*112954*
Право /1.История государства и права.
Оқытушы, Сейдахмет
Э
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет. Қазақстан
Кредиттік технологияны
оқытудың маңызы
Кредиттік жүйе алғаш рет Америка
Құрама Штатында пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары
Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім
қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит–сағат» ұғымын
қоғамға енгізген болатын. Бұл жүйе
алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін
өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап
«кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі
басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті
университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында,
оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек
университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе
бастады [1, 2-3 б.];
Европалық елдердің сынақ
бірлігіне көшу мақсаты бұл, алдымен халықаралық
«тұнықтық» жетістігі, қазіргі кездегі білім
жүйесінің дауы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау,
көтеру арқылы білім беру саясатында оқу орындарының
білім беру облысында да сақталды.
1999 жылы 19 маусымда
жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу
үшін Болон декларациясы қабылданған болатын. Оған
29 ел қол қойды. Барлық ұлттық жүйелерде,
жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу
үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS
жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз ететін,
сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де
академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім
қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары оқу
орындарына енгізілді) [2, 8-9 б.];
Осы
заманғы болып жатқан интеграциалық құбылыстар
қоғам тіршілігінің барлық жағына өз
әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар
жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде қалыптасқан
барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар
аударды деуге болады.
Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде
жоғары деңгейдегі қарыштық даму жағдайы
жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір
мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени,
экономикалық, саяси
жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар
түбегейлі өзгеріске ұшырады [3, 11-12 б.];
Кеңес Одағының ыдырауы
және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы
жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге
әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық,
әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен
бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер
бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің
таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың
деңгейін көтеру, еңбек сұранысына
бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын
икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру
көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы
сай келді. [4, 19-20 б.];
Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.
Біздің республикамыздың
жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел
мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық
тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан,
осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында
белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу
мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары
оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке
ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету
қажет [5, 17-18 б.];
Қазақстан Республикасында кредиттік
оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының
ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы
15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы
заңның 11 бабында
білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда
жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен
қатар кредиттік, дистанциялық,
ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби
білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып
жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге
мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында
№66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін
ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік
оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз
бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде
шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және
білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді
таңдап алған
траекториясын регламенттеу болып табылады [6, 15-16 б.];
Кредиттік оқыту жүйесін іске
асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік
оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы - оқу
материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп
қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар
мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту
технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Сонымен
қатар, қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын
белсенді енгізуге болады. Білім - бұл қоғамдық
дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық
елдің міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. С.М. Өмірбаев Кредиттік оқыту жүйесі: принциптер мен концепциялардың маңызы. Ғылыми-педагогикалық журнал. Білім Алматы — 2006 ж. №29
2.
Е.У. Медеуов
Кредиттік оқыту жүйесі: өту өту
қиыншылықтары И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті. 2006 ж.
3. С.М. Өмірбаев Білім. Алматы. — 2006 ж. № (29) Ғылыми-педагогикалық журнал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 27.07.2007 ж.
4. Қаланова Ш.М., С.М. Өмірбаев Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына кредиттік оқыту технологиясын енгізу туралы. Жоғары кәсіби білімге сынақтар өлшемдерінің жұйесін енгізудің мәселесі: Бүкілресейлік кеңестің мағұматтары. 23 сәуір 2003 ж., Мәскеу қ., В.Н. Чистохвалова — М., 2003 ж.
5. Қазақстандағы кредиттік оқыту жүйесінің негізі С.Б. Әбдіғапарова, Г.К. Ахметова, С.Р. Ибатуллин, А.А. Құсаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Өмірбаев; Алматы -2004 ж.
6. «Кредиттік оқыту технологясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі» № 566 24.11.2007 ж.