*112897*
Насиева
Н.Қ.
С.Сейфуллин
атындағы ҚазАТУ, Қазақстан
ТАРТЫС
ТАБИҒАТЫ
Жазушы
еңбегін бағалаудың басты өлшемдерінің бірі –
көркем шығармаға өзек болған тартыстың
нақты өмірлік құбылыстармен байланыстыру дәрежесі
екендігі белгілі. Суреткер тағылымы көбіне – көп
туындыдағы іс-әрекеттің саяси-қоғамдық
мазмұны арқылы өлшенеді.
Ал осыны жүзеге асырудағы автор қолданған көркемдік
амал-құралдар, өзіндік стильдік ізденістер зерттеуші назарына
жөнді ілікпейді, тіпті кейде бұлар тәуелді негізгі
авторлық позицияның жетекші ролі, оның
қоғамдық – философиялық бағдары тиісті
бағасын ала алмайды. Суреткердің өзіндік
қолтаңбасын анықтауда оның шығармаларындағы
тартыс табиғатын жете зерттеген әбден орынды. Осы тұста
қоғамның даму заңдылығы, уақыт талабы,
көркем ойдың өсу дәрежесі сияқты біраз
мәселелердің басы ашылады. Әдеби туындыдағы
тартыстың мән-мазмұны мен тегі, көркемдік
өрнектелуі, байланысуы, күшеюі және шешім табуы әсіресе
драмалық шығармаларды талдағанда аса маңызды.
Пьесадағы конфликт пен характердің маңызы, олардың
байланысы жөнінде талай орнықты пікірлер айтылған.
Әдебиет мамандары, театр зерттеушілері драмадағы тартысты
шығарма көлемінде талдайды, ал тартыстық мәні бар
оқиғаларды таңдаудағы авторлық
мақсат-мүдде ескерілсе, пьесаның бұрын
көлеңкелі кейбір тұстарының өз бояуын табатыны
сөзсіз. Жеке жазушының шығармашылық ерекшелігін
сөз еткенде, оның авторлық тұрғысының
ауқымы, дамуы мен бағытын белгілеу үшін тартыстың
мәні мен маңызы, ғылыми тұжырымдарды
нақтылауға қосар
үлесі аз емес.
Драма
үшін ең қажетті нәрсе - әрекет пен
характердің тұтастығы мен бірлігі. Аталмыш жанр
табиғаты турасында азды-көпті сөз болса, осы бір
заңдылық аттап өтілмейді. Драматургияның өзіне
тән ерекшелігі болып табылатын тартыс та, пьесаның мазмұнын
ашу, бейнелеудегі характер орны да тікелей қимыл - әрекет
үстінде ашылатыны даусыз, мұны әр пьеса өзінше
көрстеіп жататыны тағы бар.
«Пьеса
автордың еркін араласуына жол бермейді, оны түсіндірудің,
баяндаудың қажеттілігі мүлде жойылады» - деген
М.Горькийдің пікірінің астары терең [1; 145]. Бірақ
қазіргі кезең драматургиясы үшін бұл бұлжымас
заң болудан қалған тәрізді.
Идея да,
авторлық өзіндік шешім де тек аршынды әрекет негізінде
арналанады. Осыдан келіп, драмадағы негізгі талап бас көтереді. Ол
– тартыс пен мінездің шымыр байланысы. Бей-берекет қозғалыс,
сюжет шашыраңқылығы авторға абырой әкелмейтіні
аян. Осы орайда шығармадағы оқиғаны түйіндеуге
бас-көз болатын – тартыс деген ұғым бар. Табиғаты
тылысым дерлік бұл термин жайындағы бұрын-соңды
айтылған пікірлерді жүйелеу, сын көзбен бағамдау біраз
мәселелерге жетелейтіні анық.
«Өз
мағынасындағы драмалық дегеніміз – индивидтардың
өз мүдделері үшін күресінде және характер мен
құлшыныстардың айырмашылығында» [2;141].
