*112351*

                                                               Шахметов А.Ж.

                                     Орталық Азмя Университетінің  Магистранты

 

Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарындағы жаза тағайындау

 

“Жаза” дегеніміз  соттың   үкімі   бойынша   тағайындалатын   мемлекеттік  мәжбүрлеу шарасы.  Жаза  қылмыс   жасауға   кінәлі   деп  танылған  адамға    қолданылады және  адамды   құқықтары   мен  бостандықтарынан  Қылмыстық   Кодекспен   көзделген    айыру  немесе   оларды  шектеу  болып табылады.

Ғалым А. Ағыбаев “Жаза  дегеніміз   қылмыскерді   оған   тиесілі  қандай  да    игіліктен   айыру,  оны  және  оның  қызметін   мемлекеттің  теріске   шығаруы” деп санайды. [1]

Заңда айқын көрсетілгендей қылмыстық заң алдында тұрған мәселені шешудің басты құралы барлық уақытта жаза болды. Оның тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі, мағынасы, қолдану тәртібі өзгерсе де, мәні өзгермеді.

Ертедегі қазақтардың  күнделікті өмірде кездесіп тұратын азаматтық және қылмыстық істерде кездесіп тұратын істерді шешу билерге жүктеліп тұратын болған. Бұрын қазақтардың барлық дау жанжалдарын өздерімен бірдей, өз араларында өмір сүріп, біте қайнасқан, алайда олардың мінез-құлқын әдет-ғұрпын жетік білетін билер шешіп, әрі билік шешімінде мүлде қателеспеген. Билер өздеріне жүктелген міндетті жете түсініп, ең ауыр қылмыс ұрлықтың тамырына балта шабуға, мейлінше назар салған. ?йткені халық арасындағы ақаулардың барлығы осыдан басталатын. Сондықтан да билер ұрыларды аяусыз жазалап отырды. Олардың ұрыларға шешкен билік шешімдеріне ешкімнің де араласуға хұқы жоқ еді. Билердің ұрылардың бай не атақты адаммен туыстығының ешқандай әсері болмайды. Жеті жарғының негізінде Төбе би мен Майқы билердің үлгілері, Қасым ханның қасқа жолы Есім ханның ескі жолы секілді ескі заңдар жатыр. Бұл заңның алдыңғылардан ерекшелігі сонда ол қатал кесім, өлімге тыиым салғандығы. Қанға қан жанға жан дейтін тоқтамды жеткенше жеңідетіп, құн төлеу , айып тағу сияқты жаңа жазалау түрлерін далалық құқыққа енгізуінде.

Жеті жарғы - көшпенді қазақ халқының Ата заңы.  Ол Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол сияқты дала заңдарының заман талабына қарай өңдеп, дамытып, толықтырған билік үкім нұсқауларының жиынтығы. Жеті жарғы бойынша әрбір қылмыстық іс-әрекет жасаған адамның күнәсіне, жеке басына және т.б. жағдайларға қарап әртүрлі жаза түрлері қолданылған. Соның бір түрі айып. Осы жаза түрінің өзі жеті түрлі және оны қолдану аясы да кең болған.

Бірінші айып- қаранар беру.

Екінші айып-  қара қазан төлеу.

Үшінші айып- қара мылтық ату.

Төртінші айып- қара шолақ мылтық ату.

Бесінші айып- қара кілем ұстау.

Жетінші айып- жеті бастаған тоғыз жөнелту. [2]

Ал  енді құнға келетін болсақ, оның түрлері тіптен көп. Қазақтарда ең ауыр қылмыстар қатарына:

- кісі өлтіру;

- біреудің некелі әйелін ұрлау немесе зорлау;

- бірнеше дүркін ұрлық жасау жатады.

Осы қылмыстардың ішінен кісі өлтіруді бөліп қарайық. Қазақтардың әдет –ғұрып заңдарына сүйенсек  кісі өлімі тек жағын туыстары үшін ғана емес,  бүкіл туыстардың, бүкіл руластардың, жүздің кегіне айналып отырғандықтан, тек осы істерге жаза тағайындау, құн кесу билерден үлкен тәжірбиелікті, парасаттылықты, ақылдылықты, әділеттілікті талап еткен. Құн мөлшері әр қылмыс үшін әр түрлі болған.

Сүйек құны. Оған өлген адам сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мәселен өлген адамның сүйегі туған туысының қолына түспей жоқ болып кетсе, ол үшін айыпты екі адамның сүйегін төлеуі керек.

Өнер құны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған деп жүртқа атақты ақындар мен топға түсіп бәйге алған балуандар есептеледі. Олардың құны үшін екі кісінің құны кесілуі керек. Бұл екі құнды кейде үстеме құн деп есептейді.

Қазақтың әдет ғұрпы бойынша күйеуі бар әйелді ойнас үстінде ұстағаны үшін ерінің сол сәтте екеуін де өлтіруге және осы қылығы үшін жазасыз қалдыруға мүмкіндігі бар. Егер әйелдің ойнас жасағанына 4 адам куә болса, оның қылмысы әшкере болды деп саналған. Ондай жағдайда күйеуінің көзіне шөп салған әйел мен оның ойнасын билер кеңесінің шешімімен өлім жазасына кесуге құқық берілген. Өзгенің әйелін келісімсіз алып қашқан адам өлім жазасына, не болмаса құн төлеуге кесілген. Егер әйел өз еркімен қашса, оны алып қашқан адам қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосып береді.

Қазақ заңы бойынша қызды зорлап, арын төгу кісі өліміне тең, кінәлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болса, зорлаушы қалың мал төлеп үйленсе, онда ол қыздың туыстарының келісімі арқылы құн төлеуден де өлім жазасынан да босатылады.

Осы мысалдар қазақтардың әдет ғұрпындағы жазалардың әртүрлілігін көрсетеді. Жаза тағайындау кезінде билердің қылмыскердің қылмысты жасауындағы іс әрекетіндегі ерекшеліктерге, кінәнің деңгейіне, жасына, дәулетіне, қылмыс әрекетінің себебіне және т.б. назар аударып отыру жазаның тиімділігіне өте әсер еткен. Билер жаза тағайындау кезінде барлық мәселелерді қамтып отырған.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

17Ағыбаев А.Н. Қылмыстық  құқық: Жалпы  бөлім. – Алматы, 2002. – 350 б.

1           Жеті Жарғы . – Алматы, 2002. – 350 б.