. Жасөспірім
кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін
қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен
жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім
кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын
таңдау мәселесі пайда болады..
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын
табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық
өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол
көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін
қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін
білмейді. Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген
басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік
кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын
бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен
ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім
өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы
өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез
уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын
ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше
әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін [3]. Жасөспірім кезеңі жалпы
тұлға болып дамуындағы маңызды фаза.
Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды
факторы оның өзінің
ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен
игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен,
ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің
болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге
асыру әрекеттерін жобалау бағытталады [2]. М.Ю. Красовицкий жасөспірімдерді барлық қатынас
жағынан ересек адам деп қарастырады. Бірақ оларды
толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты
осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік
бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа,
оқу танымдық және
қоғамдық саяси іс -
әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге
тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр [5]. Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім
шақ - бұл қоғамдық жүйедегі
көзқарасқа байланысты дүниетанымның бірінші
элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген
көз қарасын толығымен
пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде фило-софиялық ойлау
әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда
болады. Бұған арқау болатын түрткі -
оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби
оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер
мен үлкендермен қарым
қатынас. А.В. Мудрик жасөспірім
кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол
екіжақтылық пен қарама
қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен
адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ
әлі жетік білмейді деп пайымдайды [3].
Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама қайшылықтарды бөліп
көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амбиваленттілік пен
пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс
белсенділік - аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік -
уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен
қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік
талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым қатынастық, өте
нәзік сезімталдық апатияға, өткір
құштарлық
бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау
мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл
кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст. Холл
жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны
басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады.
Жасөспірімнің
өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз
жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз
құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды
белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған
ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация
туындайды. Жасөспірім тұлғасының индивидуалды дамуы мен
қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни
қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің
арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында
әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі [5].
Қорыта айтқанда бұл кезеңде ата-ананың
жауапкершілігінің жоғары болуы
жасөспірімдердің тәлім тәрбиесіне көптеген
септігін тигізеді . Бала тәрбиесі ата-ана үшін
маңызды да жауапты. Себебі «не ексең соны орарсың»
деген астарлы сөздің де шығуы тегін емес.Сондықтан бала
тәрбиесі,жасөспірімдер дұрыс тәрбиесі болашағымыздың жарқын
кепілі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. www.akorda.kz.
2. Грэйс Крайг. Психология
развития. - СПб., 2000
3. Обухова Л.Ф Возрастная
психология. - М., 1999.
4. Ггалагузова М.А. Социальная педагогика –М, 2003.
5. Возрастная и педагогическая
психология // Под. ред. А.В. Петровского. - М., 1986.