Гегельдің пікірінше драмалық деген ұғым жанрдың
негізгі ерекшелігі болып табылатын тартысқа саятын сияқты.
«Драма
дегеніміз – ойнаушылардың диалогы мен авторлық ремарка
түрінде бейнеленген конфликт» [3; 47].
Белгілі драма
зерттеушісі В.Волькенштейннің бұл пікірі драма мен конфликт
арасындағы байланысты басты нәрсе ретінде қарайды және
тартыс компоненттерін де пьесаның өзекті мәселелерінің
қатарына қосады.
«Пьесаның
құрылымдық көркемдігі, меніңше, идея, тартыс,
кейіпкер мінездері сияқты үш жағдаймен анықталады» [4;
86].
Шынында,
драма негізгі осы үш нәрседен тұрады деу қарапайымдау
айтылған қағида. Жалпы, осы үшеуі негізгі материал
болса, тіл, сюжет, композиция сияқты драма элементтері үштікті
біріктіріп, байланыстырып, дамытып, белгілі шешімге жеткізіп тұратын
сияқты.
Қазақ
совет драмасының теориялық мәселелеріне тереңдей енген М.Әуезов тартыс
тұрғысында тартымды пікірлер айтты:
«Конфликт -
өлеңді белгілейтін поэтика элементтері сияқты
драматургияның негізгі компоненті. Драмалық шығарманы
анықтап, проза, поэзиядан бөлшектеп тұратын шартты белгі –
жалғыз-ақ конфликт. Әрбір пьеса шиеленіскен
қайшылықтарға, жігер, сезім, ой, еңбек, мақсат
т.б қайшылықтарға құрылады. Осы
қарама-қарсы ағымдар оқиғаның
орталық, параллельжәне қосалқы линияларында конфликт
тудырып дамытады. Ал конфликт нағыз сауатты жазылған драманың
өзегі, негізі болады» [5;25].
Белгілі
әдебиет зерттеушілері Р.Нұрғали, С.Ордалиев қазақ
драмасындағы конфликт турасында құнды пікірлер айтқаны
мәлім. Пьесаның көркемдік, идеялық сапасының
жоғары болуы, ең алдымен тартыстың терең, айқын
болуына, драмалық түйіннің беріктігіне байланысты. Тартыс
турасында сөз болғанда араласа жүретін, байланысы
байқалатын қарама-қайшылық, қақтығыс,
перепития деген ұғымдар бар. Қарама-қайшылық
қақтығысқа әкелетін оқиғалар желісі
болса, түрлі қақтығыстар тартысқа әкелетін
жол. Ал перепития болса – кейіпкер өміріндегі қысылтаяң
шақ, оқыс өзгеріске апаратын қимыл. Коллизия
қақтығыстар түйіні, тартыс сол драмалық
түйінді шешуге бағытталған кейіпкер қимылынан
туындайды. Драмалық шығарманың негізі, түп
қазығы болып табылатын тартыс өмірдегі қарама-қайшылық
негізінде қалыптасады. Тартыс турасында әдебиеттану ғылымында
мынадай пікірлер қалыптасқан.
«В драме сила
и важность события дает себе знать, как «коллизия» или та сшибка, то
столкновение между естественным влечением сердца героя и его понятием о долге,
которые не зависят от его воли, которых он не может ни произвести, ни
предотвратить, но которых разрешение зависти не от события, но единстенно от
свободной воли героя. Власть события становит героя драмы на распутии и
приводит его в необходимость избрать один из двух, совершенно противоположных
друг другу путей для выхода из борьбы с самим собою, но решение в выборе пути
зависит от героя драмы, а не от события» [6;105].
Қарама-қайшылық
пьесадағы қаһарманнан батыл шешімді талап ететін
оқиғалар тізбегінен тұрады. Егер қаһарман
жағдаймен келіссе, яғни шндыққа мойынұсынса, онда
тартыстың қажеті де жоқ. Ал егер қаһарман
жағдайға қарсы шығып, өз мінезін көрсетсе,
көзқарасын айқындаса, онда драмалық күрес
туындап, қарама-қайшылық тартысқа ұласады.
