*112329*
Утебаева А.Қ.
Филология ғылымдарының магистрі, оқытушы
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,
Қазақстан,
Қостанай қ.
Көркем
шығармалардағы экспрессивті-эмоционалды фразеологизмдердің қолданысы(Ә.Кекілбаев
шығармалары бойынша)
Тіл
білімінде, әсіресе, фразеологизмдердің экспрессивтілігі мен
эмоционалдығы жөнінде ғылыми тұжырым айтылмаған,
көптеген авторлар ғылыми терминологияда сөздің
эмоционалдық және экспрессивтік мағыналарын шектемейді, тіпті
«экспрессивті-эмоционалды» деп атау да кездеседі [1,13 б.].
Г.Н. Смағұлова:
«Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан туатын
сезімдік «дүние суреті» әсерінің көрінісі лексикаға
қарағанда, фразеологизмдердің эмоция мен экспрессиясында анағұрлым
көбірек болады. Бұл ұғымдық қатыста ғана
шоғырланған тіркестер қатарына мағыналас
фразеологизмдердің мағыналық, стильдік реңктерінен толық
байқалады.», - деп көрсеткен. Мысалы: есек құрты мұрнынан
түсу, көзінің еті өсу, ханға сәлем бермеу,
көкірек керу, танауымен көк тіреу, деміне нан пісіру т.б. сияқты
фразеологиялық тіркестер мақтаншақ, менмен адамның
сипатын беріп тұрса, тіліміздегі май басу, бес биенің сабасындай, үрген
қарындай, басы табақтай, қарны қабақтай сияқты
тіркестер ұнатпау реңкіндегі дөрекі стильге жатады[2,120б.].
Эмоционалдық пен экспрессивтілік бір уақытта бірдей жүреді.
Дегенмен, экспрессия эмоционалдық пен бағалауыштыққа қарағанда
кең көлемді, ол түрлі амал-тәсілдермен, көбіне, сөздің
ауыспалы мағынасынан қалыптасады. Экспрессивтілік пен эмоционалдық
элементтерді айыра білу қажеттілігі, олардың ара байланысы мен ара әсеріне
қарамастан, функциялық міндеттерінің әр түрлілігінен
туады.
Экспрессивтік
пен эмоционалдық бір-біріне ұқсас тілдік категориялар болғанымен
қызметтері әр түрлі.
Осы ойды дәлелдеу
мақсатында экспрессивтік лексикалық бірліктердің типтері мен
семантикасын жан-жақты зерттеген Н.А.Лукьянованың классификациясы
басшылыққа алынып, эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер былайша
топтастырылады:
1)
экспрессивті мағынадағы
эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер.
2)
эмоционалды-экспрессивтік мағынадағы эмоцияны бейнелейтін
фразеологизмдер.
3)
Эмоцияналды бағалауыштық мағынадағы.
4)
Экспрессивті- эмоционалды- бағалауыштық мағынадағы
эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер.
Енді осы
топтастырылған эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдердің әрқайсысына
жеке-жеке тоқталып, мысалдар келтіру арқылы дәлелдесек:
Енді бірде момақансып
жанары,
Қабағынан
қар жауды да түксиді.
Жүрегінің жалындаған
алауы
Баяғыдай лапылдамай бықсиды
[3,20 б.].
Осы күнге дейін баласының дұшпан елдің
оқ боп атылар мың сан көзінің сұғында жүргенін
ойлағанда, тұла бойы дүр тітіркеніп, жон арқасын мұз
қарып кеткендей болды [3,41 б.].
Алдындағы оқ бойы озық өңшең
құла ат мінген күзет сарбаздарынан тау-тау шоғылдың
беткейінде шашырап қалып жатқан көп із көзді ашып жұмғанша-ақ
ғайып болады [3,15 б.].4. Бес қонақтың бес күні өткен
соң, дүние жынынан айрылған бақсыдай жым-жырт бола қалды [3,16 б.].