Оған қатысушылардың белгілі бір шешім қабылдау
кезеңі қарама-қайшылықтан тартысқа өту
кезеңі болып табылады. Сонымен, драма үшін ең қажетті
нәрсе әрекет пен характер тұтастығы екендігі
көптеген зерттеулерде дәлелденген. Қалыптасқан
дәстүр бойынша дрматург адамның іс-әрекет пен
ой-арманын жай баяндап қана қоймай, оларды әрекет
үстінде ғана көрсетуі қажет. Бұл қай
кезеңдегі драманың болмасын негізгі талаптарының бірі
болмақ. Әрекеттен тартыс туындайды деген пікірдің де жиі
айтылып жүргенінің өзіндік мәні бар.
«Тартыс
дегеніміз - өзінен-өзі пайда бола қалатын нәрсе емес,
ол өмірдегі әр түрлі адамдардың күресі
үстінде көрінетін, түрліше характерлерін ашатын күш»
[7;8].
Демек, тартыс
жайдан-жай пайда бола қалмайды, оны тудыратын әлеуметтік,
қоғамдық қарама-қайшылық болуы қажет.
Қоғамдық, рухани болмыстың көптеген
жағдайларында тартыс құрылымы бар. Бірақ бұдан
көркемдік тартыс нақты өмірдегі тартыспен сәйкес деген
ұғым тумаса керек. Бұнда өмірлік процестер мен
құбылыстардың эстетикалық тұрғыдан
танудың өзіндік ерекшелігі мен қиындығы жатыр.
Қоғамдық тартыс қалыптасқан идея сияқты
обьктивті түрде өмір сүреді және белгілікті бір
адамдар, оқиғалар, дүниеге деген сан түрлі көзқарастармен
байланысты болады. Бақылау обьектісі бола отыра, ол суреткер
қиялына алуан сапалы мүмкіншіліктер береді. Көркемдік
бейнелеудің құрылымына кіргізілетін адамдар саны,
олардың оқиғалар тізбегіне байланысты әлеуметтік тартыс
суреткер санасында өзінің талай мәнді үлгілерін тудырады.
Шындық өмір қайшылықтары көркем әдебиет
оқиғасына айналғанда құрылымы мен сипаты
әртүрлі тартыстарды өмірге әкеледі.
Тартыс
мәселесі – драматургияның ең негізгі, әрі күрделі
мәселелерінің бірі болып отыр. Шындық өмірді,
оның қарама-қайшылықтарын бейнелеудің ең
маңызды құралы болып есептелетін тартыс
қоғамның дамуы мен жазушының шеберлігі арқасында
қоса дамиды. Әрбір қоғамның өзіне тән
қайшылықтары бар, сондықтан тартыстың пайда болуы мен
дамуы, өту барысы, шешімі де әр түрлі болады. Драмалық
тартыс қарама-қайшы көзқарастардың,
мүдделердің күресі түрінде ашық та
көрінеді, сонымен қатар көзге көп байқалмай,
қаһарманның жан-дүниесінің терең
түкпірінде де өтіп жатады. Күшті әрекет қимыл,
әсерлі де мазмұнды диалогтар, динамикаға толы тартыстар –
қай драманың көркемдік дәрежесінің
көрсеткіші ғана емес, жымын тауып жалғастыратын кірпіштері.
Қазақ драматургиясы әр кезеңнің өзіне
тән қарама-қайшылықтарын драмалық
тартысқа негіз етіп ала білді.
Оқиға
желісі күшті тартысқа құралған
шығармалардың қатарына С.Мұқановтың
«Шоқан Уәлиханов» пьесасын жатқызуға болады.
Нақты өмірдегі жайттарды талғап, елеп-екшеу, ой таразысынан
өткізу, көркемдік мәнін ашу – драмадағы қойылатын
басты талап. Қоғамдық құбылыстың
терең тамырларын таппай, өмірлік қайшылықтардың
мазмұнын дұрыс талдамай, кездейсоқ, болымсыз таластарды пьеса
негізі етіп алу оның көркемдік маңызына кері әсер
етеді.
Қоғамның
дамуы ескі мен жаңаның арасындағы күресі
арқасында жүзеге асатыны белгілі. Көркем шығармада осы
күрестің негізгі салмағы тартысқа жүктеледі,
әдеби туындының идеясын, оның қоғамдық
бағасын анықтауда тартыс мазмұны жетекші орын алатыны
сөзсіз.
Әр
қоғамдық-экономикалық құрылыстың
тартысының өзіне тән сапалық ерекшелігі бар,
сондықтан оның әрекет ауқымы, ағымдық
формалары, шешілу тәсілдері әрқалай болады, оның
үстіне қоғамдық нәтижесі де өзгереді.
Қалыптасып қалған әлеуметтік – тұрмыстық
қақтығыстар арқылы тартысқа саяси сарында
жаңа мазмұн беру түрі көптеген драматургтердің
көркемдік зерттеу обьектісіне айналған.
С.Мұқанов
тартыс құруда өзіндік ізденіс-табыстарымен ерекшеленеді.
Шығармашылығының айнымас өзегі – ұлылар өмірі
тақырыбы болып келе жатқан драматург аса маңызды
мәселелерді өз туындыларының тартымды түйіні ете
білген. Жазушының тартыс құрудағы, дамытудағы
және жеріне жеткізе шешудегі ұстанған
тұрғысының даму барысын бақылау – күрделі
мәселелердің бірі. С.Мұқановтың
пьесаларындағы тартыс сол кезең драматургиясы үшін біршама
ерекшеленеді. Драматург бұл туындыларына Шоқан өмірінің
сан қилы оқиғаларға толы жекелеген кезеңін
ғана арқау еткен, сол арқылы
қоғамдық-әлеуметтік тартысты тереңірек
көрсетуді мақсат еткен.
Драматург
Шоқанды әр ортада көрсете отыра, қоғамдық
әлеуметтік маңызы зор тартысты көтереді, ол өзі
өмір сүрген дәуірдің әділетсіз жақтарын
қатты сынап, қараңғы ескі дүниені
қиратуға бар күш-жігерін жұмсайды. Бірақ
Шоқан сол ескі күшпен батыл күресуге дайын емес болатын.
Шоқан біраз уақытқа дейін адасады, ол қазақ
өмірін жақсарту мақсатында патшадан рақым күтумен
болады. Осы ойларын жүзеге асыру барысында елге сұлтан да
болғысы келеді. Осы сияқты жайттарды шебер түрде нанымды етіп
суретей отыра, драматург Шоқан басындағы күрделі
хал-жағдайдың сырын ашқысы келеді. Шоқанды өзі
өмір сүрген дәуірге қарсы қоя отырып,
заманның неше түрлі тартыс тудыратын арналарын ашады. Сол
арқылы қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор
тартысты көтеруге ұмтылады. Пьесада тартыс үш бағытта
өрбиді: біріншісі, Шоқан мен патша әкімдерінің
арасындағы тартыс; екіншісі, Шоқан мен ауыл байларының
арасындағы тартыс; үшіншісі, Шоқан мен Айжан
сүйіспеншілігіне негізделген тартыс.
«Бұл
пьесадағы тартыс басқа қазақ пьесаларындағыдай
айқын көрініп тұрмайды, геройлардың әрекет
қимылдары сырттай сараң болғанымен, үңіле
қарасаң күшті, жан-жақты екенін аңғарамыз»
[7;13] – деген пікірмен келіспеуге болмайды.
С.Мұқанов
өзінің бұл шығармасын трагедия деп атаған. Себебі
трагедия жанрына тән қасиеттердің барлығы бұл
шығарманың бойынан табылады.