Алғашқы
екі сөйлемнің қабағынан қар жауды да түксиді
тіркесінде эмоционалды-экспрессивті мағына байқалады, ал тұла
бойы дүр тітіркеніп, жон арқасын мұз қарып кеткендей деген
фразеологиялық тіркес эмоционалдылықты шегелей түскен. Үшінші,
төртінші сөйлемдерде нақты баға берілген, екіншісінде –
субъективті психоэмоционалды «жан жағдайын» яғни, эмоциялық күйін
сипаттаған
Эмоцияның сапалық сипатымен қатар оның күші
мен қарқындылығын бейнелейтін сандық сипаты да болады.
Сынай
қарайтын, міней қарайтын, қызықтай қарайтын, мүсіркей
қарайтын, місе тұтпай қарайтын ала көз, аш көз,
жымысқы көз....көз, көз, көз....
Берілген сөйлемде «сынау» деген етістікті
бір неше түрлендіріп, әр түрлі сөз тіркестерін жасап,
ойды дамыта отырып, эмоциялық мән үстеген.
Лексикалық бірліктерде эмоциялық қарқындылықтың пайда болуына өте,
тым, аса, орасан, тіпті, қатты деген күшейткіш үстеулердің тіркесіп келуі қажет.
Мысалы: ыстық – тым ыстық, жақсы
көру – өте жақсы көру, үлкен – аса үлкен
т.б. Ал фразеологиялық тіркестерде мұндай жасалу жолы байқалмағанымен,
кез келген эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдердің синонимдік
парагдималары эмоционалды қарқындылыққа мысал бола
алады.
Ә.Болғанбайұлы
мен Ғ.Қалиұлы «Фразеологиялық синонмидер ұғым
жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейіп отырады, яғни
алдыңғы фразеологизмдерден соңғыларының қарқыны
басым болып келеді», -деп тұжырымдайды [ 4,111б.].
Мысалы : Ешкімге жылы шырай, оң қабағы
жоқ Құлжаннан балалары қатты айбынады[3,337 б.].
Бұл сөйлемде жазушы «жылы шырай, оң қабағы
жоқ» фразеологиялық синонимдерін адамның жағымсыз
бейнесін беруде пайдаланған, яғни образдылық құрылымға
негізделеді.
Синонимия
құбылысын толық түсіну үшін фразеологиялық
синонимдерге берген В.П. Жуковтың, Ю.Д. Апресянның, А.Б. Шапироның,
І.Кеңесбаевтың, Г.Н. Смағұлованың анықтамалары
басшылыққа алып, оларды эмоционалды-экспрессивті реңк
бояулары, бір стильдік деңгейден табылуы, әрі өзге сөздермен
тіркесімділігіне назар аударылды.
Эмоцияны бейнелейтін фразео-семантикалық топ ішінде полисемия құбылысы
синонимдер сияқты көп кездеспейді.
Мысалы: Көзі оттай (шырадай) жанды
(жайнады).
1.
көз нұр шашты; 2) жаны кірді, рақаттанды. Бұл
фразеологиялық тіркестің бірінші мағынасы жағымды
эмоция – «қуаныштан көзінің нұр шашуын білдерсе»,
екінші мағына сол қуаныштың нәтижесінде «рақат
сезімге бөленумен», ұштасып жатыр. Екеуінен де адамның ішкі дүниесіндегі
қуаныштың әсері байқалады. Бұл фразеологиялық
тіркестің мағыналары бірінен-бірі жалғаса туындап тұр.
Сонымен қатар мағынаның жарыса
дамуы кезінде фразеологиялық омонияның да туындауы мүмкін.
Мысалы:
а)
Жаны күйді.
1)
аяды, есіркеді; 2) ыза болды, қорланды, жаны заяда өртенді.
ә)
Күпті болды.
1)
тамақты көп жегеннен мазасызданды; 2) қобалжыды.
Осы мысалдарды сөйлем ішінен қарастыратын
болсақ, мағыналар арасында еш жақындық жоқ екені
байқалады.
Сезімнің өзіндік психикалық процесс ретіндегі
ерекшеліктерін, негізінен, қарама-қарсы сипатта болатынын айқын
аңғаруға болада.
а) Антонимдік мағына фразеологиялық
тіркес компоненттерін түгел қамти отырып жасалады.:
қуанышы қойнына сыймау, мәз-мейрам
болу- төбе шашы тік тұру, зәресі зәр түбіне кету(қуану-үрейлену);
ә) Антонимдік жұп эмоцияны бейнелейтін
фразеологизм компоненттеріндегі мағынаға
тірек боларлық бір сөздің қайталанып келуі арқылы
жасалады: жаны жадырау – жаны шығу (көңілдену- үрейлену);
б) Қарама- қарсы мағына тұрақты
тіркестің бір сыңарының антонимдес болуы нәтижесінде
жасалады: бейілі кеңу – бейілі тарылу; еңсесі түсу – еңсесі
көтерілу.
Адамның эмоциялық күйін
бейнелейтін фразеологизмдер:
-
есін (есі-түсін) жинау(жию), өзін-өзі ұстау, ұстамдылық
көрсету, еңсесін көтеру, өзін-өзі (бойын) билеу;
-
арқа-басы жадырау, аптығы (әптігі) басылу, иығынан
жүк түскендей болу, көңілі өсу (сергу, судай
тасу);
-
көңілі су сепкендей басылу, жан дүниесі жабырқау,
сағы сыну, (қайту), үмітсіздікке салыну;
-
сабасына шығу, ашу шақыру,
қырық құбылу,
ат құйрығын кесісі, зығыры қайнау, көңілі
қалу.
Бұл топтағы
фразеологизмдердің кей біреуі «ерік-жігер» мағынасындағы ,қосымша
компонентке ие.[7,16 б.].
Мысалы: Жаппардың
әлгінде ғана бойын балбыратып бара жатқан дел-сал ұйқы су сепкендей серпіліп,үлесоқ
кірпіктері қайтадан дүр көтеріліп, тікірейіп алды [8,84 б.]
Бұндағы су сепкендей серпіліп тұрақты
тіркесін автор кейіпкердің эмоциялық көңіл күйін
бейнелеуде қолданған.
Ю.Д.
Апресян: «Эмоциялық толғаныс адамға қатысты барлық
күйдің ішіндегі ең күрделі түрі, өйткені ол
көп жағдайда адамның бүкіл болмысын қамтиды. Біз
эмоцияларды тереңдігі мен қарқындылығына қарай
ажырататын болсақ, толғаныс эмоцияның ең интенсивті түрі
болып табылады , -дейді» [5,12 б.]
Бұл топтағы фразеологизмдер ғалымдардың
пікірлеріне сүйене отырып топтастырылған.
-
жаны жай табу, өзегі өртену, аза бойы қаза болу, жанын қоярға
жер таппау, жүрегі тас төбесіне шығу,
-
жаны мұрнының ұшына келу, төбе құйқасы
шымырлау, айтуға аузы бармау:
-
опық жеу, бармағын тістеу, санын соғу,
-
жүрегі қас айрылу, іші удай ашу, қан жұту, өзегін
тілу, (өртеу), жер сипап қалу
Мысалы: Сондықтан да әлгінде
ғана әзәзілді, кессе қан шықпас сараңды, өз-өзінен
қан жұтып, екі иығын жұлып жеп жүрген
мансапқорды, дүниені қараң су алып жатса да қыңқ
етпейтін [3,308 б.].
Сонымен, адам басынан өткеретін сезімдерді баса көрсететін
процессуалдығы эмоциялық толғанысты бейнелейтін
фразеологизмдердің негізгі белгілері болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Сарышова К.С.Қазақ тіліндегі
эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер.
Автореф. ф.ғ.к.10.02.02. Аламты АМУ, 2006.
25 б.
2. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің
варианттылығы. Алматы,1996, 128 б.
3.
Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық
шығармалар жинағы. – Алматы: «Өлке» баспасы. – Т.3. – 1999.
– 400 бет.
4. Болғанбайұлы,Ә., Қалиұлы Ғ.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы Аламты,1997, 256 б.
5. Апресян Ю.Д. О новом словаре синонимов руссого языка \\ Известия А.Н.
Серия литературы и языка. – 1992. -№ 1.С. 27-28