Драматург жалғыз Шоқан басындағы түрлі
тартысқа толы өмірді ғана емес, бүкіл қазақ
халқының басындағы қым-қуат трагедияға толы
жайттарды қоса қамтыған. Қоғамдағы
қарама-қайшы мүдделердің бітіспес айқасы,
қарапайым халықтың жан айқайы арқылы үлкен
маңызды тартысты көтереді. Шыққан ортасы хан
тұқымынан болса да, қарапайым халық
қайғысын бөлісуге, әркез жәрдем беруге даяр
тұратын Шоқан қараңғы қапас ескі
дүние шырмауынан шығар жол іздейді. Кішкетайынан
оқып-білгені, көргені мол Шоқан өсе келе
ағартушылық – демократтық ойлары тереңдеген сайын
өзі өмір сүріп отырған ортадан қол үзіп
алыстай береді. Туған-туысқандары, әкесі Шоқанды
түсінуден қалады. Қарама-қайшылықтың
нәтижесінде бітіспес, мәмілеге келмес тартыс басталады.
C. Мұқановтың
«Шоқан Уәлиханов» трагедиясы жазушының драматургтік
шеберлігін айрықша танытты және қазақ
драматургиясының аса елеулі табысы болды. Ол пьесаның басында
көтерген конфликтіні пьесаның соңына дейін
бәсеңдетпей, шиеленістіріп отырады.
Жалпы драмалық
шығармада негізгі тартыспен қатар өрбитін бірнеше
қосымша да тартыстар болады. Олар пьесадағы негізгі тартыспен бірге
дамиды, оның шиеленісуіне жағдай жасайды, яғни негізгі
талас-тартыстардан басқа тартыстардың барлығы сол негізгі
тартысқа қызмет етуі қажет. «шоқан Уәлиханов»
пьесасында іс-әрекеттің барлығы біртұтас тартыс
төңірегіне топтастырылған. Осы орайда қай кейіпкерді
жеке-дара алып қарасақ, әрқайсысының көздеген
өз мақсаты бар: Шоқан халқының аыр тұрмысын
жақсартқысы келіп, өзі өмір сүрген орта заңдарына
қарсы шығады; патша әкімдері қазақ елін
бодандықта ұстауды мақсат етеді; Сұлтанғазы
болса, Шоқанның орнын баспақ; Жақып
шайқалған хан тұқымының шаңырағын
қалпына келтірмек. Пьесадағы кейіпкерлердің
әрқайсысы өздерінің алдына қойған
мақсатын жүзеге асыру үшін күреседі. Осы
іс-әрекеттердің барлығы – халқының қамын
ойлаған, жарқын болашақты аңсаған Шоқан
үшін қат-қабат кедергі болады, өмірінің
қайғы-мұңға толуына, ақыр аяғында
өлімге әкеп соғуына себепші болады. Пьеса
кейіпкерлердің мақсатына жету жолындағы күресі
бір-біріне ұштасып, бүкіл іс-әрекет негізгі бір
мақсатқа бағытталған. Пьесада тартыс бірден көзге
көрініп тұрмайды, бірте-бірте дамиды. Драматург Шоқан басындағы
ауыр трагедияның әлеуметтік қысымнан келіп
туғандығын көрсетеді. Шоқанның
тұлғасын сахнаға шығару, оның өмір
өткелдерін пьесада көрсету драматургтен көп ізденісті талап
еткен.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Горький М. Собр. сочин. В тридцати томах. Т. 27. М.: Гослитиздат, 1954.- 414 с.
2.
Гегель. Таңдамалы шығармалар жинағы. Т. ХІV, - б. 341.
3.
Волькенштейн В. Драматугия. – М.; Сов. писатель, 1964.- 355с
4.
Ордалиев С. Конфликт және характер. Алматы Жазушы, 1971- 183б.
5.
Әуезов М. Реалистік драма жолында. - // Әдебиет және
искусство.- 1954. -№ 11.б. 88.
6.
Cахновский-Панкеев.
Драматургия. – М.; Сов.писатель, 1964
7.
Нұрғали Р. Айдын. –
Алматы : Өнер, 1985. – 399б.